15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күн тәртібі
Пән: Дүниетану
|
Мектеп: №271 орта мектебі
|
||||
Күні:23.06.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні: Жарасова Г
|
||||
СЫНЫП:1 |
Қатысқандар: 24
|
Қатыспағандар: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Күн тәртібі
|
||||
Ұзақ мерзімді оқу мақсаты |
1.1.2.4.Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру 1.1.2.5.Тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану |
||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: |
||||
|
|||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||
|
|||||
Кейбір оқушылар: |
|||||
Күн тәртібіне арналған жоспар құрады |
|||||
Бағалау критерийі |
|
||||
Ойлау деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану |
||||
Сөздік қор |
Күн тәртібі, тәулік, апта күндері |
||||
Құндылықтар дарыту |
Күн тәртібінің реттілігін сақтай білуге баулу |
||||
Денсаулық және техникалық қауіпсіздік |
Ойнау, жуыну құралдарын дұрыс пайдалану |
||||
Пәнаралық байланыс |
Математика, бейнелеу өнері |
||||
Бастапқы білім |
Қажет заттар |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
|||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Оқушылардың көңіл-күйін бұлт пен күннің суреттері арқылы байқау.
Бұлт- көңілсіз көңіл-күй Күн- көңілді көңіл-күй
Топқа бөлу Оқушыларға әр мезгілде орындалатын күн тәртібінің суреттерін таратып беремін.Ол суреттердің қай мезгілде жүзеге асатынын сұраймын.Сол мезгілдер (таңертең, күндіз, кеш) бойынша 3 топқа бөлініп отырады.
Оқушылардан суреттердің нені білдіретінін сұраймын.(күн тәртібін). Сол жауап бойынша оқу мақсатын хабарлаймын. |
Суреттер
Таратпа суреттер
|
|||
Сабақтың ортасы
|
(Ұ) Суретпен жұмыс. Сұрақ-жауап жүргізу
-Асланның күн тәртібі туралы әңгімелеу. -Ол таңертең, күндіз, кешке не істейді? -Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? -Күн тәртібін сақтау маңызды ма? Неліктен?
Күн тәртібіне арналған бейнефильм көрсету
Күн тәртібі, тәулік ұғымдарын түсіндіру.
Кері байланыс
Белсенді оқу ортасын топтық жұмыс арқылы ұйымдастыру (Т) І топ Таңертеңгі орындалатын әрекеттердің суретін салу
ІІ топ. Күндізгі (түскі) орындалатын әрекеттердің суретін салу
ІІІ топ. Кешкі орындалатын әрекеттердің суретін салу
(Ө) Сараланған тапсырма Барынша қолдау көрсету: - Берілген сурет пен мезгіл атауларын сәйкестендір Орташа қолдау: - Қима қағаздардан күн тәртібін құрастырып, маңызы туралы әңгімелеу Қолдау көрсету аз: - Күн тәртібін айта отырып, күнделікті уақыт кестесін құр.
Сергіту сәті. Дүйсенбіде доп ойнадық қорада, Сейсенбіде серуен құрдық далада Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп Бейсенбіде би биледік әндетіп Жұма күні жидек тердік қыратта Сенбі күні кино көрдік клубта Жексенбіде үйде болып дем алдық Осылайша өте шықты бір апта.
Сергіту сәтінде не туралы айтылғанын сұрау (апта күндері). Күн тәртібін сақтау күнделікті ғана емес,апта күндеріне қарай құрылу керек екенін айту. -Бір аптада неше күн бар? -Апта күндерін ретімен ата -Сен демалыс күніңді қалай өткізесің?
(Ж) (ҚБ).Жұптық жұмыс Тапсырма: Бір аптада неше тәулік бар? Апта күндерінің ретін анықтап,цифрлармен жазыңыз.
Дескриптор: - бір аптадағы тәуліктің санын жазады;
(ҚБ).Жеке жұмыс Баланың күн тәртібінің ретін анықтап,цифрлармен жазып көрсетіңіз.
Дескриптор: - Суреттегі күн тәртібінің ретін анықтайды; |
Сурет
АКТ бейнефильм
Плакат, қаламдар
Таратпа материал
Таратпа материал
Таратпа материал |
|||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия
Сағаттың суретін боя: Мен жақсы түсіндім –жасыл Әлі де түсінбегенім бар – сары Түсіне алмадым – қызыл
|
Сағат суреті қаламдар |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген