Материалдар / Күлімде, өмір ғажап!

Күлімде, өмір ғажап!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл психологиялық шара мектеп ұжымында, әртүрлі шаралар барысында педагогтермен өткізуге арналған тренингтерден тұрады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімінің

5 жалпы орта білім беретін мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі





























Психологиялық тренинг: «Күлімде, өмір ғажап!»





















Педагог-психолог: Сабырова А.А.

Орынбаева Г.О.















2023-2024 оқу жылы

Мақсаты: Педагогтар арасында ұйымшылдық, сыйластық қарым-қатынас, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Барысы:

1. Амандасу «Сәлем досым, қалың қалай?», «Ш» әріпінен басталатын сөздермен танысу.

2. Арт терапия

3. Фото терапия

4. Музыка терапиясы

5. Сыйлық

6. Би терапиясы

7. Ән «Сен, мен және бәріміз»

Рефлексия .

Тренинг ережесі:

  • бір-бірін тыңдау;

  • уақыт үнемдеу;

  • белсенділік таныту;

  • достық қарым-қатынас;

  • жағымды эмоция

Ұйымдастыру бөлімі: Айнаға ілінген мотивациялық сөздер жазылған суреттерді таңдап алу.

Шапалақтау әдісімен ортаға шеңбер бойымен орналасқан отырғыштарға отырғызу.

  1. Амандасу. «Сәлем досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Шарты: қатысушылар көршілеріне, яғни бір-біріне қарап тұрады, нұсқауды іс-әрекет арқылы қайталайды.

Сәлем досым-қол алысу;

Қалың қалай -иықтан ұстау;

Қайда болдың?-құлағынан ұстау;

Мен сағындым- кеудесін ұстау;

Сен келдің-қолын жаяды

Жақсы болды-шапалақтау.

«Ш» әріпінен басталатын сөздермен таныстыру. Мысалы: Шынармын, Шымкеттенмін, Шынымды айтсам т.б.

Негізгі бөлім. 2.Арт терапия

Шарты: қатысушылар шеңбер бойымен бір-бірлерінің арқасына ақ парақты қою арқылы сурет салуы қажет. Бастапқы адамның салған суретін сезініп, алдында отырған қатысушының арқасына сол суретті қайталап салу арқылы сурет жалғасады. Соңында бастапқы адамның суреті мен соңғы адамның суреті салыстырылып қорытындыланады.

  • Сіз қандай сурет салдыңыз?

  • Не себепті?

  • Сізге қиын болды ма қайталау?

3.Фото терапиясы

Шарты: тренингтің басында қатысушылар айнаға ілінген мотивациялық сөздер жазылған суреттерді таңдап алған болатын. Сол фотосуреттерге қарап қатысушылардың мінез-құлық ерекшеліктері айтылады.

Орман таңдаған жандар – жайсаң мінезді, көпшіл, дана, дарынды жансыз.

Машина таңдаған жандар – сіз үшін ақша маңызды, өміріңіз өте қызықты, машинаның жылдамдығындай өміріңіздің барлық жағын, аспан мен жердің арасындай тең ұстайсыз.

Көкөніс таңдаған жандар – денсаулығыңызға аса мән береді екенсіз, сымбатты болып жүргенді жаныңыз қалайды әрі салауатты өмір салтын ұстанасыз.

Гүл таңдаған жандар – өте нәзік әрі сезімтал, сіздің жүрегіңіз махаббатқа толы. Адамдарға нұрыңызды шашып, әрқашан да көмектесуге дайын тұрасыз.

Бағдаршам таңдаған жандар – жан-жағыңызды бағдарлап жүресіз, өзіңіздің белгілі бір ережелеріңізге бағынасыз.

Айдаһар таңдаған жандар – ойыңыз өте ұшқыр. Америкада, Жапонияда болсаңыз, сіз өте танымал адам болар едіңіз. Сізбен қай қалаға саяхаттаса да, жолаушының тілін таба білесіз.

Цирк таңдаған жандар – сіз қалжыңқой, ортаның адамысыз. Достарыңыз сізді әрқашан да орталарында болғаныңызды қалайды. Адамдарға қуаныш сыйлайсыз.

Егер осы аталғандармен келіссеңіз, екі рет отырып тұрыңыз.

4. Музыка терапиясы «ХО ХО ХО ХА ХА ХА»

Шарты: Қолымызды белімізге қойып, алға сәл еңкейеміз Хо-хо-хо-хо-хо

Басымызды артқа шалқайтамыз, қолымызды басымызға қойып, бір-бірімізге қарап ХА-ха-ха-ха-ха қайталаймыз. Үш рет қайталаймыз.

5. «Сыйлық»

Шарты: бір-бірімізге сыйлық сыйлайтын уақыт та келді. Алдарыңыздағы себеттен бір-бірден қағаз таңдап аласыздар, ол қағаздарда сыйлықтар жасырылған сол сыйлықты көршіңізге сөйлемей, қолмен көрсетіп сыйлауыңыз керек; ал көршіңіз сіздің қандай сыйлық сыйлағаныңызды табуы керек.

Сыйлықтар: жираф, велосипед, торт, кітап, көйлек, горшоктағы гүл, донер, суши, сумка, окорачка, сырға, кірпі, принтер, шкаф, ризенке етік, магнит, мысық, чайник, үй, машина, доп, айна, балық, линейка, диван, полотенца, кір жуғыш машина, қоян ойыншық түрі, ұшақ, ноутбук, телефон, пицца.

6. Би терапияcы

Шарты: Әр түрлі қимылдармен би жаттығуларын жасау.

7. Ән «Сен, мен және бәріміз»

Сен мен, және бәріміз   ет
Қандай жақсы, достарым бар қасымда
Бөлінбейді еш арамыз
Біз бақытты ұстаздармыз
Достық жырын шырқатайық расында
Сен, мен және бәріміз  
2рет
Бар әлемді шарлап кәне шығайық
Бейбітшілік өмір мәнін,
Ынтымақпен достық әнін
Әрқашанда терең біздер ұғамыз
Сен, мен және бәріміз  
2рет
Айтайықшы қосылып бірге әнді
Алыстарға біз кетсекте
Жырақтарда біз жүрсекте
«Достықты» жырлаймыз әркез біз мәңгі.

Рефлексия

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!