400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күн және түн,олардың адам,өсімдік және жануарлар тіршілігі үшін маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн және түн,олардың адам,өсімдік және жануарлар тіршілігі үшін маңызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім



Сабақтың атауы

Күн және түн,олардың адам,өсімдік және жануарлар тіршілігі үшін маңызы

Мақсаты

. Күн, жүйесі туралы білімдерін толықтыру.

2. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

3. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Табиғат!

Тіршіліктің тұнып тұрған.

Сен – Күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

(Орташа, жай темппен айту керек)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Күн туралы не білесіңдер ?



Көк жиекті шай табақта,

Алтын алма тербеледі.

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа мақта перделер. (Күн)




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

- «Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер? Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іле қойыңдар.

Жылу жарық энергия көзі

Бауырсаққа ұқсайды мейірім шуағы

Аптап ыстық бағыттаушы

- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күн – жарық пен жылудың көзі»

ә) Мағынаны тану

Суретпен жұмыс

- Не байқадық?

Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі:


Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура +6000° С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге Күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегімен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі - дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жер бетінде атаулы болмас еді.

б) Мәтінмен жұмыс

- Дауыстап оқу (мұғалімнің оқуы)

- Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді

- Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.

- Күннің бетіндегі температура қандай?

- 6000° С - ге жуық

- Күн қуаты қалай пайдаланылады?

- Күн ұуаты электр энергиясын өндіруге, үй жылытуға, астық және көкеністерді кептіруге т. с. с қолданылады.

- Ғарыштан алынатын ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?

- Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын - ала сақтануға мүмкіндік туғызады

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы - қырлы жерлерден,

Ытқып - ытқып жүгірді.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Жұмбақтарды шешіп көрейік.

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,

Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)


Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады. (Жел)


Арыстан арқырады,

Орман жарқырады. (Найзағай)


Үйге тапсырма

Мазмұндау


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1059
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі