Материалдар / Күнделікті өмірдегі есептеулер Ақша. Теңге

Күнделікті өмірдегі есептеулер Ақша. Теңге

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы: Күнделікті өмірдегі есептеулер Ақша. Теңге Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаты: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды. Алған білімді оқушылар өмірде қолданады. Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: Ресурстар: Ақша. Теңге. Тірек сөздер ақша; монета; теңге. Сабақтың мақсаты: Құны 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг болатын монеталар;монеталар салынған әмиян.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ тақырыбы: Күнделікті өмірдегі есептеулерАқша. ТеңгеМектеп:
Күні :

Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сыныпҚатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды.Алған білімді оқушылар өмірде қолданады.
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар:

Ресурстар:Ақша. Теңге.
Тірек сөздерақша;

монета;

теңге.
Сабақтың мақсаты:Құны 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг болатын монеталар;монеталар салынған әмиян.
Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Кіріспе тапсырма. Ішінде теңге монеталары (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг) бар сөмкені алып, монеталар дыбыс шығаратындай етіп сөмкені қозғап қағыңыз. Оқушылардан сөмкенің ішінде не бар екенін сұраңыз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз. Ақшаның не үшін керегі туралы әр оқушының пікірін тыңдап, әңгіме жүргізіңіз. Олардан “сөмке ішінде қандай ақша жатқанын білгілерің келе ме?” деп сұраңыз.Оқушылардың әрқайсысына сөмкеден бір моне­ тадан алғызыңыз. Қолдарындағы монета бойынша топтарға бөлінуді сұраңыз. Оның себебін түсін­ діруді өтініңіз. Олардың монеталарды танитынын (танымайтынын) және олармен не істеуге болатынын сұраңыз. (Жауаптарын тыңдаңыз.) Оқушыларға өз топтарына “ақшаның” атын қойғызыңыз. Топтарға өз аттарын дауыстап айтқызып, қалғанына қандай монета тигенін тапқызыңыз. Қалған уақытта оларға осы монеталарымен не істеуге болатыны туралы айтқызыңыз.Монеталар. Тапсырманы орындау кезінде оқу­ шылар жұппен жұмыс жасаған кездегі білімдерін қолдануына болады және білімдерін қалған моне­ таларды салыстыруға берілген мысалдар бойынша­ кеңітеді. Оларға оқулықтағы монеталардың суретіне қарауды ұсыныңыз. Түсі, өлшемі­ мен пішіні жағынан монеталардың әртүрлі болатынын айтыңыз­.

Не себепті монеталардың түсін, өлшемін және пішінін әртүрлі етіп шығаратыны туралы оқушылардың­ болжамын тыңдаңыз. Ең кіші монета қайсы және онда қай сан жазылған? Ең үлкен монета қайсы? 1 мен 20 сандарын салыстыруды ұсыныңыз. Монеталардың арасындағы айырмашылықты өлшемі мен түсі арқылы қалай көрсетілгені туралы талдатыңыз­. Олармен тәжірибе жүргізіңіз. Көздерін байлап, қолдарына алған қай монета екенін тапқызыңыз.Монеталарды салыстыр. Тапсырма қатар тұрған монеталардың құнын, түсін, өлшемін, пішінін салыстыруға бағытталған. Берілген тапсырманы сыныптағы оқушылармен көрнекілік түрінде монеталарды көрсете отырып орындатыңыз. Оқулықта берілген монета түрлерін оқушыларға монеталардың ішінен тауып, оларды қатар қойып, салыстыруын ұсыныңыз. Оқушылардан не байқағанын­ сұраңыз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Барлық монеталар бірдей ме? (Жоқ, олар әртүрлі.)— Монеталарды қандай белгілері бойынша салыстыруға болады? (Түсіне, жасалған материалы­ на, өлшеміне және пішініне, монетадағы жазылған­ цифрына қарай.)— Қай монета өлшемі бойынша ең кіші? (1 теңгелік.)— Монеталарды қандай топтарға бөлуге бола­ ды? Қандай белгілері бойынша? (Түсі және жасалған­ материалы бойынша.)Әр монетаны көрсетіп талқылағаннан кейін оларды құнына қарай рет-ретімен қойып шығы­ңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз.1 тг мен 10 тг, 5 тг мен 20 теңгелік монеталар­ дың көлеміне, ондағы жазылған цифрға, суретіне (оқушылар “монеталардың құны” деген түсінікпен­ келесі сабақта танысады, сондықтан “құны” сөзінің орнына монетадағы цифрлар сөзін қолданыңыз)­ назар аудартыңыз. Қай монетаға көп зат сатып алуға болатынын сұраңыз.Шығарып көр. Берілген тапсырма теңгелік моне­ таларды пайдаланып өрнек құрастыруға арнал­ған­. 7 теңге 6 теңгеден қаншаға артық және 7 теңге 8 теңгеден қаншаға кем екенін 1 теңгелік­ монеталар көмегімен мына үлгіні басшылыққа ала отырып орындатыңыз.Жауабы:ә) 3 тг + 1 тг + 4 тг = 8 тг; б) 4 тг + 1 тг + 1 тг = 6 тг; в) 2 тг + 3 тг + 2 тг = 7 тг.Орындап көр. Тапсырманы орындамас бұрын оқушы­лармен­ бірге жұп сандар туралы не білетін­ дерін қайталаңыз­. Жұп сандарды монеталардың­ құнын көрсету үшін қолдана ма деп сұраңыз.

Сондай монеталарды табуды ұсыныңыз. 2 тг, 10 тг, 20 теңгенің жұп сандардан тұратынына назар аудар­ тыңыз. Ал жұп сандардың жартысын оның сандар­ қатарындағы орнына қарай анықтайтындарын естеріне түсіріңіз. Мысалы, 10 бесінші жұп сан, сондықтан оның жартысы 5, олай болса 10 тг-нің жартысы 5 тг болады т.с.с. Немесе оқушылар жауапты басқа тәсілмен де табуы мүмкін.

Сен білесің бе? Теңгеміздің туған күні 15 қараша екеніне оқушылардың назарын аудартыңыз. Теңгенің шығу тарихына қысқаша тоқталып кетіңіз. Әр мемлекеттің өз валютасы барын айтыңыз. Оқушылардың ол жайында не білетіні туралы сұраңыз.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар

Тірек сөздер немесе сөз тіркестерін қолданып­ “Сөйлемді аяқта” ойынын ұйымдастырыңыз. Жүр­ гізушінің ақшаны не үшін қолданамыз деген сұрағына оқушылар жауап береді.Мысалы:— Азық-түлік сатып алу үшін бізге ... керек. (Ақша.)— Қымбат емес заттарды сатып алу үшін біз ...қолданамыз. (Монеталарды.)Ресейдің ақшасы “рубль” деп аталады, ал Қазақстанның ақшасы “...” деп аталады. (Теңге.)Монеталарды тап. Оқушылар суреттен әртүрлі номиналды құндылықтағы монеталарды таба алады. Одан әрі олар әр номиналды құндылықтағы моне­ таларды санайды да, олардың санын сәйкес босторкөздерге жазады.

Монеталар. Теңгелерді өсу ретіне қарай сызық­ тармен байланыстырып қосады.

Берілген заңдылықты сақтап, монеталарды орналастыр.

Бірінші қатарда монеталар өсу, екінші қатарда кему ретімен орналасады.
Бағалау Оқушылар сабақтың соңында:“ақша”, “монета” жайлы біледі;теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратып сипаттайды;ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті өмірде қолдана алады.Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:— Теңгелік монеталарды өсу ретімен ата (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг).— Теңгелік монеталарды кему ретімен ата (20 тг, 10 тг, 2 тг, 5 тг, 1 тг).— 10 теңге мен 20 теңгені бірге алса, қанша ақша болады?— Қазақстан теңгелерін қандай белгілері бойынша салыстыруға болады?Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өз-өздерін бағалатыңыз.




















Ақмола облысы Көкшетау қаласы №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!