400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күйсандықта сүйемелдеумен шығарма орындау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға сабақ мазмұнын түсіндіріп ашу арқылы, білім деңгейін кәсіби түрде көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Шелек ауылы

МКҚК «Балалар музыка мектебі»






Shape1































Толегенова А.Б.



Сабақ тақырыбы: «Күйсандықта сүйемелдеумен шығарма орындау»

Білімділік мақсаты: Оқушыға сабақ мазмұнын түсіндіріп ашу арқылы, білім деңгейін кәсіби түрде көтеру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының музыкалық есту, есте сақтау және ырғақты қабылдау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушының халық аспабы қобызға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, халық музыкасын дәріптей білуге тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Оқушының үйге берілген бағдарламасын тексеру (қайталау)

ІІІ. Сабақта өтілетін бағдарламамен жұмыс жасау

ІҮ. Бекіту

Ү. Үй тапсырмасы

ҮІ. Рефлексия


І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушымен амандасу.

2.Аспаптың құлақ бұрауын келтіру. Оқушы назарын сабаққа аудару.

3. Ашық ішекте «ре-ля» жәй екпінде ысқышты жүргізу. Оқушы ысқышты түзу, толық және еркін, жұмсақ жылжуын бақылау.

ІІ. Оқушының үйге берілген бағдарламасын тексеру, пысықтау.

1.К. Родионов «Этюд»

2.В. Моцарт «Аллегретто»

3.В. Красева «Веселая дудочка»

4.Бел. халық әні «Бөдене»

Оқушыға гамма D-dur (І октава) ойнату. Гамманы ойнату арқылы оқушының ысқышты дұрыс жүргізуіне, дыбыстың таза және көркем шығуына үлкен ықпалы бар.

Оқушыға гамма D-dur (І октава)деташе, лигато- штрихтарымен ойнату.

Сұрақ-жауап алу?

Гамма дегеніміз не?

Гамма дегеніміз бір дыбыстан екінші аттас дыбысқа шейін, ереже бойынша тізбектеліп құрылған дыбыс ретін гамма дейді.

D-dur гаммасында неше кілттік белгі бар?

Гамма D-dur екі кілттік белгі бар Фа# және До#

Диез дегеніміз не?

Диез дегеніміз негізгі дыбысты жарты тонға жоғарлату.

Деташе штрихы- әр дыбысты, жеке-жеке ысқышпен ойнату. Осындай әдіс қолданғанда әрбір ысқыштың толық жүргізуімен байланысты. Ысқышты төмен (П) және жоғары (V). Бұл әдісте ысқыш кең және толық жүргізілуі тиіс. Шығарманың екпінімен мінездемесіне байланысты деташе штрихы толық ысқышпен ( Т.ы.) немесе төменгі жартысмен (Т.ж.) және жоғарғы жартысымен (Ж.ж) орындалуы мүмкін.

Лигато штрихы- бірнеше дыбысты бір ысқыға қосып, бірге байланыстырып ойнау. Осындай әдіс кезіндегі ысқышты төмен (П) немесе (V) жүргізгенде, ысқышта бірнеше дыбыс қосылып орындалады. Лигато штрихының негізгі мақсаты-ысқышты баяу, үзбей жүргізілуі тиіс.

Лигатоның екі түрі болады:

1) бір ішекте орындалатын

2) бір ішектен екінші ішекке өтетін лигато

1. К. Родионов «Этюд»

2. В. Моцарт «Аллегретто»

3. М. Красева «Веселая дудочка»

4. Бел халық әні «Бөдене»

Этюд- машықтану мағынасын білдіреді. Этюд музыкалық аспаптарда орындалатын оң қол және сол қол техникасын өсіру үшін шағын шығарма. Кейбір этюдтер өз алдында дербес көркем шығарма ретінде де қабылданады.

1. К. Родионов «Этюд». Нота бойынша, дыбыс тазалығын сақтап, дыбыс сапасын көтеріп. Кездескен штрих түрлерін ( деташе, лигато). Лигатоның бір ішектен екінші ішекке өтетін түрін біркелкі, үзбей жәй екпінде орындау.

2. В. Моцарт «Аллегретто». Шығарманы нота бойынша дыбыс тазалығын, аппликатураны сақтап орташа екпінде орындау.

3. М. Красева «Веселая дудочка» шығармасын аппликатурасын, дыбыс тазалығын сақтап, орташа екпінде нота бойынша орындау.

4. Бел. халық әні «Бөдене». Шығарманы нота бойынша жәй екпінде, кездескен штрих түрлерін (деташе, лигато) үзбей, біркелкі орындау.

ІІІ. Сабақта өтілетін бағдарламамен жұмыс жасау.

Ролик көрсету. Ролик көрсете отырып баланы сыни тұрғыда ойландыру арқылы сабақтың жаңа тақырыбын ашу.

Оқушыға сұрақ:- Екі аспаптың қайсысы сүйемелдеп тұр деп ойлайсың?

Қобыз, домбыра тарту өнерінің бір саласы- күйсандықтың (фортепиано) сүйемелдеумен дүние жүзі халықтарының ән-биін, кәсіби композиторлардың шығармаларын орындау. Бұл аспапта (қобыз, домбыра) орындаушының басқа елдердің музыка мәдениетімен жақын танысуына, ой-өрісінің жан-жақты дамып, әр түрлі музыка аспаптарының орындаушылық ерекшеліктерінен хабардар болуына зор ықпал етеді. Жеке орындаушыны: қобызшыны, домбырашыны немесе әншіні күйсандықпен (фортепиано), баянмен немесе ансамбль, оркестрмен қостау, сүйемелдеу (аккомпанемент) деп аталады. Сүйемелдеушіні концертмейстер (неміс тілінен-сүйемедеуші) дейді.

ҮІІІ-ІХ ғасырлар өмір сүрген Қорқыт бабамыз қобыз аспабын жасап мәңгілік адам өмір сүретін жер іздейді. Адам өмірін қысқалығын күйге қосып күңіренеді. Қорқыт бабамыз өмірінде кездескен оқиғаларына байланысты бір неше күйлер шығарады. Сондықтан болар күңіренген үнін естіген қазақ қобызды «киелі» аспап деп, оны қадір тұтқан. Қобыздың «киелілігін»-бақсы-емшілер әсерлі қобыз үнін, сазын өздерінің емшілік ісіне пайдаланған. Алайдат қобыз өмірде өз орнын тауып, ел ішінен шындықты жырлаған қобыз тарту өнерін классикалық деңгейге көтерген әйгілі күйші-композитор, Қорқыт күйлерін нақышына келтіре орындап жеткізген Ықылас Дүкен ұлы. Ықылас өнерін әрі қарай жалғастырып, дамытқан шәкірттері Түсіпбек (өзінің баласы) Әбікей, Сүгір. Сүгірдің шәкірттері Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев. Қобыз өнерін біздің заманымызға өзгертпей жеткізіп қобызды өзінен кейінгі ұрпаққа үйретіп кетті.

В. Моцарт «Аллегретто». Күйсандықпен (фортепиано) орындау.

М. Красева «Веселая дудочка». Орташа екпінмен, сүйемелдеумен күйсандықпен (фортепиано) орындау.

ІҮ. Бекіту.

Оқушының аспапты жетік меңгеруі, ойнау шеберлігі техникасы түрлі жаттығулар, этюдтар, гаммалар арқылы біртіндеп сатылап жаттығып өседі. Оқушымен өткен шығармаларды пысықтау.

Ү. Үй тапсырмасы.

1.Гамма D-dur штрихтар түрлері; деташе, лигато мен орындап келу.

2.К. Родионов «Этюд»

3.М. Красева «Веселая дудочка» нотамен орындау.

4. В. Моцарт «Аллегретто» нотамен орындау.

5. Бел. халық әні «Бөдене» мәтінін жаттау.

ҮІ. Рефлексия (смайлик)

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі