400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күн дидарлы Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. .
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. . 
Тәрбиеші: Балалар қане көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберімізді құрайық,

Бір шаңырақ астында

Қазақстанда тұрамыз

Бірге сайран құрамыз

Бір үйде біз тұрамыз.

Өте жақсы балалар. Оқу қызметімізді бастамас бұрын еліміздің әнұранын айтайық.

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол – Әнұран

Сезім биігі, төзім шыңы, ол – Әнұран

Әннің асылы, ұранның басымы, ол – Әнұран

Әнұран орындалады.!

Бүгінгі Рәміздер күніне арналған балабақшамыздағы тақырыптық сабағымызды бастаймыз. 
Рәміздерім – елдігімнің  белгісі, 
Білу керек бала –дағы ең кіші.                                                                                           
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА, 
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәрбиеші: Балалар, Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.:

Тәрбиеші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар.      

   -Ал енді балалар әр елдің өзінің рәміздері, заңдары болады екен. Сол сияқты біздің де өзіміздің заңдарымыз, рәміздеріміз бар. Қәне, балалар ҚР-ның рәміздерін атап беріңдерші.

-Ту, Елтаңба, Әнұран

-Өте дұрыс балалар. Мынау біздің туымыз.(ноутбуктен слайд көрсетеді) Туымызға келетін болсақ мөп-мөлдір аспандай көгілдір түс қандай керемет. Сол көгілдір аспан ортасынан шұғылалы сәулесін шашқан күн. Күнді қанатымен көтеріп қалықтай ұшқан қыран құс қандай әдемі. Оған өміріміздің қайнарындай қазақтың ұлттық ою-өрнегі қандай жарасымды.

-Ал бұл балалар Елтаңба. Қараңыздаршы елтаңбамыз қандай тамаша. Ендеше елтаңбамызға тағы да көз салайық. Ортада қазақтың қара шаңырағы, күн сәулесіндей уықтаршаңырақтан шашырай шапағын шашқандай. Екі жақтағы қанатты тұлпар, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды.

-Балалар әр мемлекеттің өзінің әнұраны болады. Оны салтанатты жиындарда орындайды. Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып оң қолымыз сол жақ жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз.

- Жарайсыңдар балалар,ендеше рәміздер туралы тақпақтарымызды айтып берейікші

Айзере: Әнұраным – жанұраным,

Жүрсем егер дүние кезіп,

Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

Д.Сұлтан: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қадірлеп,

Биікке іліп қояды.

Айбейне : Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраны

Алияр : Сүйесің ғой даланың,

Гүл жайнаған алабын.

Білесің ғой сен бірақ,

Қазақстан жалауын.

Дилярам: Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

.Тәрбиеші: Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы

Ол – біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан біздің біреу ақ

Ол – біздің Қазақстан

Тәрбиеші: Қызады бүгін тойымыз

Ортамызды ашайық.

Ән мен биді көтеріп,

Інжу маржан шашайық.
Би: «Қара жорға».


Құрметті , қонақтар,балалар ! Бүгінгі Рәміздер күніне орай өткізіп отырған «Күн дидарлы Қазақстан!» атты тақырыптық сабағымызға келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп,көп рахмет! Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбірей берсін! Рахмет Сау болыңыздар.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
990
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі