"Күлімде, Наурыз күлімде"
атты сценарий.
(Зал наурыз мерекесіне сай
безендіріледі, Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі ойнатылып
тұрады).
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар,
балалар, Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт
тілейміз, ақ мол болсын! Олай болса бүгінгі наурыз мерекесіне
арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» атты ойын-сауық шарамызды
бастайық!
Жүргізуші:
Той дабылын қағып
тұрған
Мұнда біз
бар
Тыңдамағандарыңыз,
тыңдаңыздар.
Наурыз тойы
басталды,
Бір орында
тұрмаңыздар.
Уа, жараңдар,
жараңдар!
Көңілің бар
алаңдар.
Ата менен анаң
бар
Наурыз тойы
басталды
Бәрің бері
қараңдар. (Ата-аналар мен
қонақтарды наурыз мерекесімен құттықтау сөз мектепалды даярлық
тобымыздың тәрбиешісі ____
беріледі.
Жүргізуші:
Ұлы халқым
есептескен
Ата салтын ешкім
теппеген,
аттап кетпеген Мың пәледен
құтқарады бір бата
Адам болмас бата естіп
өспеген.
Ұлы күнде,
халайық,
Қалай қарап
қалайық
Сәйгүліктей
ағайық
Жасын болып
жанайық!
Ортамызға атамызды
шақырып
Ақ батасын
алайық!
(Ортаға бата беру үшін
атаны шақырамыз).
Ұлыс бақты
болсын.
Әр күніміз жақсы
болсын
Достығымыз берік
болсын.
Ұлыс оң болсын Ақ мол
болсын.
Қайда барсаң, жол
болсын.
Ұлыс бақты
болсын
Төрт түлік ақты
болсын!
Ұлыс береке
берсін.
Пәле-жала жерге
енсін.
Қайғы-уайым жоқ
болсын.
Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын!
1-б:
Наурызым – салтым, жоғалып
қайта табылған
Шырағым болып алдымнан бүгін
жағылған.
Бабамның үні ақ бата беріп
жеткізген
Әр қадамыңнан жаныма мейірім
табылған.
2-б:
Қыс өтіп, қар
еріп,
Құлпыра көктем
жетіп
Шаруаның
кенелген
Мейрамы
ежелден
Құтты болсын, бұл
Наурыз!
Жүргізуші:
Армысыз, әлемнің алтын шырағы
Күн Ана! Қош келдіңіз! Төрге шығыңыз.
Күн
Ана: – О, қасиетті Жер-Ана! Адамзат
үшін саған басымды иемін. Мен сенің табиғат байлығыңа енетін
тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адамдарыңа дейін қуаныш-нұрын
сеуіп, әр жүрекке шат-күлкі сыйлап, сіз үшін өзімнің гүл
көктемімді. Ару көктемімді шақырғалы
тұрмын.
Жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні!
Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ ақ түйенің қарны жарылған күн –
Наурыз.
Салтанатты Наурызды ортаға
шақырайық.
Шашу шашу – Жадыра
ана.
Наурыз келсе, құт келгені,
халайық!
Есік ашып, шашу
шашып
Ел болып қарсы
алайық!
Күн –
Ана: Зарыға
күткен.
Жаңа жылым да
келді-ау!
Жаңа жылым жарылқа, ескі
жылым, есірке,
Ұрпағымды аман ет! Жамандық
әрі кет, әрі кет! (алыстайды)
Ару көктемім, келе
ғой!
Наурыз –
көктем: Сәлем анам – алтын
күн!
Нұр шуағы
халқымның
Ашық болсын
аспаның,
Аман болсын
жас-нәрің!
О, халайық!
Жараңдар!
Қане, бері
қараңдар!
Тауық жылы
баршаңды
Кенелтсін зор
бақытқа
Білмеңдер бір
шаршауды
Бөлеңіздер
шаттыққа.
Ән: «Наурыз біздің жаңа
жыл».
Көрініс: «Бесікке
салу».
3-б: Көктем тойы –
әнніміз,
Көркем өнер
сәніміз
Өлең-әнмен той
сәнін
Өрнектейміз
бәріміз.
Жарқыраған жас
нұрлы,
Жаса, наурыз,
дәстүрлі.
Наурыз –
көктем:
Жайнатамын бар
гүлді.
Сайратамын бұлбұлды
–
Төгілтіп
ән-жырымды
Мейрам етем бұл
күнді.
Би:
«Гүлдер».
4-б: Наурызда
күлімдеп
Күн нұры
төгілді
Өзгеше бүгін
леп
Желпітер
көңілді.
5-б:
Наурызды
халқымыз
Жыл басы
санайды.
Көнермес
салтымыз
Көктемдей
арайлы.
Көрініс: «Тұсау
кесер»
6-б:
Әнім де саған, білім
де,
Құт қонақ өзің үйім
де
Қуаныш сыйлап
еліме
Күлімде, Наурыз,
күлімде
Наурыз жылы тауық
жылы,
Құтты болсын
халайық
Ұлыстың ұлы
күні
Шырқап әнге
салайық.
Ән: «Бақытты балалық
шақ».
7-б:
Наурыз – гүл
көктем
Сәнді еді
арайлы
Күлімдеп күн
көктем
Нұр шашып
қарайды.
Бусанып жерім
бай
Төсінде қалқып
ән
Наурыз көңілді
ән
Шаттығы
шалқыған.
Жүргізуші:
Халқының
әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін
түй.
Шаттығын сыйлап
жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй,
би!
Би:
«Жорға».
8-б:
Өніп еккен
дәніміз.
Бүршік жарды
бағымыз.
Сәскеде – жаз Түнде –
қыс
Секілді екен
наурыз.
Төлдеп жатыр
малымыз
Қазан толы сары
уыз.
9-б:
Наурыз тойын
әдемі
Әжем еске
түсірді
Біздерге арнап
әдейі
Наурыз көже
пісірді.
Ашылды да
кебеже
Дәм әзірлеу
басталды.
Әжем наурыз
көжеге
Жеті түрлі ас
салды. (Ортаға әже шығып Наурыз
көже әкеледі).
Әже:
Ашық болсын қас
қабақ,
Таспен атқанды аспен
ат
Бейтаныс та, таныс
та
Бүгін төрде бас
қонақ
Арпа, бидай, тары
бар
Қатық, малта тағы
бар
Ішілетін,
жейтінің
Бұл көжеде бәрі
бар
10-б:
Күн мен түн
теңелді
Жер шуаққа
кенелді
Соны тойлар ел
енді
Наурыз тойы
салтымыз,
«Көгерсін» деп
халқымыз
Көшеге тал
егеді.
Әже: Ау, аталар, аналар! Айналайын
балалар! Жеп-ішсін деп тамсанып Жеті түрлі дәм салып Наурыз көже
пісірдім Құйдым алтын табаққа Құлшыныңдар тамаққа Бұл көжеден
татыңдар Бар қызыққа батыңдар.
11-б:
Ұлыс күні қазан
толса.
Ол жылы ақ мол
болар
Ұлы кісіден бата
алса
Сонда олжалы жол
болар
Ән: «Біз – өмірдің
гүліміз».
Жүргізуші:
Ән қосылсын
сәніңе!
Ырысты боп жаңа
жыл!
Бақ дарысын
бәріңе!
Ой қосылып
ойыңа
Бас қосылып
бойыңа
Аман-есен
жетейік
Келер Наурыз
тойына.
Келесі Наурыз тойында
кездескенше қош сау болыңыздар!