400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күлімсіреп жүру жақсылықтың нышаны» сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: • «Көңіл-күй гүлі» көмегімен өздерінің көңіл-күйін анықтауға, өздерін көрсетуге, танытуға үйрету; • қуаныш эмоциясын жеткізе білу қабілеттерін бекіту; • жақсы, жылы сөздерді қолдануға әрі қарай үйрете беру; көктемгі гүлдердің аттарын бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күлімсіреп жүру жақсылықтың нышаны»

сабағы



Мақсаты:

  • «Көңіл-күй гүлі» көмегімен өздерінің көңіл-күйін анықтауға, өздерін көрсетуге, танытуға үйрету;

  • қуаныш эмоциясын жеткізе білу қабілеттерін бекіту;

  • жақсы, жылы сөздерді қолдануға әрі қарай үйрете беру; көктемгі гүлдердің аттарын бекіту.

Балабақшада өткізетін психолог сабағының барысы

Психолог. О, сендердің көңіл-күйлеріңіз керемет екенін көріп тұрмын, бәрлеріңнің көздерің жайнап тұр, ешкім мұңайып, жабырқап тұрған жоқ қой, солай ма? Біздің көңіл-күйімізді одан сайын не нәрсе жақсарта алады екен?

Балалар. Күлімсіреп, күліп жүру, жақсы істер жасау, сыйлықтар беру, сүйікті ойындар ойнау, көңілді әндер айту.

Психолог. Әдемі гүлдер көңіл-күйді көтере ала ма екен, қалай ойлайсыңдар? Мына гүл шоғына қараңдаршы, қандай керемет гүлдер. Әр гүл бір жақсы нәрсе әкеледі. Енді біз көзімізді жұмып, өзімізді көктемгі гүлмін деп санайық. Қазір менің айналамда балалар емес, айналамда әдемі гүлдерді көріп тұрмын. Бұл қандай гүлдер екен, танысайық қанеки.

Балалар. Мен бәйшешекпін. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Мен қызғалдақпын. Адамдардың езуіне күлкі үйірлетемін. Мен нәркеспін. Мен жақсылық әкелемін. Мен інжугүлмін. Мен бақыт әкелемін. Мен түймедақпын. Мен қуаныш сыйлаймын.

Психолог. Менің жаныма әртүрлі гүлдер жиналған екен. Алайда тобымызда бір ерекше гүл бар. Ол қандай гүл, қалай аталады?

Балалар. Көңіл-күй гүлі.

Психолог. Жарайсыңдар. Енді әр жапырақшаның түсін атайық және оның нені білдіретінін анықтайық, жақсы ма?

Балалар. Қызыл түс – бақытты білдіреді, сары түс- қуанышты білдіреді, қызғылт сары рең – таңданысты білдіреді, жасыл түс – ол тыныштық, ал көк түс - мұң.

Психолог. Міне, менің қолымда түрлі-түсті шеңберлер бар. Енді маған жақындап, қазір сенің көңіл-күйің қандай, сондай реңді шеңберді ала ғой. Қандай түсті шеңбер қалып қойды, оны ешкім алмады. Қараңыздаршы.

Балалар. Көк түс қалып қойды.

Психолог. Неліктен қалып қойды екен?

Балалар. Көк түс мұңды білдіреді.

Психолог. Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді бәріміздің көңіліміз көтеріңкі болсын деп, өмірде бізді ештеңе ренжітпесін деп бір-бірімізге жымиып күлімсіреп қарайық!



Педагог-психолог: Тұрғынбек Ә.Ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 қазан
93
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі