400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күлкі жанның шуағы» көңілді тапқырлар клубы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жайдарлы көңіл –күй сыйлай отырып, тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлемінде қалықтауға бейімдеу, бір-бірімен еркін араласуға, достық қарым-қатынастарын жетілдіру арқылы сахна мәдениетін меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы:  «Күлкі жанның шуағы»

(КТК)


Мақсаты:  Оқушыларға жайдарлы көңіл –күй сыйлай  отырып, тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлемінде қалықтауға бейімдеу, бір-бірімен еркін араласуға, достық қарым-қатынастарын  жетілдіру арқылы  сахна мәдениетін меңгерту.

  

Музыка фонында жүргізуші ортаға шығады.


Жүргізуші:  Армысыздар қонақтар, ардақты ұстаздар қауымы және

оқушылар!

Бармысыздар,шабытты шәкірттер!

                 

Бүгін біздер жырдан алқа тағайық,

                  Шат күлкіге толы болсын маңайың.

                  Көргендер де, көрмеген де арманда

                  Көңіліңді көтеріп бір алайын.


  Әуелеген әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер.

  «Туған жер» әні. Орындайтын :11-сынып оқушысы Арапа Есен. қабыл алыңыздар!

 

Құрметті көрермен! Бүгін 8-9-10-11-сынып оқушылары өздерінің әдемі  әзілдерімен қоса тапқырлықтарын ұтымды жолдармен жеткізуге асығуда. Өнер әлеміне қалықтаған шәкірттеріміздің бойындағы өнерлерін тамашалап қана қоймай, қолпаштап демеу көрсетеді деген оймен сіздерді бағдарламамен таныстырып өтейін.

 

  1. Таныстыру. (3 минут)

  2. Әзілдер. (5 минут)

  3. Үйге тапсырма. «Табиғат ғажайыбы» (7 минут)

  4. Ширату. (Сұрақ-жауап) 3 минут


Көңілді тапқырлар клубының күзгі марафонына командалармен таныс болыңыздар.


«Сыныптастар» командасы 8-сынып (жетекшісі Бекзат Әділхан)

  «Шапалақ» командасы 9-сынып (жетекшісі Бекзат Белесбекұлы)

  «Сөз тимесін» командасы 10-сынып ( жетекшісі Құдайберген Жамбылұлы)

 «Көз тимесін» командасы 11-сынып (жетекшісі Есен Арапа)

қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.

  

КТК ойынына қатысушыларға ұстаздық ақ тілегін білдіріп, құттықтау үшін ортаға мектебіміздің директоры Өтеген Жаниетті шақырамыз.


Бәріміз бірге күлейік,

Көңілден мұң тарқасын.

Кәнекей сайлап алайық,

Әділ қазылар алқасын – деп бүгінгі сайыста әділдік танытатын әділ қазылар алқасымен таныс болайық!


Әділ қазылар алқасымен таныстырып өту.

  1. Темірхан Ізтілеуов – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

  2. Медет Сқақов – мектеп психологі.

  3. Қанат Емжаев – дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

  4. Амантай Жүрген – ата-аналар комитеті.


Командалардың шығу ретін белгілеу үшін капитан командалары шақырылып реттік номер таңдалынады.

 

Жүргізуші:  КТК ойынының 1-кезеңін, Таныстыру бөлімін бастаймыз.

(Әр команда ретімен шығып, өздерін таныстырады.)


  1. «Сыныптастар» командасы 8-сынып (жетекшісі Бекзат Әділхан)

  2. «Шапалақ» командасы 9-сынып (жетекшісі Бекзат Белесбекұлы)

  3. «Сөз тимесін» командасы 10-сынып ( жетекшісі Құдайберген Жамбылұлы)

  4. «Көз тимесін» командасы 11-сынып (жетекшісі Есен Арапа)


Жүргізуші:

Әділ қазыларға сөз беріліп,1-кезеңнің ұпай сандарын хабарлауларын сұрау.


Жүргізуші: КТК ойынының 2-кезеңін, Әзілдерге береміз.


Әділ қазыларға сөз беріліп,2-кезеңнің ұпай сандарын хабарлауларын сұрау.


Жүргізуші: КТК ойынының 3-кезеңіне береміз Үйге тапсырма. «Табиғат ғажайыбы»


Әділ қазыларға сөз беріліп,3-кезеңнің ұпай сандарын хабарлауларын сұрау.


Жүргізуші: КТК ойынының 4-кезеңіне Ширату бөлімін бастаймыз.

(әр топ ұшқыр құралған 3 сұрақтан қарсы командаға қояды, ең ұтымды жауап бағаланады)


Әділ қазыларға сөз беріліп, 4-кезеңнің ұпай сандарын хабарлауларын сұрау.


Жанкүйерлер атынан музыкалық сәлемдеме.

Ән: «Туған жер өзің дегенде» Сұлтан Бектұрғанның  орындауында тамашалаңыздар.


Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, ұстаздар қауымы, КТК ойынына қатысқан ойыншылар, бәріміз де тағатсыздана бүгінгі ойынның қорытындысын күтіп тұрғанымызды жасыра алмаймыз.

Әділ қазылар алқасы, сіздердің бүгінгі атқарған жұмыстарыңызға ризашылығымызды білдіре отырып, сіздердің қортындыларыңызды тыңдасақ.


Әділ қазылар ұпайлар санын есептей келе, жеңімпаздарды анықтайды, марапаттау рәсімін жасайды.

 

Құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірхан Ізтілеуов пен ата-аналар комитетінің төрағасы Амантай Жүргенге беріледі.


Жүргізуші: 

Құрметті кешіміздің қонақтары, сіздерге бізбен бірге болып, оқушыларымыздың өнеріне қолдау көрсетіп, қолпаштап ,қошемет көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Әрбір арайлап атқан таң сіздерге, сіздердің жанұяларыңызға шаттығы мен бақытын ала келсін! Назарларыңызға рахмет! 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.04.2019
900
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі