400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен 11 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім:

11.3C Азот және күкірт

Педагогтің аты-жөні:

Оразбекова Айгерим Кудахметовна

Күні:

18.02.2025

Сыныбы:

11 сынып

Қатысушылар саны

11

Қатыспағандар саны

0

Сабақтың тақырыбы:

Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар.

(44-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.1.12 - атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

- атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында «Өзіңе тілегенде досыңа тіле!» ойынын өткізу


Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Жетістік критериймен таныстыру арқылы сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтап алу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Жаңа сабаққа кіріспе


Күкіртсутек бойынша қайталауға арналған ақпараттар


Күкіртсутектің табиғатта кездесуі

Физикалық қасиеті

Күкіртсутек молекуласы су молекуласы сияқты бұрышты болғандықтан полюсті. Айырмашылығы күкіртсутек молекуласында сутектік байланыс жоқ ,сондықтан агрегаттық күйі газ

Picture 23

Күкіртсутек шіріген жұмыртқа иісті,түссіз газ.Улы. Судың бір көлемінде 2,5 көлем күкіртсутек ериді. Бұл ерітінді күкіртсутек суы деп аталады, әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

Негізгі бөлім

Тотығу-тотықсыздану реакцияларында күкіртсутек S 2- ионы арқылы тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді


Күкіртсутек ауада көгілдір түсті жалынмен күкірт (IV) оксидін түзе жанады

2H2S-2 + 3O2 → 2H2O + 2S+4O2

S-2 -6е→ S+4 тотықсыздандырғыш

O2+4е → 2O -2 тотықтырғыш

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Топтық жұмыс

6 мин


Берілген тапсырмаға реакция теңдеулерін жазып теңестіреді.


Тапсырма 1.

Күкірсутекті үш түрлі тәсілмен алуға болады:

  1. Жай заттардан тікелей синтездеу

  2. Сульфидтерге қышқылдармен әсер ету

  3. Сульфидтерді гидролиздеу



Ой толғау (топтық жұмыс)

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Жеке жұмыс

5 мин

(жұптық жұмыс) күкірт диоксидінің химиялық қасиетін сипаттау


Тапсырма 1.

Cu ---CuS----H2S----SO2

Мына айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.



Күкірт диоксиді

Қышқыл жаңбыр

Бағалау крийтерилері

атмосфераға күкірт диоксидінің таралу себептерін дұрыс айқындаса

күкірт диоксидімен тірі ағзалардың улану себебін ашып айта алса

қышқыл жаңбырдың түзілу себебін түсіндірсе


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
31.03.2025
212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі