400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күн жүйесінің құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып бойынша Астрономия тарауына байланысты, Күн жүйесінің сырларын танумен, білімді тереңірек меңгерту мақсатында осы ғылыми жобаны ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мазмұны

Кіріспе

Күн және Күннің айналасында орналасқан планеталар туралы түсінік......[4-5]

Негізгі бөлім

1.1.Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары мен планеталардың зерттелу тарихын бірнеше периодтарға бөлінуі................[6-10]

1.2.Күн жүйесі туралы аңыз..............................................................................[11]

1.3.Күн жүйесі туралы қызық деректер.......................................................[12-13]

Қорытынды

Мені қызықтырған ғаламшарлар.................................................................[15-16]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................[17]















































Абстракт

Зерттеудің мақсаты:

  • Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары

  • Күнді айналып үлкен планеталар, планеталар серіктері, ергежейлі планеталар, астероидтар, кометалар, планетааралық ортаның бөлшектері қозғалуы

  • Планеталардың зерттелу тарихын бірнеше периодтарға бөліну

Гипотеза: Күн жүйесі жайлы қызықты деректер Адам баласын аспан әлемі ол пайда болғаннан-ақ сансыз сұрақтарға әкеліп тірегені анық. Ғарыш жайлы түсініктер ерте замандарда түрлі мифтерді тудырса, ал кейбір халықтарда құдайлық дәрежеге дейін көтеріліп, әспеттеген. Кейіннен ғылымдағы ғаламат төңкерістерден кейін аспан әлемінің кілті адамзаттың қолына тиген еді... Күн жүйесі осыдан 4,9 млрд жыл бұрын пайда болған. Ғалымдар оның пайда болуын, о бастағы алып материяның жарылысымен байланыстырады.

Зерттеудің рәсімі: Күн және Күннің айналасында орналасқан планеталар туралы түсінік бере отырып, Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары мен планеталардың зерттелу тарихын бірнеше периодтарға бөлінуі, Күн жүйесі туралы аңыздармен қызық деректер.



Цель исследования:

* Взгляды древних ученых о строительстве солнечной системы

* Большие планеты, спутники планет, карликовые планеты, астероиды, кометы, частицы межпланетной среды вокруг Солнца

* Разделение истории исследования планет на несколько периодов

Гипотеза: интересные факты о Солнечной системе очевидны, что небесный мир привел человека к бесчисленным вопросам, когда он появился. Понятие о космосе в ранние времена вызывало различные мифы, а у некоторых народов поднимались до степени божества. Затем после грандиозных переворотов в науке ключ к небесному миру был нанесен человечеству... Солнечная система появилась еще 4,9 млрд лет назад. Ученые связывают его образование, с взрывом материи, с началом о.

Процедура исследования: понятие о планетах, расположенных вокруг Солнца и Солнца, разделение на несколько периодов истории исследования планет и взглядов древних ученых о строительстве солнечной системы, интересные факты с легендами о Солнечной системе.

Hypothesis: interesting facts about the Solar system are obvious, that the celestial world led man to countless questions when it appeared. The concept of the cosmos in early times caused various myths, and some peoples rose to the level of deity. Then, after great upheavals in science, the key to the heavenly world was dealt to humanity... The solar system appeared 4.9 billion years ago. Scientists associate its formation with the explosion of matter, with the beginning of FR.



Purpose of research:

* Views of ancient scientists on the construction of the solar system

* Large planets, satellites of planets, dwarf planets, asteroids, comets, particles of the interplanetary environment around the Sun

* Splitting the history of planetary exploration into several periods



Research procedure: the concept of planets located around the Sun and the Sun, the division into several periods of the history of the study of planets and the views of ancient scientists about the construction of the solar system, interesting facts with legends about the Solar system.























































Кіріспе

Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар орталығы Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады. Күн жүйесі физикалық сипаттамалары түрліше келген көптеген аспан денелеріне құралған. Осы жүйенің физикалық центрі – Күн. Күнді айналып үлкен планеталар, планеталар серіктері, ергежейлі планеталар, астероидтар, кометалар, планетааралық ортаның бөлшектері қозғалады. Дүниеге геоцентрлік көзқарас астрономияда он төрт ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік етіп, планеталардың орналасуы жөніндегі бақылау мәліметтері молайған сайын К. Птолемей тұжырымдары түзетулер енгізуді қажет етті.

Күн жүйесі осыдан 4,57 миллиард жыл бұрын гравитациялық ағым негізінде қалыптасқан. Гравитациялық ауқымында негізгі сегіз ғаламшар одан бөлек кішкентай ғаламшар мен астероидтар белгілі бір орбита бойымен айналады.

Меркурий ең ыстық ғаламшар болуға тиіс.Ол Күнді ең жақын қашықтықта айналдықтан, меркурийде атмосфера жоқ. Сондықтан ғаламшар ішкі жылуын өзінде сақтай алмайды.

Шолпан- екінші орналасқан әрі атмосфералық қабаты бар. Бұл оның Күн жүйесіндегі ең ыстық ғаламшар екенін дәлелдейді. Астероидтар Күн жүйесінде көп емес ғылыми дәлелдемеге орай, Юпитер мен Марстың арасында үлкен астероидтар алқабы бар екенін білеміз. Ал ғылыми-фантастикалық фильмдерде ғарыш кемелері астероидтардың арасында апатқа ұшырап жатады. Ал шындығында астероидтар өте сирек орналасқан және олардың арасы Еуропа мен Америка құрлықтарының арасындағы қашықтыққа тең. Юпитер ғарышты қоқыстан тазалайды. Юпитер – Жердегі қалыпты тіршіліктің жалғасуына демеу болып отырған жалғыз ғаламшар.

Күн жүйесіндегі ең ерекше ғаламшарлардың бірі — Сатурн. Сатурнның сақинасы жоғалып барады. Айнала қоршаған сақинасы бар бұл планета әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдарды қызықтырып келеді.

Күн жүйесінде 5 кішкентай ғаламшар бар Кішкентай ғаламшар ай сынды өзге бір ғаламшардың осінде айналмайды. Дегенмен өзіндік гравитациялық қуатқа да ие емес. Бастапқыда Плутон тоғызыншы классикалық ғаламшар болған. Ал кейінгі зерттеулердің нәтижесіне орай, Плутон кішкентай ғаламшарлар қатарына енеді. Плутоннан басқа Күн жүйесінде Церера, Эрида, Хаумей және Макемаке деп аталатын кіші ғаламшарлар бар.























































Негізгі бөлім

    1. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары

Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден-ақ құмар болды. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашкы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты.  Аспан  мен  Жер  бөлек карастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы ретінде қабылданды. Жердің бүкіл әлемнің орталығынде орналасканы жөнінде қалыптасқан бұл көзқарасты Ежелгі Грекия ғалымдары дүниенің геоцентрлік жүйесінің негізіне алды. Мәселен, біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-энциклопедист Аристотель осы пікірді ұстанып, Жерді қозғалмайды деп есептеді. Сол кездің өзінде-ак Айдың тұтылуы бойынша жүргізілген бақылаулар арқылы, Жер пішінінің шар тәрізді екені белгілі болды. Ол Жердің қозғалуын аспандағы жұлдыздардың орнын ауыстыруынан байқауға болар еді деген болжам айтты. Аристотель Жер - Әлемнің табиғи орталығы болғандықтан, ол ешқайда құлап кетпейді және барлық ауыр денелер осы центрге қарай ұмтылады деген пікірде болды. Аристотельдің мұндай түсіндірулері, қазіргі көзқараспен қарағанда, өте қарапайым болғанымен, сол кезең үшін әжептәуір жетістік еді.

Біздің заманымыздың II ғасырында өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Александриялық Клавдий Птолемей (90-160 жж.) өзінен бұрын өмір сүріп, кейінгілерге жол салып кеткен Аристотель, Гиппарх, т.б. еңбектеріне сүйене отырып, дүниенің жетілдірілген, геоцентрлік (грекше гео - жер) жүйесін жасады. Ол дүниенің орталығыне қозғалмайтын Жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді деді. Дүниеге геоцентрлік көзқарас астрономияда он төрт ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік етті. Дегенмен планеталардың орналасуы жөніндегі бақылау мәліметтері молайған сайын, К. Птолемей тұжырымдары түзетулер енгізуді қажет етті. Оны XVI ғасырда ұлы поляк ғалымы Николай Коперник жүзеге асырды.

973 жылы Хорезмде дүниеге келген ортаазиялық ғалым-астроном, математик, физик, географ, философ, этнограф, дәрігер Әбу Райхан Бируни өзінің 150 еңбегінің 50-ін астрономияға арнаған. Ол Птолемей құрған әлем жүйесінің дұрыстығына күмәнданып, гелиоцентризмді жақтады. Алғаш рет, Коперниктен 500 жыл бұрын, Жердің Күнді айнала қозғалатыны туралы болжам жасаған Бируни болғаны бізге тарихтан мәлім. Ол Жердің қозғалысы мен пішіні, Жер шарының радиусын анықтау тәсілі туралы жазды, Жер глобусын жасады, 20 жыл бойы Күннің қозғалысын бақылады. Бируни Күнді отты шар деп есептеп, Күн тәжінің түтінге ұқсас табиғаты жайлы пікір айтты. Оның еңбектері мұқият орындалған бақылаулар мен зерттеулерге негізделді. Бируни көп саяхат жасады. Сол кезде ол аспаншырақтарына қарап бағдарлаудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты. Бируни жинақтаған материалдары мен бақылауларын қорыта отырып, 1031 жылы астрономияның әр түрлі мәселелерін баяндауды қамтитын үлкен еңбек жазды. Ол кітап 1887 жылы Лондонда алғаш рет араб тілінде басылып шықты. Бируниге дейін мұндай ғылыми жүйеленген еңбек жазылмаған, әрі ортағасырлық әдебиеттерде бұған теңдес еңбек болған жоқ.

Күн жүйесі физикалық сипаттамалары түрліше келген кептеген аспан денелеріне құралған. Осы жүйенің физикалық центрі – Күн. Күнді айналып үлкен планеталар, планеталар серіктері, ергежейлі планеталар, астероидтар, кометалар, планетааралық ортаның бөлшектері қозғалады. Үлкен планеталардың бесеуі (Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн) жай көзбен байқалатындығынан ертеден белгілі болған. Уран планетасын 1781 жылы В.Гершель ашқан, Нептун планетасын 1846 жылы ашылып, ең соңғы планета Плутон 1930 жылы фотографиялық әдіспен бақыланған. Үлкен планеталардың серіктері, астероидтар, кометалар әлі де ашылып жатыр. Соңғы жылдары күн жүйесіне жататын ірі денелер де ашылды. Осыған байланысты 2006 жылы Халықаралық астрономиялық одақ шешімімен ергежейлі планеталарға Плутон және төрт аспан денесі жатқызылды.

Үлкен планеталар өздерінің физикалық сипаттамаларына байланысты екі топқа бөлінеді. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс жер тобына жатқызылады. Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, алып планеталардың тобын құрады. Жер тобының планеталарының радиустері шағын, өз остерінен айналуы баяу, орташа тығыздығы жоғары, атмосфераның массалары көп емес, серіктерінің саны аз. Меркурий және Шолпанның серіктері тіпті де жоқ. Жердің серігі біреу, Марстың екі серігі бар. Алып планеталардың радиустері үлкен, өз осінен айналуы жылдам, тығыздықтары аз шамалы, атмосфералы қалың және массивті, серіктерінің саны көп болады. Мысалы, Сатурн планетасының 17 серігі және бірнеше сақинасы бар. Осы екі топқа жататын планеталардың химиялық құрамында көп айырмашылық бар. Жер тобындағы планеталарда ауыр элементтер көбірек, алып планеталардың керісінше – ауыр элементтері аздау, жеңіл элементтер басым келеді.

Планеталардың зерттелу тарихын бірнеше периодтарға бөлуге болады:

1. Ерте заманнан телескоп пайдалануына дейін планеталардың қозғалыстары бақыланды және талдаулар гелиоцентрлік дүние жүйесіне келтірді.

2. Телескопты бірінші пайдалануынан ХІХ ғасырдың ортасына дейін көзбен көрінбейтін планеталар ашылды, Юпитердің үлкен серіктері, Сатурнның сақиналары, Ай бетінің күрделі құрылымы, Марстың полярлық ақшыл аудандары, т.с.б.

3. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақыт аралықта телескоптардың оптикалық қасиеттері жоғарлады, осыған байланысты планеталар әлемінде көп жаңалықтар ашылды: Марстың серіктері, алып планеталардың көптеген серіктері, Марстың бетіндегі жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістер, планеталардың спектрлері, температуралары, химиялық құрамдары.

4. 1950-1970 жылдар аралығы. Астрофизикалық инфрақызыл спектроскопия, радиоастрономия, радиолокация әдістері іске асып планеталардың физикалық құрылысы жөнінде көптеген мәліметтер берді. Ай, Меркурий, Венера, Марс ғарыштық кемелер көмегімен зерттеле басталды. Ай бетіне астронавтар жетіп планеталарды автоматты ғарыштық планетааралық станциялардан зерттеді. 1967 жылы Венера бетіне ғарыштық аппарат қондырылып оның атмосферасының физикалық күйін тікелей өлшеді.

5. 1970 жылдан қазіргі уақытқа дейін күн жүйесіне жататын денелерді ғылыми зерттеу ғарыштық аппараттардың көмегімен жүргізіледі. Көптеген күн жүйесіне жататын денелердің бетіне жер бетінде жасалған құралдар жетті: Ай, Марс, Юпитер, Титан, кометалар, астероидтер.

Ғарыштық аппараттардың көмегімен планеталарды зерттеу қазіргі уақытта негізгі әдіс болса да жер бетінен зерттеу әлі де көптеген қызықты мәліметтерді береді.



Күн жүйесінде қанша планета бар? Аздаған уақыт бұрын ғана, кез келген білімді адам күн жүйесінде қанша планета бар деген сұраққа ойланбастан 9 деп жауап берер еді. Және оныкі дұрыс деп қабылданатын. Алайда бұл жолы қателескен боласыз. Мәселе мынада... 2006 жылы, дәлірек айтсақ, 26 тамыз күні, Халықаралық астрономия одағы конгрессінің 2,5 мың қатысушысы таң қаларлық шешім қабылдап, Плутонды күн жүйесіне кіретін планеталар тізімінен алып тастады. Бұған себеп, ғалымдардың әрбір планетаға қойылатын талаптарына ашылғанына 76 жыл болған Плутонның сәйкес келмеуінде. Сонымен, планета дегеніміз не және күн жүйесінде қанша планета бар?  Бұрын планета деп жұлдызды айналатын, жұлдыздан шағылысқан жарықпен жарқырайтын және көлемі жағынан астероидтардан үлкен келетін кез келген денені айтатын.  Тіпті ежелгі Грекияда жылжымайтын жұлдыздар фонында аспанмен қозғалатын 7 жарқырайтын дене туралы айтып кеткен. Олар: Күн, Меркурий, Венера, Ай, Марс, Юпитер және Сатурн. Жер бұл тізімге қосылмады, себебі ежелгі гректер Жерді тіршіліктің ортасы деп есептеген. Алайда XVI ғасырда Николай Коперник Жер емес, керісінше Күн планеталар жүйесінің орталығы болуы керек деген шешімге келді. Сондықтан тізімнен Күн мен Айды алып тастап, орнына Жерді қосты. Кейінірек 1781 және 1846 жылдардан соң, бұл тізімге Уран мен Нептун қосылды. 1930 жылдан осы күнге дейін Күн жүйесінде соңғы ашылған планета ретінде Плутон болып есептелінеді.  Енді, міне, 400 жыл өткеннен кейін, Галилео Галилейдің алғашқы телескопты ойлап тапқан сәтінен кейін, астроном-ғалымдар планетаның сипаттамасы жайлы мынадай тұжырымға тоқтады. Планета – мынадай 4 талапқа сәйкес келуі керек аспан денесі: 1. дене жұлдызды айналуы қажет (мысалы Күнді); 2. дене жеткілікті гравитацияға ие болуы қажет және оның формасы сфералық немесе соған жақын бір формада болуы керек; 3. дененің өз орбитасы маңында өзге көлемді дененің болмауы қажет; 4. дене жұлдыз болмауы қажет.  Күн жүйесі – ол орталық жұлдыз – Күннен тұратын және космостық денелердің оны айналуынан тұратын планеталық жүйе. Сонымен қазіргі таңда Күн жүйесі 8 планетадан тұрады: жер тобы планеталары деп аталатын 4 ішкі және газды алыптар деп аталатын 4 сыртқы планетадан құралған. Жер тобына Жер, Меркурий, Венера және Марс кіреді. Олардың барлығы сайып келгенде силикаттар мен металдардан тұрады. Күн жүйесіндегі планеталар көлемі жағынан жеке топ ішінде де, өзара топтар ішінде өзгешеленеді. Мысалы газды алыптар жер тобына қарағанда едәуір үлкен де, көлемді келеді. Күнге ең жақын планета Меркурий болса, ары қарай планеталардың қашықтауына байланысты Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун болып орналасқан. Өкінішке орай, Плутон біздің Күн жүйесі тізіміне іліне алмады. Бірақ бұл мәселе бойынша уайымдаудың еш қажеті жоқ. Себебі барлық планеталар ғылыми көзқарастар мен концепциялардың өзгеруіне қарамастан, өз орнында қалған.

Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең. Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді.

Күн жүйесінің планеталары.

Алып планеталар.

  1. Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.

  2. Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болғанын анықтады.



















Күн жүйесі туралы аңыз

Күн туралы 5 аңыз Күн – өзінің орналасқан шоғырындағы ең алып жұлдыз. Тек біз оған "күн" дейтін атау бере отырып жаратылыстану негізінде оқып таныстық. Дегенмен ол жайында айтылатын түрлі жайттар бар. Тіпті арасында аңызға айналып кеткендері де бар. Сонымен сіз бен біз нақты білмейтін шындық пен өтіріктің арасын ажыратып алсақ.  Күнде су жоқ  Бұл өтірік. Бәлкім қызық естілуі де мүмкін, бірақ күн бетінде су болады. Тіпті күн бетіндегі судың құрамы біз ойлағаннан да көп. Тек қана ыстық сәуле тарататын күнде су қайдан болуы мүмкін, ол қайдан келеді деген сұрақтың сізді мазалауы заңдылық. Иә, су шынымен бар. Ол күннің ыстығына төзімді молекулалар. Ал бұл молекулалар әр тамшыдан су бөлген кезде күннің салмағына сай белгілі мөлшерде су пайда болып отырады. Орта ғасырда адамдар күн бетіндегі қара нүктелерді өзендер мен көлдер деп топшалаған. Бір қызығы бұл шындыққа да жанасуы мүмкін.  Күн әрдайым бір орында тұрады  Бұл өтірік. Күннің алып жұлдыз екенін ұмытпауымыз керек. Күн галактикада қозғалыста болатын алып жұлдыз. Ол сағатына 217 км жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдық аса жоғары болғанымен күннің салмағы мен алыптығына байланысты ол бұл қозғалыспен галактиканы 250 миллион жылда айналып бітеді. Бұл жыл космостық жыл есебінде екенін де айта кету керек. Күн жазға қарағанда  қыс мезгілінде жерге жақын болады Бұл өтірік.  Себебі күн мен жер арасындағы қашықтық жылай сайын өзгеріске ұшырап отырады. Түсіндіре кету керек күн жерді емес, жер күнді айнала қозғалады. Жер мен күннің ара қашықтығы 150 миллион км екенін ескерсек бұл тіптен қисынсыз. Дегенмен күннің жалпы алып бейнесін 3-4 қаңтар айларында бақылауға болады. Бұл күн қыста жерге жақын болады деген сөз емес. Өйткені күннің қыс бойына жерге жақындығы адамзат үшін өте қауіпті. Күн отты лавалардан тұрады Бұл да өтірік. Себебі күн ешқандай отты лава емес белгілі космостық элементтерден құралған. Сөз басында тіпті күн құрамында судың болатынын оның тек алып жұлдыз екенін ескертіп өттік. Осы тұрғыдан келгенде күн өзіне түрлі элементтерді жинақтаған, молекулалардан тұратын алып жұлдыздар шоғырының ең үлкені деуге болады. Болашақта күн үлкейіп адамзатқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Бұл енді шындық. Иә күннің алыптығы оның ұлғаюына әсер етеді. Әрі бұл күнде күннің үлкейіп жатқаны да өтірік емес. Ол алып жұлдыз болғаннан кейін оны жарылыс жасау қаупі де бар. Ал бұл жағдай тек жер шары үшін емес, жалпы күн жүйесіндегі барлық тіршілік үшін қатер төндіретін жайт.Күн жүйесі осыдан 4,57 миллиард жыл бұрын гравитациялық ағым негізінде қалыптасқан. Ал оның гравитациялық ауқымында негізгі сегіз ғаламшар бар. Одан бөлек, кішкентай ғаламшар мен астероидтар белгілі бір орбита бойымен айналады. Мұның бәрі сіздерге мектептен белгілі болар. Дегенмен кейбір қызық деректер мектеп бағдарламасына енгізілмеген.

Ал ендеше Күн жүйесі туралы қызық деректерге назар аударыңыз.

1. Юпитер ғарышты қоқыстан тазалайды Юпитер – Жердегі қалыпты тіршіліктің жалғасуына демеу болып отырған жалғыз ғаламшар. Ол Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар болғандықтан, оның тартылу күші де алып қуатқа ие. Сәйкесінше Жер орбитасына қауіп төндіретін ғарыш қоқыстарын өзіне тартып отырады. Ғалымдар мұндай үдерістердің бірнешеуіне куә болған.

2. Күн жүйесінде 5 кішкентай ғаламшар бар Кішкентай ғаламшар ай сынды өзге бір ғаламшардың осінде айналмайды. Дегенмен өзіндік гравитациялық қуатқа да ие емес. Бастапқыда Плутон тоғызыншы классикалық ғаламшар болған. Ал кейінгі зерттеулердің нәтижесіне орай, Плутон кішкентай ғаламшарлар қатарына енеді. Плутоннан басқа Күн жүйесінде Церера, Эрида, Хаумей және Макемаке деп аталатын кіші ғаламшарлар бар.

3. Астероидтар Күн жүйесінде көп емес Ғылыми дәлелдемеге орай, Юпитер мен Марстың арасында үлкен астероидтар алқабы бар екенін білеміз. Ал ғылыми-фантастикалық фильмдерде ғарыш кемелері астероидтардың арасында апатқа ұшырап жатады. Ал шындығында астероидтар өте сирек орналасқан және олардың арасы Еуропа мен Америка құрлықтарының арасындағы қашықтыққа тең.

4. Шолпан – ең ыстық ғаламшар Логикалық тұрғыдан ойласақ, Меркурий ең ыстық ғаламшар болуға тиіс. Себебі ол Күнді ең жақын қашықтықта айналады. Дегенмен Меркурийде атмосфера жоқ. Сондықтан ғаламшар ішкі жылуын өзінде сақтай алмайды. Ал Шолпан екінші орналасқан әрі атмосфералық қабаты бар. Бұл оның Күн жүйесіндегі ең ыстық ғаламшар екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, Шолпан өзге ғаламшарлармен салыстырғанда қарама-қарсы бағытта айналады.

5. Плутон статусы Плутон классикалық ғаламшарлар тізімінен алып тасталғаны белгілі. Бұл оның «кішкентай ғаламшарлар» қатарына енгенін көрсетеді. Мұндай шешім соңғы 30 жыл бойы әлемдегі түрлі астрономиялық академиялардың дөңгелек үстелдерінде талқыға салынғаннан кейін ғана қабылданған. Жаңа зерттеулер Плутонның Жерден 170 есе кішкене екенін дәлелдеді. Содан кейін Плутонның статусы нақты өзгерді.
6.Сатурнның сақинасы жоғалып барады Күн жүйесіндегі ең ерекше ғаламшарлардың бірі — Сатурн. Айнала қоршаған сақинасы бар бұл планета әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдарды қызықтырып келеді. Жақында Сатурн жайлы ақпарат шықты. Ауыр элементтерден тұратын Сатурнның сақинасы құрдымға кетіп барады екен. Сатурнның сақинасы қашан пайда болды? Сатурнның сақинасы оның дискіне қарағанда Күннің сәулесін көбірек қайтарады екен. Планетаның негізгі үш сақинасы бар, ал төртінші тым жіңішке. Сақиналардың диаметрі 250 мың шақырымды құрайды, бірақ бұған қарамастан оларды үлкен деп айту қате. Үш сақинаның жуандығы 1 шақырымнан да аспайды. Өйткені сақиналар 1-10 сантиметр аралығындағы миллиардтаған бөлшектерден түзілген.
Ал бөлшектер өз кезегінде 93% сополимер мен силикат қосылған судан тұрады. Қалған 7%-н көміртек құрайды. Қазақша "Қоңырқай" атанып кеткен ғаламшар сақинасы салыстырмалы түрде жақында пайда болған. Планетаның өзі 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болса, оның сақиналары шамамен 100-200 миллион жыл бұрын түзілген екен. Демек Сатурн өмірінің басым бөлігін сақинасыз өткізген.  Сатурн сақинасын бірінші болып көрген кім? Сатурн сақинасын 1610 жылы Галилей бірінші болып көрген. Шағын телескоп арқылы нақты көре алмаған ол сақинаны серігі болар деп ойлайды. 1656 жылы Христиан Гюгейн Сатурнның сақинасын әлдеқайда жетілдірілген телескоп арқылы көрген. 1675 жылы Жан Доминик Кассини Сатурннан екі бірдей сақина тапқан. Уақыт өте келе ғалымдар Сатурн айналасындағы сақиналарды таба бастаған. 1980 жылы мүлде кішкентай сақиналар ашылған.  Күн жүйесі қалай зерттелді? Қазір біз Күн жүйесі мен көрші ғаламшарлар туралы көп білетін секілді көрінеміз, алайда бұл қате пікір. 1977 жылы NASA Юпитер мен Сатурнды зерттеу үшін "Вояджер" ғарыш зонды ұшырды. Алдына қойылған мақсатын толық орындағаннан соң "Вояджер" өз бетімен ғарышты шарлап кетті. 42 жыл "сапар шеккен" аппарат әлі күнге дейін Жерге ақпарат жіберіп тұрады. Ал Юпитер мен Сатурнды зерттеу үшін жақында NASA Cassini миссиясы жоспарланған болатын. Дәл осы "Вояджер" мен "Кассинидің" арқасында ғалымдар Сатурнды зерттеп келеді.   Сатурнның сақиналары не себепті жоғалып барады? 1980 жылы ғалымдар "Вояджерден" алған ақпаратты зерттегеннен соң Сатурында гравитацияның әсерімен сақиналы жаңбыр жауатынын анықтаған. Қоңырқай сақинадағы мұзды бөлшектерді өзіне тартып, нәтижесінде судан тұратын түрлі заттар түседі екен. Ғалымдар "Кассини" жіберген деректерді зерттей келе, 100 миллион жылдан кейін Сатурнның сақиналары "өмір сүруін" тоқтатады деген қорытындыға келген. Сонымен қатар. "Кассини" Сатурнның "Айы" — Энцеладты да зерттеген. Белгілі болғандай, Энцеладтың бетінде Сатурнның сақиналарына бет алып, қайта оралатын мұз бен газдың ізі бар екен. Ғалымдар Сатурнның серігі сыртқа газ бен шаң-тозаңды шығарады деген қорытындыға келді. Қалдықтардың бір бөлігі ғарышқа түссе, енді бір бөлігі Сатурнның сақиналарына жетеді екен. 













































Қорытынды.

Күн жүйесі жайлы қызықты деректер Адам баласын аспан әлемі ол пайда болғаннан-ақ сансыз сұрақтарға әкеліп тірегені анық. Ғарыш жайлы түсініктер ерте замандарда түрлі мифтерді тудырса, ал кейбір халықтарда құдайлық дәрежеге дейін көтеріліп, әспеттеген. Кейіннен ғылымдағы ғаламат төңкерістерден кейін аспан әлемінің кілті адамзаттың қолына тиген еді... Күн жүйесі осыдан 4,9 млрд жыл бұрын пайда болған. Ғалымдар оның пайда болуын, о бастағы алып материяның жарылысымен байланыстырады. «Үлкен жарылыстан» кейінгі шаң-тозаң мен газдан қазіргі ғаламшарлар және басқа де ғарыш объектілері қалыптасқан деседі. Ал,енді бүгінгі ғылымның біздің ғажап ғаламшарымыз орналасқан Күн жүйесі жайлы дәлелдеген қызықты деректеріне тоқталсақ. – Күн жүйесіндегі жалпы массаның 99.86% Күннің өзіне тиесілі. Ал,қалған сегіз планета бұл жүйедегі салмақтың небәрі 0,14% құрайды. – Күн жүйесінде 1 жұлдыз (Күн), 8 ғаламшар, 5 ергежейлі ғаламшар, 181 ай, 566000 астеройд, 3100 комета бар. – Күнге жақын орналасқан төрт ғаламшар (Меркурий, Шолпан, Жер және Марс) негізінен металл мен тастан тұрады. Оларды ғылымда «жерлік ғаламшарлар» деп те атайды. – Жүйедегі Юпитер мен Сатурн ең үлкен «газ алыптары» саналады. Бұл ғаламшарлар сутегі мен гелийден құралған. – Уран мен Нептун, негізінен, мұздан тұрады. Әрі бұл ғаламшарларда су,аммиак және метан басым болып келеді. Сол себепті, бұл екі ғаламшардың «мұз алыптары» деген қосарлама атағы бар. – Плутон біз ойлағандай Күн жүйесінің негізгі ғаламшарларының бірі емес. Оны 2006 жылы Халықаралық Астрономиялық Кеңес ұзақ пікірталастан кейін «ең кіші ғаламшар» атағынан айырады. Ол бүгінгі күні «ергежейлі ғаламшар» деп мадақталған. – Күн жүйесінің құрамына аталмыш ғаламшарлардан бөлек Церера, Хаумеа, Макамека және Эрис атты ергежейлі ғаламшарлар, астероидтар, кометалар, астероидтық белдеулер және Койпер белдеуі  кіреді. – Нептун Күннен қабылдаған жылуынан көп энергияны өзінен бөліп шығарады екен. Ғылымға бұл жұмбақтың шешімі әлі күнге белгісіз болып келеді. – Сатурнның Лапетус атты айының екі түсі  бар. – Юпитердің серігі саналатын Титанда сұйық элементтер кездеседі. Бірақ,ғалымдар мұның су емес екеніне сенімді. – Сатурнның солтүстік жартышарында алтыбұрышты дауыл ойнап тұрады. Алайда, оның неліктен алтыбұрышты екендігі ғылым үшін үлкен сұрақ болып тұр. – Күн жүйесінің шегінде тағы бір аса зор ғаламшар бар болуы мүмкін. Бұл байламға Калифорния технологиялық институтының ғалымдары математикалық есептеулерден кейін келген. Егер, бұл рас болса Койпер белдеуіндегі кейбір нысандардың түсініксіз қозғалысының сыры ашылуы мүмкін. – Сақина Күн жүйесіндегі сыртқы ғаламшарлардың бәрінде кездеседі. Бірақ, оның барлығы Сатурндікіндей ғаламат емес. Сонымен қатар, ғалымдар сақинаның астероидтарда да кездесетіндігін байқаған.  














































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. “Балалар Энциклопедиясы”, V-том

  2. Физика және астрономия.Алматы: Атамұра,2007.

  3. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1975

  4. Сұрақ және жауап энциклопедия, «Алматыкітап» ЖШС,2007

  5. Балалардың жаңа энциклопедиясы, «Алматыкітап баспасы»,2015



10


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
1600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі