400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Күймен жұмыс жүргізу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды күймен жұмыс істей білуге, музыкалық шығармалар арқылы ой- өрісін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күймен жұмыс жүргізу.


Сабақтың мақсаты. Оқушыларды күймен жұмыс істей білуге, музыкалық шығармалар арқылы ой- өрісін дамыту, күйді дауысқа бөліп ойнауға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының күйлеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, шығармаларды жатқа ойнай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдары: Домбыра аспабы, ноталар, суреттер, үнтаспа,пупитр

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындықтарын тексеру. Үйге берген тапсырмаларды тыңдау, тексеру. Өткен күйлерді қайталау.

  1. М. Глинка. «Полька»

  2. Ә. Алпысбаев. «Әке арманы»

  3. А. Жұбанов. «Қарлығаш».

Жаңа сабақ: Күй үйрену - Ә. Желдібаев. «Ерке сылқым»

  1. Оқушыларға қысқаша күй туралы мағлұмат беру.

Күйші – композитор Әбдімомын Желдібаев 1934 жылы Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Жамбыл ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіріп, өзі туып өскен өңірде мәдени салаларда қызмет кетіп, қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерінің бүгінгі өмірімен сабақтасуына атсалысқан Әбдімомынды халық күйші – композитор ретінде жақсы біледі. Оның дәстүрлі үлгіде дүниеге келген шығармалары ел арасына кең таралған. Әбдімомын Желдібаевтың «Толғау», «Ерке сылқым», «Боз жігіт»,» «Жесір сазы», «Ыдырыс», «Аққу» сияқты он шақты күйі белгілі.

«Ерке сылқым»- бұл шығарма табиғатта кездесетін жан сұлулығын, тән сұлулығын асқақ лириканы суреттеп, күйшінің ішкі сырын, тебіренісін, өзінің ішкі сырын, өзіндік қол таңбасын айқын сездіреді.

  1. Күйдің өлшемдерін 2/4 түсіндіру. Ритмдік топтарын, қағыстардың ерекшеліктерін нотадан қарап, ауызша талдап аламыз. №№№№–қағыстардың бүкіл шығармада жүріп отыратындығын түсіндіру.

  2. Күйлерді бөлімдерге бөліп жұмыс жасау.

  3. Аспапта ерекше жерлерін көрсетіп, жаттығу есебінде қайталап ойнап көрсету.

  4. 1-сағаға дейін нотаны көзбен оқу арқылы баяу екпінде мұғаліммен қосылып орындау.

  5. 2-сағаны нотамен. І сағамен ІІ екінші сағаның айырмашылықтарына мән беру.

  6. Үнтаспадан оркестрдің орындауындағы «Ерке сылқым «күйін тыңдау.

8. Сабақты қорытындылау: Күйді басынан аяғына дейін нотамен ойнап шығу.

Үйге тапсырма:

  1. «Ерке сылқым» күйін нотамен қарау қағыстармен жұмыс жасау.

  2. Күйді жаттау.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.03.2020
729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі