Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Күлше қыз жаңа жыл кешіне дайындалуда
Материал туралы қысқаша түсінік
ертегуі арқылы балаларды мейірімділікке баулу, мерекелік көңі күй сыйлау
Авторы:
24 Қаңтар 2024
187
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ересек жас тобы
Ертеңгіліктер: «Күлшеқыз Жаңа жыл кешіне дайындалып
жүр».
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Күлшеқыз Жаңа жыл кешіне дайындалып жүр».
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ МАҚСАТЫ: мерекеге дайындық кезінде және оны өткізу
барысында балалардың шығармашылық қабілеттерінің көрінуіне жағдай жасау;
еске сақтау, ой-қиял, ән айту дағдыларын, сахналық қимылдарды дамыту;
сахнада өзін еркін және мәдениетті ұстауға тәрбиелеу.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Интербелсенді тақта, музыкалық аппаратура, жаңа жылдық шырша, таба, сүлгі,
орындық, керней, патшаға арналған тақ, сиқырлы таяқ, сыйлықтар салынған
қап, ақ мата.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Қап, ұлпа қар кескіндері.
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ БАРЫСЫ
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Зал әдемі безендірілген. Шымылдық жабық тұрады.
Педагог:
- «Күлшеқыз Жаңа жыл кешіне дайындалып жүр» тақырыбына арналған ересек
тобының ертеңгілік мерекесіне қош келдіңіздер!
Педагогтің сөзінен кейін шымылдық ашылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Музыка әуенімен бірге залға керней ұстаған екі хабаршы кіреді.
1
Бірінші хабаршы:
- Тыңдаймыз! Тыңдаймыз! Жаңалықтан құр қалмаймыз!
Екінші хабаршы:
- Армысың! Бармысың! Біздің құрметті Патшамыз барлықтарыңызды Жаңа
жыл кешіне шақырады!
Бірінші хабаршы:
- Жаңа жыл кешіне әдемі киініп, көңілді болып келіңіздер!
Екі хабаршы кернейде ойнап, залдан шығып кетеді.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
Бір кезде үстіне ескі көйлек киіп, бір қолына сүлгі, бір қолына таба
ұстаған Күлшеқыз кіріп келеді. Ол орындыққа отырып, қолындағы табаны сүрте
бастайды.
Күлшеқыз:
- Бүгін Жаңа жыл мерекесі, көңіл көтергім келеді. Ал мен болсам, ескі көйлек
киіп, осы үйді тазалап жүрмін. Жылағым келіп тұр ...
2

Залға Күлшеқыздың өгей шешесі мен қыздары кіріп келеді.
Өгей шешесі жан-жағына қарап:
- Бұл не отырыс, Күлшеқыз? Киімдер реттелмеген, шаң сүртілмеген! Сен бос
отырма, менің қыздарымның көйлектерін ретте!
Күлшеқыз орнынан тұрып, әпкелері мен өгей шешесінің киімдерін реттей
бастайды.
Бірінші қыз:
- Біраздан соң мерекелік кеш басталады. Алақай! Бүгін көңіл көтеретін болдық!
Екінші қыз:
- Қарашы, сіңілім, біз құлпырып тұрмыз! Бүгін біз ханзаданың көзіне түсетін
болдық!
Өгей шеше:
- Қыздар, дайынсыңдар ма? Дайын болсаңдар, қыздарым, күйме келіп тұр.
Кеттік!
Өгей шешесі қолындағы тізімді Күлшеқызға ұсынады да:
- Күлшеқыз, біз келгенше мына тізімдегі барлық істі бітіріп қоятын бол!
Өгей шеше қыздарымен бірге залдан шығып кетеді. Күлшеқыз қолындағы
тізімге қарап, қатты күрсініп, орындыққа барып отырады. Қолына табасын алып,
оны жақсылап тазалай бастайды.

Сиқырлы әуен қосылады. Музыка әуеніне залға Пері кіріп келеді.
3
Пері:
- Қалың қалай, сүйкімді қыз? Неге мұңайып отырсың?
Күлшеқыз:
- Бүгін мереке. Патша барлығын мерекелік кешке шақырған. Менің
көйлегім ескіріп кеткен. Өгей шешем маған көп жұмыс беріп кетті. Күлшеқыз
Періге тізімді көрсетеді.
Пері:
- Уайымдама! Біз саған көмектесеміз! Мен қазір сиқыршыларымды шақырайын.
Саған әдемі көйлекті дайындап береміз, тізімдегі барлық жұмысты жылдам
бітіріп береміз.
Пері таяқшасын айналдырғанда залға сиқыршылар кіріп келеді.

