400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Күн нұрландырар әлемді

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға күн туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЖШС «Бес-Тау ХХІ» №40 « Балдәурен» МДҰ



















Тақырыбы: « Күнге саяхат»















Тәрбиеші: Байчеркесова Ж.А















Ақтөбе қаласы

2022-2023 оқу жылы



Тақырыбы: « Күнге саяхат»

Білім беру саласы: « Таным»

Мақсаты: Түрлі іс-әрекеттерде қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Балалардың табиғат қүбылыстарына қызығушылығын арттыру.

Барысы:

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, сыртта жылдың қай мезгілі? (Көктем)

Бүгін қандай бұлтты күн. Күн болмаса көңіл күй болмайды. Қане, балалар

күннің қандай екенін еске түсірейікші.

Оның түсі қандай?

Балалар: Күннің түсі - сары, дөңгелек, мейірімді, көнілді, әдемі.

Тәрбиеші: Енді біз күнді іздеп жолға шығайықшы.

Қараңдаршы мында не отыр?

Балалар: Әтеш

Тәрбиеші: Балалар әтештің де көңіл - күйі жоқ екен, маған сыбырлап көмек

сұрап тұр. Әтеш күн болмағансын ештеңе көре алмай дәндерді жинай алмай отыр екен. Балалар шашылып жатқан дәндерді ажыратып жинап әтешке

көмек берейік.

Дидактикалық ойын « Дәндерді ажырату»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Әтеш риза болды, рахмет айтты.

Балалар әтешке көңіл - күйі көтерілсін тақпақ айтып сергітіп алайық.

Әтеш жемге тояды,

Қарнын сипап қояды.

Жүрісі оның ширақ,

Айқалайды бірақ

Ку ка - ре – ку.

Әтешпен қош айтысып, әрі қарай жүреміз.







Тәрбиеші: Жолда балалар не отыр екен?

Балалар: Кірпі

Тәрбиеші: Балалар кірпіге де көмек керек, күн жасырынып тұрғансын, саңырауқұлақтарын жинай алмай отыр екен.

Дидактикалық ойын « Саңырауқұлақтарды жинау»

Балалар саңырауқұлақтарды жіпке жинап береді.

Кірпі балаларға алғысын білдіріп, әрі қарай жол жүреміз. Жолда келе жатып

Күнді табады.

Тәрбиеші: Қараңдаршы, күнді таптық, бірақ күн мұңды екен. Неліктен екен?

Балалар: Күнді бұлт басып қалған

Тәрбиеші: Балалар онда бұлтты үрлейік, ол ұшып кетеді.

Бұлтты тыныс алу жаттығуларымен ұшырады.

Тәрбиеші: Міне, алақай күн ашылды, бірақ күнге не жетіспей тұр?

Балалар: Сәулесі

Тәрбиеші: Балалар ендеше күнге сәуле жасайық.

Балалар күнге киім қыстырғыштардан күн сәулесін жасайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Күн сәулесі шашылып жарқырап тұр, өте көңілді болды.

Қорытынды:

Балалардың күн іздеуде қандай жануарларға кездестірдік және қалай көмек бергенімізді сұрақ жауап арқылы балалардың ой өрісі мен түсінігін байқаймыз және бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
16.06.2023
328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі