400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күлімде, Наурыз күлімде» атты мерекелік іс -шара

Материал туралы қысқаша түсінік
22-наурызға арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» атты мерекелік іс -шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚҰМАЙ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ» ММ





Shape1





Shape2









Өткізгендер: Бірлесхан А.

Хусман М.











2018 жыл



«Күлімде, Наурыз күлімде» атты мерекелік іс -шара

Жүргізуші 1: Армысыздар! Құрметті Құмай ауылының тұрғындары, қонақтар. Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз, ақ мол болсын! Олай болса бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» атты мерекелік іс -шарамызды бастайық! Жүргізуші 2: 

Уа, жараңдар, жараңдар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

Құрметті қонақтар! наурыз мерекесімен құттықтау сөз, мектебіміздің директоры Альмагамбетова Светлана Сапарқызына беріледі.

Жүргізуші 1: 

Ұлы күнде, халайық, Қалай қарап қалайық Сәйгүліктей ағайық Жасын болып жанайық! Ортамызға атамызды шақырып Ақ батасын алайық! ( Ортаға бата беру үшін Ауыл ақсақалын шақырамыз).

Батаңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызға бастауыш сынып қыздарының «Көктем келді» биін қарсы алыңыздар

Жүргізуші 2: Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде. (сахнаға Тамерлан шығады Сүйінші сұрап шығады)

Ой қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші!. Балаға қандай ат қойсақ болады екен?
Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.

Жүргізуші 1: Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ ақ түйенің қарны жарылған күн .22- Наурызда - күн мен түн теңеледі. Олай болса, Жаңа бір жыл келді. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

Шашу, шашу - Әжелер!

Жүргізуші 2: 

Жайнатамын бар гүлді.

Сайратамын бұлбұлды

Төгілтіп ән-жырымды

Мейрам етем бұл күнді

Аубакирова Гульзаттің «Жаңбыр» әнін қарсы алыңыздар! 1 - жүргізуші: Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты.

2 - жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келді міне ортаға толқып тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Балауса би тобының: «Қыз қуу» биі қарсы алайық  

Жүргізуші 1:

Наурызды халқымыз

Жыл басы санайды.

Көнермес салтымыз

Көктемдей арайлы.

Жұмабек Таншолпанның орындауында --------------------------------------».  2 – жүргізуші: Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.
«тұсау кесу»рәсіміне жол берейік

«Мистер Ханзада» тобының қазақша биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші 1:

 Әнім де саған, білім де,

Құт қонақ өзің үйім де

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде, Наурыз, күлімде-деп келесі кезекті Кеше ғана, тәй- тәй басып тұсауын кестірген атқа мінер азаматымыз үйленіп, келініміздің бетін ашар сәтіде келіп жеткен сияқты. Ендеше «Беташар» рәсімін тамашалаңыздар!

2 – жүргізуші: Наурыз жылы доңыз жылы,

Құтты болсын халайық

Ұлыстың ұлы күні

Тойлатып бір қалайық. - деп Мұғалімдермен ата-аналар дайындаған «Сағым дала»биін тамашалаңыздар!

 Жүргізуші 1:

Хор: «Наурыз - көктем».

Жүргізуші 2:  Ән қосылсын сәніңе! Ырысты боп жаңа жыл! Бақ дарысын бәріңе! Ой қосылып ойыңа Бас қосылып бойыңа Аман-есен жетейік Келер Наурыз тойына.

Келесі Наурыз тойында кездескенше қош сау болыңыздар!!!







Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері, ақылың серік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын
Төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын,
Ақ көп болсын,
Қайғы жоқ болсын,
Пейілдерің кең болсын,
Сапарларың оң болсын,
Мына ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Әумин!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.04.2019
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі