Материалдар / Күйзелісті басқару дағдылары

Күйзелісті басқару дағдылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдердің өмірінде кездесетін қиындық түрлеріне талдау жасай отырып, одан шығу жолдарын үйрету, қиындықты жеңе білу үшін, өзін - өзі реттеуін, өзін - өзі бағалау, өз - өзіне сенімділігін қалыптастыру, жүзеге асыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Шардара қаласы

16 колледж педагог-психолог: Касимова Дариха Сапархановна


Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Күйзелісті басқару дағдылары.


Жасөспірімдердің өмірінде кездесетін қиындық түрлеріне талдау жасай отырып, одан шығу жолдарын үйрету, қиындықты жеңе білу үшін, өзін - өзі реттеуін, өзін - өзі бағалау, өз - өзіне сенімділігін қалыптастыру, жүзеге асыру. Кезкелген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұра білуге үйрету. Әр уақытта дұрыс, әрі ұтымды шешім қабылдауға баулу.

  • стреске қарсы тұруын арттыру;

  • студенттердің өзіңдік «Мен» қалыптастыру;

  • студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделуіне және жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау;

  • өзін - өзі бақылау дағдыларын дамыту;

  • өз жауапкершілігін сезінуге көмект

Осы заманның талғам - талабына сай болуы үшін адам баласына көп күш керек. Оған әркім төтеп бере алмай қалатын кездер де кездеседі. Ал ғасыр талабы өте жоғары, сауатты адам өз білімін әр минут сайын толықтырып, ой шеңберін мейлінше кеңейтіп отыруы керек. Заман дамыған сайын, оның жағымсыз жақтары көбейуде. Яғни білім алушыларымыздың бойында немқұрайлық, сабаққа қызықпаушылық, ойлау қабілеттерінің төмендеуі байқалады.

Бұл білім алушылардың күйзелісі, оған бірден бір себепші ересектер екендігін басып айту керек. Әр баланың өзіңдік физиологиялық, психикалық ерекшеліктерін ескеріп жатпастан тәрбиелеймін деп қатаңдыққа бой ұрады, сөйтіп баланың жанына қаяу түсіреді.

Отбасы мен мектеп, мектеп пен қоғам арасындағы қарым қатынасты жөнге салмайынша, мұндай балалардың жақсаруы екіталай. Олай дейтініміз, көп жағдайда жеткіншектің психологиялық ерекшеліктеріне мән бере бермейтініміз.

Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлері
- Адамның өзін әр түрлі психологиялық күйзелістің зиянды әсеріне қарсы тұрудың шығармашылығын жаттығулар арқылы дамыту.
- Күйзеліс - депрессия жаһандық дерті.
Депрессия (латынша deprimo – жабығу, торығу, құлдырау) – бұл психикалық ауытқу.

Оның негізгі үш белгісі бар:

  • Өмірге қызығушылығының төмендеуі

  • Көңіл күйдің бұзылуы (ангедония)

  • ой мен сананың сергелдеңі, яғни жағымсыз ойларға бой алдыру және белсенділіктің жоғалуы. Күйзеліс ұғымы адам болмысына қарай белгіленген төрт темпераменттің ішінде меланхолиямен пара - пар.
    Күйзеліс дерті бұрыннан бар. Бірақ бұл ұғым баяғы заманның емес, қарыштаған қазіргі заманның сүйікті сөзіне айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгінгі жаһандану дәуірінде күйзеліске түспеген жан кемде - кем. Өйткені, әлемдік көрсеткіштер бойынша жүрек қан - тамырлары ауруынан кейінгі орында тұрған осы ауру.

Қазақтың қамығу, күйзеліс, жабығу, торығу сөздеріне сиятын күйзелістің ақыр соңында адамды өзін - өзі саналы түрде басқара алмауына әкеледі.
Қым-қуыт тіршілікте жұмыр басты пенде белгілі бір кезеңде психологиялық күйзелісті бастан кешіретіні аян. «Дәл қазір күйзелісте жүрмін» деген сөзді он адамның тоғызы жиі айтатын болды. Бұрын - соңды мұндай сөзді құлағымыз шалмаушы еді. Ал қазір екінің бірі күйзелістік жағдайға душар болғандар. Әлем халқының 20 пайызы өмір бойы депрессиялық күйзелісте жүреді екен.

Күйзеліс - адамның психологиялық ауытқуы. Көбіне көңіл - күйі болмаған немесе қандай да бір қайғылы оқиғаны, жағымсыз кезеңді бастан өткерген адам күйзеліске ұшырайды. Психолог - мамандардың айтуынша, әсіресе, күз, көктем мезгілдерінде адамдар күйзелістік күйге тап болады. Бір қызығы, әлемде әрбір жиырмасыншы адам қандай да бір депрессиялық күйзелісті бастан кешіреді екен. Америкалық мамандар күйзелісті «психологиялық тұмау» деп айтқан. Яғни, бұл дерт бүгінде қарапайым тұмау сияқты қаптап кеткен дегенді білдіреді.
Мәселен, Америка Құрама Штаттарында жыл сайын 15 миллион адам «психологиялық тұмауға» тап болады. Ал жаһан халқының 5 пайызы депрессиялық күйзелісте жүреді екен. «Күйзеліс - адамның өмір сүруге бейімділігін сипаттайтын жаһандық дерт» деген пікір бар. Ең қызығы жер - жаһанның миллиондаған адамы аталмыш дертпен бетпе-бет кездессе де, одан шығу жолын, пайда болу себептерін дөп басып ешкім айта алмайды.

Гиппократ күйзеліске ұқсас психологиялық күйреуге «адам миының қара сөлге толуы» деп анықтама берген.
Психологтар ХХ ғасырға тән дерт деп атаса да, күйзеліс ХХІ ғасырға адамзатпен бірге аяқ басты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, алдағы он жылда күйзеліс адамды өлімге жетелейтін аурулардың қатарына жатқызылады-мыс. Тіпті жүрек-қан тамырларынан баса озып алдыңғы қатарға шығады. Шамасы, адамның психологиялық күйзелісі күн санап белең алып келетін сияқты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Гарвард университетінің зерттеулері бойынша, әлемде 121 миллион адамның бойынан күйзеліс дерт табылған. Ең сорақысы, жыл сайын 850 мың адам күйзелістің салдарынан өзіне-өзі қол салады.

Мамандар күйзелісті үш түрге бөледі.
Біріншісі
- адамның инфаркт, жүрек ауруларына жиі ұшырауы және түрлі жарақат сияқты дертке тап болуымен қалыптасатын депрессия.
Екіншісі - эндогендік депрессия. Яғни адамның ішкі жан дүниесінің тереңінен пайда болатын дерт. Эндогендік депрессия адамға кері әсер етеді. Дәл осы депрессиялық күйге түскен адам айналасындағы құбылыстарға баға бере алмай, белгілі бір сезімдерді бастан кешіре алмай дал болады.
Үшіншісі- психогендік деп аталады. Адамның психикалық ауытқуы салдарынан пайда болатын депрессияның бұл түрі тіпті қайғылы жағдайға итермелеуі мүмкін. Тағы бір қызық ақпарат. Ер - азаматтарға қарағанда, нәзік жандылар күйзелістік күйге жиі тап болады. Зерттеулерге жүгінсек, әйелдер күйзеліске ер адамдарға қарағанда 2 - 3 есе көп екен. Бұл - әйел бойындағы гармондық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Мәселен, аяғы ауыр немесе босанған әйелдің психологиялық күйі жиі өзгереді. Тіпті дәл осы кезеңде нәзік жандылар мына әлемнен баз кешіп, бәрінен бас тартады. Бірақ мұндай күйзеліс ұзаққа созылмайды. Қарапайым халықтың тілімен айтқанда, мұндай депрессия «ұмытшақ ауру» сияқты. Бір мезетте пайда болып, бір мезетте жоғалады. Ал қара күштің иесі күйзеліске сирек тап болғанымен, дертті оңай еңсере алмайды. Өйткені ер - азамат үшін психологиялық күйзеліске тап болу - намысын аяқасты етумен бірдей.
Мамандардың айтуынша, ер - азаматтар дертін мойындаудың орнына маскүнемдікке салынады. Яғни ішімдік ішіп өмірге деген құлшынысы азайып, бірер уақытқа дерттен айықтырады деп алданады. Күйзеліске тап болған ер - азамат өмірмен қоштасуға да дайын тұрады. Әсіресе, жас жігіттер мен қарттардың арасында күйзелісті еңсере алмай, өзіне - өзі қол салушылар басым.

Күйзеліс кезінде өз - өзіне қалай көмек көрсетуге болады?
Күйзелісті жеңу үшін алдыңа нақты міндеттер қою және салауатты өмір салтын ұстана білу маңызды.Күйзеліспен күрестегі басты қару – кез келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды бақылау.
Егер сонда да күйзеліске ұшырасаңыз бірнеше оңай қағиданы есте сақтап, қолдану қажет.
Бірінші қағида: Барынша өз - өзін сергіту. Дем алысыңызды қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз бірнеше минут мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту, себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қол - аяқ ұштарындағы қан айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал етеді.
Екінші қағида: қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал ең жақсысы кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді іс - қимыл сізді ашуланудан арылтады.
Үшінші қағида: өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада керемет көмекші балмұздақ болуы мүмкін. Балмұздақтың негізгі құрамы сүт пен кілегей, бұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңіл - күйді жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін медицинада қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар. Сондай - ақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі – ағзада серотонинды тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен қатар, шоколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті екі минерал магний мен калий бар.
Төртінші қағида: сергітетін шөптермен, майлармен немесе тұзбен ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді. Су процедураларын жағымды музыка тыңдаумен үйлестіріп, одан кейін жақындарыңызға массаж жасату қажет.
Бесінші қағида: қандай да бір күлкілі жақсы фильм көріңіз. Ал мұндай фильм әр фильмотекада барына сенімдіміз. Барынша күліп, көңіл көтеріп, осы көңіл - күйде ұзаққа қалуға тырысыңыз.


Ал күйзеліс симптомдарынан арылу үшін мынаны пайдаланыңыз:


1. Өз - өзіне гипноз жасау (бұл күйзелістен арылудың бірден - бір тәсілі)
2. Жеке күнделік бастау
3. Медитация (бұл күйзелістен арылудың ең жақсысы)
4. Йога – бұл тек күйзелістен арылуға ғана емес, жалпы организмді гармонияға келтіреді.
5. Дем алу жаттығулары
6. Ойындар (тек үстелдегі немесе компьютерді жай ойындар, азарттық ойындар тек күйзелістен арылтып қана қоймай, кейде кедергі келтіруі мүмкін)
7. Күлкі
8. Музыкалық терапия
9. Жаяу серуендеу
10. Бау - бақшадағы жұмыс

11. Жақсы көретін музыканы тыңдау
12. Дұрыс тамақтану
13. Адамдармен сөйлесу техникасын үйрену
14. Ароматерапия (қош иісті гүлімен ванны қабылдау)

15. Көк чай
16. Теледидар бағдарламаларын және фильмдерді көру


«Стреске қарсы тұру» жаттығуы

«Аяқталмаған сөйлемдер» топтамасы:

  1. Шынын айтсам, алдағы сессия жайлы ойлағанда .......

  2. Шынын айтсам, сессияға дайындалған кезде .............

  3. Шынын айтсам, алдағы сессия туралы менің ата-анам қобалжуын ойлағанда .......

  4. Шынын айтсам, емтихандағы ойларымды жинақтай алмаған кезде.........

  5. Шынын айтсам, емтихан жайлы естіген кезде .........

Жүйкелік психикалық қысымнан арылудың тәсілдері.

    1. Дене релаксациясы.

    2. Газеттен өз көңіл күйіңді жасау.

    3. Газеттің беттерін бояу.

    4. Он рет терең дем алу.

    5. Тісіңнің іш жағынан санау.

    6. Газет мыжу, лақтыру.

    7. Жақсы көретін өлеңіңді қатты айту.

    8. Бірде қатты, бірде ақырын айқайлау.

    9. Газет парағын алып өз қысымдарыңды газет мыжуға пайдаланыңдар,газетті кішкентай етіп, алысқа лақтыру.

Адам өзін мына жағдайларда еркін сезіне алады:

    1. Денсаулығы болса

    2. Махаббаты баянды болса

    3. Үйі, жанұясы болса

    4. Жұмысы, оқуы

    5. Ақшасы

    6. Достары

    7. Қоршаған ортасы жақсы болса

Күйзелістің басатын дене жаттығулар:

1.Өзіңізге жайлы кең жарық жерде денеңізді төмен қарай иіп еңкейіңіз. Екі қолыңызды ары бері теңселту арқылы терең тыныс ала отырып жиырмаға дейін санаңыз.

2. Бір орында тұрып жоғарыға секіріңіз. Өзіңіздің дене салмағыңызды жеңілдетуге тырысып, биігірек секіруге тырысыңыз.

3. «Аударыспақ» жаттығуы. Балалар екі екіден жұп құрып, теріс қарап тұрып бір бірінің арқасында тигізіп қолдарын айқастырып ұстап, кезек кезек бір бірін көтеріп аударады. Денедегі артық энергияны шығару арқылы іштегі күйзелісті, агрессияны басуға болады. Жаттығуды шаршағанға дейін жалғастырамыз.

Күйзелістің денсаулыққа әсері:

  • енжар, жабырқаңқы көңіл-күй;

  • күнделікті істер мен қызығушылықтарға ықыластың болмауы;

  • алаңғасарлық зейін мен концентрация;

  • ағзаның зат алмасуының бұзылуына әкелетін тәбетсіздік немесе шамадан тыс тәбет;

  • мазасыз ұйқы;

  • шаршау;

  • өзін қажетсіз және үмітсіз сезіну;

   Мысалы:қытайдың «Цигун» деген кітабында «қандай аурудың болса да сыртқы және ішкі себептері болады»-дейді.Аурудың ішкі әсеріне жеті түрлі эмоциялық әрекеттер себеп болады екен.Бұған:қуаныш,кек,қайғы,қатты ойлау,уайымдау,қорқыныш,үрей жатады.Қандайда бір эмоциалық қобалжу,берекесі кетіп ,мазасыз күй кешу-ішкі ағзалардың жұмсын нашарлатады,аурудың белең алуына себеп болады.

5 ҚОРЫТЫНДЫ


Өз ойымды қорыта келе, күйзеліске қарапайым адамдардан гөрі, ұлы адамдар күйзелістік күйге жиі ұшырайды. Тіпті психологиялық күйзелісті қолдан жасап, шабыт шақыратын дарындылар да бар екен. Ал кей дарындылар күйзелістен  шығудың өзіндік әдісін ойлап тапқан.

Өз денсаулығын күту;

өз-өзін жоғары бағалау;

өзіне және өз қабілеттеріне деген сенімділік;

стресске қарсы тұра алу;

Ашық қарым-қатынасқа түсе білу; Өз-өзін басқару;

Оптимизм т.б.     

Депрессиялық күйде жүрген адам «барлығы жақсы» деп, жайма-шуақ өмір кешетін адамнан гөрі шешімді тез әрі дұрыс қабылдайды екен. Зерттеушілердің пайымдауынша, күйзелістегі адам ақпаратты тез сараптап, шешім қабылдағанда тосылмайды. Бірақ бұл тек біржақты пікір. Психологтар депрессиялық кезеңде жүрген адамның кез келген тапсырманы орындай алмайтынын айтады. Өйткені дертке тап болған жан жауапкершіліктен гөрі өз проблемаларына көбірек мән береді. Сондықтан жұмысты да, басқасын да кейінге ысырады.

Әрине, пайым да, болжам да көп. Психологтар дерттен айығу үшін адам ең алдымен ішкі жан дүниесінің мәнін ашу керек дейді. Яғни кез келген адам өз-өзімен тілдесіп, сұраққа жауап іздеуі тиіс. Күйзелістік күйге түскен адам тек өзіне ғана емес, қоршаған ортаға да кері әсер етеді, мұндай адамдар қоғамнан алшақтанып, алдамшы ғұмыр кешеді деген пайымды да алға тартып отыр. Қалай десек те, күйзеліс - дерт. Бірақ оны емдеудің сан түрлі әдіс-тәсілі бар. Дамыған елдерде әрбір адам алты ай сайын психологпен кеңеседі екен. Біздің қоғамда психологтың көмегіне жүгініп, кеңес сұраған адам рухани әлсіз немесе есуас, нақұрыс адам саналады. Әйтсе де шым-шытырық оқиға толы бүгінгі жаһандық қоғамда психолог маманның ақыл-кеңесі әрбір адамға қажет сияқты. Ішке енген «қара төбетпен» күресу заманауи адам үшін маңызды-ақ.





6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Мектептегі психология

2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар

3. Интернет желісі




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