
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Оқыту ортасы: Денсаулық
Тақырыбы: Күн және су біздің досымыз.
Бөлімі: «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері»
Мақсаты: Денені шынықтырудың түрлі жолдарымен таныстыру және
оның адам денсаулығына тигізер әсері жөнінде мағлұмат беру.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Сана- сезімге түрткі
болатын,жетелейтін
бөлім
Балалар шеңберде тұрып
қолдарын созып тұрып
орындайды.
-Құдіретті күн,мен сені жақсы
көремін!
-Құдіретті күн,мен сенен
өтінемін.
-Құдіретті күн,маған
тыныштық пен
қайырымдылық бере гөр!
Ұйымдастыру-
нәтиже бөлімі
Үлкен алтын табақтан,
Әлеме нұр таратқан Ол не?
«Тамаша күн» ойыны.
Бірінші досымыз -ауа.Таза ауа
адамның көңілін көтереді,
шаттандырады.
Екінші досымыз – су.Суға
шомылу арқылы денемізді
шынықтырамыз,кірден арыламыз.
Үшінші досымыз – күн.
Адамға зиянды микобтарды
өлтіріп,ауаны тазартады.Күн көзі
өкпеміздің,жүрегіміздің жұмысын
жақсартады.Денің сау,күшті
болуыңа таза ауа мен судың
пайдасы қандай болса,күн көзінің
де пайдасы сондай.
-Адам ағзасына ең қажетті 5
нәрсені атаңдаршы?
-Ендеше,осы аталған 5 нәрсенің
қайсысының маңызы зор деп
(Күн)
Ойынның шарты:
Балалар тәрбиешінің қойған
сұрақтарына бір-біріне бас
бармақтарын көрсете отырып,
«Тамаша» деп жауап береді.
- Баланың көңіл-күйі қандай?
- Күзде күннің жарқырағаны
қандай?
- Қыста тонғанда күннің жерді
жылытқаны қандай?
-Көктемде күннің жерді
жылытқаны қандай?
-Жазда теңізге барғанда күннің
қыздырғаны қандай?
-Күн жақсы ма?
Балалар күн,су,ауа туралы
біледі.
(Жарық, су, ауа, тағам, жылу)
Адам сусыз адам тіршілік ете
алмайды.
-Су

ойлайсыңдар?
-Балалар қатты қапырық
ыстықта шөлдеген адамға не
керек?
-Дұрыс айтасыңдар балалар!
-Глобуста қандай түстің көп
екенін көріп отырмыз?
-Көгілдір түспен не бейнеленген?
-Су қайда болады?
-Жер бетінде теңіздер мен
мұхиттардың суы тұзды,ішуге
жарамайды.
Тәжірибе:
Жер бетіндегі сулар тұщы және
ащы болып бөлінеді.
-(Билингвиальдық компонент)
-Балалар су орыс тілінде қалай
айтылады?
-Ағылшын тілінде:
Жарайсыңдар балалар!
-Керемет.Қанеки үш рет шапалақ
соғайықшы.Қандай ақылды
балаларсыңдар!
Дәрігер салауаттың кеңесімен
таныстыру.
Дамытушы жаттығу:
-Ешқашан ауырмай,күшті,
дені сау болып өсу үшін не істеу
керек?
Су
Көк түс ол су.
Бір стақанда тұзды су,
екіншісінде тұзсыз су.
Ащы су- бұл теңіз,
мұхит,көлдің сулары.
Ал тұщы су құдықтың суы,
Жаңбырдың суы,Бұлақ суы,
Өзен суы.Жердегі әрбір 100
литр судың 98 литрі тұзды су.2
литрі тұщы су.
-(Билингвиальдық
компонент)
Су-water (уатэ)
Көл-озера
River (рива)
-Өзенде,жылғалардан ағып
жатқан суды ішуге
болмайды,оларда қауіпті ауру
тудыратын микрибтар бар.
1-кеңес:-Жалаңаяқ ұзақ жүру
керек,ең болмаса үйде.Бұлай
жүру әсіресе тегіс емес
жермен:тастардың үстімен,
ыстық құмда,жерде,қардың
үстінде жүргенде жалпақ
табандылықтың алдын
алып,табандағы нүктелерге
арналған массаж болып таб-ы.
2-кеңес:Ыңғайлы және жеңіл
киін.Себебі денеңе үнемі күн
шуағы мен таза ауа жеңіл өтуі

-Қанеки кім суға байланысты
мақал-мәтел айтып береді?
керек.Күнге ертеңгі уақытта
қыздырынған жөн.Қарның аш
немесе тамақ ішкенен кейін
бірден күнге қыздырынуға
болмайды.
3-кеңес:-Беті-қолыңды,
құлағыңды,қолыңды иығыңа
дейін суық сумен жу.Суық
сумен шынығудың пайдасы
зор-өйткені ол-сергу,табиғи
өзін-өзі емдеу және өзін-өзі
күту.
1.Таулы жер бұлақсыз болмас
Сулы жер құрақсыз болмас
2.Су-тіршілік көзі.
3.Бұлақ көрсең көзін аш.
4.Бір кісі қазған құдықтан
мың кісі су ішер.
5.Су анасы –бұлақ,
Сөз иесі- құлақ.
Рефлекстік нәтиже
бөлімі.
Күн су бізге не үшін қажет?
Мадақтау.
Балалар тыныштық сәтін
орындайды.
Күтілетін нәтиже: Күн,ауа және су біздің досымыз туралы түсініктері
қалыптасады.
Білу: Күн,ауа,судың адам денсаулығына,дене шынықтыруға
тигізетін пайдасын біледі.
Орындай алу: Дамытушы жаттығулар,дені сау болып өсу үшін кеңестерді
орындату.
Істеу,істей білу: Денені шынықтырудың түрлі жолдарын біледі.
Өткізген тәрбиеші: Күнтуған С.