«Күн шуағын
төккен жан»
Сара
Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген мейірімділік
сабағы.
Күні:
12.02.18 ж
Құндылығы: Дұрыс әрекет, сүйіспеншілік.
Қасиеттері: Мейірімділік,бауырмалдық,еңбек
сүйгіштік.
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа,
бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанның бірінші
ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының
Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты
ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге , ата-анасына,
ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген
сүйіспеншілік,махаббат достық секілді ізгілік қасиеттерге
тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
кезеңі
-
Тыныштық сәті
Ақырын музыка қойылады. Көзімізді жұмып,денемізді
еркін ұстап,ыңғайланып отырамыз.Әркім өзінің отбасы туралы
оның
сүйікті адамдары туралы, сүйікті анасы
туралы ,
олардың жақсы қасиеттерін көз алдарына ойша
өткізіңіздер. Оларға деген
сүйіспеншіліктерін
артып, бетіңізде күлкі үйіріледі.
Ал енді
көздерінді
ашасыздар.
Әр
оқушы өз әсерлерімен бөліседі.
-
Дәйексөз
Адам баласы өзінің жан
дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен
нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.
Сара
Алпысқызы
-
Мұғалімнің
сыйы.
Қымбатты балалар! Біз бүгін «Күн шуағын төккен
жан» атты мейірімділік сабағын бастаймыз. Сонымен бірге бұл
сабақтың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол-«Бөбек» балалар
қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы
Назарбаеваның сан-сапалы қайырымдылық қызметіне, Сара
Алпысқызының туған күніне арналады.
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда
Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын
қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған.Жоғары білімді
экономист.
1992 жылдан бастап балаларға рухани,адамгершілік
білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты
көмек көрсететін «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының
негізін қалаушы және президенті. Сара Алпысқызы –қоғамның,адамның
рухани адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы,
бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды 2006 жылы мамыр айында
Мәскеуде адамзатты ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын
жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.
Сара Алпысқызы жалпы рухани-адамгершілік
құндылықтарды қалыптастырудың қайта өрлеу «Өзін-өзі тану»
бағдарламасының авторы болып табылды. «Өзін-өзі танудың»
философиясына ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы
«Алтын» медальға ие болды.2010 жылы аналар мен балаларды
қорғаудағы,Қазақстанның жас ұрпағына рухани тағылымдық білім
берудегі еңбегі үшін «Достық жұлдызы» сыйлығы табыс
етілді, бұл
марапатты тұңғыш рет Сара Алпысқызы иеленіп отыр.
Бейнебаян «Күн шуағын төккен
жан»
Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деген кітабынан
алынған үзіндіні оқи отырып, оқушылар әр адамның өз өміріне өзі
жауапты екендігіне назар аударады, өзара пікір
алмасады.
«Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ
болдым. Актриса болуды армандадым, рас,
актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді
бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ
алатын болсақ, адамдарды бір-бірінен ажыратуға болатын басты
айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру
қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі
екен».
(Сара Алпысқызы)
-
Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар бейнебаяннан алған
әсерлерімен бөліседі.
Оқушылар Сара Алпысқызына
арналған өлеңдер.
1: Жүрегі кең, ақ
пейілді, дара анам ,
Шәкірттерің биік өрге самғаған
.
Шуақ шашып жер жүзіне
мейірімің ,
Ел,
Анасы атандың сен , Сара апам!
2:
Бөбектердің былдырлаған тілдері,
Еліміздің қуанышы гүлдері.
Тарихында қазағымның жасасын,
«Бөбек» қоры еліміздің бүгінгі.
Алақаның ыстық сенің аялы,
Кең
пейілді, мейірімді анасыз.
Пана болып бауырыңа тарттың
сен,
Барша жұрттың жетім қалған
баласын.
3:
Сара апа қадір тұтар қасиетіңіз,
Бізге қымбат әр айтқан
өсиетіңіз.
Сіздің әрбір ісіңізден өнеге
алып,
Әрқашанда алдыңызда бас
иеміз,
Әрбір айтқан ақылыңыз шуақ
бізге.
Бойыма күш бергендей қуат
табам,
Шын көңілмен, мен бүгін өзіңе
арнап.
Жүрегімнің түбінен жыр ақтарам.
5.Топпен ән айту
«Туған күн» К.Нұртас
орынд.
-
Жас қосылып, соңында жылмен ай
қалады
Ақ тілекпенен басыңа бақыт
байланады
Құшақ толып гүлге жақындармен
бірге,
Әр жыл сайын ай
тойланады
Қызық сауық
сайран,
Көңіл шат мәз
мейрам
Мерекеге бұл күн
айналады.
Қ-сы:
Бүгін3рет сенің туған
күнің
Зор денсаулық
тілеймін
Бақытты өмір
сүргің
Жанымда болсын
деймін
Ажар көңіл сырын жан
серігің....
Бүгін3рет сенің туған
күнің
Аман болсын ата-анаң тарту
еткен ғұмыр
Әр күніме
жаратқан
Төксін шуақ нұрын, ойнап
күлкің ...
-
Гауһар тасын, қуаныш кернеп
тұр жаным,
Арасында дос жарын, туыс
туғаның
Ән мен жыры, биі, жылы сөзбен
сыйы
Кіргізер салем
думаның
Есіңнен кетпейді, ешнәрсе
жетпейді
Ең бақытты күн туған
күн.
6.
Қорытынды
Сара Алпысқызының жүректен
шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін-өзі тануына, өзін-өзі
сыйлай білуіне,шын ниет,адал жүрекпен басталған істің нәтижелі
болатынын ұғындырады.Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне,
жасалған әрекетіне байланысты болады.Сара Алпысқызының ұлағатты
ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге,ата-анасына,ең
жақын адамдарына,жалпы адам атаулыға деген
бауырмалдық,сүйіспеншілік,махаббат,достық сенімді ізгілік
қасиеттерін дамыта түседі.
7. Соңғы тыныштық
сәті.
Балалар енді бір сәтке
тынышталып көзімізді жұмып,ішімізден
Сара анамызға, өз аналарымызға
, жақын адамдарымызға ең ізгі тілектерді тілейік.Ал енді
көзімізді ашып , кім қандай тілек айтқанын
тыңдайық.
Оқушылар жауаптары:
“Сара анамыз аман болсын”
“Жетім балалар азайсын”
“Мен
анама денсаулық тілеймін ”
“Барлық жер бетіндегі ана мен бала бақытты
болсын”
“Мен
адамзатқа бейбітшілік тілеймін”
“Аспанымыз ашық болсын”