Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күннің мол шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстарға қамқорлық жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы

МКҚО №72 «Жанарым»балабақшасы








«Аққу» ересек тобы



Көркем әдебиет пен құрастыру бөлімінен ашық оқу қызметі




Тақырыбы: «Күннің мол шығуы»








Тәрбиеші:Бекеева Н.Ә















Нұр-Сұлтан -2020 жыл.


Ересек «Аққу» тобындағы ұйымдастырылған ашық оқу қызыметі.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»

Бөлімі: Көркем әдебиет.Құрастыру. Тақырыбы: «Күннің мол шуағы»

Мақсаты:Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыра отырып,іс-әрекет дағдыларын меңгерту,жыл мезгілдері туралы білімдерін тиянақтау. Балаларды ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Міндеттері: 1.ойлау қабілеттерін,қызығушылықтарын арттыру. 2.шығармашылық эстетикалық сезімдерін ояту. 3.табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:суреттер,түрлі-түсті картон қағаздан жасалған геометриялық пішіндер,күн шуағы,бұлттар.Балаларға арналған жұлдызшалар.

Іс-әрекет кезеңі:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:Балалар,қане барлығымыз шаттық шеңберін жасап тұра қалайық.

Шаттық шеңбері:

-Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенмен,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз.

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме,апайлар!

-Ал, енді орнымызға жайғасып отырайық. -Балалар,қараңдаршы күннің шуағы ашылмай бұлттанып,күн бұлттың арасына тығылып қалыпты.

-Күннің шуағы ашылу үшін бізге арналған бұлттардың тапсырмалары бар екен.

Егер сендер сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар,бұлттар сейіліп күннің шуағы ашылады екен.


1-тапсырма

Жұмбақ жасыру:

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Кейде ұлып,кейде жұлып

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы,бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?(Қыс мезгілінде)

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн суытады,қар жауады,боран соғады,аяз болады.

2-тапсырма:Үй жануарларын атап беріңдер:(жылқы,сиыр,қой,ешкі,түйе,есек).

Балалар бұл жануарларды бір сөзбен қалай айтуға болады:(үй жануарлары).

Қыс мезгілінде бұл жануарлар қайда тұрады (қорада).

Жабайы аңдарды атап беріңдерші:(аю,түлкі,қасқыр,қоян).

Қыс мезгілінде қандай аң ұйқыға жатады?(аю)

Үй құстарын атап беріңдер:(тауық,қаз,үйрек,әтеш,күрке тауық).

Балалар бұл құстарды бір сөзбен қалай айтамыз:(үй құстары).

Қыс мезгілінде қандай құстар қыстап қалады?(қарға,торғай,сауысқан).



3.-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Не артық?» (суреттер арқылы).

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

1)- Қой,жылқы,сиыр,(түлкі) - суреттері беріледі.

Балалар суретке мұқият қараңдар не артық?

-Балалар: түлкі

Неліктен (түлкі) артық деп ойлайсыңдар?

Балалар:қой,ешкі,сиыр үй жануарлары,ал түлкі жабайы аң .

Дұрыс айтасыңдар балалар.Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата біледі екенсіңдер.Жарайсыңдар.Олай болса балалар мен сендердің білімдеріңді тағы да тексеріп көрейін.

2)-Үйрек,қаз,тауық, (қасқыр) - суреттері беріледі.

Балалар бұл суреттерде не артық?

Қасқыр- артық

Неге олай ойлайсыңдар?

Үйрек,қаз, тауық үй құстары.Ал қасқыр жабайы аң.

Балалар жарайсыңдар бұлттың тапсырмасын дұрыс орындадыңдар. Бідің күніміз ашылып келе жатыр.

4-тапсырма: Ойын« Ғажайып текше»деп аталады.

Мақсаты:Мен текшені қазір лақтырамын.Текшені лақтырғанда қандай кейіпкерлерге түссе,сол кейіпкерлерді атап,қай ертегі екенін айтып береді.

Текшеде:қасқыр мен жеті лақ,үйшік,бауырсақ,шалқан ертегілерінің суреттері болады.Ертегілерге қысқаша тоқталып өтеді.Бауырсақ неден жасалады?Шалқан ертегісінде шалқанды жұлуға атасы кімді көмекке шақырды?Үйшік ертегісінде үйшікті бірінші кім жолықтырды?Қасқыр мен жеті лақ ертегісінде қасқыр ешкінің балаларын не істеді?

Жарайсыңдар балалар біз бұл тапсырманы да орындадық. Келесі бұлт ашылады.

Балалар олай болса орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Сергіту сәті:

Қар жауады оң жақтан,

Қар жауадыы сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

5-тапсырма: «Қыстап қалатын құстарға ұя жасау»(ұжымдық жұмыс)

Ал енді балалар бойымызды сергітіп алдық,енді мен сендерді Құрастыру бөліміне шақырамын.Орнымызға отырамыз.Әрі қарай күніміздің көзін бұлттан ашу үшін қыстап қалатын құстарға тоңбау үшін ұя жасап берейік.

Үлестірмелі материялға назарларын аудару.

Жұмыстың орындау ретін балаларға түсіндіру.

Жұмыс істегенде бір-бірін итермеу.Балалар бір-біріне көмектесіп қол ұшын беру.

-Балалар ұяның негізгі бөлігі қандай пішін?(тіктөртбұрыш)

-Балалар ұяның шатыры қандай пішін? (үш бұрыш).

-Ал енді балалар бізге не жетіспей тұр? Мынау қандай пішін?(дөңгелек).

-Енді бұл дөңгелек пішінді қай жерге орналастырамыз?

Тіктөртбұрыштың ортасына.(балалардың жауабы)

Түсі қандай? (қоңыр)

Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.

Рефлексиялық түзетушілік: Балалар бүгінгі ашық оқу-қызметі сендерге ұнады ма?

Балалар сендер қандай тапсырмалар орындадыңдар?

Жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі ашық оқу-қызметіне жақсы қатыстыңдар.

Жарайсыңдар.Балаларды қошеметтеп жұлдызшалар тарату. Қонақтармен қоштасайық.:Сау болыңыздар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2021
634
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12