Материалдар / Күн астындағы күнекей қыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күн астындағы күнекей қыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2022
1396
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік.

«Бәйтерек» мектеп алды даярлық тобы



(сахна сыртынан естілетін дауыс)

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар! 


Наурыз Думан” әні орындалады

Балалар залға кіреді бір бірмен көріседі.

(көрісу дәстүрі)

Жүргізіуші: Армысыздар , ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Жүргізуші:

Армысың әжелерім, аналарым, Мейірбан аппақ көңіл даналарым. Ұлыстың ұлы күні наурызбенен, Құттықтайды сіздерді балаларың.

Балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.

Тақпақтар

Жүргізуші:

Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.

Ән « Нұрлы Көктем» қыздар

(Ұлдар шығып кетеді) Би: «Батырлар»

батырлар дастарханның жанына отырады Хан :-Уа,халайық, мейрам құтты болсын. Бірақ, осы мейрам қарсаңында менің жалғыз қызым Күнікейді мыстан кемпір ұрлап кетті. Кімде –кім қызымды тауып әкелсе мен сол батырға ат басындай алтын беремін. Кенже:-Мен барамын, мен Күнікейді тауып әкелемін.Мен жалғыз бармаймын қасымдағы достарыммен бірге жолға аттанамыз!

Жүргізуші:Біздің Кенже батырлық танытып Күнекей қызды табуға серт берді. Ендеше бәріміз Кенжемен жолға шығайық.

Залды айналып шығады. (Жолда келе жатып, қобыз ойнап отырған данышпан атаға кездеседі.-Кенже: Ассалаумағалейкум, ата. -Данышпан: Әлейкумассалам, балаларым, жолдарың болсын қайдан келе жатырсыңдар? Жүргізуші: Ата, біз күн астындағы Күнікей қызды іздеп жолға шықтық.

-Данышпан: Ия, балам сен қиын жолды тандапсын, сенің жолында жол көрсетер Таусоғар,Әже кездеседі, олар саған жол көрсетеді. Күнікей қызды іздеп табасын.

Жүргізуші: Данышпан Ата біздің балаларымыздың жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыз!

Тақапақтар.

Жүргізуші: Данышпан Ата «Батаменен ел көгерер» демекші батаңызды беріңіз!

Данышпан:

Балаларым, мен сендерге ақ батамды берейін.

Жортқанда жолдарың болсын.

Жолдасын Қыдыр болсын.

Қайда барсаңдарда, жол болсын.

Әумин!

Жүргізуші: Кенже ендеше бәріміз сапарымызы жалғастырайық!

Жолда келе жатып, екі алақанына, екі тауды салып қақпақыл ойнап жүрген дәуді кездестіреді.

Кенже:-Мына тастарды көтеріп тұрсыз,сіз кімсіз?

-Таусоғар: Мен Таусоғармын. Ия мен білемін, сен күн астындағы Күнікей қызды іздеп жолға шығыпсың. Менде кестелі орамалы бар. Сендермен ұлттық ойын «Орамал тастамақ» ойынын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Орамал тастамақ»

Таусоғар:- Кенже мына жолмен жүрсеңдер сендерді Күнікейге апарады. Мына кестелі орамалды Күнекейге сыйға тартарсың.

Балалар айналып орындарына отырады.

Жүргізуші:-Балалар ,біз ұзақ жолдан шаршадық,демалып, біздің қыздардың өнерін тамашала.

Жүргізуші:

Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз

Осындай шаттық думанда
Би билейміз бәріміз деп қыздарымызды ортаға шақырамыз!

Би: «Домбыра» би

Жүргізуші: Балалар Күнекейді іздеуге сапарға аттанамыз.

(Әжеге кездеседі)

-Кенже: Есенсізбе, ақ әже!

-Әже: Қарақтарым, жол болсын.

-Кенже: Әже. Мен күн астындағы Күнікей қызды іздеп жүрміз.

-Әже:- Иә,Кенже білемін. Менің 7 түрлі дә салынған Наурыз көжемнің сиқыры Жалмауыз кемпірдің зұлымдығын райынан қайтарды. Күнекейді жалмауыз кемпірден құтқардым. Сендердің келетіндеріңді біліп күтіп отырмыз! Күнекей бара ғой достарыңа.

Кенже: Әже сізге көп көп рахмет!

Жүргізуші:

Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Әжеге ән салайық.

Ән:«Ақ әжем»

Әже: Жарайсыңдар балалар өнерлі екенсіңдер!Өркендерің өссін! Жолдарың болсын! Ақ жол болсын!

(Қоштасып кетеді әже шығып кетеді)

(Балалар залды айналып ортаға Күнікейді алып кіреді.)

Хан: -Жарайсың Кенже. Сен жарадың!

Күнекей:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Бақыт,байлық тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Кенже саған және сенің достарыңа көп рақмет!

Жүргізуші:

- Хан ием, осы мейрамда өзіңізден бата сұраймыз.

Хан:- Жаратқан Ием, Құдірет,

Ақ батамды қабыл ет.

Ұлдарыма қуат бер,

Қыздарыма ұят бер,

Тыныштық заман болсын,

Ел – жұртым аман болсын!

Ұлыс оң болсын!

Наурыз құтты болсын! Әумин!

Жүргізуші:

Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын

Ән: «Қош келдің төрлет,Наурызым»

Жүргізуші:

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын! 
Дендеріміз сау, мықты болсын! 
Наурыз тойы келе берсін! 
Барлық халық бақытты болсын, 
Қош ,сау болыңыздар, халайық! 
Көріскенші күн жарық болсын! 










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!