«Күн дидарлы
Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың,
желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,
желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,
жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін
қалыптастыру.Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту.
Мәнерлеп тақпақ айтуға,отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Балалар
«Көк тудың
желбірегені» әнімен кіреді.
Жүргізуші: Құрметті
қонақтар,сүйікті
балалар! Бүгінгі
Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына
арналған «Күн дидарлы
-Қазақстан» атты
мерекемізге қош
келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
«Балбөбек»тобы дайындаған шағын концерттік бағдарламасын қабыл
алыңыздар.
Тәуелсіздік - ең басты
құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің
барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі,
осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар
бойы армандап, күтумен
өтті..
Елу жылда ел жаңа демекші, 26
жылда біраз өзгеріске ұщырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына
сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз
болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ
басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршінбіз яғни
сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан
бұзылмасын.
Нұржаусын
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі
ұғысқан.
Ата бабам
аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Инабат
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Ғайни
Он алтыншы
желтоқсан
Ел мерейі
тасыған
Қазақ деген қалың
жұрт
Бәрін кешті
басынан
Інжу
Әр қазақтың есінде
сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел
намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады
Айбану
Бақытым -
Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Ән:«Елтаңбасы елімнің»
Тәрбиеші:
Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің
егемендігіміздің алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет
атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып
өсіп келуде.
Асланбек
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды
көрмедік!!!
Барлық қазақ
осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....
Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.
Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін
де;
Аружан
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді
Исламбек
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры
Тәрбиеші:Қазақ дейтін
менің бір елім,
Жатыр алып
жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз
жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді
десеңізші. Талай
қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық
таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. «Орнында бар
оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ.
Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында
«Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса
ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде,
кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей
толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір
сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке
көтеруді мақтаныш тұтады.
Ән: «Достық»
Қосым
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Алихан
Қазақпын,
еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
Альбина
Қасиетті
Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Аяна
Бейбіт өмір
тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен
ынтымақ.
Би:
«Саржайлау»
Тәрбиеші:Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың
жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты
болсын, қымбаттым,
Туған күнің
құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,
егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше
сау саламатта болыңыздар.