жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Күн келбетті, нұр келбетті, анашым"
Тақырыбы: «Күн келбеті, нұр келбетті, анашым!»
Мақсаты: Көктемнің алғашқы мрекесі туралы ой қалыптастыру;
Міндеттері:
-
Аналарға арналған өздерінің дайындаған өлеңдерін айтқызу;
-
Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы, оқушылардың ойын тексеру;
-
Анасын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: тәрбие сағаты
Көрнекілік: сөздер жазылған қима қағаздар, суреттер, видео жазба, аудио жазба.
Абильмансур:
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!
Ербол
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер,
құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз,
қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге
сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге
бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым
біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мұғалімімізге береміз.
Құрметті аналар! Көгілдір көктемнің шуақты да шұғылалы мерекесі құтты болсын. Жыл құсындай, көктем жаршысындай болған осы мереке отбасыларыңызға қуаныш, шаттық, қызық сыйласын. Үлбіреп өсіп келе жатқан, сұлу қызар әрқашан аналарыңның көз қуанышы, достарыңның ерекесі бола беріңдер. Бүгінгі сіздерге арналған «Күн келбеті, нұр келбетті, анашым!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, ортаға аналар командасы (аналар командасы ұлдардың аналарынан тұрады) мен қыздар командасын шақырамыз. Егер 8 қыз болса, 8 ана шақырамыз. Командаға ат қойыңыздар.
1 кезең: Білгенге маржан
Шарты: Топтарға сурет беріледі. Сол суретті құрастыра отырып, қандай мәтін екенін анықтайды. Тез әрі дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
2 кезең: Шебердің қолы ортақ.
Шарты: Топтарға қиылған оюлар таратылып беріледі. Сол оюлардан аналар тобы А3 форматына түскиіз, қыздар тобы А3 форматына әдемі көрпеше жасайды.
3 кезең: Дәмді ас
Шарты: Дайын піскен тағамдардан (үйде дайындап келген) салаттар жасайды. Оның жасалу құрамын айтып кетеді. Жаңаша ат қояды.
Абильмансур:
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!
Ербол
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер,
құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі
мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ
ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер
періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре
беріңіздер.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мұғалімімізге береміз.
1-жүргізуші: Абильмансур
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.
1-оқушы: Ибраһим
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
2-оқушы: Али
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар
Жүзе алатын сол судан қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
3-оқушы: Оразмұхаммед
Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
4-оқушы: Жігер
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
5-оқушы: Ернар
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
6-оқушы: Нурзат
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
2-жүргізуші:Ербол
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті ... сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз. (Дамир, Димаш, Қыдырәлі, Нурдаулет, Нурзат, Оразмухаммед, Али, Жігер)
1-жүргізуші: Абильмансур
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Ербол
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Ән: (хормен)
1-жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген