жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Күкірт(S) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент 9-сынып
Бекітемін : Келісілді: Оқу ісінің Қаралды:Жаратылыстану-
М.Тәжин атындағы ЖООБМ-нің меңгерушісі: С.Жақасова математика бірлестігінде
директоры: Д.Ысқақов Б.ж. Г.Нұрмағанбетова
«Күкірт (S) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент»
атты элективті курс бағдарламасы
Химия 9-сынып
Құрастырған химия пәнінің мұғалімі : А.А .Ногайкулова
2020-2021 оқу жылы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ,М.Тәжин атындағы ЖООБМ-нің химия пәнінің мұғалімі Ногайкулова Алтынай Айбадуллаевна
«Күкірт (S) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент»
атты элективті курс бағдарламасы
Түсінік хат
«Күкірт (S) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент»атты элективті курс бағдарламасы жалпыға міндетті стандарт негізінде жасалынған. Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат
Арнайы курста Д.И.Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің соның ішіндегі күкірттің периодтық жүйедегі орны ,сипаттамасы , оның биологиялық ролі, адам ағзасындағы осы элементтердің тепе-теңдігін бұзылуынан туындайтын аурулар, химиялық қосылыстардан жасалатын дәрілік препараттар ,химия және салауатты өмір салты туралы мәселелер қарастырылған . Күкіртке сипаттама бере отырып, ол көне заманнан адамзатқа белгілі екенін оқушыларға түсіндіру. Ежелден келе жатқан күкіртті жағу арқылы дезинфекция ұғымын қалыптастырады. Медицина саласында , тері ауруларын емдеу арқылы, майдың құрамындабар екенін оқушыларға ақпарат беріледі.Күкірт өндіру және оны қолдану мақсатында күкірт өнеркәсіп үшін қажетті элемент екенін түсіндіріледі. Қарапайым күкірттің қауіпсіздігін растайтын ғылыми-зерттеу мәліметтері түрлі университтетер мен иснституттар жүргізген ғылыми тәжірибелердің нәтижелерінен жинақталған. Қоршаған орта ме адамға зиянды әсер ететін қарапайым күкірт емес, оның кейбір қосылыстарын оқушыларға түсіндіріледі. Сондықтан күкірт қосылыстарының отыннан атмосфераға тарауына жол бермейтін сан түрлі шаралар қолданылуда.
Курстың мақсаты: Оқушылардың химия ғылымна дегенқұштарлығын арттыру, танымдық белсенділігін тереңдету. Химия пәні бойына алғырлыққа ізденуге, терең білімділкке баулу.
Курстың міндеттері:
*курста алған білімдерін одан әрі тереңдетуге мүмкіндік тудыру,
*оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге ынталандыру,
*оқушылардың өз бетінше зертханалық жұмыстар жүргізуге үйрету,
*химиядын алған білімдерін пайдаланып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру, сұраныс тудыраты маандыққа баулу,
*тақырыптарға сәйкес есептер шығаруға үйрету,
*жаңа ақпараттық технология әдістерн (электрондық оқулық, интерактивті тақта) қолдану арқылы терең білім алу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Өзектілігі,жаңашылдығы :
Күкірт химия өнеркәсібінің қозғаушы күші екенін дәлелдеу, өнеркәсіп үшін таптырмайтын элемент , қауіпсіз табиғи элемент екеніне көз жеткізу,қарарпайым күкірт адам денсаулығына жануарларға ,хайуанаттардың денсаулығына қауіп төндірмейді. Сондықтан күкірт қосылыстарының отыннан атмосфераға тарауына ол бермейтін шараларды жүзеге асыру,күкіртті өндіру, оны сақтау және өткізу жұмыстары қолға алынған.
Күтілетін нәтижені тексеру әдісі :
а) тестік бақылау
ә) топтық жұмыс ,жеке жұмыс
б)зертханалық жұмыс
в) танымжорық
Оқу –тақырыптық жоспар (аптасына 1 сағат) Барлығы 34 сағат
Бағдарламаның мазмұны:
Кіріспе (1 сағат)
І. Күкірт деген не? ( 7сағат)
Күкіртке сипаттама бере отырып, табиғатта таралуы, ерте кезде пайда болған элемент екенін түсіндіру. Күкірттің физикалық және химиялық қасиеттеріне тоқталу.
ІІ. Күкірт өндіру және оны қолдану (1 сағат)
Күкірт өндірудің тәсілдерімен ,табиғи газдың құрамынан қарапайым күкірт алу.
ІІІ. Күкірт, денсаулық және қоршаған орта (4 сағат)
Қарапайым күкірттің адам денсаулығына зияны жоқ екенін дәлел ретінде түсіндіру, қоршаған ортаға ,адамға зиянды әсер ететін қарапайым күкірт емес ,оның қосылыстары . Күкірттің табиғаттағы биологиялық ролі.
ІҮ. Қазақстандағы күкірт өндіретін кен орындары (4сағат)
Қазақстан кен орындарының ішінде Теңізшевройл қарапайым күкірт өндіретін кәсіпорын, Теңізде тауарлық мұнай өндіру, одан күкірт алу жұмыстары ,өндіру, сақтау және өткізу.
Ү. ТШО-ның қазіргі кездегі жүзеге асырып жатқан жобалары (8 сағат)
Қабыршақ күкірт өндіру жобалары ,күкіртті түйіршіктелген түрін алу,қоспасыз өнім қолдануға қауіпсіз.
ҮІ. Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек (2сағат)
Күкірт сутегімен ,күкірт газымен уланған жағдайда дереу жедел жәрдемді,ал қажет болған жағдайда –реанимациялық қызметті шақырту. Алғашқы көмек көрсету ережелерін білу.
ҮІІ. Ұлттық күкірт сақтау орталығын салу қажет пе ,жоқ па ? (1сағат)
Біріншіден, қоршаған ортаны қорғау, екіншіден болашақ үшін күкірт қорын сақтау. Сараптама жұмыстарын жүргізу.
ҮІІІ. Күкірт қосылыстарының өзгерістері. Табиғаттағы күкірт айналымы (4 сағат)
Табиғаттағы күкірт айналымына физикалық,химиялық факторлармен қатар биологиялық процестерде әсер етеді. Әдетте күкірт тірі организмдер цитоплазмасында кездеседі. Өсімдік қалдықтары мен жануарлар өлекселері ыдыраған кезде, олардан күкірт бөлінеді. Көбінесе күкірт күкіртті сутек түрінде бөлінеді.
ІХ. Танымжорық. Қорытындылау (2сағат)
Курстың күнтізбелік жоспары (34сағат)
р/с |
Тақырыптар мазмұны |
Сағат саны |
мерзімі |
1 |
Кіріспе |
1 |
|
2-3 |
Күкірт деген не? |
2 |
|
4-5 |
Күкірттің табиғаттағы таралуы.Күкірт қосылыстары. |
2 |
|
6 |
Тарихи анықтама |
1 |
|
7 |
Күкірттің физикалық қасиеттері |
1 |
|
8 |
Күкірттің химиялық қасиеттері Зертханалық жұмыс №1 |
1 |
|
9 |
Күкірт өндіру және оны қолдану |
1 |
|
10 |
Күкірттің адам денсаулығына пайдасы |
1 |
|
11 |
Күкірт ,денсаулық және қоршаған орта |
1 |
|
12 |
Күкірттің табиғаттағы биологиялық ролі |
1 |
|
13 |
Күкірт және күкіртті сутек |
1 |
|
14 |
Қазақстандағы күкірт өндіретін кен орындары |
1 |
|
15 |
Теңізшевройл неліктен күкірт өндіреді? |
1 |
|
16 |
ТШО-дағы қарапайым күкіртті өндіру ,оны сақтау және өткізу |
1 |
|
17 |
Қарпайым күкіртті қауіпсіз сақтау |
1 |
|
18-19 |
ТШО-ның қазіргі кездегі жүзеге асырып жатқан жобалары |
2 |
|
20 |
Қабыршақ күкірт өндіру жобасы |
|
|
21 |
Күкіртті түйіршіктеу қондырғысы |
|
|
22 |
Иіссіз күкірт өндіру жобалары |
|
|
23 |
Күкірт-химия өнеркәсібінің қозғаушы күші |
|
|
24 |
Күкірт химия өнеркәсібінде |
|
|
25 |
Күкірттің қолданылуы |
|
|
26 |
Күкірт қосылыстарымен уланған жағдайда көмек |
|
|
27 |
Күкір сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек |
|
|
28 |
Ұлттық күкірт сақтау орталығын салу қажет пе, жоқ па? |
|
|
29 |
Күкірт қосылыстарының өзгерістері .Табиғаттағы күкірт айналымы |
|
|
30 |
|
|
|
31 |
Күкірт бактериялары. |
|
|
32 |
Қышқыл жаңбырдың түзілуі |
|
|
33 |
Танымжорық |
|
|
34 |
Қорытындылау. Тест алу |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген