400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күн дидарлы Қазақстан" (мерекелік ертеңгілік)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 13.12.2018
Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 

Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған ІІ кіші «Көбелек» тобының мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.


Әнұран:

Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше тақпақтарымызды айтайық.

/балалардың тақпақтары тыңдалады/


Айзере: Астана – арман қала

Бағы бір жанған қала.

Тұрады жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да.

Айару: Әуелейді асқақ ән,

Болашаққа бастаған.

Мәртебемсің сен менің

Айналайын Астанам.

Нұрайым: Жаса-жаса Астанам

Өркен жол бастаған.

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

Алихан: Барша әлемге әйгілі

Елбасымыз Нұр аға

Мақтанышы елімнің

Нұрын шашқан Нұр қала

Нұрәлі: Шырқап көкке асқақ ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет

Ей, бас қалам, Астанам.

Рукайя : Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам бас қалам.


Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы. 

«Қара жорға» биі

/Айару, Алихан, Зере, Саят, Еркеназ, Нұрбек, Нұрайым, Рахман/


Інжу: Елордасы елімнің,

Қазағымның жүрегі.

Астанамды бүгінде

Күллі әлем біледі.

Ислам: Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы,

Тірегі әке-баланың,

Қазақстан жалауы.

Нұрдәулет: Он алтыншы – желтоқсан,

Тәуелсіздің алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Нұрәлі: Өзімдікі Туымда,

От пен ауа, суымда.

Жаса, Қазақстаным

Белді бекем буын да.

Жантас: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Меруерт: Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған,

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.


«Теңге алу» ойыны


Хор: «Тәуелсіз елдің ұланы»


Жүргізуші:

Отаным менің мекенім асыл ардағым,

Көк майса шалғын,айдынды сулар жан – жағың.

Жасампаз жолда дамушы елім мәңгілік,

Самғай бер көкте,қазағым менің талмағын.

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған ІІ кіші «Көбелек» тобының ертеңгілігі аяқталды. Мереке құтты болсын. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі