400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күн шуағы" ҰОӘ конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші кіш ітопқа арналған ұйымдастырылған оқу әрекетніің конспектісі . тәрбиешілер мен педагогтарға үлгі ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: .01.2020

Тәрбиеші: Суюндикова Н.С.

Білім саласы: «Денсаулық»

Пән: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Аңдар қалай қыстайды және қар не үшін керек?»

Тақырыбы: Жерде созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүру. Баяу,қарқынды өзгерте отырып жүгіру

Мақсаты:

Мақсаты: Тәрбиелік: Денсаулығы мықты, шымыр азамат тәрбиелеу.

Дамытушылық:Спорт ойындарына деген қызығушылықтарын дамыту.

Оқыту: Еденде созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүруге; баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіруге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: денсаулық технологиясы, ойын тех.

Ресурсты қамтамасыз ету: Текшелер, арқанжәне ойынға қажетті заттар.

Сөздік жұмыс:қырымен жүру ,баяу және жылдам жүгіру.

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Сәлемдесу.

(нұскауларды орындау)

Бір қатармен жүру.

Орман аңдарының жүрісін келтіру.

Керік, аю,түлкі,қоян, қасқыр.

Баяу жүгіру,жылдам жүгіру.

Балаларға әр түсті екі текшеден беріп, шеңберге тұрғызу.

Бір тізбектеп кіріп,бір қатар сапқа тұрады.

Сәлемдеседі.

Бірінің соңынан бірі қимылдарды орындайды.

Текшелерді алып шеңберге тұрады.

Жалпы дамыту жаттығулары:

(текшелер)

1.Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

2.Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.

3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.

4.Тыныс алу .

-тік тұру

-басты тік көтеру

-қос қолдағы текшелерге үру.

II. Негізгі бөлімі

1.Арқан үстінде қырындап жүру.

2.Баяу,қарқынды өзгерте отырып жүгіру.

3. «Қақпа ішінде» ойыны. 1.Ойын шартымен түсіндіру. 2.Балалармен бірлесе ойнау.

Шеңбер құрып тұрады.

Текшелерді қолдарына алады.

Қос қолды жоғары көтеріп,текшелерді иыққа тигізеді.3-4рет

Қолдарын алға созып,текшелерді иыққа тигізеді.3-4рет.

Екі қолды жанға созып ,текшелерді иыққа тигізеді.3-4рет

Текшелерді орындарына

жинастырады.

Арқан үстінде бір қырынмен жүреді.

Іс-қимылдарын келтіріп ойнайды.

III.Қорытынды

1.Балалардың көңіл күйлерін бақылау.

2.Жаттығуларының орындалу тәртібімен таныстыру.

3.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Қолданылған заттарды жинастыруға көмектеседі.


«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: .01.2020

Тәрбиеші: Суюндикова Н.С.

Білім саласы: «Денсаулық»

Пән: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Аңдар қалай қыстайды және қар не үшін керек?»

Тақырыбы: Қабырғадағы гинастикалық баспалдаққа өрмелеу. Еденде созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүру

Мақсаты:

Мақсаты:

Тәрбиелік: Денсаулығы мықты, шымыр азамат тәрбиелеу.

Дамытушылық:Спорт ойындарына деген қызығушылықтарын дамыту.

Оқыту: Қабырғадағы гинастикалық баспалдаққа өрмелеуге; Еденде созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүруге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: денсаулық технологиясы, ойын тех.

Ресурсты қамтамасыз ету: Текшелер, арқанжәне ойынға қажетті заттар.

Сөздік жұмыс:қырымен жүру ,баяу және жылдам жүгіру.

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Сәлемдесу.

(нұскауларды орындау)

Бір қатармен жүру.

Орман аңдарының жүрісін келтіру.

Керік, аю,түлкі,қоян, қасқыр.

Баяу жүгіру,жылдам жүгіру.

Балаларға әр түсті екі текшеден беріп, шеңберге тұрғызу.

Бір тізбектеп кіріп,бір қатар сапқа тұрады.

1.Жалпы дамыту жаттығулары.

(текшелер)

1.Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

2.Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.

3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.

4.Тыныс алу .

-тік тұру

-басты тік көтеру

-қос қолдағы текшелерге үру.

II. Негізгі бөлімі

Негізгі қимыл жаттығулары: 

1.Арқан үстінде қырындап жүру.

2.Баяу,қарқынды өзгерте отырып жүгіру.

3. «» ойыны. 1.Ойын шартымен түсіндіру. 2.Балалармен бірлесе ойнау.

Шеңбер құрып тұрады.

Текшелерді қолдарына алады.


Қос қолды жоғары көтеріп,текшелерді иыққа тигізеді.3-4рет

Қолдарын алға созып,текшелерді иыққа тигізеді.3-4рет.

Екі қолды жанға созып ,текшелерді иыққа тигізеді.3-4рет

Текшелерді орындарына

жинастырады.

Арқан үстінде бір қырынмен жүреді.

Іс-қимылдарын келтіріп ойнайды.

III.Қорытынды

1.Балалардың көңіл күйлерін бақылау.

2.Жаттығуларының орындалу тәртібімен таныстыру.

3.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Қолданылған заттарды жинастыруға көмектеседі.



«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 12.2020

Тәрбиеші: Суюндикова Н.С.

Білім саласы: «Қатынас»

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Аңдар қалай қыстайды және қар не үшін керек?»

Тақырыбы: Жабайы аңдар                                                                              

Мақсаты:

Тәрбиелік: Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.

Оқыту: Ормандағы андардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын

Ресурсты қамтамасыз ету: қыстың суреті, аңдардың суреттері, АҚТ

Сөздік жұмысы:ін, апан

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Қазір қай мезгіл?

Қандай жануарларды білеміз?

Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз аңдардың қыстау жайлы.

Қыс мезгілінде жануарлардың

тіршілігінде біраз қиындықтар

туындайды.

 II. Негізгі бөлімі

Сондықтан кейбір

жануарлар қысқа азық жинайды.

Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен

етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге

аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы

саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш

қуыстарына жинайды. Қыста соларды

қорек етеді.

Тоқылдақ қыс бойы ағаш діңінде

тығылған кұрттарды тұмсығымен

теріп жейді. Ол ағаш діңін аршыған

кезінде кұрттардың біразы жерге

түседі. Қар бетіне түскен құрттармен

шымшық, торғайлар қоректенеді.

Орманнан тоқылдақтың «тоқ-тоқ»

деген дыбысын жиі естуге болады.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз, қолды белге қоямыз.

 Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір.

Біздер тату боламыз, гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ, жақсы сергіп қаламыз.

Аю қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз

бойы табанына жинаған майын

жалап жатады.

• Қасқыр, түлкі - жыртқыш андар.

Олар өздерінен әлсіз жануарларды

ұстап қоректенеді.

• Сұр қоян қыста түсін өзгертеді.

Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын

кеміріп күнелтеді.

Тыңдап отырады.

 ІІІ. Қорытынды

«Дауысынан таны» дидактикалық

ойыны. Шарты: аудио таспадан әртүрлі

жануарлардың дауыстарын тыңдатып,

олардың атын атату. Сонан соң сол

жануардың қысқы тіршілігі туралы

әңгімелеу. Балалардың

жауаптарын толықтырып, жана

мәліметтер береді:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта

алған білімдерін қорытындылайды.

1. Жабайы аңдарды ата.

2. Қоян қыста түсін қандай түске

өзгертеді?

 





 «Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 12.2020

Тәрбиеші: Суюндикова Н.С.

Білім саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Аңдар қалай қыстайды және қар не үшін керек?»

Тақырыбы: Жабайы аңдар. Аю                                                                             

Мақсаты:

Тәрбиелік:Аңдарға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу.

Дамытушылық:Сурет бойынша тілдік қорын жетілдіру.

Оқыту: Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беріп, оның ішінде аюмен жақын таныстыру.Аюдың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесу.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын

Ресурсты қамтамасыз ету: қыстың суреті, аңдардың суреттері, АҚТ

Сөздік жұмысы: хайуанаттар бағы.

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Тосын сый. Балалар біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Ол үшін барлығымыз автобусқа отырайық.

Міне балалақайлар орманға да келіп жеттік. -Балалар біздің орманға келген себебіміз: мұнда біз аюмен танысамыз.

ІІ.Негізгі бөлім

Әңгіме

Орманда мекендеп өз бетімен тіршілік ететін аңдарды жабайы аңдар деп атаймыз. Олар қасқыр, аю, түлкі, тиін.

Жабайы аңдар азықтарын орманнан тауып жейді. Қыста қардың көп түсуіне байланысты аңдардың азық табуы қиынға соғады. Осы кезде аңдар адамдардың көмегін қажет етеді.

Сендер жабайы аңдарды қайдан көрдіңдер?

-Ия, балалар аңдарды теледидардан, хайуанаттар бағынан көрдік.

Хайуанаттар бағында аңдарға арнайы күтім жасалады, онда жұмыс істейтін мамандар жануарларды қоректендіреді.

Ал аңдарды көруге келген адамдардың тамақ беруіне рұқсат етілмейді.

Өйткені аңдар өте қауіпті.

Сөздік жұмыс: хайуанаттар бағы

Сергіту сәті

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Балалар суретте қандай аң бейнеленген?

-Ия балалар суретте аюдың бейнесі.

Аю жабайы аңдардың бірі. Жазда аю кез- келген жерден өзінің азығын таба алады.

Сонымен бірге аю араның балын жақсы көреді. Аш кезінде шөп пен ағаштардың тамырымен қоректендіреді.

Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында жақсылап қоректеніп, денесіне май жинап алады. Аюлардың түстері қоңыр, ақ болып келеді. Аюдың баласын қонжық деп айтады. (балалардан қайталауын сұраймын)

-Аю қалай жүреді?

-Балалар аюдың үйін «апан» деп атаймыз.

-Міне балалар, жабайы аңдар, оның ішінде аю туралы көп нәрсені білдік.

Сондықтан да қамқорлық көрсету керек. Балалар қазір біз «Қандай аңнын жүрісі» ойынын ойнаймыз, ал сендер табындар?

Шарты: әр аңнын жүрісін әуен ырғағымен келтіру.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табындар.

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Бұл не?

Қозғалмалы ойын «Аю, аю тұршы»

ІІІ.Қорытынды

-Ойын сендерге ұнады ма?

-Аю не жақсы көреді?

-Бізге кім келді?

-Жабайы аңдарға нелер жатады?

-Аюдың баласын не деп атайды екенбіз?


 «Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 12.2020

Тәрбиеші: Суюндикова Н.С.

Білім саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Аңдар қалай қыстайды және қар не үшін керек?»

Тақырыбы: «Маймақ аю маң- маң басады»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қыс мезгілінде аңдарға , жан – жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке дербес әрекет етуі мен белсенділігін дамыту .

Оқыту: Аюдың ізін қылқаламмен, үлкен және кіші дақ түсіру арқылы салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.

Ресурсты қамтамасыз ету: демонстрациялық материалдар.АҚТ,

Сөздік жұмысы: маймақ, маң-маң..

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Балаларға серуен кезінде көптеген іздерді көріп, бақылағандары туралы айтқызады және аюдың қорбаңдап, қоянның секіріп жүретіні жайлы естеріне түсіреді.

Аюдың басқан ізін қарлы боран соғып, басып тастағандықтан, өз үйін таба алмай жүргенін айтады.

- Міне, сол аю сендерден көмек сұрай келіпті.

Қонаққа келген аюды кіргізеді.

ІІ.Негізгі бөлім.

Жұмбақ.

Өзіне болған қорған орман,

Ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң.

Ол не екен, балалар? (Аю)

Балалар жауап беруге қиналса, педагог көмектеседі.

Педагог балалардың аюдың түсін, дене бөліктерін атап берулерін сұрайды.

Аю қалай жүреді деп сұрап, аюдың корбаңдап, маң-маң басып жүретінін түсіндіре және өзі сол қимылды көрсетіп, балаларға аюдың жүрісін кайталауды ұсынады. Олар музыка әуенімен қорбаңдаған аюдың жүрісін салып көрсетеді.

-Осы аюдың жүрген ізін қалай саламыз, кәне, маған тақтаға қараңдар. Қағазға қылқаламмен қалай үлкен дақ түсіруге болатынын көрсетеді.

-Домалақ, бұл аюдың табаны, енді майлы қарындашпен оның тырнағының іздерін саламыз.

Екі-үш дақ түсіріп көрсетеді. Іздердің ретімен кезек-кезек салынатынын түсіндіреді.

Балалар сурет салуға кіріседі. Жұмыс барысында балалардың ұқыпты жұмыс істеуін қадағалайды.

-Сендердің салған суреттерің арқылы аю өз үйін тез тауып алды, қатты қуанды. Тәрбиеші аюдың алғысын жеткізеді.

Әр сурет талданып, әр балаға жеке бағыт-бағдар беріледі. Тәрбиеші сурет салынып болған соң ойыншық аюды осы іздермен жүргізіп көруді ұсынады.

ІІІ.Қорытынды.

Балалар қызығушылықпен карап,әңгімесін тыңдайды.

Балалар жауабын табуы керек.

Аюдың дене бөліктерін, түсін айтады.

Балалар маң-маң басқан аюдың жүрісін қайталайды.

Балалар қарындашпен аюдың іздерін салады.

Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды.




«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 12.2020

Тәрбиеші: Суюндикова Н.С.

Білім саласы: «Таным»

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Аңдар қалай қыстайды және қар не үшін керек?»

Тақырыбы: Қоянның сәбізі

Мақсаты:

Тәрбиелік:Жабайы аңдарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Жабайы аңдар туралы түсініктерін дамыту.

Оқыту: Балаларға аңдардың қысқы тіршілігі жайлы ақпарат беру, қоянға арналған сәбізді қағаздан жасауды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын

Ресурсты қамтамасыз ету:

Сөздік жұмысы:


«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 12.2020

Тәрбиеші: Суюндикова Н.С.

Білім саласы: «Шығармашылық»

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Аңдар қалай қыстайды және қар не үшін керек?»

Тақырыбы: Сырғанақ

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларды ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Ермексаздың кесегін екі алақанмен домалақтау дағдысын дамыту.

Оқыту: Сырғанақ мүсіндеу үшін қосымша заттарды пайдалануды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын

Ресурсты қамтамасыз ету:

Сөздік жұмысы:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі