400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Күнделікті өмірдегі адалдық" тақырыбындағы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Күнделікті өмірдегі адалдық" тақырыбындағы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты

Күнделікті өмірдегі адалдық

Күні


Сынып жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Күнделікті өмірдегі адалдық

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, таратпа қағаздар, нақыл сөздер.

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)












  1. Оқушылармен амандасу.

  2. «Жүректен жүрекке» тренинг

Қ.Нақысбековтың  өлеңін мәнерлеп оқу.

Білім мен өнерді сүй, сусуында,                                                           

 Деп айтсын ел: Осындай ер тусында!»

Арың-адал, әділ болсаң әрқашан                                                

Дүниенің бар бақыты уысыңда...                                                                       

Түспегені абзал ғой арға дақтың,                                 

Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.                                      

Адал адам әрқашан-еңсесі тік,

Әділдікті ту еткін, қолғанатым.

 АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер.               

“Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі -қазақтың әулиесі сол”. 

 Абай. 

Әділдік-шыншылдық;турашылдық, адалдық, дұрыстық.                    

Әділдік — ізгіліктің ірге тасы.

“Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ”.              

 Абай.          

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

 

    Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтады.


Таратпа қағаздар




Сабақ басы (20 мин)






Әңгімелесу

“Ойланайық,пікірлесейік”атты айдарынан берілгенсұрақтарға әңгіме жүргізу.   

1.Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?      

2.Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?Неліктен?               

3.Әділ болу оңай ма?

                                                  


Оқушылар пікірлерін айтады.


 



Мәтінмен жұмыс.      ( Корей ертегісі )

                                «Адал бала»

  “Адал бала” атты мәтінді  интонациялық кідірістерді ескере отырып үлкен ықыласпен оқу. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқыту, мазмұнын мұқият тыңдауды ұйымдастыру. Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға негіз блады.

                     Жалғасын табу.

          Мақал-мәтелдер

  Адамгершілік болмай, Әділдік болмас. 


  Адамның ұяты бетінде , Адамгершілігі ниетінде. 

   

 Кішіпейілділік - кісінің көркі. 


Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені. 


Әділ айтқан жеңер.


Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың, 
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың. 


Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.


 Әділдіктен қашпа.


Әділет қылышы кескен қол ауырмас.


Әділ сөздің зілі жоқ, Көп көзінен өткен істің міні жоқ.


Әділін айтсаң — әдемі айтқаның.


Жеке өз ойларын білдіреді.







Мақал-мәтелдің жалғасын табады.







Таратпа қағаздар

Жағдаятты талдау

Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп:    

-Менің қалтамда апам “самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік,-деді.     

 Алмагүл:Үйден сұранып шыққан жоқпыз.Іздеп қалады ғой,- деп іркіліп қалды.   

-Ештеңе етпес, “мектепте болдық” деп айта саламыз....    

Ажардың ұсынысына сендер қалай жауап берер едіңдер?

                                          

Тыныштық сәті

      Оқушыларға «Тыныштық сәті»әдіс-тәсілін қолдану.     

   –Балалар,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алулар-ыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаныңтұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді балалар көздеріңді ашып, бұрынғы қалпымызға келейік.

                                       

                               

Жағдаятты талдайды. Пікірлерін білдіреді.

Таратпа қағаздар

Соңы






  Оқушыларға “Уақыт“ тренингін интерактивті тақтадан көрсету.

Сыпайы болу үшін біреудің жымиуын күтпеңіз...  

Жақсы көру үшін, біреудің жақсы көргенін күтпеңіз..

Досыңыздың қадірін түсіну үшін, жалғыз қалуды күтпеңіз...

Жұмыс істеуді бастау үшін ең жақсы жұмысты күтпеңіз...

Кішкене бөлісу үшін көп болғанын күтпей-ақ бөлісіңіз...

Ақыл-кеңесті еске түсіру үшін қателесуді күтпеңіз...

Дұға ету үшін қайғы қатерге түсуді  күтпеңіз ...

Көмектесу  үшін реті келуін күтпеңіз...

Кешірім сұрау үшін біреудің жылауын күтпеңіз...

немесе  татуласу үшін керекті жағдайды күтпеңіз…

Күтпеңіз... Өйткені қанша уақыт қалғанын білмейсіз.


Мадақтау

Оқушылар өз ойларын білдіреді.

Сұрақтарға жауап береді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі