Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Күн тәртібі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бiлiм бepy салаcы: Денсаулық.
Оқу іс-ірекеті: валеология.
Taқыpыбы : Күн тәртібі.
Мақсаты: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту.
Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы мақызын түсіндіру.
Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы үғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінік қалыптастыру.
Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi : Сабаққа байланысты суреттер.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi |
Тәрбиешінің ic-әpeкeтi |
Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy |
Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Өзім бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гұлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтің өзіне бір құшақ гүл - «Тілек шоғы» болып оралады. «Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады», - деп педагог қорытынды жасайды. «Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқу. Ерте тұрып күнде мен Терезені ашамын. - Сәлем! - деймін Күнге мен, Шаттық әнге басамын. Күн - мол шаттық, түсінем, Күнмен өстіп көрісем . Содан соң үй ішімен Шаттығымды бөлісем. - Қайырлы таң, аташым! -Деймін келіп атама. - Қайырлы таң, апашым! -Деймін келіп апама. Қолды шайып мен енді, Жарты шыны су ішем. Шынықтырып денемді, Жаттығуға кірісем. Тұрады алшақ аяғым, Керіледі көкірек. Еркін тыныс аламын, Санаймын: Бір! Екі! - деп. Тасытқан соң күшімді, Шынығуды бітіріп, Тазалаймын тісімді, Жуынамын күтініп. Жалықпаймын сабақтан, Оқимын да, жазамын. Білім нәрін таратқан Ұстазда ылғи назарым. Мұның бәрі -Мен білсем, Жаттығудың арқасы. «Бақыттымын» деп жүрсем Алтын күннің арқасы.
|
Балалар денсаулық туралы үйде танысқан мақал-мәтелдерді жатқа айтады. Өздері үйде орындап келген сабын туралы жарнамаларын достары мен ата-аналары еркін көре алатындай көрмеге іледі. |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy |
Әңгімелесу. - Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет? - Омыртқаның қисаюы деген не? - Омыртқа қисаймау үшін не істеу керек? - Жалпақтабан дегеніміз не? - Омыртқа қисаюынан және жалпақтабандылықтан қандай жаттығу көмектеседі? - Таңертең тұрған кезде не істейміз? - Күндіз немен шұғылданамыз? - Кешке немен шұғылданамыз? - Түнде не істейміз? Дидактикалық ойын - «Жыл мезгілдері». Табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Ол тәртіп «Жыл мезгілі» деп аталады. Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіп сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі. Балалар өздерінің көңіл күйлерін белгілейді. - Күн тәртібін не үшін сақтау қажет? • ұйқыға уақытында жатып, ерте ояну керек. • Тазалық ережелерін сақтау керек. • Уақытында тамақтану қажет. • Денсаулықты сақтау үшін күн тәртібін орындау қажет. Әліппе-дәптермен жұмыс. Әліппе-дөптердегі суреттерге қарап, күн тәртібі туралы әңгіме құрастыру. «Күн және түн» қимылды ойыны. «Күн» белгісін бергенде, балалар күледі, жүгіреді, секіреді, т.б. Ал «Түн» белгісін бергенде, қозғалыстарын тыйып, бәрі «ұйықтайды». Әңгімелесу. Жұмбақ шешу. Дүниеде не тәтті? (Ұйқы) Балалар өздерінің ұйқысы жайлы айтып, талқылайды. Сен ұйықтап жатқанда кәдімгі оқиға сияқты түс көресің. Шын мәнінде мұндай оқиға өмірде болмайды. Кейде түс қызықты, ал кейде тіпті қорқынышты болуы мүмкін. Түстен қорқудын қажеті жоқ. Күні бойы шаршаған адам денесі үшін ұйқы қолайлы жағдай туғызады. Оның ағзасы демалады. Түнде адам қозғалыста болады, яғни басын бұрады және қол-аяқтарын қозғалтады. Тіпті адам ұйықтап жатқанның өзінде денесі қозғалмауы мүмкін емес, жататын төсек орны аса жұмсақ та, қатты да болмауы керек. Қатты төсек бұлшық ет пен сүйекке батады, сондықтан бұлшық ет демалмайды, ал сүйектер ауырып қалады. Күні бойы секіру, жүгіру, ойнау, сөйлесу, күлуден ағза шаршайды. Ал ұйықтағанда дене демалады, күш жинайды. Адам бойын ұйқысыздық билесе, ол алаңғасар, ұмытшақ болып, көңіл күйі нашарлап, басы ауырып, жұмысқа зауқы болмай, есте сақтау қабілеті төмендеп, тіпті кейде есінен танып та қалады. Ал егер өз уақытынан көп ұйықтаса да күш бойы көңілсіз, босаң күйде жүреді. Егер адам жақсы ұйықтаса ұйқыдан тұрғанда көзі күлімдеп, көңіл күйі жоғарылап, өзін өте сергек сезінеді. Кез келген адам үшін ұйқы жас талғамайтын өмірлік қажеттілік. Жаңа туған нәресте төулігіне 22 сағатқа дейін, ал ересек адам орта мөлшермен 8 сағатты ұйқымен өткізеді екен. Ересек адам балаларға қарағанда аз ұйықтайды. Ұйқы -күн тәртібінің құрамды бөлігі. балалардың ұйықтар алдында жеке бастың тазалық ережелерін сақтау: жуыну, тісін тазалау, сонымен қатар ойыншықтары мен кітаптарын жинау керектігін айтып, әңгіме жүргізеді. «Ұйқы перизаты» дидактикалық ойыны. Дәрігер Салауаттың ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестері: • Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алуды ұмытпаңыз. • Балақыздың ұйқы алдында тісін тазалап, душ қабылдауын қадағалаңыз. • Ұйқы алдында таза ауада серуендеу өте пайдалы. • Жатар алдында теледидар көргеннен гөрі балаға ертегі оқып берген жөн. • Бала тез ұйықтау үшін, бал қосылған бір кесе жылы сүт ішкені пайдалы. • Баланың төсек орны аса жүмсақ та, аса қатты да болмауы тиіс. Аутотренинг: Жай әуен ырғағы естіледі. Мен денемді босаңсытамын... және жайланамын... Мен қолдарымды ашыған қамырдай бос жіберемін... жылы, жылы судың ағысындай... қимылсыз. Менің аяқтарым босаңсыған... жылы... қимылсыз... Менің кеудем босаң... жылы... қимылсыз... Менің мойным босаң... жылы... қимылсыз... Меніңбетімбосаң... жылы... қимылсыз... Жағдайым жақсы күйде... Жеңіл және еркін дем аламын... Мен өзіме күш аламын, жақсылап бір дем аламын... |
Балалар күнделікті жаттығу жасауды әдетке айналдыра бастайды. Уақыт өте келе пайдалы әдет спортпен айналысуға көмектеседі. Балалар жаттығуды орындаған кезде өздерін қалай сезінгендерін, дене бітімдерін, жүрістерін талқылайды. Балалар екі-екіден тұрып, бір-бірінің арқасына массаж жасап, омыртқаларын саусақпен басып кәру барысында өздері талдау жасайды. Ортаға өз еркімен бір бала шығып, топқа омыртқасын кәрсетеді, ал балалар оны суреттейді: «тік, түзу, омыртқа сызығы арқаның ортасымен өтеді». Балалар Әліппе-дәптерде берілген суреттерді салыстырып, омыртқасы қисайған баланы кәрсетеді. Балалар суреттен дұрыс табан суретін және дәрігермен бірге қағазға бастыру арқылы алдын ала дайындаған өз табандарын салыстырып көреді. Сергіту сәті. Ұйқыдан оянып, асығып тез тұрма. Керіліп, бойыңды жаз, анаңа күлкі сыйла! Терезе-есікті ашқанда, Үйіңді, бөлмеңді толтырсын таза ауа! Әуен ырғағы тезірек ойналады. Сергектік бойымды жақсартады... Қол...аяқ...кеуде...мойнымнан өлсіреу сезімі кетеді... Менің бұлшықеттерім тынықты... олар жеңіл, ауа шары сияқты... Мен сергек жүріп, бәріне жайдары жүзбен қараймын... Тыныс алуым жиілеп, тереңдейді... Мен бетімнен самал ескендей сезінемін... Мен өзіме сенімдімін... Мойын... иық... арқамнан жағымды самал жел есті... Мен салқын душ қабылдағандай болдым... Терім «қаздың» терісіндей болып көткенін сезіп тұрмын... Денемнен «құмырсқалар жүгіріп өткендей». Мен жақсы тынықтым! Сергекпін және күштімін! Көңіл күйім көтеріңкі! Өзімді-өзім өте жақсы сезінемін |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. |
• Ұйқы - адам өміріне аса қажет, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес. • Барлық балалар мен үлкендер күн тәртібін сақтағандары жөн. • Адам - табиғаттың бір бөлігі, ол табиғатты сүюге, қорғауға, қамқорлық жасай білуге міндетті. Балалар шеңбер құрып, бір-біріне күлімсіреп қарап, жақсылық, денсаулық тілейді.
|
|
Kүтiлeтiн нәтижe:
Іс-әрекеті жасай алуы: күн тәртібі туралы біледі..
Tүciнедi: Күн тәртібін сақтаудың адам денсаулығы үшін өте маңызды екенін.түсінеді.
Қолданады: Уақытты тиімді пайдалануды.біледі.