Ш.А.Амонашвилидің
«Күлкім менің, сен қайдасың?» еңбегіне
пікір
Шалва
Александрович Амонашвилидің «Күлкім
менің, сен қайдасың?» атты еңбегінде
мектеп оқушыларының тұлға болып
қалыптасуын, олардың ұстаздан не күтетіні
туралы сипаттап жазады. Ш.А.Амонашвили
бұл еңбегінде күлкіні іздейді. Марина
Озалияның күлкі туралы қысқаша өлеңінен
бастау алған бұл шығарма мазмұнында
үлкен философия жатыр. Кітаптың негізгі
арқауы балаларға деген махаббат, баланың
нәзік жанына сүйіспеншілікке толы
қарым-қатынас болып табылады.
Мұғалім
үшін тәжірибеден артық ешетене жоқ.
Ш.А.Амонашвили осы шығармасында өзінің
мұғалімдік тәжірибелерімен
бөліседі,оқушыларды оқыту және тәрбиелеу
барысында мұғалімдер қандай қиындықтарға
жолығатынын сипаттап қана қоймай,өз
тәжірибесін негіздеп,сол қиындықтан
қалай шығуға болатын жолдарын сипаттайды.
Ш.А.Амонашвилидің
«Күлкім менің, сен,қайдасың?»
еңбегімен таныса отырып,ұққаным
оқушыларға білім беруде жанды білімді
іздейтін секілді. «Күлкі» сөзінің
астарында балаға деген сүйіспеншілік,махаббат,
құрмет,руханилық жатыр деп ойлаймын.
Бала
дүниеге келгенде белгілі бір сәтте
мейлі ояу,мейлі ұйықтап жатсын
күлімсірейді. Бұл
өмір заңдылығы. Ал,біз неге бұл заңдылыққа
қарсы жүруіміз керек? Автор балаларды,
мұғалімнің кәсіби өмірін тереңірек
түсінген сайын, педагогика оқулығына
өз наразылығын білдіреді, одан өзіне,
ұстаздарға, балаларға сүйіспеншілік
пен құрметті сезіне алмағанын айтады.
«Әр
адам жарқыраған күн секілді,біз тек
оның жарқырауына мүмкіндік беруіміз
керек»- деп Сократ айтқандай ешбір бала
кездейсоқ дүниеге келген жоқ. Әрбір
баланың өз міндеті, өз жолы бар.
Әрбір
бала шексіз Рух энергиясын иеленген, -
дей келіп,автор педагогика, педагогикалық
психология оқулықтарында «Күлкі» туралы
не бар, қандай ақпарат бар? деп сұрақ
қойып, оны іздеуге шақырады. Өзі де
іздегенін, алайда таппағанын баяндайды.
Күлкі,
күлімсіреген жүздер болмаса не болареді?
Жер бетінде күлкі жоғалса , табиғаттағы
бар гүл жоғалса.... елестетіп көрейікші,мына
әлем қандай күйге енбекші.
«Неліктен
мектептен күлкіні ығыстырамыз?», «Оны
неліктен керексіз болып қалды?», «Оны
зиянды деп санаймыз ба?», «Біз неліктен
күлмейміз?» деген сұрақтар қоя отырып
оған қысқаша былай жауап қайтарады: «Жүзіне
күлкі үйірілмеген педагог тәрбиеленушілеріне
зиянын тигізеді… Жүректен шыққан күлкі
өмірді өзгертіп, оны
көрікті
ете түседі. Күлкіні өмір нәрлендірмейді,
өмірді күлкі нәрлендіреді. «Шынайы
күлкі руханилық сыйы».Ол рухани жомарттық
пен және өзін-өзі құрбан ету мен
байланысты. Өзіңе қиын болып тұрса
да, біреулер үшін күлемсіре. Міне осы
құрбандық күлкісі».
Ш.Амонашвилидің:
«Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу
мен білім беру жүйесінің тиімді түрде
жүзеге асырылуы толықтай мұғалімнің
тұлғасына байланысты» деген сөзі мені
қатты толғандырды десем артық айтпаған
болар едім.
Ал,
педагог ретінде аналарымыздың тілегін
орындауға, бала үшін, барымыз, болашағымыз
үшін аянбай еңбек етуге тырысатын
боламын. Кейде, мойындау керек авторитарлық
стильде де бала алдына шығып,білім
берген боламыз. Шын мәнінде менің ұққаным
балаға керегі жанды білім,ұстаз махаббаты
мен сүйіспеншілігі. Педагог педагогтан
білім алады,ал болашақ педагогты да
тәрбиелейтін педагог. Арбаның алдыңғы
дөңгелегі қайда жүрсе, артқы дөңгелегінің
артынан еретіні сөзсіз. Сол себептен
болашағымызды қазірден түзеуіміз керек.
Бала
үшін мұғалімсіз білім жоқ, тек ұстазына
деген махаббаты арқылы ғана бала білімнің
қызықты әлеміне аяқ басады, қоғамның
моральды құндылықтарын игереді.
Күліп
өмір сүрген, күліп сәбиін құндақтаған,
мәселесін күлімсіреп жүріп шешкен әрбір
жанның өмірі күн нұрындай сәулеленетіні
сөзсіз.