жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Күн тәртібі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: |
Мектеп: |
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты: |
|||
Сынып: 1 |
Пәні: Дүниетану |
|
||
Ортақ тақырып: Өзім туралы
|
Бөлім: Мен және қоғам
|
Сабақтың тақырыбы: Күн тәртібі
|
||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру 1.1.2.5 тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану
|
|||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушы: Күн тәрбін сақтаудың маңызын түсіну Көптеген оқушы: Күн тәртібін құру Кейбір оқушы: Тәулік бөліктері мен апта күндерін өмірмен байланыстыра отырып дәлелдеу |
|||
Бағалау критерийлері |
Күн тәртібін сақтаудың қажеттілігі туралы әңгімелейді. Өзінің күн тәртібін құрастыра отырып, тәулік бөліктері мен апта күндері ажыратады. |
|||
Тілдік мақсат |
Диалогқа қатыса отырып, үйдегі және мектептегі өмірі туралы айта алады. |
|||
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: таң ату, таңертең, тал түс, күн, кеш,түн |
||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: |
||||
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
||||
Не себепті......деп ойлайсыз? Не себепті күнтәртібін сақтау керек? |
||||
Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша |
||||
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
Мінез-құлықтың этникалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру Өмір бойы оқуға дайын болу |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Математика пәнінен алған білімдерін еске түсіре отырып, апта күндерінің атауларын ретімен айту. |
|||
АКТ |
Слайд қолдану, бейнеролик көрсету арқылы іздеу, зерттеу, ақпарат алу, талдау, бөлісу дағдыларын дамыту. |
|||
Бастапқы оқу: |
Оқушының күн тәртібі туралы түсінігі бар. Өз уақытын қалай өткізетінін әңгімелейді. |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) |
ресурстар
|
||
Басы
|
Ұйымдастыру Психологиялық дайындық. Мектепке барғанда Жолыққан бар жандарға Ертемен ақ пейілмен. «Қайрлы таң!»-деймін мен. Күндіз де елді елеймін. «Қайрлы күн!»-тілеймін. Үйге кешке келемін, Не дерімді білмеймін. «Кеш жарық!»- деп кіремін. Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылыт топқа бөлу
«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша Ұ.ж Жаңа сабақтың тақырыбын ашуға дайындық жүргіземін. -Мына суреттердің басқы әріптерінен сөз құрау.
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күн тәртібі» Күн тәртібін білесіңдер ме? Күн тәртібін қалай құрамыз? ҚБ.Жарайсыңдар! Өте тамаша! Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.Күнімізді дұрыс әрі пайдалы өткізу. Күн тәртібің жоспарлау болмақ. Жаңа үйренген және еске түсірген ұғымдарды күнделікті өмірде қолдану |
Слайд |
||
Ортасы
|
1-тапсырма «Ой қозғау». Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? Ұ.ж —Сендер күнде ұйқыдан қай уақытта тұрасыңдар? (таңертең,азанда) -Ұйқыдан тұрған соң әдетте не істейсіңдер?( беті-қолды жуамыз,жаттығу жасаймыз) -Бүгін біз күн тәртібі туралы жаңа сабақ өтеміз. 4.Оқулықпен жұмыс. Жұптық жұмыс
Дескриптор: -Суреттер бойынша әңгіме құрастыру. (ҚБ) «Басбармақ»
2-тапсырма «Ойлан,тап» әдісі бойынша интерактивті тақтадан оқушылар баланың күн тәртібінің ретін анықтап, цифрлармен жазып көрсетеді. Т.ж -Күн тәртібі, тәулік сөздерін қалай түсінесіңдер? -Күн тәртібін не үшін сақтау қажет? Сұраққа жауап алу және түсіндіру. Дескриптор: -Суреттегі күн тәртібінің ретін анықтайды; -Күн тәртібін сақтау туралы ой бөліседі. (ҚБ) «Шапалақ»
3-тапсырма «Пазл» әдісі арқылы қима суреттерден оқушының күн тәртібін құрастырыңыз. Оны өз күн тәртібіңізбен салыстырыңыз -Күн тәртібін сақтау маңызды ма? Неліктен? Топта талқылаңыз. Т.ж Дескриптор: Барлығы: — Қима қағаздардан күн тәртібін дұрыс құрастырады; Көпшілігі: — Өз күн тәртібімен салыстыра әңгімелейді; Кейбірі: — Күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді. (ҚБ) «Бағдаршам» 4-тапсырыма Ж/Ж . Кеңес бер «Көршіңмен ақылдас» әдісі. Cуретке қарап сұраққа жауап бер. -Оған қандай кеңес бересің? -Неліктен бала сабақта ұйықтап отыр? -Неге кешігіп келді деп ойлайсың? Дескриптор: -Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді. Кері байланыс: «Смайликтер» 5-тапсырма Ойлан. «Ашық микрафон» әдісі. «Менің демалыс күнім» тақырыбында ереже құрастыр, әңгімеле. Дескриптор: -Бір тәуліктегі демалыс күнінің күн тәртібін құрастырады. Өзінің демалыс күнін әңгімелейді. Кері байланыс: «Керемет» «Жақсы» |
Оқулық 12- 13 беттер
Интербелсенді тақта
|
||
Соңы
|
ТЖ «Сен білесің бе?» ойыны арқылы сабақты қорыту Бір аптада неше күн бар? Апта күндерінің ретін анықтап жаз. Бос орынға соңғы күннің атауын жаз.
Дескриптор - бір аптадағы күн санын анықтайды; - апта күндерінің ретін анықтап жазады; - аптаның соңғы күннің атауын жазады Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы Кері байланыс: «Бағдаршам»
|
|
||
Қосымша мәліметтер |
||||
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Көмек қажет ететін оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсету
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Деңгейлік тапсрымалар және үлестірмелі қима қағаздар арқылы
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
(ҚБ) «Шапалақ» (ҚБ) «Басбармақ» (ҚБ) «Бағдаршам» Дескриптор: Суреттегі күн тәртібінің ретін анықтайды; — Күн тәртібін сақтау туралы ой бөліседі. Оқушылар үнемі бағаланып отырады,дескриптор арқылы өқушы өзін-өзі бағалайды,бірін-бірі бағалайды |
Денсаулық және қауіпсіздік Салауатты өмір салтын сақтауға және қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) 1.
2. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.
2. Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім? 1.
2.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген