400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күлмеңіздер кәріге. Жұлдыздар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әдебиеттік оқу Алматыкітап баспасы

Мұғалім:Смагулова Гульмира Каировна

2 «а»сынып

Сабақтың тақырыбы

Күлмеңіздер кәріге. М. Дулатов Жұлдыздар Удмурт халық ертегісі

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушылар өзгеге жасаған жақсылықтың ерте ме, кеш пе , алдыңнан шығатынын ұғынады

-Оқушыларды мәтін мазмұнын түсініп оқу,халқымыздың әдет-ғұрпына тән үлкенді құрметтеу керектігін мәтін арқылы аша түсуге мүмкіндік жасау.Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып,әңгімелеуге үйрету.

-Оқушыларды сауатты оқуға  ,дұрыс  жазуға,әдептілікке,әдемілікке,

--үлкенді сыйлап,кішіге қамқор болуға баулу.Сыпайы сөйлеп,жақсы 

қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.


Оқыту нәтижесі:

-оқушылар қазақтың классик ақыны М.Дулатов өмірімен толығырақ танысып, мәтіндегі негізгі идеяны ұғынады.

-әртүрлі ойдамыту стратегиялар арқылы шығармашылық ойлануына өзіндік жұмыс жасап ізденеді

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ- жауап , түсіндіру, жеке, жұппен, топпен

Дерек көздер :

Оқулық, қосымша мәліметтер, интерактивті тақта,ұялы телефон,кестелер.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Көңілді күн» бейнеролик Би қимылдарын жасайды

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Топқа бөлу

Жұлдызшалар арқылы түстеріне қарай топтарға бөлінеді

Үй тапсырмасын сұрау

Хрестоматиядан «Жаман жолдас» әңгімесін оқып, мазмұны бойынша салған суреттерінен (диафильм)көрме ұйымдастыру

Салып келген суреттерін (диафильм) тақтаға іледі.

Өткен сабаққа байланысты оқушылардан сұрау:

-Үлкенді де ,кішіні де сыйлайтын бала қандай бала?

-Қайырымды болу үшін балаға қандай қасиеттер қажет?

-Нодардың қайырымды бала екенін қай әрекетінен байқадың?

Қызығушылықты ояту

«Кәрілік» сөзіне ой шақыру (кластер құру) жұппен жұмыс


Жаңа материалмен жұмыс.

Мағынаны тану-Балалар біз бүгін сендермен Міржақып Дулатовтың «Күлмеңіздер кәріге» әңгімесімен танысамыз.

Міржақып Дулатұлы (1885-1935)-қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы. Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылында туып өскен. Әкесі шебер адам, ер-тұрман жасап, етік, мәсі іккен. Ал анасы-Дәмеш әнші болған кісі. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан хат таниды. Міржақып анасынан екі жасында, ал әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді.

Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ-

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!-деп жырлаған ақын.

Диктофоннан «Күлмеңіздер кәріге» мәтінін тыңдату.

Сөздікпен жұмыс

Келемеж қылу-мазақ ету

Сұрақтар қою:

-Балалар кімге күлді?

-Әкесі не деп ескертті?

-Әкесінің қандай сөзі балаларға әсер етті?

-Өмірде осында балалар бар ма, болса оларға не дер едің?

1.Жұмбақ шешу:

2.Ертегі дегеніміз не?

-Онда біз бүгін сендермен «Жұлдыздар» удмурт халық ертегісімен танысамыз. «Адасқан бөлімдер» Мәтінді 4-бөлікке бөліп, өз орындарына қою

Ж ұлдыздар

(Удмурт халық ертегісі)

1.Ертеде бір кішкентай қыз сегіз жасында әке-шешесінен бірдей айырылып, тұл жетім қалыпты. Көнетоз көйлегі мен бір жапырақ орамалынан басқа киімі, ішерге асы жоқ екен. Қыз ел кезіп, қайыр сұрауға мәжбүр болыпты.

2.Бір қайырымды жан оған қатқан нан ұсыныпты. Қыз қақпадан шыға бергенде, бір қария жолығып:

-Қызым, қарным қатты ашып тұр. Наныңнан берші,- дейді.

Қыз нанын түгел ұсынып:

3.-Алыңыз ата! Ас болсын!-депті де кете барыпты.

Қараңғы түсіп, ымырт үйірілген кезде алдынан бір жас жігіт шығыпты.

-Басым тоңып барады, орайтын бірдеңе берші,-депті. Қыз басындағы орамалын ұсыныпты.

4.Ол ары қарай жүре бергенде, жан-жағына жұлдыздар шашырап, күміс теңгелерге айнала бастапты.

«Өзгеге жасаған жақсылығың ерте ме, кеш пе, алдыңнан шығады» деген сөз рас екен.

Мәтінді толығымен айтып беру

Сөздікпен жұмыс:

Тұл жетім-ата-анасы, ешкімі жоқ

Ы мырт үйірілу-кеш бату

Сергіту сәті: Тыныштық сәті/(баяу музыка әуенімен)

Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.

Ал енді барлығымыз түнгі жұлдызды аспан әлемін көз алдымызға елестетеміз. Жұлдыздар сан алуан ұсақ-үлкен, жарық-көмескі. Біреулеріңізге бір немесе көп жұлдыздар, енді біреулеріңізге сансыз көп жарық нүктелер елестейді.

Осы жұлдыздар арасынан өзіңізге ең әдемі жарық жұлдызды таңдап алыңыз. Таңдаған жұлдызыңызға тағы да бір қараңызшы, неткен ғажап, неткен керемет! Енді сол таңдаған жұлдызыңызға қол жеткізіп, алуға тырысыңыз және алуға тиістісіз. Оны аспан әлемінен қолдарыңызға алып, алдыңызға абайлап қойыңыз, ол сізге қандай нұрлы шуақ шашып тұр десеңізші.

Осы нұрлы шуақты барлық туған- туысқандарыңызға, ұстаздарыңыз бен достарыңызға, таныстырыңызға бағыттаңыз. Жұлдызды нұрды уақытша ренжісіп қалған таныстырыңызға да бағыттаңыз. Нұр мен жылу олардың жүрегін толтырсын. Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан- жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды оларды өз жылуымен баурасын. «Ойша, Мен.. ЖҰЛДЫЗДЫ НҰРМЫН, ЖҰЛДЫЗДЫ НҰР МЕНІҢ ІШІМДЕ. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық жағдайда сәл болыңыз».

Енді нұрлы жұлдызды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашып, бір-бірлеріңізге күлімдеңіздер. Рахмет.

«Өз жұлдызыңды тап!"

Магниттік тақтаға өз жұлдыздарының суретін салу

Ой –толғаныс: Білгішбектің сұрақтары:

-Қыз баланың қайырымдылығы туралы оқығанда қандай сезімде болдың?

-Ертегінің қорытынды сөзін мәтіннен тауып оқы

-Ертегі мазмұнына ұқсас қандай әңгіме айтар едің?

Топпен жұмыс:

Ертегі мазмұнының орналасу ретін қой:

Жігітке көмек

Қарияға қайырымдылық

Жетім қыз

Жақсылыққа жақсылық

Дәптермен жұмыс: Венн диаграммасы

Күлмеңіздер кәріге Жұлдыздар

Бала, қария Қыз

Кәрі Жас

Күледі Көмек береді

Баршылық Жоқшылық

Әке Қайырымды жан

Мазағын қояды Молшылыққа кенеледі

Сұрақтарға ауызша диалог түрінде жауап алу

-М. Дулатов кім?

-Әңгіме мен ертегі ұнады ма?

-Сабақтан қандай үлгі-өнеге алдыңдар?

-Балалар әдептілік туралы мақал білесіздер ме?

1.Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса,өте шығар кеңкиіп.

2.Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

3.Әдепті  бала  ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Жағдаяттар талдау.

1.Сіз отырсыз.Үлкен қарт адам кірді.Бос орын жоқ.Не істер едіңіз?

2.Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Сіз не істер едіңіз?

3.Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?

4.Сіз дүкенде кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда әжей тұр.Не істер едіңіз?

Үйге тапсырма беру.

Ертегіні, мәтінді оқып, «Орны ауысқан мақалдарды толықтырып жаз.

Күлме досыңа, Кішіге ізет.

Үлкенге құрмет, Келер басыңа.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

«Күлмеңіздер кәріге», «Жұлдыздар» мәтінін  түсініп оқу,әңгімелеу.

Бағалау

Жұлдызшалар арқылы бағалау. «Кімде көп жұлдызша?»

Кері байланыс

Оқушыларға стикерлер таратылып, бүгінгі сабаққа рефлексия жазбаша түрде жасалады

Сабақ аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі