400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күн келбетті, нұр келбетті Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттың ақындар жырлап кеткен ең бір байлыққа толы, берекелі мезгілі күз туралы ойларын топтық жарыс ретінде ұйымдастыру. Кішкене жүрегімен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық жайында тапсырмалар беру арқылы тақырып мазмұнын ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Күн келбетті, нүр келбетті, Алтын күз!»

Мақсаты: Өз беттерімен күз келбетін сомдау арқылы, ой қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Үйден алып келген өз тағамдарынан түрлі болмысты жасау арқылы, тақырып мазмұнын ашу.

2.Өлең, тақпақтар айту арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру.

3.Табиғаттың әр мезгіліне деген сүйіспеншілік ояту және табиғатты қорғай білуге үйрету.

Түрі: командалық жарыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: хабарлау, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: сары жапырақтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі;

А) Үш командаға бөліп отырғызу;

Ә) Ойын ережесін түсіндіру;

ІІ. Жарыс кезеңдері:

1.Командалық таныстырылым;

2.Құпияны анықта;

3.Үздік аспазшылар-2016жыл

4.Табиғи қолөнер

Әділ-қазылар сайлау;

(келген ата-аналардан 3 адамды әділ-қазы етіп сайлау)

1 кезең: Командалық таныстырылым;

Шарты: Әр команда өзінің командасын таныстырып, күзге қатысты тақпақтарын айтады.

Ернар

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуа-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Нұрзат

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

 

Аида

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.

 

Хасан

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей.


Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: Командалардан 2 оқушы шығарып, музыканың ырғағымен жерде жатқан жапырақтарды жинайды. Музыка аяқталғанда әр команда ойыншыларының жапырақтары саналады. Қай команданың жапырқатарының көптігі анықталады.


2 кезең; Құпияны анықта;

Шарты: Команда каптиандары келіп, конверт алады, соның ішіндегі тапсырманы орындайды. Берілген тапсырма мозайка түрінде болады, оқушылар соны құрастыруы керек. Ондағы шыққанды оқушылар не екенін және пайдасын айтады.

Ақзер

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


Дамир

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Айғаным

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.


Динмухамед

Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Ойын: «Тауып көр»

Шарты: Командадан 2 оқушы шығып, жасырынған жерлерден сілтеме бағыт арқылы жемістер мен көкөністерді тауып алады. Дұрыс тапқан топ жеңеді.

3 кезең: «Үздік аспаздар-2016 жыл»

Шарты: Әр команда үйден алып келген өз тағамдарын біріктіріп, бір салат жасап, оған өздері ат қояды. Салатқа не қосылғанын айтып береді.

Ойын: «Толтыр»

Шарты: Командалардан 3 ойыншы шығады. Олар қарсы бағытта тұрған стаканға қасықпен тасып су толтыруы керек. Қай команданың оқушылары бірінші толтырады, сол топ жеңіске жетеді.

Расул

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...


Нұрдаулет

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.


Оразмұхаммед

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.


Жігер

Жұлдыз туып таң алды,

Әнге орап ғаламды,

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды.


Бұлбұл

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды.


Ербол

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.


Айзерек

Сап-сары күз соныменен келді ме,

Ағаштардан жапырақтар төгілді.

Несібесін жинап жатыр ел міне,

Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.


4 кезең: «Табиғи қолөнер»

Шарты: Командадағы оқушылар белгілі бір суреттер беріліп, сол суреттерден өздері жемістер не болмаса көкөністер қолданып берілген бұйымды жасауы керек.


Ойын: «Безендір»

Шарты: Командадан 4 оқушы шығып, өздеріне берілген жапырақтарды музыканың ырғағымен жылдам ағаш бұтақтарына іліп шығады.


Ән: «Күз жомарт»

(барлық ойыншылар шығып, күзге арналған өлең айтады)


Қорытынды:

  • Барлық командалардың ұпайлары есептеледі. Жеңген команда анықталады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі