Күн көзіндей жарқырай бер-Қазақстан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күн көзіндей жарқырай бер-Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№6 ЖОББМ» КММ



















Тақырыбы: «Күн көзіндей жарқырай бер-Қазақстан»









Өткізген:Жұмағазина А.Ж.















2023-2024 оқу жылы





«Күн көзіндей жарқырай бер - Қазақстан»

(Кіші топ «Болашақ» тобының ұйымдастырылған ашық қаралымы)

Тәрбиеші: Жұмағазина А.Ж. 21.12.2023ж.

 Шалқар қаласы «№ 6 ЖОББМ» КММ

Білім беру саласы: Қатынас.Таным. 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Күн көзіндей жарқырай бер-Қазақстан»
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері: Сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету берілген сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Тәрбиелігі:Отан сүйгіштікке баулу,елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері, слайд
Әдіс-тәсілдер: Әнұран тыңдау, сергіту сәті, түсіндіру, сұрақ-жауап



Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балаллардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Саламатсыздарма балалар! Көңіл күйіміз қандай? Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздерге көптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса, балалар, қонақтармен амандасайық

Қуан шаттан алақай! 

Қуантатын күн келді! 
Қайырлы күн, қайырлы күн! 
Күліп шықты күн бүгін! 
Сәлеметсіздер ме қонақтар! 
Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен, бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып,  «
Күн көзіндей жарқырай бер-Қазақстан» атты оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.












Балалар иә деп жауап береді


Жарайсыңдар балалар! Қане балалар отыра қояайық, қане балалар мынау не?

-Балалар,сендер қай тілде сөйлейсіңдер?

-Олай болса біздің Отанымыз қалай деп аталады?





қазақ


Қазақстан.


Балалар біздің аспанымыз қандай түске боялған. Біздің Мемлекеттік туымыз көк түсті аспан тәріздес. Тудың ортасы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Еліміз аман болсын! аспанымыз ашық, күніміз жарқырап, болашағымыз жарқын болсын деген мағынаны білдіреді. Қанатын жайған қыран құс – барлық нәрсенің бастауындай, билік, айбын, тәуелсіздік, болашаққа ұмтылыстың бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстанның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін көрсетеді.

Ендеше балалар бүгін біз рәміздеріміз туралы айтатын боламыз. Оларға:Елтаңба,Ту,Әнұран жатады.  Желбіреген аспан түстес байрағымыз  халқымыздың арманын   асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлеміне қалықтатып тұр.

Еңселі Елтаңбамызды сипаттау:

Елтаңбада көгілдір түсті аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар таралған. Шаңырақпен уық-отбасы негізі,Отанымыздың көптеген ұлттардың бір шаңырақ астында бірлігін көрсетеді.Оң жағы мен сол жағында қанатты қос тұлпар бейнесі бейнеленген.

Бес жұлдыз –әр бір адамның,халықтың жол нұсқайтын жарық жұлдызы деген мағынаны білдіреді.

Ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген  жазу бар.Ол мемлекетіміздің атын білдіреді.

Асқақтаған Әнұранды сипаттау:

Кез  келген мемлекеттік рәміздердің ең бастысы-Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні

Әнұранды түргеліп,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады.Бұл өз мемлекетіне деген құрметті көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Балалар сұраққа жауап береді.

Көк


Ұйымдастырылған

Іс-әрекет


Қане балалар көк және сары түсті шар таңдайық. Сол арқылы 2 топқа бөлінеміз.

«Менің Қазақстаным» көлеңкесін табу дидактикалық ойыны. Суреттерді көлеңкесіне байланыстырып сәйкестендірді.

Бұл ойынды кез келген жерде ойнатылуға болады.Біз үстел үстінде ойнаймыз.

Ойынның мақсаты: Бұл ойын баланың миын дамытып, зейінін ашып, есте сақтау қабілетін, ұсақ моториканы дамытады, ептілік пен жылдамдықты баулиды.



Балалар түсіне қарай шар таңдайды.



Балалар қарап суреттерді көлеңкесіне байланыстырып сәйкестендірді.



Қане балалар 2 топқа бөлініп отыра қояайық

Бірінші топ желбіреген туымыз бен бәйтеректі түрлі түсті қарандаштармен бояймыз

Екінші топ: әртүрлі қиындылар арқылы «Бәйтерек» бейнесін құрастырамыз.

Мақсаты: Балалардың қиялын арттыру, шапшаңдыққа баулу.

Ойын шарты:

Әуен қосылады,балалар бөлікке бөлінген бәйтеректі құрастырады. Тәрбиеші ойынның қортындысын айтады.

Қане балалар алдымызда ненің суреттері тұр?

Сергіту сәті



«Сиқырлы су» ойыны жұмысын жүргізейік.

Балалар бөлікке бөлінген бәйтеректі құрастыруға кіріседі.












Бәйтерек пен ту





Сергіту сәтін сөзін айта отырып,қимылмен орындайды


Рефлекциялық түзетушілік

Қортындылау.

Балалар бүгін біздер нені үйрендік, не туралы білдік?

Қай тілде сөйлейміз?

Рәміздерге нелер жатады?

Жарайсыңдар балалар,сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма?

Сендер бүгін өз тапқырлықтарынды таныта білдіңдер, сол үшін мен сендерге тәтті алып келдім.Сендерге көп-көп рахмет




Қазақ

Ту, Елтаңба, Әнұран




Балалар сыйлық алғанына қуанып,шаттанады
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.10.2024
291
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі