Абдыгаппарова Диана
Жумагалиевна
ЖББ №9 мектеп, химия пәні
мұғалімі
КҮКІРТ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚОСЫЛЫСТАРЫ.
Аннотация: «Күкірт және оның
қосылыстары» тақырыбын талдай отырып, жаңа инновациялық
технологияларды тиімді пайдалану әдістері көрсетілген. Оқушылардың
қалыптастырушы бағалау тапсырмалары ретінде функционалдық
сауаттылықты дамыту тапсырмалары берілген. Пән аралық байланыс
сабақтың әр кезеңінде жүзеге асады.
В ходе изучения темы
«Сера и ее соединения» были использованы новые
инновационные технологии. В процессе изучения темы
ученикам
предложены разноуровневые задания в целях развития
функциональной грамотности. На занятиях
систематически ведется межпредметная связь.
Химия пәнін оқытуда қазіргі
кезеңдегі талаптар оқушының тұлғалық ерекшелігін ашуға бағытталады,
зияткерлік және экспериментальдық, зерттеушілік біліктер мен
дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру
тәжірибелерін қалыптастыру негізінде жүзеге
асады.
Оқушылар проблемаларды шешуде
жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен
жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер
тәжірибесін қалыптастырады.
«Ұстаздың биігі ойлана
қарасаң-биіктей береді, үңіле қарасаң-тереңдей береді, қол
созсаң-қарсы алдыңда,айналсаң-артында тұрғандай» деп Сократ айтқан.
Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім
мазмұнына жаңаша қарау-басты міндеттердің
бірі.
Сабақ барысында тиімді
инновациялық технологияларды қолдану арқылы тақырыпты ашамыз.
Оқушылар сабақ барысында білімді толық меңгеру үшін Блум
таксономиясының кезеңдерін игеруі қажет.
1.Білу 2.Түсіну 3.Қолдану
4.Талдау 5.Жинақтау 6.Бағалау
Оқушыларға химия пәнінен білім
беру барысында алған білімді бағалау да негізгі көрсеткіштің
бірі.Критериалды бағалау қазіргі заман талабы, химия пәнінде
білімнің біртұтастығын қалыптастыру заманауи талаптардың бірі болып
табылады.
Химия пәнінен өткен «Күкірт
және оның қосылыстары. Күкірт қышқылы» сабағында сын тұрғысынан
ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар, вертуалды зертхана,
шығармашылық тапсырмалар, шағын жобалар қорғау, критериялды бағалау
қолданылды. Сабақтың басында психологиялық ахуал туғызып,
оқушыларға жақсы көніл- күй жағдайын
жасаймын.
Қызығушылықты ояту
9сынып оқушыларына VI-топ
элементтері және олардың қосылыстары тарауы бойынша «Күкірт және
оның қосылыстары» тақырыбын бастау үшін «Галереяға саяхат»
стратегиясын қолданамыз.
Оқушылар күкірт және олардың
қосылыстары туралы салынған суреттерді тамашалайды, жаңа білімге
негіз болатындай тұжырымдамалар жасайды. Түрлі геометриялық
фигураларды қолдану арқылы топтарға
бөлінеді.
Үй тапсырмасы «ыстық орындық»
стратегиясы бойынша сұралды.Орындыққа отырған оқушыға өткен тақырып
бойынша сұрақтар қойылады.
Оқушыларға берілетін
сұраулар
1. Күкірттің химиялық
таңбасы-_________________________
2. Электрондық
формуласы-_________________________
3. Мүмкін болатын
валенттілігі.Атом
құрылысы___________________
4. Мүмкін болатын тотығу
дәрежесі________________
5. Күкірттің
_______________________ түрлі аллотропиялық ____________________
болады. Олар ________________________ күкірт, ____________________
күкірт.
6. Мына физикалық қасиеттердің қайсысы күкіртке тән?
а)Жылуөткізеді в)Суда ериді с)Кристалды
зат
Дескриптор:
-
Күкірттің периодтық кестедегі
орны бойынша сипаттама бере алады.
-
Аллотропия ұғымын біледі,
күкірттің аллотропиялық қосылыстары туралы мәлімет бере
алады.
-
Күкірттің физикалық
қасиеттерін түсіндіре алады.
ІІ
деңгей
1. Мына заттардың қайсысымен
әрекеттескенде күкірт тотықтырғыш қасиет көрсетеді?
а) активті металдар; ә) сутегі; б) мыс
Реакция теңдеуін жазып, күкірттің тотығу дәрежесін көрсетіңіз.
2. Жоғары температурада күкірт мына заттардың қайсысымен
әрекеттеседі?
а) оттегі; ә) сутегі
Қандай қасиет көрсетеді: тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш?
3. Күкірттің қосылыстарының ішінен сульфидтердің атын жазыңыз:
а) PbS; ә) CaSO4; б) CuS; в) ZnS, г) GeS; д)
Na2SO4
Дескриптор:
-
Күкірт қатысатын реакция
теңдеулерін жаза алады.
-
Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш
ұғымын түсініп, талдай алады.
Мағынаны тану
Топпен орындалатын шағын зерттеу
жұмыстары
1-топ:
SО2
қосылысының қасиеттерін жаз.
«Қышқылдық жаңбыр» қалай пайда болады, зерттеу жұмысын
жаса.
2-топ:
SО3
қосылысының қасиеттерін жаз.
Неліктен SО3
тотықтырғыш болады?
Дәлелде.
3-топ: Күкіртсутек қосылысының
мыстың және қорғасынның ерімтал тұздарымен қара түсті тұнба
түсетінін көрсет. Реакциялардың толық молекулалық, толық иондық,
қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.
Дескриптор:
-
Қышқылдық оксидтер қатысатын реакцияларды жаза
алады.
-
SО2
қосылысының тотықтырғыш та,
тотықсыздандырғыш та болатынын біледі,
SО3
қосылысының тек қана
тотықтырғыш екенін дәлелдей алады.
-
Ион алмасу реакцияларының
толық молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін
жаза алады.
Жұппен
жұмыс:
-
Күкірт және оның қосылыстары тақырыбына
логика-құрылымдық сызба дайында.

-
Тізбекті реакция теңдеулері
арқылы көрсет. Тотығу – тотықсыздану тұрғысынан
талда.S-2→S0→S+4→S+6
Экологиялық бағыттағы
есеп: Түсті металлургияда кен
ретінде көбінесе металдар, сульфидтері қолданылады. Оларды
күйдіргенде күкіртті газ бөлінеді. Құрамында 60%
Cu2S болатын 300т «мыс жылтыры»
минералын күйдіргенде қоршаған ортаға
SО2
газының қандай мөлшері
бөлінетінін есептеңдер.
Жинақтау: SО2
күкіртті газ,
SО3
күкірт ангидриді,
Н2S күкіртсутек газ
қосылыстарына Синквейн құрастыр.

Кері байланыс: «3-2-1»
әдісі
|
3
|
Мен бүгін үйренген 3
нәрсе....
|
|
2
|
Мен қызықты деп тапқан 2
нәрсе....
|
|
1
|
Мен үшін күрделі 1
сұрақ...
|
Рефлексия: БББ кестесін
толтыру
Оқушыларды бағалау:
критериялды жүйе бойынша өтеді. Білу, түсіну, қолдану сатыларын
игерген оқушылар 10балдық бағалаудың
5-6балл алады.
Білу,түсіну,қолдану,талдау
сатыларын игерген оқушылар 7-8
балл алады.
Білу, түсіну, қолдану, талдау,
жинақтау сатыларын игерген оқушылар
9-10балл алады.
Жаңа технологияларды игере
отырып өткізетін сабақтар оқушыларды тұлға ретінде
дамытады.Болашақта шұғыл шешім қабылдай алатын,өзгермелі заман
талабына сай білімі бар құзіретті тұлға қалыптасады. Ақпараттық
технологияны, СТО стратегияларын қолдану барысында оқушылардың
білім сапасы 54%-дан 78%-ға дейін артты. Бұл білімді, құзіретті
тұлға қалыптастырудың негізі болып
табылады.
Әдебиеттер
тізімі:
-
Қазіргі білім мектепте,
колледжде, ЖОО-да. Алматы қ. №6
2019ж;журнал.
-
Технология түрлері: тәжірибе
және теория. Алматы қ. С.К.Исламгулова
2017ж;
-
Химия. Ғылыми-методикалық журнал. Москва.№5
2014ж.
-
«Химик
анықтамалығы» журналдар, №1-2,
2019ж
-
Химия балаларға арналған
энциклопедиялық анықтамалық 2018ж.