Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күнделікті өмірдегі адалдық" ("Жеткіншектің Жеті жарғысы" жобасы) тәрбие сағаты жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауқымды тәрбие сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты

"Күнделікті өмірдегі адалдық"

Күні

Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

" Күнделікті өмірдегі адалдық "

Сабақтың мақсаты:



Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация,видео

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, плакаттар

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)


I.
Мұғалімнің сөзі:
Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз.
Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз 2 - топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.

1 - Топ.«Татулық»

2 - топ. «Сыйластық»

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Оқушылар адалдық туралы өз ойларын айтады.


Таратпа қағаздар






Сабақ басы (20 мин)














II.

1 - арал. Сұрақтар: Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? Сендердің де адал достарың бар ма? Сенің адалдыққа деген сенімін қандай? «Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер? «Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?

2 - арал. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар: Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, Павлодар, Атырау, Қызылорда т. б. Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

Ситуациялық сұрақтар:

1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

Үлкен кісімен амандасып жол беремін. –

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек? – Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды. – Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім. – 3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің? – Асықпай түсіндіріп беремін.

4. Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн? – Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? – Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

6. Әдептілік деген не? – Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.

- 7. Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?

- 8. Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?

9. «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды. - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

10. «Не істеу керек - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

3 - арал. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Берілген суреттерден коллаж жасау. Яғни суретте не көріп тұрсыздар соған байланысты мақал -

мәтелдер, нақыл сөздер жазу. Егерде жол үстінде тікен жатса, Кірер деп аяғына біреу басса, Ерінбей - ақ иіліп қолыңменен Сол тікенді көтеріп алып таста.

4 - арал. «Досым саған арнаймын» Достыққа байланысты ақын - жазушыларымыздың өлеңдерін айту. М. Мақатаев Досым, саған сенемін. Сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген адамның көрігі екен, Достық деген адалдың серігі екен. Достарың көп пе? Апырау неткен жақсы едің? Досым аз менің... Досым - ау менің, тапшы емін? Достарыңменен достастыр мені, асылым, Достастыр мені? Болайын құлың нақ сенің! Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда.

5 -

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2024
811
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12