400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күкірт және оның қосылыстары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
БжС технологиясы, «Ауызша сабақ -2» картасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: химия. Сыныбы: 9 «В»

Мектеп: №5 мектеп-лицей

Пән мұғалімі: Шайнова Динара Курметкалиевна


Сабақ тақырыбы:

Күкірт және оның қосылыстары

уақыты

Мақсаты:

Оқу материалын 63% меңгерту үшін логикалық, сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын, сөздік қорын дамыта отырып, күкірт және оның қоспалары туралы түсінік қалыптастыру


Жаңа технологиясы:

БжС технологиясы, «Ауызша сабақ -2» картасы


Құрал- жабдықтары:

Орынға отырғызу матирцасы (ООМ), ПЖ кестесі, тірек сөздер


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мотивация

Оқушылармен сәлемдесу. Қызығушылықты ояту. Сыныпты белсендендіру үшін көшбасшы сөзі. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Үй жұмысын тексеру.

1)Бейматалдар қандай түрде кездеседі? Химиялық қосылыс түрінде

2)Қатты бейметалдар қандай бөлшектерден тұрады?Үлкен бөлшектерден тұрады.

3)Атомдарының құрылысына сәйкес олар қандай?Өте берік,қиын балқитын заттар.

4)Ауа атмосферасы қандай орта?Тіршілік орта

5)Ауаның негізгі құрам бөлігін нелер алып жатыр?Азот пен оттек

6)Неше % алып жатыр?78%

7)Салғырт газдарше?0,9%

8)Оттектің табиғаттағы айналымы қандай процесс? Күрделі биогенді

9)Оттек нені сақтаушы?Бізді қоршаған ортада тірі организмдерді сақтаушы

10)Бізді қоршаған ортадағы табиғаттың ең қымбат қазынасы?Су

11)Судың құрамында не бар?Сутек газы

12)Қандай күйде сутек жер бетінде кездеспейді?Бос күйде

13)Хлор табиғатта ненің құрамында кездеседі?Қосылыс құрамында

14)Хлордың маңызды қосылысы?Натрий хлориді

15)Хлор табиғатта қандай атпен белгілі?Тас тұзы

16)Күкірт қандай күйде қосылыс түрінде тараған?Бос күйде

17)Йод қосылыстары қандай жерлерде аздап кездеседі?Теңіз балдырларында

18)Күкірт сульфатты қосылысы қай теңіздерде кездеседі?Арал мен Каспий

19)Азот бос күйде қанша % кездеседі?78%

20)Азот қандай элемент? Тірі организмдегі нәруызды құраушы

21)Фосфор жер қыртысында қандай түрде көп тараған?Қосылыс

22)Фосфор қосылыс күйінде қанша % кездеседі?0,1%

23)Көміртек табиғатта қандай күйде кездеседі?Бос және қосылыс күйінде

24)Елімізде көмір қоры қай жерлерде орналасқан?Қарағанды,Екібастұз,Торғай

25)Қазақстан қандай ел?Мұнайға бай ел


5 мин

ІІ. Жаңа тақырыпты қабылдау

Кіріспе сөзі. Балалар, бүгінгі сабақта күкірт және оның қосылыстары туралы танысасыңдар. Күкірттің таңбасы-S, реттік нөмері-16, салыстырмалық атомдық массасы-32. ІІІ периодта орналасқан.Күкірттің екі аллотропиялық түрөзгерістері бар: кристалдық және иілімді күкірт.Күкірт қосылыстарында -2,0,+4,+6 тотығу дәрежелерін көрсетеді және металдармен де,бейметалдармен де жақсы әрекеттеседі. Күкірт табиғатта бос күйінде де, қосылыс күйінде де көп кездеседі. Күкірттің қосылыстары:күкіртсутек H2S, күкірт оксидтері (IV,VI) SO2, SO3қышқылдық қасиеттер көрсетеді.

Оқушылар мәтінді мұқият зейінмен оқиды. 1 парағына-4мин. Тірек сөздерді тауып, айту. Тақтаға жазады. Тірек сөздің мағынасын мұғалім түсіндіріп өтуге де болады... Дайын тірек сөзбен салыстырады.

Тірек сөздері:

1). Кристалдық күкірт 2). Күкіртсутек

3). Мырыш сульфиді 4). Алюминий сульфиді

5). Кипп 6). Сульфидтер

7). Түтіндену 8). Иілімді күкірт

9). Күкірт оксидтері 10).Күкірт ангидриді

11).Сульфаттар 12).Гидросульфит

13). Әлсіз қышқыл 14).Натрий сульфиді

10 мин

ІІІ. Түсінуді ұйымдастыру

Тірек сөздерді жаттауға уақыт беріледі 14 сөзге- 1мин 15сек. Жаттау уақыты аяқталған соң дәптерге жазу. Көршісімен алмасып, жазған тірек сөзін санау. 13 сөзден жоғары плюс алады. ООМ ұяшығына белгілеу. +плюс алғандардың әділдігі тексеріледі. Матрицамен жұмыс. Тақтаға кезең нәтижесін жазу.

6 мин

ІҮ. Алғашқы түсінікті тексеру

Қарама қарсы сұрау: мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрау. Оқушы жауап бермесе кез келген 2 оқушыдан сұрау.Егер жауап алынбаса сыныптан сұрау. Жауап берілмесе өзі жауап береді. Кезең аяқталған соң екі минусы бар оқушыға «Құтқару шеңбері» тасталып, сол оқушыларға ортақ үш сұрақ қойылады. Олар қол көтеріп, сұраққа жауап беру арқылы минустарын жоя алады.

Қиылыс сұрақтары:

. 1). Күкірт нешінші периодта нешінші топшада орналасқан?3- период 6-топша

2). Күкірт атомы электртерістігі аздау металдармен сутектен неше электрон қосып алады?2

3).Күкірттің неше түрі бар?4

4)Оларды ата..Ромбты ,моноклинді ,аморфты, иілімді

5). Иілімдіні басқаша қалай атайды?Пластикалық

6). Күкірт қандай зат? Иіссіз суда ерімейтін сары түсті

7). Күкірт оксиді кәдімгі жағдайда қалай кездеседі?Ұшқыш,түссіз сұйықтық

8). Ол ауада не істейді?Түтінденеді

9). Күкірт қандай зат?Қатты

10).Сынап сульфиді қандай түсті?Қызыл

11). Натрий сульфидін неде пайдаланады?Тері илеуге

12). Күкірт оксиді нелерді өлтіреді?Микроорганизмдерді

13). Күкіртсутектің қандай қасиеті бар?Емдік

14).Күкірт оксиді неден қорғайды ?Ыстап кетуден

15).Күкірт оксиді неде кеңінен қолданылады?Сіріңке жасауда

16).Күкірттің тотығу дәрежелері ?+4 +6

17).Күкірт байланыс түзгенде неше валентті?4

18).Құрамында күкірті бар кен орындар Қазақстанның қай жерлерінде?Шығыс Орталық Оңтүстік

20) Күкірт қай жерде көп болады?Жануардардың жүнінде

21).Мұнай мен газдың құрамында не көп болады?Күкірт

22).Майда түйіршікті күкірт теріні не істейд?Тітіркендіреді

23) Осы қасиетіне сәйкес неге пайдаланылады?Жараны емдеуге

24).Күкірт неге түседі? Реакцияға

25).Сумен реакцияға түскенде не түзеді?Қышқыл



5 мин

Ү. Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру

Бірінші нұсқа екінші нұсқаны тестілейді. І нұсқа тест тапсырмаларын құрастырып жатқан кезде, ІІ нұсқа оқушылары оқып дайындалады. ООМ ұяшығы бойынша сұрау.

5 мин

ҮІ. Талдау

Жаңа тақырып бойынша түсінігіне жаттығу орындау

1).S+O2=So2 +

2).S-4e=So2 -

3).O2+2*2e=2O

4)Cu+S=CuSo2

5)H2+S=H2s.

6) . S+2e=S

7).H2-2*1e=3H

8).H2S+Pb(No3)2=Pbs+4Hno3

9). Na 2S+Pb(No3)3=Pbs+2NaNo3

10).SO2+H2O=H2SO4

11).SO3+H2O=H2SO4+Q

12).K2+ H=K2S

13). BA+SO4=BASO3

14). Ca+CO3=CACO3

15).CO3+2H=CO2+H2O

16).H+OH=HOH

17).2NAOH+CO2=NA2CO3+H2O

18) . ZN+2H=ZN+H

20)BACL2+H2SO4=BASO4+2HCL

21).2OH+CO2=CO3+H2O

22).2NAOH+CO2=NA2CO3+H2O

23)2KOH+H2SO4=K2SO4+2H2O

24).2NAOH+FESO4=NA2SO4+FE(OH)2

25).2OH+FE=FE(OH)2

3 мин

Рефлексия

Ең көп сөзі бар шығарма мен ең аз сөзді шығармалар оқылады.

5мин

Бағалау

Журналға баға қою нормативі: +4 болса «5»; +3 болса «4»; +2 болса «3»; «2» қойылмайды.

1 мин

Үй тапсырмасы

«2», «3» алған оқушыларға үй тапсырмасы беріледі

Күкірт және оның қосылыстары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
2591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі