Материалдар / күннің көзі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

күннің көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
күннің пайдасы туралы тақпақтар мен суреттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2020
583
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Сурет салу

Тақырыбы: «Күннің көзі»

Мақсаты: Дөңгелек пішінді күннің көзін салуды үйрету, күн туралы мәлімет беру, күннің көзі жарқырап тұрса, жылы болатынын түсіндіру. Дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Сурет салуға арналған қағаз,сүлгі, гуашь, шар, ермексаз, тақтайша, кескіш, «Күннің көзі» тақырыбында үлгі сурет.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бастырма әдісі, саусақ жаттығуы.

Билингвалды компанент: Күн-солньце-sun; сары-желтый-heiiow; дөңгелек-круг-circle.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

-қозғаушылық

-Балалар, бүгінгі күн керемет болып басталғалы тұр. Біздің топқа көптеген қонақтар келіпті, қанекей, бәріміз қонақтармен амандасайық.


-Балалар, көңіл күйіміз қандай?

-Балалар бір сәт айналамызға қарап өзімізді таза ауада тұрғандай сезінейікші.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қарайықшы айналамыз қандай?

-Осындай гүлдердің, талдардың көрікті болып өсуіне не қажет деп ойлайсыңдар?

-Ендеше, мен бір жұмбақ жасырайын:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

-Балалар, ол не екен?

-Дұрыс айтасындар, балалар.

-Балалар күн неге ұқсайды?

-Күннің түсі, пішіні қандай?

Билингвизм:

Күн-солньце-sun; сары-желтый-heiiow; дөңгелек-круг-circle.

-Балалар серуенге шыққанда біз жоғары-

дан күнді көріп жүрміз. Күнді көргенде қалай қуанамыз?

-Я, балалар күннің көзі бізге жылуын, шуағын береді екен. Күннің шуағы гүлдерге, жануарларға, құстарға, жәндіктерге барлығына жылуын береді екен.

-Ой, балалар, қараңдаршы бірақ біздің күніміз көңілсіз сияқты. Сендер күннің күлімдеуіне көмектесесіңдер ме?

-Сәлеметсіздер ме!

-Здравствуйте!

-Good morning!


-Тамаша

-Жан-жақтарына қызыға қарайды.

-Көктем мезгілі.


-Күн.



-Күн допқа, шарға ұқсайды.

-Түсі сары, пішіні дөңгелек.


-«Алақай»-деп.






-Балалар көмектесетін-

дерін айтады.

Ұйымдастыру

-іздестіру









































-Ой, балалар, қараңдаршы бірақ біздің күніміз көңілсіз сияқты. Сендер күннің күлімдеуіне көмектесесіңдерме?

-Міне, балалар, алдарында қолдың бейнесі тұр. Бұл бейне жай бейне емес, арман тілектерді орындайтын ғажайып алақан екен. Бұл алақанға қолымызды қойып, көзімізді жұмып, тілегімізді айтсақ арманымызды орындайды екен. Олай болса, іштей «Күнімізді күлімдет» - деп тілек тілейік.

-Қанекей, барлығымыз орнымыздан тұр-

ып, алақанға қолымызды қояйқ.

-Енді, көзімізді ашамыз.

-Балалар, қараңдаршы ғажайып алақан арқылы тілегіміз қабыл болып, күніміз күлімдеп, тобымыз нұрланып кетті.

Күн:

-Сәлеметсіңдерме, балалар!

-Қандай әсем жүздерің!!!

-Балалар, көңіл күйіміз қандай?

-Балалар, мені көргенде қалай қуанасыңдар?

-Менде сендерді көргеніме қуаныштымын!

-Ал, енді балалар орнымызға отырамыз.

Осы көніл күйімізбен саусақ жаттығуын жасаймыз.

-Жарайсыңдар, балалар.


-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде күннің бейнесін қағаз бетіне түсіреміз.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру:

Күннің суретін салу технологиясы:

1.Гуашьқа сәбіз бастырмасын батыру арқылы, қағаз бетіне дөңгелек пішінді бастырту.


2. Ермексаз арқылы шуағын салғызу:

жасалу жолдары- ермексаздың кішкене бөлігін пісте (шприц) ішіне салып, ұзынша етіп шығару, күннің шуақтарын кескіштің көмегімен кесіп, бастырту.

«Күн мен жаңбыр»дидактикалық ойыны.

Шарты: Балалар күн дегенде барлығы қыдыруға шығады. Ал «жаңбыр» дегенде ашқан қолшатырдың айналасына жиналады.











-Алақанға қолдарын қойып, көздерін жұмып, тілек тілейді.






-Көздерін ашып, қуанады.





-Тамаша!

«Алақай»- деп,

(балалар қолдарын шапалақтайды)



Саусақ жаттығуын жасайды.





-Сәбізді бояуға батырып, қағаз бетіне дөңгелек пішінді бастырады.


-Кескіштің көмегімен ермексазды кесіп, күннің шуақтарын бастырады.



Балалар күнмен әуен арқылы билейді, жаңбыр жауғанда қолшатыр астына тығылады.

Рефлексивті-

түзетушілік

-Балалар бүгінгі оқу іс- әрекетімізде ненің суретін салдық?


-Күннің пішіні қандай?

-Күннің түсі қандай?


-Өте жақсы, балалар! Бүгінгі оқу іс әрекетіне барлықтарын өте жақсы қатыстындар.


-Балалар, бүгінгі көңіл күйіміз қандай?

-Көктем мезгілі қандай?



Квалиметриялық көрсеткіші арқылы бағалау:


-Тақтағы кемпірқосақ түсімен балаларды бағалап, сапа көрсеткішін атап көрсету.


Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру



-Балалар келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.





-Күннің суретін салдық.


-Дөңгелек

-Күннің түсі сары.





-Тамаша!

-Тамаша!







Жасаған жұмыстарын тақтаға іледі.




Келген қонақтармен үш тілде қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: күннің көзі жылу беретінің, дөңгелек пішінді.

Түсінеді: дөңгелек пішін арқылы күннің көзін бейнелеуді.

Меңгерді: бояумен ұқыпты жұмыс жасауды, дәстүрден тыс сурет салу әдісін.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!