Бірініш сиқыршы:
- Сәлем! Сәлем! Біз сиқыршылар мектебінде көп сиқыр үйрендік.
Екінші сиқыршы:
- Сүйікті ұстаз, бізді не үшін шақырдыңыз?
Пері:
- Сиқыршыларым менің! Қалайсыңдар? Күлшеқызға біздің көмегіміз керек.
Күлшеқыздың көйлегін әдемі көйлекке ауыстыру керек.
Күлшеқыз шымылдықтың артына кіріп кетеді. Сиқыршылар таяқшаларын
сермейді.

4
Әдемі көйлек киген Күлшеқыз шымылдықтың артынан шығады.
Үшінші сиқыршы:
- Тамаша! Қандай әдемі көйлек шықты! Біз аяқкиім туралы ұмытып кетіппіз.
Төртінші сиқыршы Күлшеқыздың аяқкиімін алып келеді.
Төртінші сиқыршы:
- Күлшеқыз, саған арналған әдемі туфли дайын. Мерекелік кеште сен ең әдемі
болатының сөзсіз.
Пері:
- Күлшеқыз, әдемі болып құлпырып тұрсың. Бірақ, бұл сиқырдың бәрі түнгі сағат
он екіде бітеді. Көңіл көтеріп жүріп, уақытты ұмытып кетпе.
Күлшеқыз:
- Барлықтарыңызға көп рақмет! Бұл кеште ең әдемісі мен болатыныма күмәнім
жоқ!
Әуен қосылады. Барлығы залдан шығып кетеді.

Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Залға Пері мен Күлшеқыз кіріп келеді.
Пері:
- Бара ғой, Күлшеқыз! Жаңа жыл кешінде көңіл көтеріп кел.
Ән. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
Балалар шыршаны айналып ән айтады. Әннен кейін балалар орнына барып
5
отырады. Әуенмен бірге залға Патша кіреді.
Патша:
- Бұл бір керемет мереке болайын деп тұр! Сарай қонақтарға лық толы!
Патша таққа барып отырады. Жас бикештер мен мырзалар шығады.
«Жас бикештер» биі.
Патша:
- Көп отырып қойған секілдімін. Басқа қонақтарды көріп, олармен бірге көңіл
көтерейін.
Патша қонақтарды аралап, барлығымен амандасады. Мырзаларға қарап:
- Мырзалар, не тұрыс? Бүгін ән айтып, би билейтін уақыт емес пе?
Жас мырза:
- Олай болса, Патша, осы мерекеге ән айтып берейік. Бастаймыз ба, достар?
Мырзалар бір дауыстан:
- Бастаймыз!
Ән. (ұл балалар ғана айтады)
Патша:
- Бұл кім? Өзі сұлу екен. Оның есімін кім біледі?
Күлшеқыз:
- Есімім Күлшеқыз болады, мәртебелі мырза!
Патша:
- Балам, балам, осында кел! Қарашы, балам, қандай сұлулық! Оның қолынан
ұстап, биге шақыр. Қонақтар, артта қалмай, сіздер де бір-бірлеріңізді биге
шақырыңыздар.
Жұппен билеу. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
Би билеп болған балалар орындарына отырады. Ханзада мен Күлшеқыз ортада
қалады. Сол кезде шыршаның шамдары сөнеді.
Ханзада:
- Сізден сұрасам бола ма? Жаңа жыл кеші ұнады ма? Осы кешті ұзақ күттім.
Сізбен бірге өткізген кеш одан да керемет болды.
Күлшеқыз:
- Иә, мерекелік кеш жақсы өтіп жатыр, бірақ Аяз ата кешігіп жатқан секілді.
6
Ханзада:
- Аяз ата жылдам келуі үшін бәріміз дауыстап ән айтайық.

Әннен кейін балалар орнына барып отырады. Залға Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата:
- Естідім, балалар, мен сендердің әсем әндеріңді естіп келдім. Сендерді оңай
тауып алдым. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Жаңа
жыл құтты болсын!
Ақшақар:
Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр!
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Міне, біз де келіп қалдық!
Аяз ата:
- Жаңа жылдық шыршаның шамдары сөніп қалыпты ғой. Шырша шамдарын бірге
жағайық. Жасыл шырша шамдарыңды жарқырат!
Ақшақар:
- Шыршаның шамдары жанбады ғой. Тағы да қайталайық. Құрметті қонақтар,
сіздер де бізге көмектесіңіздер! Бәріміз бірге айтайық. Жасыл шырша
шамдарыңды жарқырат!
Шырша шамдары жанады.
Аяз ата:
- Ал, енді бәріміз бірге Жаңа жыл мерекесіне арналған ән айтайық.
Барлығы қол ұстасып, шыршаны айналып жүреді, әсем ән салады.

Әннен кейін балалар орнына барып отырады.
Ақшақар:
- Аяз ата, қазір балалармен бірге көңіл көтеріп, қызықты ойын ойнасақ қайтеді?
Шырша қандай әдемі!
«Шыршалар әртүрлі болады» ойыны.
Ойыншылар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен тұрады.
Ақшақар:
- Шыршаның қандай түрлерін білесіңдер?
Балалардың жауаптары.
- Орманда шыршалар әртүрлі болып өседі. Биік шыршалар да бар, аласа
7
шыршалар да бар. Қазір мен сендерге «биік» деген кезде қолдарыңды
жоғары көтеру керексіңдер. Ал, «аласа» десем қолдарыңды төмен түсіресіңдер.
Егер де «кең» десем, шеңберді кеңейтіп ашуларың керек болады. Дәл солай,
«жіңішке» дегенде шеңберді кішірейту керек болады.
- Ойынды бастайық!
Педагог:
- Аяз ата, ойын ойнап шаршап қалған шығарсыз. Сіз біраз отырып демалыңыз.
Біз сізге тақпақ айтып береміз.
Балалардың тақпақтары.
Сағаттың тықылдағаны естіледі.

Күлшеқыз сағаттың тықылдағанын естіп, шыршаның қасына келеді.
Ханзада:
- Күлшеқыз, қайда асықтың? Ешқайда асықпа. Мереке жалғасып жатыр ғой.
Күлшеқыз залдан жүгіріп шығып кетеді. Ханзада Күлшеқыздың соңынан барам
деген кезде, Күлшеқыздың бір туфлиін тауып алады.
Ханзада:
- Күлшеқыз асығып туфлиін шешіп алыпты. Аяз ата, мен енді Күлшеқызды
қайдан табамын?
Аяз ата:
- Ханзада, сен уайымдама! Біз ертегі желісін сәл өзгертеміз. Сиқырды қолданып,
Күлшеқызды қайтарамыз.

Залға Күлшеқыз кіреді. Ханзада туфлиін Күлшеқызға кигізеді.
Ханзада:
- Күлшеқыз! Келгенің қандай жақсы болды! Сені қайтадан көргеніме
қатты қуанып тұрмын!
Аяз ата Күлшеқыз бен Ханзаданы құшақтайды.
8
Аяз ата:
- Ертегі соңына жетті.
Педагог:
- Аяз ата, Ақшақар, тағы бір ойын ойнасақ қайтеді?
Аяз ата мен Ақшақар қуана келіседі.
«Ұлпа қар» ойыны.
Бұл ойында бала санына қарай ұлпа қар кескіндері және екі қап керек болады.
Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың басшысы Аяз ата, ал екінші
топтың басшысы Ақшақар болады. Аяз ата мен Ақшақар қолдарына қап ұстап
алып, ойыншылар кезек-кезек лақтырған ұлпа қарды қағып алулары керек. Қай
топтың қабына көп ұлпа қар жиналса, сол топ жеңіске жетеді.
Аяз ата:
- Ой, бұл бір керемет ойын болды!
Ақшақар:
- Иә, Аяз ата, ойын өте қызықты болды. Балалар біздің сыйлықтарымызды күтіп
қалды.
Аяз ата:
- Қап! Ұмытып кете жаздадым ғой. Айтқаның жақсы болды. Мен сыйлықтарды
мына бір жерге қойған секілді едім. Үстінен қар басып қалыпты. Қане, балалар,
барлығымыз көзімізді жұмып, мына қарды бар күшімізбен үрлейік. Сол кезде қар
ұшып кетеді, біз сыйлықтарды тауып аламыз.
(Балалар көздерін жұмады, қарды үрлейді, ал ересектердің бірі сыйлықтардың
үстіндегі ақ көрпені ақырын алып тастайды.)
Содан кейін Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарды таратады.
Ақшақар:
- Міне, балалар, сыйлықтарды алдыңдар! Мерекені жақсылап тойладық! Аяз ата
екеуіміздің қайтатын уақытымыз болды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Аяз ата:
- Жаңа жыл құтты болсын! Біз қайтайық. Сау болыңыздар!
Аяз ата мен Ақшақар бәрімен қоштасып, залдан шығып кетеді.
Педагог:
- Жаңа жыл сіздер мен біздер үшін зор жетістіктерге қол жеткізетін, көптеген
ой-мақсаттарымыз жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын!
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)