Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күннен келген адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары: Күннен келген адам. Қазақ тілі мен әдебиеті. 6-сынып. Сабақтың басы, ортасы, соңы. Бағалау, рефлексия
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы» КММ


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Қуат көзін үнемдей білеміз бе? М.Жұмабаев «От» өлеңі (үзінді)

Педагогтің аты-жөні

Қысатай А.Т.

Күні:

15.11.2021

Сынып: 6 «В», «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күннен келген адам

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.5.1.4 - өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

1. есімдіктердің мағыналық түрлерін ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

2. өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба жұмыстарда орынды қолдана алады;

Кейбірі орындай алады:

3. өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін ауызша жұмыстарда орынды қолдана алады;

Бағалау критерийлері

1. өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба жұмыстарда орынды қолдана.

2. өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін ауызша жұмыстарда орынды қолданады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
15 мин

Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушылармен амандасу;

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Қайырлы күн, досым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

Б) сыныптың даярлығын тексеру;


С) үй тапсырмасын сұрау (оқушылардан өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылады, лексикалық минимумды қайталайды)

Өткен сабақты қайталау

«Жеті қарақшы» әдісі


1.Өткен сабақ не туралы болды?

2.Қазақ тілінде қанша стиль бар?

3. Өздік есімдігі туралы айт

4.Белгісіздік есімдігі дегеніміз не?

5.Жалпылау есімдігі деген не?

6.Болымсыздық есімдігі туралы айт

7.Есімдіктер туралы не білесің?




Орындарынан тұрып, өлең жолдарын айтып, сәлемдеседі











7 Жұлдыздың бірін таңдап сұраққа жауап береді







Қадамдары:

- лексикалық минимумды естеріне түсіреді.













1 жауап

=1 ұпай



Мұғалім мадақтаулары








1 жауап

=1 ұпай


Қол шапалақтау

Өлең шумағы






















Ортасы

25мин

Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

1-тапсырма. Мәтінді оқы. Мұғалімнің көмегімен мазмұнын түсін.

Баяғыда бір Есімдік атты қария өмір сүріпті.Оның жеті ұлы бар екен.Қарт осы ұлдары дүниеге келген кезде өскенде үлкен азамат болсын деп затына лайық ат қоймақ ниетпен Ербол, Есбол, Азамат, Батыр, Ерасыл, Мақсат, Ардақ деген ат қойыпты.Бірақ өсе келе қарттың ұлдары әке үмітін ақтамай,атына лайық іс жасамай, ерке, шолжаң, өр көкірек болып өсіпті. Ерболы «мен барсам ол да барсын,сен де жүр» деп не нәрсеге болса да санасатын әдет тауыпты. Есбол болса өзі жасаған қателіктерін ешқашан мойындамай, үнемі біреуден көріп, «оны істеген анау,мынау» деп жала жабудың шебері боп шығады. Азамат болса ешқандай сөзге түсінбес надан болыпты. Не сұрасаң да «қашан?» ,«қалай?», «неге?» деп қайталауын қоймапты. Ал, Ерасыл тура өзімшіл боп өсіпті. Өзім , өзім деп кеуде қаққан оның айналасында достары да қалмапты. Ал Батыр сараң болады,ешнәрсесін ешкімге татырмапты. Үлкен үмітпен атын Мақсат деп қойған қарттың алтыншы ұлы да әке сенімін ақтамапты. Әкесі оның достары кім,қайда жүретіні,не істейтінен де бейхабар болыпты. Тек ұлдарының ішінде Ардақ қана көпшіл, бірлікті жақсы көретін болып өседі. Ұлдарының атына заты сай болмағанына ренжіген Есімдік қарт өз ұлдарын шын атымен атамай, өздеріне лайық есім беріпті.


2-тапсырма.

..... айтып тұрған қасиеттер .... баладан табылмасына ... кепіл? ..... ертіп жүрген бала қазақтың белгілі ақыны болған Нұржан Наушабаев екен. .....- Күршім өзені. .........- Ұлыстың ұлы күніне арналып құрылған киіз үйлер. ...елің- алтын бесік. .... тоңып секіреді, .... тойып секіреді. Адамзаттың . . . сүй «бауырым» деп


Қажетті есімдіктер: осы, сіз, бұлар, бәрін, өз, мына, мынау, кім, біреу



3-тапсырма. ЖЖ.

«Менің мектебім» тақырыбында диалог құраңдар. Есімдіктерді пайдаланыңдар.



Дескриптор:

- Ертегіні тыңдайды;

- есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратады;

- Шешімін табады.


















Дескриптор:

- өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба жұмыстарда орынды қолданады.








Дескриптор:

- берілген тақырып бойынша диалог құрады;

- өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін ауызша жұмыстарда орынды қолданады.









Ынталандыру: Жарайсың!


Керемет!


Тамаша!











Екі жұлдыз, бір тілек.

Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды.













«Бас бармақ» әдісі










Оқулық















Сынып тақтасы


Жұмыс дәптері


















Соңы

5 мин

Сабақты бекіту сұрақтары

1.Сабақ не туралы болды?

2.Есімдіктердің ережесін есіңе түсірші?

Үй жұмысы: Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы # -тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуын қажет екені түсіндіріледі.

Рефлексия: БББ кестесі

Сұрақтарға жауап береді.



Барлығы 10+ ұпай






   






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2021
898
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі