400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күкірт қышқылы және оның тұздары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тоғызыншы сыныпқа химия пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге көмегі тиюі мүмкін. Сабақтың тақырыбы "Күкірт қышқылы және оның тұздары". Сабақ жоспарында картамен жұмыс қарастырылған. Ғаламтор жүйесімен жасалған бағдарлама бойынша тапсырмалар құрастырылған. Оқушылар сабақта тақырыпқа байланысты тәжірибелер жасайды.Модельдеу арқылы күкірт қышқылының кұрылымдық формуласын құрастырады.Бұл сабақ жоспары үш айлық деңгейлік курс бағдарламасы бойынша құрастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:9 В Күні: 15.11.2017

Сабақ тақырыбы:

Күкірт қышқылы және оның тұздары

Сілтеме:

9 ( жаратылыстану- математикалық бағыт) оқулық. Н. Нұрахметов, К.Жексембина ,Н. Заграничная

Жалпы мақсаттар:

Күшті электролиттердің бірі-екі-негізді күкірт қышқылының құрамы, құрылысы, байланыс типін еске түсіріп, қасиеттерін жоспарлы түрде жүйеге келтіру. Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан және иондық тұрғыда жаза білуге үйрету.

Талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан және иондық тұрғыда жаза білуі.

Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір- бірін бағалайды.

Түйінді идеялар

Күкірт қышқылы және оның тұздары. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау.

Сабақтың әдісі

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, модельдеу, тәжірибе, топтастыру, кубизм әдісі.

Сабақтың көрнекілігі

Барий хлориді, натрий сульфаты, темір (ІІ) сульфаты, лакмус, метилоранж, сынауықтар, модельдеуге арналған химиялық элемент бөлшектері, магниттер.


Ұйымдастыру кезеңі

2 минут


  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау

5 минут























2 минут

Үйге жұмысын сұрау.
1- тапсырма «Топтастыру». ( Сынып оқушыларына таратпа қағаздар таратылады, берілген мәліметтерді күкірттің физикалық қасиеттеріне және химиялық қасиеттеріне жіктеу керек). Бір оқушы «LearningApps.org.» бағдарламасы арқылы жасалған топтастыруды интерактивті тақтада орындайды. Басқа оқушылар орындарында орындайды. Тапсырма орындалып болған соң интерактивті тақтадағы құстұмсықты (галочка) басқанда тапсырманы орындағанда қанша дұрыс және бұрыс орындалғаны туралы мәлімет шығады. Орнында отырған оқушылар бір бірімен тапсырмаларымен ауысып тексереді.

Топтастыру

Күкірттің физикалқ қасиеттері

Күкірттің химиялық қасиеттері




  • Иісссіз суда ерімейді

  • Cu+S=CuS

  • Морт сынатын кристалл

  • Әрі тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш

  • Сары түсті

  • аморфты және иілімді болады

  • қорғасын (ІІ) нитраты күкіртсутек қышқылы мен оның тұздарына анықтағыш реактив

  • H2+S=H2S

  • жоғары температурада металдармен әрекеттеседі

  • табиғатта ромбты түрі кездеседі

  • ромбты және моноклинді болады

  • оттекте көгілдір жалын түзе жанады


2- тапсырма. Күкірттің электрондық формуласын жазу. ( топтастыру парақшасының екінші жағында s,p,d орбитальдары орналасқан. Оқушылардың міндеті күкірттің осы орбитальдарын электрондармен толтыру). Бір оқушы тақтада s,p,d орбитальдарын магнит электрондармен толтырады.


«Ой қозғау»

5 минут

Топтарға ішінде әртүрлі элемент атомдары бар конверт таратылады. Оқушылардың міндеті берілген элемент атомдарнан күкірт қышқылының, натрий сульфатының және барий сульфатының құрылымдық моделін құрастыру. Құрастырылған формулалар бойынша сабақтың тақырыбын ашу.

«Күкірт қышқылы және оның тұздары»

Жаңа сабақ

5 минут

Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс

Барлық топтар жаңа тақырыпты түсініп оқиды.

Тапсырмалар

3 минут

1-Тапсырма «Картамен жұмыс» күкірт қышқылын өндіретін аймақтарды картадан тауып көрсету. ( флипчарт бағдарламасы бойынша жасалған Қазақстан картасындағы күкірт қышқылы орналасқан қалаға прожектор түсіру арқылы мәлімет беру).


Сергіту сәті.

Қауіпсіздік техникасы.

Үш тілділік

2 минут

c у- вода-water

Қауіпсіздік ережесі- техника безопасности- safety

К үкірт қышқылы-серная кислота-sulfuric acid

H2SO4 = 2H+ + SO42-

Катион-катион-cation

Анион-анион-anion

Овальная выноска 1

2H+
=

=

=

=





Овальная выноска 2

SO42-





Тәжірибе

5 минут

Оқушы орындайды.

Күкірт қышқылына және оның тұздарына сапалық реакция.

8 минут

Кубизм әдісі.

Кері байланыс

2 минут

Смайликтер арқылы.

Үйге тапсырма

1 минут

§16 эссе жазу.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі