400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Күн тәртібі" тәрбие сағаты 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн тәртібі атты 1 сыныпқа арналған тәрбие сағат жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Рисунок 883256066





«Күн тәртібі не үшін қажет?»
















Семей, 2023 жыл

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды уақыттарын тиімді пайдалануға және салауатты өмір салтын сақтауға қалыптастыру

Тәрбие сағатының міндеттері:

-Уақытты пайдалы,әрі қызықты өткізуге тәрбиелеу;

-Күн тәртібін дұрыс жоспарлауға қалыптастыру;

-Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.


Әдіс - тәсілдері: «Көңілді амандасу», «Дене жаттығуы», «Миға шабуыл», «Ойна да, ойла», «Сұрақт жауап»,

Формасы: Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты

Жабдықталуы: интерактивті тақта

Тәрбие түрі /бағыты/: әңгіме сағаты

Көрнекілік: Күн тәртібі туралы сурет, презентация


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

І. Тәрбие сағатының барысы

1. «Көңілді амандасу» тренинг 5 минут

2. «Миға шабуыл » әдісі 3 минут

ІІ. Негізгі бөлім

  1. « Дене жаттығуы » әдісі 3 минут

  2. « Ойна да ойла » әдісі 4 минут

  3. «Сұрақ-жауап » 3 минут

  4. «Сәйкестендіру» 5 минут

5. «Ойын-жаттығу» 2 минут


ІІІ. Қорытынды

Рефлексия «Тиын мен жаңғақ» әдісі 3 минут


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Көңілді амандасу» тренинг

Ортаға екі оқушы шығады.Суретке қарап бір-біріңе әртүрлі тәсілмен амандасады.(Солай екі-екі оқушыдан шығып бір-бірімен әр түрлі тәсілмен амандасып шығады)


- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!

- Сәлеметсіз бе?! (оқушылар)

- Қалдарың қалай? Көңіл-күйлерің қалай?

- Керемет, өте тамаша. (оқушылар)

- Бүгінгі тәрбие сағатымызға дайынсыздар ма?

- Иә, дайынбыз! (оқушылар)


«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көрнекілікті қалай түсінгендігін сұрақтар қою арқылы тексереміз.


- Күн тәртібі деген не?

- Оқушылар сендер әр күндеріңді жоспарлайсыңдар ма?

-Таңертең тұрған соң не істеу керек?


ІI. Негізгі бөлім

Дене жаттығуы әдісі арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырамыз.

Жалқаулықты тастаймыз

Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз-дей келе жаттығуды бастаймыз
.

-Балалар сабаққа көңіл күйімізді, белсенділігімізді көтеру үшін дене жаттығуын бәріміз бірге жасайық.

-Оқушылар жарайсыздар, денемізді сергітіп алсақ сабағымызды ара қарай жалғастырайық


"Ойна да, ойла" әдісі

  • Оқушылар қазір сендерге күн тәртібіне байланысты жұмбақтар қоямыз. Кім жауабын табады орнында қолын көтеріп жауап берсін. Дұрыс әрі бірінші жауап берген оқушыларға карточкалар беретін боламыз.


Серуеннен қайтамыз,

Тамақ ішіп аламыз.

Біз тәртіпті баламыз.

Тәтті ұйқыға батамыз.

Бұл қай уақыт (Түс)


Серуенде жүреміз

Анамызды күтеміз

Апай"Сау болыңыз,-деп

Үйімізге кетеміз

Бұл қай уақыты (Кеш)


Үйлерде шам жанады,

Маңай тастай қараңғы.

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға батамыз.

Бұл қай уақыт (Түн)


Күндіз бар да, түнде жоқ,

Онсыз өмір мүлде жоқ.

(Күн)

Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны

(Теледидар)

Аспанда бір ана бар

Маңы толған балалар

(Ай мен жұлдыздар)

"Сұрақ-жауап" әдісі бойынша оқушылардың күн тәртіптерін сұраймыз.


-Оқушылар суретке қарап,өз күн тәртіптерінді айтыңдар.

-Өте тамаша!Жарайсыңдар!


"Сәйкестендіру"


-Ал енді оқушылар суреттер бойынша өз күн тәптіптеріңді дұрыс орналастырыңдар. (Яғни оқушылар карандащтың көмегімен уақытқа қарап күн тәртібінің орындалу ретін көрсетулері қажет. Оқушыларға сурет таратылады. Қай оқушы бірінші орындаса, сол оқушы шапалақтайды.)

-Тамаша,балалар күн тәртібін дұрыс орналастырдыңдар!

Ойын-жаттығу

Оқушылар енді бәріміз жылдап орнымыздан тұрып, менің қолымдағы заттың әрекетін қайталасақ.(Қолыма бөтелкені алып оны оңға, солға, алдыға, артқа тербетемін, ал оқушылар сол қозғалыс жылдамдығымен бірге иіліп отырады.)

-Жарайсыңдар,балалар! Кішкене болсын бой сергітіп, көңіл күй мен сынып тыныштығын орнықтырдық.

Мұқанова Аяулым

-Балалар тақтаға қарап, Ерболға кеңес беріп көрейікші.

Күтілетін жауаптар:

-Ербол барлық күш-қуатың компьютер ойынына жұмсап,сабақ оқиын десе шаршап қалды.

-Ербол алдымен сабағың оқуы керек еді,сосын бейнеойын ойнағаны дұрыс деп санаймын.

III.Қорытынды бөлім

Рефлексия "Тиін мен жаңғақ"

-Қазір балалар сендерге жаңғақтар таратамыз. Сабақты түсінгендерін бойынша жаңғақтағы боялмаған жерін бояу керексіздер. Егерде сабақты жақсы түсінсеңдер жасыл түске, орташа түсінсеңдер сары түске мүлдем түсінбесеңдер қызыл түске бояйсыздар. Боялған жаңғақтарды тиынның қалтасына апарып салайық.

-Сонымен балалар біз бүгін күн тәртібін дұрыс құруды,жоспарлауды үйрендік.Келешекте әр уақыттарыңды тиімді пайдаланып, күн тәртібін құрып сол бойынша өздеріңнің алтын уақыттарыңды үнемдейсіңдер деген үміттеміз. Сабаққа белсене қатысқандарың үшін барлықтарыңызға ЖАРАЙСЫҢДАР дегіміз келіп тұр.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі