жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Күнтізбе жоспар
№21 жалпы орта білім беретін мектеп
ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНДЕ
Жезқазған -2019ж
Құрастырушы: Тусупбекова А.С, №21 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
«Ертегілер әлемінде» деген бағдарлама 5-6 жастағы балаларға арналған. Театр ойындары арқылы көрсетілетін әр-түрлі іс-әрекеттер, қимыл-қозғалыстар балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жан ашырлық қасиеттерін тәрбиелеуге жағдай жасайды және әлемді тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де тани білуге үйретеді. Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ……………………………………………………………………... 4
Түсінік хат………………...…………………………………………….......5
Перспективтік жоспар .……………………………………………………8
Технологиялық карталары.……………………………………………… 12
1– бөлім «Бауырсақ» ертегісі …………………… …………………….. 13
2 – бөлім«Шалқан» ертегісі …………………………………………….. 19
3 – бөлім «Үш аю» ……………………………………...……………… 23
4– бөлім «Үйшік» ………………………………………………………. 28
5– бөлім «Түлкі мен қоян» …………………………………………….. 33
6– бөлім«Қоянның үйшігі» ……………..……………………………… 37
7– бөлім«Жеті лақ және қасқыр» ………...……………………………. 42
8– бөлім«Алтын айдарлы әтеш» ………….....………………………… 47
9– бөлім«Ертегі әлемінде» …………….………………………………. 52
Ертегілер ………………………………………..……………………… 55
Суреттер ………………………………………………..……………….. 67
Қолданылған әдебиеттер ……………………………………....……….. 75
Білім мен тәрбие бастауын балалар ерте жастан бастап алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие беруде жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.
Н. К Крупская: «Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі». Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.
Мектеп жасындағы жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақ-саттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады.Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып,бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспен-шілікті арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркем-дік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиет-тері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалып-тасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиет -терді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан–жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ой-найды. Театрландырылған ойындар ойын–қойылымдары болып саналады, бұл жерде
балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді. Әр баланы жеке тұлға ретінде, оның шығармашылық әлеуметін, қабілеттілігімен қызығушылықтарын дамыту мақсатында құрылған күнтізбелік жоспар 5-6 жасар балаларға арналған. Оқу жылына 33 сағат жоспарланған, аптасына 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізіледі, бағдарлама 9 бөлімнен құрастырылған. Бұл бағдарламаның негізін құрайтын халық ауыз әдебиетінің түрі – ертегілер.
Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте деп» басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар жыры жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың арман-мұраты бейнеленген. Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасынын бір түрі. Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесін деп қараймыз. Әртүрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.
Театрлық іс-әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
Ойыншықтар театры – ең көп тараған түрі, бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.Жіптің көмегімен бақарылатын қуыршақтарды – марионеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң – солды ажыратады.
Үстел үстіндегі театры – сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады.
Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар:
- әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар;
- таяқшадан жасалған театр;
- «киндер - театры»;
- магнит театры;
- «мочалка театры»;
- үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады);
-
ағаш ойыншықтар, саздан жасалған
ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).
Суреттер
(картиналар) театры
– декорация мен кейіпкердің – суреттері.
Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының
дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің
мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет
барысында пайда болады, балалардың
қызығушылығын арттырады.
Фланелеграф театры – суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Көлеңкелі
театр
– жарық өте жақсы түскен экранда адамдар,
жануарлар және құстардың пішіндерінің
қозғалысына қарауды балалар өте жақсы
көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді
көлеңке театры арқылы айтуға болады.
Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге
үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын
оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді.
Көлеңке театрдың сақанасы экран болады.
Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан
жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді.
Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны
экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді
қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп
арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді
көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл
көріністер балалардың шығармашылықтарын
арттырады, ой өрістері дамытады.
Мақсаты:
Мектеп жасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық
және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.
Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге
тәрбиелеу.
Театрлық іс – әрекетті, ертегілерді пайдалана отырып – ойын дамыту.
Міндеттері:
• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті
мен ой
- өрісін, дүниетанымын
дамыту.
• Балаларды адамгершілікке баулу, нақты сөйлеуге, салмақты ой айтуға баулу.
• Баланың қиялын есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан
әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың
жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған
ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру.
Күтілетін
нәтиже:
Театр, оның түрлері туралы түсініктері болады.
Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды.
Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіріледі.
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Көрнекілік- құралдар
|
Саны |
1 |
«Бауырсақ» ертегісі
|
Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту. |
Фланелеграф, конус театры, қуыршақ театры, орамал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары |
1 |
2 |
«Бұл бауырсақ - кішкентай қу аң» |
Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықта-рын арттыру.
|
1 |
|
3 |
«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін...»
|
Тілдерін жаттықтыру. |
1 |
|
4 |
«Бауырсақ» ертегісінің қойылымы |
Балалардың ойын тиянақтау және өнерлерін іске асыру.
|
1 |
|
5 |
«Шалқан» ертегісі |
Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту.
|
Фланелеграф, саусақ қуыршақ театры, үстел үстіндегі театр, кейіпкерлердің атрибуттары |
1 |
6 |
«Ата мен әжемде қонақта болғанда» |
Шалқанды отырғызу кезінде айтылатын өлең шумағы арқылы балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту.
|
1 |
|
7 |
«Осындай үлкен шалқан...»
|
Белсенді балаларды кейіпкерлердің рөлдерін эмоция арқылы көрсете білуге үйрету.
|
1 |
|
8 |
«Шалқан» ертегісін сахналау |
Кейіпкерлердің рөлін атқара білуге дағдыландыру.
|
1 |
|
9 |
«Үш аю» ертегісі
|
Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту.
|
Сюжетті суреттер, қуыршақ театры, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары |
1 |
10 |
«Қане досым, сөзге қосыл»
|
Ойын арқылы кейіпкерлердіңрөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру.
|
1 |
|
11 |
«Үшаюда қонақта»
|
Тілдерін жаттықтыру.
|
1 |
|
12 |
«Үш аю» |
Балалардың ойын тиянақтау және өнерлерін іске асыру, ертегіні сахналау.
|
1 |
|
13 |
«Үйшік» ертегісі
|
Ертегіні еске түсіру арқылы бала- лардың тілдерін дамыту.
|
Фланелеграф, қуыршақ театры, кейіпкерлердің атрибуттары |
1 |
14 |
«Үйшік» ертегісі |
Балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту.
|
1 |
|
15 |
«Қәне досым, сөзге қосыл»
|
Белсенді балаларды кейіпкер- лердіңрөлдерін эмоция арқылы көрсете білугеүйрету.
|
1 |
|
16 |
«Көз көруге тоймайды,құлақ естуге жалықпайды» |
Кейіпкерлердің рөлін атқара білуге дағдыландыру,ертегіні сахналау.
|
1 |
|
17 |
«Түлкі мен қояндар» ертегісі |
Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру.
|
Конус театры, қуыршақ театры, кейіпкерлердің атрибуттары. |
1 |
18 |
«Түлкі, түлкі, түлкішек» |
Қимылды ойындар арқылы кейіпкерлердің рөлін айтып, белсенді балаларды таңдай отырып, қызығушылығын арттыру.
|
1 |
|
19 |
«Қу түлкі мен қорқақ қояндар» |
Ертегідегі қоян мен түлкінің сөздерін балаларға үйрету. Түлкі мен қояндар арасындағы диалог.
|
1 |
|
20 |
«Түлкі мен қояндар» |
Балалардың рөлді дұрыс ойнай білуін және сөздердегі әр дыбыстарды анық айтуларын қадағалау.Ертегіні сахналау.
|
1 |
|
21 |
«Қоянның үйшігі» ертегісі |
Ертегі мазмұнымен таныстырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру.
|
Фланелеграф, қуыршақ театры, кейіпкерлердің атрибуттары |
1 |
22 |
«Оқы да біл, ойна да күл» |
Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету.
|
|
1 |
23 |
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»
|
Кейікерлердің сөздерін дұрыс айтуларын қадағалау және рөлдерін ретімен орындауға үйрету. |
Ертегі суреттері, кейіпкерлердің атрибуттары |
1 |
24 |
«Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды» |
Ертегінің мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс – әрекетіне қарап, әсерлі көңіл- күйін білдіре отырып сезіне білуге үйрету. Ертегіні сахналау. |
1 |
|
25 |
«Жеті лақ және қасқыр» ертегісі. |
Ертегінің мазмұнын еске түсіре отырып тілдік қорларын байыту.
|
Фланелеграф, қуыршақ театры, кейіпкерлердің атрибуттары |
|
26 |
«Лақтарым менің, лақтарым менің....» |
Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету.
|
1 |
|
27 |
«Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге, сүт әкелді»
|
Ертегіге деген қызылушылықтарын арттыру. |
1 |
|
28 |
«Жеті лақ және қасқыр» ертегісі |
Әр баланың өз рөлін дұрыс орындауын қадағалау.Ертегіні сахналау.
|
1 |
|
29 |
«Алтын айдарлы әтеш» ертегісі |
Ертегінің мазмұнымен таныстыру.
|
Фланелеграф, кейіпкерлердің атрибуттары |
1 |
30 |
«Жібек сақалы бар, майға батырып алған басы бар» |
Кейіпкерлердің рөлдерін бере отырып, балаларға сөздері мен қимыл – қозғалыстарын үйрету.
|
1 |
|
31 |
«Сымбатты әтеш» |
Балаларды ертегіні диалог бойынша орындауға үйрету.
|
1 |
|
32 |
«Алтын айдарлы әтеш» ертегісі |
Ертегідегі кейіпкерлердің рөлін дұрыс орындауларын қадағалау, сахналау.
|
1 |
|
33-34 |
«Ертегі әлеміне саяхат» |
Өткен ертегілерді еске түсіріп, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тиянақтау.
|
Ертегі суреттері, кейіпкерлердің атрибуттары |
1 |
35-36 |
«Ертегі елі жермен келе, жатыр!» |
Ертегі кейіпкерлерінің жағымды – жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету. |
1 |
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАРЫ
1-бөлім
«БАУЫРСАҚ ЕРТЕГІСІ»
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 1-ші технологиялық картасы
Тақырыбы:«Бауырсақ».
Мақсаты:Балаларды ертегі мазмұнын түсініп оны әңгімелеуге, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып сөздік қорын байыту. Көңіл -күйлерін терең түсініп, аяушылық сезімге қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұн, қамыр,илеу.
Қостілдік компоненті:ұн - мука, қамыр- тесто, илеу- замесить.
Әдіс-
тәсілдер: Түсіндіру,
көрсету, сурет арқылы әңгіме ойын,
сұрақ-жауап, қортындылау.
Көрнекіліктер:
фланелеграф, кейіпкерлер сүреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
-Балалар, сендер ертегілерді көп білесіндер ме? -Ертегілерді жақсы көресіңдер ме? -Балалар ертегілерді естеріңе түсіріңдерші, олар қалай басталушы еді? - Олай болса мен сендерге бүгін бір тамаша ертегіні айтып беремін, сендер мұқият тыңдандар.
|
- Әрине. - Иә.
- Ерте, ерте, ертеде ...
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Тәрбиеші: - Бүгінгі сендермен танысатынымыз “Бауырсақ” ертегісі. - “Бауырсақ” ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? - Ертегі не жайында екен? - Бауырсақты кім пісіреді? - Бауырсақ қандай әрекет жасады? - Оның бұл ісі дұрыс па? - Ол жолда кімдерге кез болады? - Түлкі бауырсақты қалай жеп қояды? - Балалар сендер басқа қандай ертегі білесіңдер? Сөздік жұмыс. Дидактикалық ойын Ойынның шарты: үстел үстіндегі суреттер бойынша ертегідегі кейіпкерлерді құрастырады.
|
Тәрбиешінің айтқанын тыңдай отырады. Балалар жауабы: - бауырсақ, ата, әже, қоян, аю, қасқыр, түлкі.
Балалардың жауабы: Ата-әжесінен қашып кетті.
Сөздердің мәнін түсініп естерінде сақтайды. Әр түрлі пішіндерден ертегі кейіпкерлерін құрастырады. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Қорытынды. - Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысты? - Балалар, сендер де осы бауырсақтың ісін қайталамау үшін қандай болуларың керек? Жақсы жауап берген балаларды мадақтау. |
Балалар сұрақтарға жауаптар береді.
Балалардың жауабы: Ақылды болуымыз керек. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Суретке қарап мазмұнын түсіне біледі.
Түсінеді:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Қолданады:Сөздерді анық айтады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 2 – шітехнологиялық картасы
Тақырыбы: «Бұл бауырсақ-кішкентай қу аң».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерге бөлу.
Фланелеграф арқылы –қызығушылықтарын, қиялдарын,эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндау мен тіл байлықтарын дамыту. Мейрімді, тату –тәтті,
дос болуға үйрету.
Сөздік жұмыс: аңқау, қорқақ, қу, ашулы.
Қостілдік компоненті:аңқау - рассеянный, қорқақ - трусливый, қу - хитрый.
Әдіс- тәсілдер: әңгімелеу, суреттерді жапсыру арқылы қызықтыру,кейіпкерлерді талдау, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
- Балалар, «Бауырсақ ертегісі естеріңде ме? - Кәне естеріңе түсіріңдерші.
|
- Ия, білеміз. |
Іздену-ұйымдастырушы |
1) Кейіпкерлерді атап шығады. -Бұл кейіпкерлердің мінезі қандай? - Қоян? - Ал түлкі қандай? - Аю? - Қасқыр? - Бауырсақ? 3) Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ойларын түйіп айтқызу. 4) Баланың түсінгеніне қарай, жақсы қатысқанына қарай кейіпкерлерді таңдап, рольдерін беру. Қандай мінез қылықта болатындарын айту. |
Бауырсақ, қоян, түлкі, аю, әже, ата. - мейірімді, қорқақ, аңқау - қу, жаман - салмақты - ашулы - көңілді.
Ертегіні көре отырып ертегі мазмұнына сәйкес жауап береді, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талқылайды.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
- Бұл ертегіде кім сендерге ұнады? - Неге ертегі көңілсіз аяқталады?
|
Үй тапсырма: Балалар, үйге келгенде аналырыңа айтып беріңдер.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді.
Түсінеді:Таныс ертегінің соңын басқаша құрастырады.
Қолданады:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 3 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін....»
Мақсаты:Ертегіні зейін қойып тыңдай білуге, әртістік қабілетін дамыту.
Ертегінің желісі бойынша сұрақтарға жауап бере білуге,қысқаша мазмұндауға үйрету.Олардың дауысын салып қызыға ойнау дағдыларын қалыптастыру.Бір-бірлерін сыйлауға,көмектесуге,адамгершілік қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: аңқау, қорқақ, қу, ашулы.
Қостілдік компоненті:ертегі – сказка.
Әдіс-тәсілдер: өткенді қайталау, сурет жапсыру арқылы қызықтыру, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Шаттық шеңбері. - Балалар ертегілер еліне енеміз. - Балалар сендер басқа қандай ертегі білесіңдер? |
Тәрбиешінің айтқандарын тыңдай отырып, таныс ертегілердің кейіпкерлерін атайды. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Тәрбиеші: - Бүгінгі сендермен танысатынымыз “Бауырсақ” ертегісі. Ертегіні оқып отырып, балаларға түсіндіру. - Балалар, осы “Бауырсақ” ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? -Ертегі не жайында екен? -Бауырсақты кім пісіреді? -Бауырсақ қандай әрекет жасады? -Оның бұл ісі дұрыс па? -Ол жолда кімдерге кез болады? -Түлкі бауырсақты қалай жеп қояды? -Балалар сендер басқа қандай ертегі білесіңдер? Сергіту сәті: Дидактикалық ойын Ойынның шарты: үстел үстіндегі суреттер бойынша осы ертегідегі кейіпкерлерді құрастыру. |
Ертегіні тыңдай отырып ертегі мазмұнына сәйкес жауап береді, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талқылайды. Балалар жауабы: бауырсақ, ата, әже, қоян, аю, қасқыр, түлкі. Балалардың жауабы: Ата-әжесінен қашып кетті.
Жаңа сөздердің мәнін түсініп естерінде сақтайды. Әуенмен бауырсақты айналып билеу.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Қорытынды. Балаларды мадақтау. -Балалар, сендер де осы бауырсақтың ісін қайталамау үшін қандай болуларың керек? |
Балалардың жауабы: - Ақылды болуымыз керек. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді.
Түсінеді:Ертегіні тыңдайды,мазмұндайды.
Қолданады:Өз
ойларын жеткізе алады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 4 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісінің қойылымы.
Мақсаты:Ертегі,
әлеміне қызығушылығын қалыптастыру.
Ертегі
сахналау барысында кейіпкерлердің
мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.
Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін,
қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға
үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау
қабілетін дамыту. Кейіпкерлердің
жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып
көрсетебілуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бауырсақ .
Қостілдік компонент: бауырсақ - колобок.
Әдіс- тәсілдер: өткенді қайталау, тамашалау, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: ширма, кейіпкерлер атрибуттары.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Тәрбиеші:
- Балалар қане есімізге түсіріп
көрейікші, ертегілердің басы қалай
басталады? |
Балалар: - «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де...», - «Баяғы өткен заманда шал мен кемпір тұрыпты», - Пойызбен барайықшы, тез жетеміз. |
Іздену-ұйымдастырушы |
-
Біз ертегі әлеміне келдік, қане жайғасып
отырайық. 2. Далада жұр шапқылап, Керемет
тым саққұлақ, Оған
ұқсар жоқ құлақ. Ұнатпайды
ол кісіні. Тәтті
ұйқыға батады. -
Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай
ертегіде кездеседі екен? |
- түлкі
- қасқыр
- аю
- бауырсақ
Балалар мазмұнын айтып береді.
Балалар қуыршақтарын алып ертегіні сахналайды. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
- Ертегі қалай аяқталады? Балаларды мадақтау, бағалау |
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Суретке қарап мазмұнын түсіне біледі.
Түсінеді:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Қолданады:Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамиды.
2-бөлім
«ШАЛҚАН» ертегісі
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 1 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы «Шалқан».
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ- жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Көңіл-күйлерін терең түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Шалқан, көкөніс, үлкен.
Қостілдік компонент:Шалқан - репка.
Әдіс-тәсілдер: қызықтыру, әңгімелеу, таныстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, қуыршақ Әже.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Қонаққа қуыршақ Әже келеді. Балалармен амандасады. Әже сіздің келгеңігізге өте қуаныштымыз. Әже: -Балалар сендер ертегілерді көп білесіндер ме? - Ертегілер қалай басталушы еді? |
- Әрине.
- «Ерте ерте ерте екен, ешкі жүні бөрте екен» деп басталады. Білгендерін айтады. |
Іздену-ұйымдастырушы |
1) Ертегінін атын атау «Шалқан», кейіпкерлерді атап таныстыру - ата, әже, немересі, ит, мысық, тышқан. 2) Ертегіні мазмұндау. Фланелеграфқа суреттерді жабыстыра отырып түсіндіру. -Ерте, ерте, ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні ата барып шалқанды тартады, тартады, бірақ тарта алмайды. Ол кемпірді көмекке шақырады.......................... - Тек тышқан көмеккке келгенде шалқанды тартып алады. |
Балалар ертегі кейіпкерлерін атайды.
Ертегінің мазмұнын айтып береді.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Қойылған сұрақтарға жауап қайтарады. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
- Ертегіге қандай кейіпкерлер қатынасты? Жақсы қатынасқан балаларды мадақтау. |
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді.
Түсінеді:Ертегіні тыңдайды,мазмұндайды.
Қолданады:Өз
ойларын жеткізе алады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 2 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Ата мен әжемде қонақта болғанда..»
Мақсаты:Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу. Фланелеграф арқылы – қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндауды, тіл дамытуды көздеу. Мейірімді, тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шалқан.
Қостілдік компонент: шалқан - репка.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу, түсіндіру, өткенді қайталау, сурет жапсыру арқылы қызықтау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
- Балалар, алғашқы сабақта біз «Шалқан» ертегісімен таныстық. - Кім шалқанды екті? - Кім шалқанды тартты?
|
Балалар қызығушылықпен жауап береді.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
1) –Балалар, « Шалқан» ертегісі естеріңде ме? - Кәне есімізге түсірейікші. Бірінші кейіпкерлерді атап шығайық ата әже, немересі, ит, мысық, тышқан. - Бұл ертегіде кейіпкерлер бір біріне көмек бере ме ? 2) Балаларды тақтаға шақырып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ойларын түйіп айтқызу. Баланың түсінгеніне қарай, жақсы қатысқанына қарай 5 кейіпкерлерді таңдап, рөлдерін беру. Сергіту сәті.
|
Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп, орындайды. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ-жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау. - Бұл ертегіде сендерге кім ұнады? - Қоян кіммен дос болып қалды?
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Ұғынады:Суретке қарап мазмұнын түсіне біледі.
Түсінеді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Қолданады: Сөздерді анық айтып, есте сақтайды.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 3– ші технологиялық картасы
Тақырыбы:«Осындай үлкен шалқан».
Міндеттері: Ертегіні қайталай отырып таңдаған балаларға кейіпкерлердің сөздерін
айтып үйрету. Фланелеграф арқылы сөздердің дұрыс, анық, ашық айтуын қадағалау,
қимыл қозғалыстарын көрсете біліуін дамыту.Бір бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шалқан, үлкен, сарғылт.
Қостілдік компонент: шалқан - репа, үлкен - большая, сарғылт - оранжевая.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ –жауап, сұрақ- жауап, тамашалау.
Көрнекіліктер: Фланелеграф кейіпкерлер суреттері
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
- Біздің көзіміз. - Біздің құлағымыз. - Біздің қолымыз бізге бөгет болмайды, олар бізге көмектеседі.
|
- Көреді. - Мұқият тыңдайды. |
Іздену-ұйымдастырушы |
-Кім шалқанды екті? Алдарына атаның суретін қою. - Ата кемпірді қалай шақырады? - Кемпір немере қызды қалай шақырады? Сурет арқылы сөйлем құрастыру, тәрбиеші екі бейнені көрсетеді: ата кемпірді шақырады, кемпір Машаны шақырады, т.б....) Ойын: «Кім кімді шақырады?» Мақсаты: ертегіні қайталау. Ойын: « Кім жоқ?» Тәрбиеші: –Кім бірінші келді? Бейнесін алдында қояды. - Кім жоқ? Бейнесін қояды т. б -Кім кімге көмектеседі? - Маша кімге көмек берді? Сергіту сәті.
|
- Ата. - Кемпір кел, шалқанды тартайық. Балалар бірге шақырады. Балалар сөйлем құрастырады. Балалар сөйлем құрастырады. - Ата. - Кемпір. - Кемпір атаға көмек берді. Бәрі айтып ертегіні қайталайды. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
- Дұрыс, бәрі бір – біріне көмек беріп шалқанды тартып алды. - Ал, сендер, үйлеріңде кімге көмек бересіңдер?
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді.
Түсінеді:Ертегіні тыңдайды,мазмұндайды.
Қолданады:Өз
ойларын жеткізе алады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 4 – шітехнологиялық картасы
Тақырыбы:«Шалқан» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау.Кейіпкерлер атрибуттары арқылы – іс әрекеттерін, әсерлі көніл-күйлерін білдіре отырып, сезімдерді көрсете білу, рөлдердің дұрыс орындалуын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын,
техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шалқан, өсті, үлкен, тартты, жұлынбады.
Қостілдік компонент: көкөніс – овощ, өсті - выросла, үлкен - большая, тартты - тянул.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ –жауап, сахналау.
Көрнекіліктер: Ширма, кейіпкерлер атрибуттары.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Ертегіге қатысты атрибуттарымен бір – бірден таныстырылады. - Балалар, бұл кім? - Ал мынау кім? деп барлық кейіпкерлер шығарылып көрсетіледі.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді. Кейіпкерлерді танып атайды. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Тәрбиеші балаларды ширма жанына шығарады. Кейіпкерлер рольдерін ойнайтын балаларды тақтаға шақыру. Кейіпкерлердің атрибуттарын қолға киіді ұсынады. Сөздік жұмыс: шалқан, өсті, үлкен, тартты, жұлынбады. Балаларға сөздерді айтқызу. Қалған балалар көрермен ретінде тамашалауға отырғызу. Сергіту сәті.
|
Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп, орындайды. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
- Ертегі қалай аяқталады? Балаларды мадақтау, және бағалау.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Ұғынады:Суретке қарап мазмұнын түсіне біледі.
Түсінеді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Қолданады: Сөздерді анық айтып, есте сақтайды.
3-бөлім
«ҮШ АЮ» ертегісі
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 1 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Үш аю» ертегісі.
Міндеттері: балалардың білімін бекіту, ертегілер үзінділерін әнгімелей білу.
Балалардың елестету қиялдарын дамыту, сөздік қорын молайту. Көңіл –күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімі қамқоршыболуға үйрету.
Сөздік жұмыс: Аю, үш, алыс кетті, адасты, орман.
Қостілдік компонент:Ата – дедушка, әже – бабушка, рұқсатсыз – без спроса, үй – избушка, орман – лес, алысқа кетті – ушла далеко.
Әдіс-тәсілдер: таныстыру, түсіндіру, ойынмен қызықтыру, сұрақ-жауап, Д/о.
Көрнекіліктер: фланелеграф, орман, тоғай, үйдің және кейіпкерлердің суреті.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балалар, мен сендерге бүгін өте тамаша ертегіні айтып беремін. - Ал, сендер мұқият тындап отырыңдар.
|
Балалар қызығушылық танытады. |
Іздену-ұйымдастырушы |
- Балалар! Сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келеме? Ертегіні әңгімелеу: ..... Ерте,ерте ертеде бір кішкентай Настя деген қыз болыпты. - Мынау кімнің үйі? - Мында кімдер тұрады? Дұрыс, сендер өте ақылдысындар! - Балалар сендер шаршадындарма? Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық! Сергіту сәті: Қорбандаған аюдың Құлпынайы көп екен Теріп, теріп алайық Қалтамызға салайық
|
Тыныш отырып мұқиат тындайды.
- Аюдың.
- Папасы, Мамасы,
Баласы - Иә.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ –жауап арқылы сабақта түсінгендерін сұрау. Балаларды мадақтау. |
Балалардың тақпағы: Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді.
Түсінеді:Ертегіні тыңдайды,мазмұндайды.
Қолданады:Өз
ойларын жеткізе алады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 2 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Қане досым, сөзге қосыл».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөльдерін бөлу. Фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндаулары мен тілдерін дамыту.Мейірімді, тату-тәтті -, дос болуға үйрету.
Сөздік жұмыс: үш, аю, үлкен, орташа, кішкентай.
Қостілдік компонент: аю – медведь, ботқа – каша, ауыл – деревня, үйге кіру – войти в
дом, орманда адасу – заблудилась.
Әдіс – тәсілдер: ойынмен қызықтыру, сурет арқылы, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, суреттер.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Дидактикалық ойын «Ненікі?» Мақсаты: кейіпкерлер тандап, тілдерін дамыту, 3 қасық пен 3 тәрелке тарату.
|
Балалар үстел үстінде отырып айтады: «Бұл менің қасығым!..... Мен онымен сорпа ішемін!»
|
Іздену-ұйымдастырушы |
1) - Балалар, ертегінің кейіпкерлерін атап шығайықшы – Михаил Потапыч, Настасья Петровна, қонжық және Маша.
2) Балаларды тақтаға шақырып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып ойларын түйіп айтқызу.
3) Балалардың түсінгеніне қарай, жақсы қатысқанына қарай 5 кейпкерлерді тандап, рөльдерін беру. Сергіту сәті.
|
Балалар білетін аңдарды атайды. Олардың мекендерін айтады. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
Көрініске қатысады.
Ойын ойнай отырып, артық заттарды тауып көрсетеді.
Сөздерді қайталай отырып, қимылмен көрсетеді. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ –жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Кейіпкер образын көрсетеді, композиция құрады.
Түсінеді: Кейіпкерлердің іс - әрекеттерін, әсерлі – көңіл күйлерін көрсетеді .
Қолданады:Рөлдерді дұрыс орындайды.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 2 – шітехнологиялық картасы
Тақырыбы: «Үш аюға қонаққа барайық».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, тандалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету. Фланелеграф арқылы-сөздерін дұрыс, анық, ашық айтуын қадағалау, қимыл –қозғалыстарын көрсете білгендерін дамыту. Бір-бірлеріне қиын жағдайда көмектерін, ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Аюлар, үлкен, орташа, кішкентай.
Қостілдік компонент:Түнеу – переночевать, жібермеу – не отпускать, пісіру – варить,
уайымдау – тужить.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, сурет жапсыру, қателерін жөндеу, сұрақ –жауап.
Көрнекіліктер: фланелеграф, суреттер.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
- Алғашқы сабақта біз қандай ертегімен таныстық? - Кім кейіпкерлерін атап шығады?
|
Балалар қызығушылықпен жауап береді.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Балаларға ертегіні естеріне түсіру.
Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шақыру.
Балаларды тақтаға шақырып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу.
Сергіту сәті.
|
Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп, орындайды.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Қорытынды сұрақ –жауап арқылы қорыту Балалардың дұрыс емес жерлерін түзетіп отыру.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді.
Түсінеді:Ертегіні тыңдайды,мазмұндайды.
Қолданады:Өз
ойларын жеткізе алады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 4–ші технологиялық картасы
Тақырыбы:«Үш аю» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс -әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып сезімдерін көрсету. Рөльдерді дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашық көрсете білуге үйрету.
Сөздік жұмыс:
Қостілдік компонент:ауыл – деревня, үйге кіру – войти в дом, орманда адасу –
заблудилась, жібермеу – не отпускать.
Әдіс- тәсілдер: сахналау, сұрақ-жауап,
Көрнекіліктер: Ширма, атрибуттар.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балаларға сұрақтар қояды.
- Балалар, сендер қайда келдіңдер? - Балабақшада не істейсіңдер?
- Балабақшада ұнайдыма? - Балалар, сендер қалай ойнайсыңдар? |
Балалар қызығушылықпен жауап береді.
- Біз балабақшаға келдік.
- Ойнаймыз, өлең айтамыз, бейлейміз, ертегі тыңдаймыз. - Балабақша ұнайды. - Бірге, тату ойнаймыз.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
- Балалар, сендер қандай ертегілер білесіңдер? - Ертегі тыңдаған ұнайдыма? Сергіту сәті
- Ал менің қолымдағы кітап жай кітап емес сиқырлы кітап. Бұл сиқырлы кітапта «Үш аю» ертегісі бар. Балаларға ертегіні 2-3 рет қайталап оқып беру. |
Бауырсақ, Қызыл телпек, Түлкі мен тырна. - Ия. Аңдардың қимыл қозғалыстарын балалар көрсетеді. Оқыған ертегіні балалар мұқият тыңдайды . Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
- Балалар, ертегі не жайлы?
- Қызбен не болады? - Қыз кімннің үйіне барады? - Ертегі сендерге ұнадыма? Ойын «Аюдың апанында» Жақсы ат салысқан балаларды мақтап, мадақтайды. |
Тәрбиешінің сұрақтарын балалар жауап береді - Қыз орманнан жоғалып кетеді. - Аюдың үйіне барады. - Ия. Балалар ойынға бәрі бірге қатысады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Суретке қарап мазмұнын түсіне біледі.
Түсінеді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Қолданады: Сөздерді анық айтып, есте сақтайды.
4-бөлім
«ҮЙШІК» ертегісі
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 1-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.
Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, ондағы кейіпкерлерді жаңа техника
бойынша қабылдауға үйрету. Ойлау қабілеттерін арттыра отырып, іскерлік дағдыларын дамыту. Әдептілікке, өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Үйшік, ертегі.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, ойынмен қызықтыру, сұрақ – жауап. Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, орман суреті.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Ең алдымен балаларға ертегі туралы әңгімелеп, түсінік беру. Ертегі дегеніміз - біздің халқымыздың арман-қиялынан туған шығарма. Ертегілердің түр-түрі өте көп. Солардың бірі – «Үйшік » ертегісін бүгін мен сендерге оқып, түсіндіріп беремін.
|
Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдап отырады. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Ертегі кейіпкерлерін атап шығу – бақа, қоян, тышқан, т.б. Тәрбиеші мәнерлі рөлге еніп, ертегіні айтып береді. «Ерте, ерте, ертеде , Ешкі жүні бөртеде, Құйрық жүні ұзын екен, Қырғауылы қызыл екен...»деп бастайды. Ойын «Кім көп ертегі біледі?» Мақсаты: Ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сергіту сәті: Боран
соғады оң жақтан,
|
Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп, орындайды. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Балаларға бірнеше сұрақ қойып, ертегі туралы білімдерін жинақтап, өз сөздерімен әңгімелеуге дағдыландыру.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 2-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой-белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстетикалық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.
Сөздік жұмыс: Аю, үйшік, үлкен, кішкентай, сындырды.
Қостілдік компонент: үйшік – теремок, қосылып – вместе, тұрды – жили.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, өткенді қайталау, кейіпкер таңдау, ойнату, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Кітапша, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Аңдар туралы өлең оқу: «Ормандағы аю», «Ұзын құлақ сұр қоян», «Ақымақ қасқыр», «Қу түлкі» туралы.
|
Балалар өлеңдерді тыңдайды, қосылып қайталайды. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Өткен сабақты еске түсіру. - Балалар сендер қандай аңдарды білесіңдер? - Олар қайда мекендейді? - Қоян түсін өзгерте ме? Ертегі кейіпкерлерін фланелеграф тақтасына жабыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме бергізу. 3 – 4 баланы ортаға шақырып, шағын көрініс жасау. Дидактикалық ойын: «Не артық?» Ойынның мақсаты: Танымдық қасиеттерін, ой-өрістерін, қызығушылықтарын арттыру. Сергіту сәті: Ұзын құлақ, сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді.
|
Балалар білетін аңдарды атайды. Олардың мекендерін айтады. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
Көрініске қатысады.
Ойын ойнай отырып, артық заттарды тауып көрсетеді.
Сөздерді қайталай отырып, қимылмен көрсетеді. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау, бағалау. Сұрақ – жауап бойынша сабақты қортындылау.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдайды.
Түсінеді:кейіпкерлерге мінездеме береді.
Қолданады:рөлдерге еніп, көрініс көрсетеді.
3 – ші сабақ
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Тақырыбы: «Қане досым, сөзге қосыл».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, балаларға кейіпкерлер сөздерін дұрыс, анық айту, сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыруды, сөздік қорын дамыту, ертегі туралы алған білімдерін, ойын-жаттығу арқылы тиянақтау. Атрибуттар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл – күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
Әдіс-тәсілдер: өткенді қайталау, түсіндіру, әңгімелеу, ойнау, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Ең алдымен балаларға ертегі туралы әңгімелеп, түсінік беру. Ертегі дегеніміз - біздің халқымыздың арман-қиялынан туған шығарма. Ертегілердің түр-түрі өте көп. Солардың бірі – «Үйшік » ертегісін бүгін мен сендерге оқып, түсіндіріп беремін. |
Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдап отырады. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Ертегі кейіпкерлерін атап шығу – бақа, қоян, тышқан, т.б. Тәрбиеші мәнерлі рөлге еніп, ертегіні айтып береді. «Ерте, ерте, ертеде , Ешкі жүні бөртеде, Құйрық жүні ұзын екен, Қырғауылы қызыл екен...» деп бастайды. Ойын «Кім көп ертегі біледі?» Ойынның мақсаты: Ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сергіту сәті: Боран
соғады оң жақтан, |
Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді. Қимылмен көрсетіп, орындайды. |
|
Балаларға бірнеше сұрақ қойып, ертегі туралы білімдерін жинақтап, ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп беруге дағдыландыру. |
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Ертегі мазмұнын түсінеді.
Түсінеді: Әдепті болуға, көмек беруді түсінеді.
Қолданады:Ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп береді.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 4 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды».
Мақсаты: Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы – іс - әрекеттерін, әсерлі – көңіл-күйлерін білдіре отырып сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрысорындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге,оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу. Кейіпкер образын көрсете білуге, композиция құрауға үйрету, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Сөздік жұмыс: қоян, қасқыр.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсеті, түсіндіру, сахналау.
Көрнекіліктер: Сахна, кейіпкерлер атрибуттары, көрме.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Қонаққа сиқыршы келеді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендердің бүгінгі ертегілеріңді тамашалауға келдім. - Бүгін біз ««Қасқыр мен қоян» ертегісін сахналаймыз. Кейіпкерлер келіңдер қайдасыңдар?
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Іздену-ұйымдастырушы |
1)Балаларға қасқыр мен қоян ертегісін естеріне түсіру. Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару– қоян мен қасқырды. 2) Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу. Қалған балалар көрермен ретінде тамашалауға отырғызу. 3) Балалар сөздерді ашық, анық, бар эмоциямен сахналатқызу. Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкерлер атрибуттарын қарсы алғызу. Сергіту сәті. |
Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп, орындайды.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Көрермендер кейіпкерлерді бағалау. Сұрақ – жауап. Мадақтау.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегі әлеміне қызығушылық білдіріп, мағынасын түсінеді.
Түсінеді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнайды.
Қолданады: Сөздерді анық айтады, есте сақтауды үйренеді.
5-бөлім
«ТҮЛКІ МЕН ҚОЯН» ертегісі.
Білім беру саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 1 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» ертегісі.
Мақсаты: Ертегі суреттері арқылы мазмұнымен таныстыру. Дидактикалық ойын арқылы ой - өрістерін, танымдық қасиеттерін кеңейту. Балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылығын Ойлау қабілеттерін арттыра отырып, іскерлік дағдыларын дамыту.
Сөздік жұмыс: Үңгір, азық, озбырлық.
Қостілдік компонент:Үңгір -, азық - продукты.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, жалмауыз кемпір атрибуты.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Қонаққа жалмауыз кемпір кіреді. Жалмауыз кемпір: - «Е, е, е –(айқайлап), мен сендерді қазір өзімнің үйіме алып кетіп, бір – бірлеп жеймін» - дейді. Жалмауыз кемпір: - Айтыңдар қане ертегілеріңді, ұнаса жемеймін, ұнамаса алып кетемін.
|
Жоқ жалмауыз кемпір, бізді ешқайда әкетпеші, біз саған ертегі айтып береміз. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Ертегініатау: «Түлкі мен қоян » ертегісі. Фланелеграфқа суреттерді жапсыра отырып, түсіндіру. - Ұзын құлақ сұр қоян қашып келіп, бұта түбіне бұғып отырғанда, артынан бір қу түлкі ізіне түсіп, жортып келе жатыр екен. Қоянның екі құлағынан бас салып ұстап алды. Қоян түлкіні сол кезде алдап жіберіп, құтылып кетеді. - Бұл ертегіде қоян аңқау болса да, қулақ жасап, өз өмірін сақтап қалды. Ал түлкі керсінше, қоянға алданып қалды. Дид.ойын: «Ойлап тап!». Сергіту сәті.
|
Кейіпкерлерін атайды –қоян, түлкі .
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Бұл ойын арқылы жануарлар мінез-құлықтарын терең танып түсінеді. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Жалмауыз кемпір: - Балалар маған сендердің ертегілерің ұнады, сендерге тағы да келуге бола ма? Сау болыңдар.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 2 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Түлкі, түлкі, түлкішек».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой-белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстети -калық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.
Сөздік жұмыс: түлкі, қоян, үй, мұз, ағаш.
Қостілдік компонент:
Әдіс-тәсілдер:
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Жұмбақ жасыру: 1. Халық қу деп Қылған күлкі Бұл не ... 2. Қорқақ жасық Құлағы ұзын Бұл не ...
|
Балалар жұмбақтардың шешімін табады.
-Түлкі.
- Қоян. |
Іздену-ұйымдастырушы |
- 1) Балалар қоян мен түлкі ертегісін есімізге түсірейікші, кейіпкерлерін атап шығайық. Ертегі кейіпкерлерін фланелеграф тақтасына жабыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме бергізу. Дидактикалық ойын: «Не артық?» Ойынның мақсаты: Танымдық қасиеттерін, ой-өрістерін, қызығушылықтарын арттыру. Сергіту сәті. |
Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп, орындайды.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау, бағалау. Сұрақ – жауап бойынша сабақты қорытындылау.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 3 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Қу түлкі мен қорқақ қоян».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, балаларға кейіпкерлер сөздерін дұрыс, анық айту, сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыруды, сөздік қорын дамыту, ертегі туралы алған білімдерін, ойын-жаттығу арқылы тиянақтау. Атрибуттар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл – күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
Сөздік жұмыс:
Қостілдік компонент:
Әдіс-тәсілдер:
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Тосын сәт: Қонаққа ит келеді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Ит: - Менімен ешкім дос боғысы келмейді, бәріде қорқады. - Балалар біз иттен қорқамыз ба?
|
- Сәлеметсің бе, ит. Саған не болды, сен неге сондай көңілсізсің? - Біз қорықпаймыз, сенімен дос боламыз.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
- Бүгін біз «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналаймыз. Сен келіп балалармен тамашала. Балаларға «Түлкі мен қоян» ертегісін естеріне түсіру. Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу. Қалған балаларды көрермен ретінде тамашалауға отырғызу. Сергіту сәті: Көрермен балаларға сұрақ қойып, түсінгендерін тексеру.
|
Балалар Итті шақырады.
Сұрақтарға жауап береді. Таңдалған кейіпкерлерді тақтаға шығару – қоян мен түлкіні. Балалар сөздерді ашық, анық айтады. Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкер атрибуттарын қарсы алу. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
-«Балалар рахмет сендерге, мен бірсыпыра қуанып, көңіл көтеріп қалдым. Кеш батпай үйіме қайтайын. Сау болыңдар!» - деп кетіп қалады. Кейіпкерлерді бағалау, мадақтау.
|
Кейіпкерлерді бағалау, мадақтау. Балалар көргендерін, түсінгендерін тексеру. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Суретке қарап мазмұнын түсіне біледі.
Түсінеді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Қолданады: Сөздерді анық айтып, есте сақтайды.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 4 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау
Мақсаты: Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау.
Кейіпкерлер атрибуттары арқылы – іс - әрекеттерін, әсерлі – көңіл күйлерін білдіре отырып сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге,оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу. Кейіпкер образын көрсете білуге, композиция құрауға үйрету, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Сөздік жұмыс: қоян, түлкі.
Көрнекіліктер: Ширма, кейіпкерлер атрибуттары, көрме.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Қонаққа ит келеді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар? - Менімен ешкім дос боғысы келмейді, қорқады. - Балалар біз иттен қорқамыз ба? - Бүгін біз «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналаймыз. Сен келіп балалармен тамашала.
|
- Сәлеметсің бе, ит. Саған не болды, сен неге сондай көңілсізсің? - Біз сенен қорықпаймыз және сенімен дос болуға дайынбыз. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Көрермен балаларға сұрақ қойып, түсінгендерін тексеру. Балаларға түлкі мен қоян ертегісін естеріне түсіру. Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу. Қалған балаларды көрермен ретінде тамашалауға отырғызу. Сергіту сәті.
|
Таңдалған кейіпкерлерді тақтаға шығару – қоян мен түлкіні. Балалар сөздерді ашық, анық айтады. Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкер атрибуттарын қарсы алу. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
-« Балалар рахмет сендерге, мен бірсыпыра қуанып, көңіл көтеріп қалдым. Кеш батпай үйіме қайтайын. Сау болыңдар!» - деп кетіп қалады. Көрермендер балаларға сұрақ қойып, түсінгендерін тексеру. Кейіпкерлерді бағалау, мадақтау.
|
Кейіпкерлерді бағалау, мадақтау.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
6-бөлім
«ҚОЯН МЕН ТҮЛКІНІҢ ҮЙШІГІ» ертегісі.
Білім беру саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
1 – ші сабақ
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Тақырыбы: «Қоян мен түлкі».
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.Мимикалық дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.Көңіл – күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Шалғы, ағаш және мұз үйшіктері.
Әдіс-тәсілдер: Қызықтыру, әңгімелесу, таныстыру, түсіндіру, әңгімелеу, ойынмен қызықтыру, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, Ерден ата қуыршағы.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балалар біздің бүгінгі сабағымызға Ерден ата келіпті. Ерден ата, біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз. Ерден ата: - Балалар сендер ертегілерді көп біледі деп естідім? - Ертегілерді жақсы көресіңдер ме? - Балалар ертегілерді естеріңе түсіріңдерші, қалай басталушы еді? |
Балалар амандасады. - Әрине.
- Иә. - «Ерте, ерте, ертеде...» деп немесе «Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен...» деп басталады.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Бүгінгі біздің ертегіміз «Қоян мен түлкінің үйшігі» деп аталады. Ертегіні баяндау. Фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру. - Ерте, ерте, ертеде бір қоян мен түлкі орманда өмір сүріпті. . . Қоян үйшігі ағаштан, ал түлкінің үйшігі мұздан жасалған екен. . . Д/о (мимикалық): Кейіпкерлердің көңіл - күйлерін салу. |
Кейіпкерлерді атайды – Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтеш.
Ертегіні мұият тыңдайды. - Қоян жылап тұр. - Ит пен аюдың қорықты. - Әтеш пен қоянның қуанышы. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау. |
Ертегінің кейіпкерлерін атайды. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 2 – ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Оқы да біл, ойна да күл».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерді бөлу.
Фланелеграф арқылы - қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндау және тіл байлықтарын дамыту.Мейірімді, тату-тәтті, дос
болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Шалғы, ағаш және мұз үйшіктері.
Қостілдік компонент: ағаш – деревянный, мұз – ледяной,домики - үйшіктері.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, өткенді қайталау, сурет жапсыру арқылы қызықтыру, кейіпкер таңдау, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балаларға жұмбақ жасыру - «Сыбдырдан қорқады, Шошынып жортады. |
Жұмбақтың шешімін айтады: - Қоян. |
Іздену-ұйымдастырушы |
- Балалар қоян мен түлкі ертегісі естеріңде ме? - Кейіпкерлерді атап беріңдерші. - Ертегіде кейіпкерлердің мінезі қандай?
- Ертегі соңында қоян ба, әлде түлкіні кім жеңеді? - Қоянға кім көмектеседі? Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ойларын түйіп айтқызу. Баланың түсінгеніне, жақсы қатысқанына қарай 5 кейіпкерді таңдап, рөлдерді бөлу. Сергіту сәті. |
– Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтеш. Қоян мейірімді, қорқақ , аңқау, Түлкі қу, жаман, ит пен аю қорқақ, әтеш батыр, күшті болып келеді. - Әтеш. Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады. Қимылмен көрсетіп, орындайды |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау. - Бұл ертегіде сендерге кім ұнады? - Қоян кіммен дос болып қалды? |
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Суретке қарап мазмұнын түсіне біледі.
Түсінеді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Қолданады: Сөздерді анық айтып, есте сақтайды.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 3 –ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды».
Мақсатары: Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету.Сөздерді дұрыс, анық, ашық айтуларын қадағалау, қимыл – қозғалыстарды көрсете білуді дамыту. Бір – біріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: дос, жау.
Қостілдік компонент:ағаш – деревянный, мұз – ледяной, дос – друг.
Әдіс-тәсілдер: Тәрбиелеу, түсіндіру, өткенді қайталау.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балаларға тәрбиежағынтүсіндіре отырып, мақалдап айту. Мақал:Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. - Бір – бірлеріңе дос болсаңдар ешкім сендерге тиіспейді де, ешкім сендерді ренжіте алмайды. Дос қиын кезде көмектеседі.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. Мақалды қайталайды. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Балаларға қоян мен түлкі ертегісін естеріне түсіру. Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару– Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтешті. Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу. Қате жерлерін түзетіп отыру. Сергіту сәті.
|
Таңдалған кейіпкерлерді тақтаға шығару – қоян мен түлкіні. Балалар сөздерді ашық, анық айтады. Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкер атрибуттарын қарсы алу. Балалар сөздерді ашық, анық айтады. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорыту. Балаларды мадақтау.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 4-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды»
Мақсаты: Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы – іс - әрекеттерін, әсерлі – көңіл күйлерін білдіре отырып сезіндіріп көрсету. Рөлдердің дұрыс орындалуын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:аңдар, достар, қосылып тұрды.
Әдіс-тәсілдер: Тәрбиелеу, түсіндіру, өткенді қайталау, тамашалату, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: Ширма, кейіпкерлер атрибуттары.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балалар бұл кім? Қоян. Ал мынау кім? – деп, барлық кейіпкерлер шығарылап көрсетіледі. Балалар бұл кейіпкерлер қандай ертегіде ойнайды? «Қоян мен түлкі үйшік» ертегісінде.
|
Балалар қызығушылық білдіреді.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Балаларға қоян мен түлкі ертегісін естеріне түсіру. Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару– Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтешті. Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу. Қалған балаларды көрермен ретінде тамашалауға отырғызу. Балаларға сөздерді ашық, анық, бар эмоциямен сахналатқызу. Көрермендерге қолдарын шапалақтатып, кейіпкерлер атрибуттарын қарсы алғызу. Сергіту сәті.
|
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп, орындайды. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы ертегіні аяқтау. Көрермендерге қандай кейіпкер жақсы ойнағанын сұрау. - Ертегі қалай аяқталады? Балаларды мадақтау, бағалау.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
7-бөлім
«ЖЕТІ ЛАҚ» ертегісі
Білім беру саласы: Қатынас
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 1-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Жеті лақ және қасқыр» ертегісі.
Мақсаты:«Қасқыр мен жеті лақ ертегісінің үзіндісіне тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту. Ертегінің мазмұнын еске түсіре отырып, тілдік қорларын байыту, ой өрістерін дамыту. Сұрақ -жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Мимиканың дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығарылауын дамыту. Көңіл – күйлерін көтеріп, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу..
Сөздік жұмыс: тоғай, лақ , ешкі, қасқыр.
Әдіс –тәсілдер: Сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекіліктер:Фланелеграф, суреттер, ойыншық жеті лақ, ешкі, қасқыр.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балаларға суретті көрсетіп: - Бүгінгі жаңа ертегімен танысамыз « Қасқыр мен жеті лақ». - Балалар қасқыр туралы не білесіңдер? - Қандай жануар? - Ешкі,лақ қандай жануар? - Лақ туралы қандай өлең.тақпақ білесіңдер.
|
Балалар суретке назар аударады.
- Қауіпті аңдарға жатады. - Жабайы жануар. - Үй жануарлары. - Етімен, сүтімен пайдалы. Лағым-ау лағым, Ерке тотай шұнағым. Ағаштарды кемірсең, Құлағыңды жұламын.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Ертегінің атын атау: «Жеті лақ ....»Кейіпкерлерді атап таныстыру: - Ешкі, лақ, қасқыр сөздері Ертегіні әңгімелеу: фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру. Дидактикалық ойын(мимикалық) Мақсаты: кейіпкерлердің көңіл күйін салғыздыру. - ешкінің өтініші, - лақтардың ақылдылығы, - қасқырдың алдауы. Сергіту сәті: |
Сөздерді қайталайды. Ертгінін мазмұнын мұқият тыңдап отырады.
Ойынға белсенді қатысады, әр кейіпкердің образына еніп, оның көңіл-күйін көрсетеді.
Көлбең, көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Қасқыр қалай жүреді, Қасқыр былай жүреді. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Қорытынды: - Балалар барлығымыз ертегіні жақсы түсіндік пе? - Қызықты болды ма?
|
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 2-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Лақтарым менің, айналайын, лақтарым менің!»
Мақсаты:Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, Ойын арқылы рөлдерге
бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету және тілдерін дамыту. Мәнерлі сөйлесу дағдыларын жетілдіру, шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аудару, сөз өнеріне, шешендікке баулу. Кейіпкерлер және олардың әрекеті жөнінде өзінің көзқарасын айта білуге үйрету.
Фланеграф арқылы қызығушылықтар мен қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндаулары мен, тіл байлықтарын байыту.
Мейірімді, тату- тәтті дос болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Өмір сүріпті – жыли-были, ешкі – коза, лақтар – козлята, үй – избушка,
домик, шеше – мать, бабушка, сүт – молоко, қасқыр – волк.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, үсіндіру, өткенді қайталау, сурет жапсыру арқылы қызықтыру.
Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреті.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балаларға жұмбақ тапсыру: «сегіз тұяғы бар, иегінде сақалы бар» (ешкі) |
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Балалар «Жеті лақ және қасқыр» ертегісін естідіндер ме? Бірінші кейіпкерді атап шығайық: ешкі, лақ, қасқыр. - Бұл ертегіде кейіпкерлердің мінезі қандай? Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ойларындағы түйінін айтқызу. Балалардың түсінгендеріне, жақсы қатысқандарына қарай, кейіпкерлерді таңдап, рөлдерін беру. Сергіту сәті:
|
Балалар ертегі кейіпкерлерін аиайды.
Ешкі – ақылды, жауапты. Лақтар – анасын тыңдайды, тіл алғыш. Қасқыр – жаман, жыртқыш, лақтарды жегісі келеді. Шөре – шөре лағым. Тентек болма шырағым, Секектеме, деміңді ал. Селтеңдемей құлағың. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау. - Бұл ертегіде сендерге кім ұнады? - Лақтары кіммен қалады? |
Балалардың жауаптары. Балалар ойларымен бөліседі, түсінгендерін айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 3-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге сүт әкелді!
Мақсаты: Ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Ертегіні қайталай отырып,
таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету. Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту. Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелеуге үйрету. Баланы ойлауға, қорытынды жасауға, қиялдауға, сұлулықты тануға баулу.
Сөздерді дұрыс, анық, ашық айтатынын қадағалау, қимыл – қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.Бір – біріне қиын жағдайда көмектесіп, адамгершілік қасиеттерін қалыптыстыпу.
Сөздік жұмыс:ешкімге ашпаңдар, темір ұста, ешкі, лақтар, алдады.
Қостілдік компонент: Дыбыс – голос,темір ұста– кузнец, ор – яма, қарын –
брюхо, жиналды – собралась,ешкімге ашпаңдар – никому не отпирайте.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, өткенді қайталау, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балаларға жұмбақ жасырады: Жарға шығып ойнайды, Ойыныңа бір тоймайды. Болса –дағы саналы, Секеңдеуді қоймайды. - Жақсы, дұрыс шештіңдер. Ақ, ақ секеңдейді лақ.
|
Жұмбақтың шешімін табады.
- Ешкі. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Балаларға ешкі, лақтар және қасқыр ертегісін естеріне түсіру. Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару: жеті лақ (Балаларды) олардың қуаныштарын бөлісуі. Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу. 3. Балаларға сөздерін ашық, анық бар эмоциямен айтқызу. III Сергіту сәті
|
Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп, орындайды.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорыту. Балаларды мадақтау, бағалау.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 4-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Жеті лақ және қасқыр» ертегісін сақналау.
Мақсаты:Қасқыр мен жеті лақ ертегісінің үзіндісіне тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту. Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс әрекеттерін, әсер көңіл күйлерін білдіре отырып сезіндіріп көрсету. Қиялдарын, естетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: Есік қағу – постучать в дверь, жорту – рыскать, тыңдау – слушать, ән
айту - петь, алдау – обхитрить, күтті - дождался
Әдіс-тәсілдер: Атрибуттармен қызықтыру, түсіндіру, өткенді қайталау.
Көрнекіліктер: ширма, кейіпкерлер атрибуттары.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Ертегі атрибуттарымен таныстырады. - Балалар бұл кім? - Ал мынау кім? - Ал мынау ше? - Балалар бұл кейіпкерлер қандай ертегі де ойнады? |
Балалар қызықтап тамашалайды. - Ешкі. - Лақтар. - Қасқыр - «Жеті лақ және қасқыр» ертегісінде.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Балаларға жеті лақ және қасқыр ертегісін естеріне түсіру таңдалған кейіпкерлерді тақтаға шығару. - Бұл ертегіде:Үй жануарларына жатады. Етімен, сүтімен бізге пайдалы. Ешкі мейрімді анасы боласың, ал лақтар – ақылды, тіл алғыш боласыңдар. - Ал қасқыр – жаман, айлакер, жыртқыш болады. Жабайы жануар, Қауіпті аңдар қатарына жатады. Балаларды ширма жанына шығарып, сөздерін айтқызу. Қалған балалар көрермендер ретінде тамашалауға отырғызу. Балалар сөздерді ашық, анық бар эмоциясымен сахналатқызу.
|
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар тақтаға шығады. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
Кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерді қайталайды.Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкерлерді қарсы алады. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы ертегіні сақтау. Қуанышты екенін айтып ескерту. Балаларды мадақтау, бағалау.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
8 - бөлім
«АЛТЫН АЙДАРЛЫ ӘТЕШ» ертегісі
Білім беру саласы: Қатынас
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 1-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Алтын айдарлы әтеш» ертегісі».
Мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.
Міндеттері: а) Ертегінің не жайында баяндалғанын, қалай аяқталғанын, көмекші сұрақтарға сүйеніп, ауызша талдап, мәнісін түсіндіріп баяндауға үйрету.
Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелетуге үйрету, мәнерлі сөйлеу дағдыларын үйрету. Шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аударту. Кейіпкерлер және олардың әрекеті жөнінде өзінің көзқарасын айта білуге үйрету.
ә) Баланы ойлауға, қорытынды жасауға, қиялдауға баулу.
б) Көңіл күйлерін терең түсінуге, сұлулықты тануға, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, Шопан ата қуыршағы.
Сөздік жұмыс. Айдарлы, оттық (қорадағы), сұлу, жетіген.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Қонаққа Шопан ата келді, Шопан ата, біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз. - Балалар, сендер ертегіні көп білесіңдер ме? - Ертегіні жақсы көресіңдер ме? Жұмбақтар жасырады. - Ендеше «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін тыңдаңдар.
|
Балалар амандасады.
- Әрине. - Иә. Ертегі кейіпкерінің табады. |
Іздену-ұйымдастырушы |
1. Кейіпкерлермен таныстыру. 2. Ертегіні айта бастау. Фланелеграфқа кейіпкер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру. Ертеде бір алтын айдарлы әтеш пен мысық дос болыпты, екеуі бір үйде тұрыпты. Әтешті, мысығы жоқта екі – үш рет түлкі алдап, алып кетеді. Тек мысық, үш рет барып, түлкіден қорғап, әтешін алып қайтады. 2) Д/о. Кейіпкердің көңіл-күйлерін салу (мимикалық). Мысалы: Әтеш, түлкіге алданып қалды. Түлкі – қу, айлакер Мысық – пысық, өжет, қамқоршы. ІІІ. Сергіту сәті. Әтеш әнге басады Әтеш ұйқы ашады. |
Балалар қызығушылық білдіреді. Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады. Сұрақтарға жауап береді. Таңдалған кейіпкерлерді тақтаға шығару – қоян мен түлкіні. Балалар сөздерді ашық, анық айтады. Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкер атрибуттарын қарсы алу. Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді. Қимылмен көрсетіп, орындайды. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін сұрау. - Балалар ертегі ұнады ма? - Қызықты ма? - Кәне балалар, алтын айдарлы әтешті қорғап қалған мысыққа қошеметтеп, қол соғып қояйық.
|
Сұрақтарға жауаптар береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 2-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Жібек шашақты сақалы бар, майға батырып алған тәрізді басы бар».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлеін таңдау, рөлдерді бөлу.
Балаларға сөздері мен қимыл қозғалыстарын үйрету. Көркем сөздер арқылы балалардың тілін, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін арттыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, еске түсіру, ойлау т.б. Фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Байқағыштыққа, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке, дос болуғатәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Әтеш, мысық, түлкі,
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Жұмбақ жасыру: - Ерте тұрады Жыр шақырыды. - От басында құмған, Екі көзін жұмған
|
Балалармен
- Әтеш.
- Мысық. |
Іздену-ұйымдастырушы |
- Балалар, алтын айдарлы әтеш ертегісі естеріңде ме? Суреттерді көрсете отырады. - Бұл ертегіде кейіпкерлердің мінездері қандай? Әтеш – аңқау. Мысық – ақылды, қамқор болады. Түлкі – қу, айлакер. - Ертегі соңында кім жеңеді? - Мысық па, әлде түлкі ме? - Әтешке кім көмектеседі? 2) Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ой түйінін айтқызу. 3) Балалардың қабілеттеріне қарай кейіпкерлерді таңдап, рөлдерді беру.
|
Балалар ертегі мазмұнын естеріне түсіреді. Кейіпкерлерді атайды: - Әтеш, - мысық, - түлкі.
- Мысық.
Қандай мінез-құлықта болатынын айтады.
Ертегіден көрініс үзіндісін сахналайды. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау. - Бұл ертегіде сендерге кім ұнады? - Әтеш кіммен қалды?
|
Балалар сұрақтарға жауап айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 3-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Сымбатты әтеш».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, балаларға кейіпкерлер сөздерін диалог бойынша орындауға үйрету.Балалардың ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту.Фланелеграф арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтуларын қадағалау, қимыл-қозғалыспен көрсете білуді дамыту. Қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Ұқыптылыққа, шеберлікке баулу, эстетикалық талғамын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, өткенді қайталау, тамашалау, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Суреттер театры, ойыншық Әтеш, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақ келеді. - Ол не екен? - Достар, бүгін мен сендердің топтарыңа, өзімнің сымбатты досым әтеш туралы айтайын деп келдім.
|
Балалар қызығушылық танытады. - Тауық.
Балалар тыңдап отырады. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Балалардың естеріне алтын айдарлы әтеш ертегісін түсіру. - Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару. - Мысық қандай? - Әтеш қандай? - Түлкі қандай аң? - Қоян қандай? Түлкінің есту, иіс сезу қабілеті ерекше. Бірақ көзбен көруі - әлсіз. Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу. Қате жерлерін түзетіп отыру.
|
- Мысық, түлкі, әтеш.
- Мысық ақылды. - Әтеш – аңқау, ақымақтау - Түлкі – қу, айлакер. - Ең сүйікті: тышқан, көжек, балықпен қоректенеді. Кейіпкерлерді атайды. Балалар сөздерді ашық, анық айтады. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау. Балаларды мадақтау. |
Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Диалог бойынша орындайды.
Түсінеді:Кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз жақтарын біледі.
Қолданады: Суреттер театрыарқылы қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 4-ші технологиялық картасы
Тақырыбы: «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін сахналау.
Мақсаттары:
а) Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау.
Ертегідегі кейіпкерлердің рөлдерін дұрыс орындауларын қадағалау.
Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту.
ә) Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, көңіл-күй әсерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауларын қадағалау.
Ұқыптылыққа, мейірімділікке, шеберлекке баулу, эстетикалық талғамын арттыру.
б) Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету,тамашалау,сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: Сахна, кейіпкерлер атрибуттары.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Сабаққа бір-бірден ертегі атрибуттары кіріп таныстырылады. - Балалар бұл кім? - Ал мынау кім? - Балалар бұл кейіпкерлер қандай ертегілерде ойнайды?
|
- Мысық.
Балалар барлық кейіпкерлер атайды. - «Алтын айдарлы әтеш» ертегісінде. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Балалардың естеріне «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін түсіру. Бұл ертегіде мысалы: сен мысық – ақылды, қамқоршы боласың, әтеш – ақылсыз сенгіш боласың, ал түлкі сен – қу, жаман боласың дейміз. Қалған балаларды көрермендер ретінде тамашалауға отырғызу. Балаларға сөздерді анық, ашық айтқызып, бар эмоциясымен сахналатқызу. Көрермендерге қолдарын шапалақтатып кейіпкерлер атрибуттарын қарсы алғызу. |
Таңдалған кейіпкерлер - мысық, әтеш, және түлкіні тақтаға шығады.
Балаларды ширма жанына шығады, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтады. |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сұрақ – жауап арқылы ертегі сабағын аяқтау. - Ертегі қалай аяқталды? Балаларды мадақтау, бағалау.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
9 - бөлім
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 1–ші, 2–ші технологиялық картасы
Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат.
Мақсаты: «Ертегілер әлеміне саяхат» деген тақырыптағы сабақта балаларды қоршаған ортамен таныстыру ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ертегінің қалай басталып, қалай аяқталатыны жайлы ұғымын бекіту, есте сақтау, және қайта айтып бере алу дағдыларына үйрету.
Әдіс –тәсілдері: Көрсету, сұрақ – жауап,, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: Ертегі кітаптарды «Жеті лақ», «Шалқан» ертегілерінің стол үстіндегі көрінісі арқылы әңгімелеп беру, ғажайып орман көрінісі-құстар, тасбақа, орман аңдары пайдаланылады.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
«Ерте, ерте, ертеде» әуені . - Балалар, сендер «Ертегілер әлеміне» барғыларың келе ме? – Ендеше бүгін біз «Ертегілер әлеміне саяхатқа барамыз». Тосын сәт: Қызыл Телпек келеді. - Ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
|
Балалар жәйлап кіреді. Музыка аяқталғаннан кейін қонақтармен сәлемдеседі. - Иә. - Сәлеметсіз бе! Ұнайды, жақсы көреміз. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Ертегілер ертегілер әлеміне барар жолымыз ұзақ болады. Жолда бірнеше судан, үңгірлерден өтуге тура келеді. Үстел үстінде ертегі кітаптар, неше түрлі ертегілердің мазмұны бейнеленген ширмалар қойылған суреттер. - Қандай ертегілер? - Балалар, қараңдаршы, сендердің «Ертегілер әлеміне» келгендеріңізді біліп, қоян күтіп отыр екен. - Кім бізге қоян туралы тақпақ айтып береді? Балалар енді екінші ертегіге келе жатып, бір үңгірге тап болды, осы үңгірден бір бірлеп отейік. Ал, мынау қай ертегі? - Балалар, бұл ертегіні де айтады? - Енді лақ туралы тақпақты кім айтады? - Енді ғажайып орманға барып, құстармен танысамыз, деді. Сергіту сәті: Қарлығаш боп ұшайық Торғай болып қонайық Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ болып шоқиық. Судан өткен соң тағы бір ертегіге тап болады. - Балалар мынау қандай ертегі? - Балалар аю қалай жүреді? - Ой, балалар, біз нағыз «ертегілер әлеміне» келдік.
- Бәріміз отырып қол соғайық. «Ертегілер әлемі» сахналық қуыршақ театры.
|
Балалар жолға шығады.
Ертегі кітапханасына келеді.
- Ол «Бауырсақ», «Үш аю», «Үйшік» ертегілері.
Балалар кітапханадан шығып, ертегілер әлемінің бірінші «Қоянның үйі» ертегісіне келеді. Балалар ертегінің кейіпкерлерін атап береді.
- «Жеті дақ» Шөре- шөре лағым Тентек болма шырағым Секеңдеме, деміңді ал Селтеңдемей құлағың
Балалар келе жатып суға кездеседі. Судың көпірінен еңбектеп өтіп. - «Үш аю». Балалар Машаны, аюларды танып көрсетеді, түсіндіріп айтып береді. жапырақтары бар. - Қорбаңдап (балалар жүрісін салады)
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
- Балалар, сендерге «ертегілер әлеміне » саяхат жасау ұнады ма? Онда қандай ертегілер көрдіңдер? Қызыл телпек балалармен қоштасып кетеді. |
- «Жеті лақ», «Шалқан», «Үш аю», «Үйшік», т.б.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 3–ші, 4–ші технологиялық картасы
Тақырыбы: Ертегі елі жермен келе жатыр.
Мақсаты:Ертегі кейіпкерлерінің жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету,
тілін дамыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Әдіс –тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу, өткенді қайталау, таныстыру.
Көрнекілік: қуыршақ театры, кейіпкерлерінің атрибуттары.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Тәрбиеші: - Балалар, сендердің «Ертегілер әлеміне» барғыларың келе ме? Ендеше бүгін біз «Ертегілер әлеміне поезбен саяхатқа барамыз.» - қоян, түлкі, қасқыр кездеседі. - Балалар сендер олармен қай ертегіде кездестіңдер?
|
Балаларды қызықтыру. -Ия - Жолда
- Түлкі, қоян, қасқыр
- Жеті лақ пен қасқыр, Түлкі мен қоян, Бауырсақ. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Ал енді балалар, кім айтады - Түлкі қандай? - Түлкі сияқты алдаушы болғыларың келе ме? - Қоян ше? - Қоян сияқты мейірімді, жамандық ойламайтын боламыз. - Ал қасқыр ше?
- Қане, маған «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісіндегі жағымды өздеріңе ұнаған кейіпкерлерді атандаршы. - Ешкі сендерге неге ұнады? |
- Түлкі – айлакер, қу, әнші, пысық.
- Жоқ. - Қоян қорқақ, мейірімді, мақтаншақ. - Қасқыр – айбынды, жыртқыш өте иіс сезгіш, ол өз көсемдеріне адал. - Ол ешкі және лақтар - Ол лақрын жақсы көреді, сүт береді, ақылын айтады.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Сабақ соңында балалардың жұмысына қорытынды жасайды. - Лақтар қандай? - Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаңдар? - Олар кімдер? - Қасқырды неге жаман деп ойлайсындар? Ойын «Қасқыр мен аю». |
- Лақтар жақсы, анасын тыңдайды, ақылды. - Қасқыр. - Ол лақтарды жегісі келді. - Қасқыр зұлымдық жасағысы келді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді:Балалар қойылған сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруге үйренеді.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
ЕРТЕГІЛЕР
БАУЫРСАҚ
(орыс халық ертегісі)
... Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бірде шал: – Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп
берші, – дейді кемпіріне.
– Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын? – дейді кемпір.
– Қаптың түбін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн да жиналып қалар, – депті
сонда шал.
Кемпір қаптың түбін қағып, төгілгенін сыпырып, екі уыстай ұн жинайды. Оған
қаймақ қосып, қамыр илейді. Содан соң оны майға қуырады. Піскен бауырсақты
терезе алдына суытып қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап
түсіп, кемпір мен шалдан қашып кетеді. Домалап келе жатып ол қоянды кезіктіреді.
Қоян бауырсаққа:
– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, – дейді.
– Мені жеме, қоян. Мен саған өлең айтып берейін:
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен атамнан қаштым,
Әжемнен да қаштым.
Ал сенен, қашу, қоян,
Қиын емес маған! – деп бауырсақ домалай жөнеледі. Қоян аңтаң жолда қалады.
Қояннан құтылған бауырсақ домалай, домалай
орманға жетеді. Ой ламаған жерден алдынан бір сұр қасқыр шыға келеді де:
– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін! – дейді.
– Жемеші мені, қасқыр. Мен саған өлең айтып берейін, – деп ол әндете жөнеледі:
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен атамнан қаштым,
Әжемнен да қаштым.
Қояннан да қаштым.
Босқа тұрсам ұтылармын,
Қасқыр, сенен де құтылармын!- бауырсақ домалап кете барады. Қасқыр артта қалады. Сол домалаған қалпы ол қорбаңдаған аюға жетіп тіреледі:
– Бауырсақ, бауырсақ, мен қазір сені жеймін! – дейді аю ақырып.
– Тоқтай тұр, аю, одан да менің өлеңімді тыңда, – деп бауырсақ әндете бастайды:
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен атамнан қаштым,
Әжемнен да қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым.
Аюға келді кезек,
Одан да қашу керек! – деп жолын жалғастырады. Осылайша бауырсақ аюдан да құтылады. Аңқау аю ауызын ашып қала береді. Алаңсыз домалап келе жатқан
бауырсақ енді қу түлкіні кезіктіреді.
Бауырсақты көріп, қуанып кеткен түлкі:
– Амансың ба, бауырсақ! Өзің қызарып әдемі болып кетіпсің, – дейді қулана.
Бауырсақ мақтаныштан әнін бастап жібереді:
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен атамнан қаштым,
Әжемнен да қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым,
Аюдан да қаштым,
Түлкі, қазір сенен
Оңай қашып кетем!
– Әнің жақсы екен, – дейді қу түлкі. – Бірақ мен қартайдым, құлағым дұрыс естімейді.
Тұмсығыма шығып, өлеңіңді қайта айтшы, жақсылап тыңдап алайын.
Мақтау сөзге елпілдеп кеткен бауырсақ еш ойланбас тан түлкінің тұмсығына домалап
мініп, әндете жөнеледі.
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап ...
Сол-ақ екен, қу түлкі оны «ап» деп жеп қояды. Қарнын сипап бір тояды.
ШАЛҚАН
(орыс халық ертегісі)
... Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды. Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды. Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, арыжұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады
ҮШ АЮ
(орыс халық ертегісі)
Ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Бірде ол орманға барып, адасып кетеді. Қайтар жолды іздеп жүріп, қалың ағаштар арасында тұрған ескі үйге кезігеді. Есігі ашық тұр. Қыз ішке кіреді. Бөлмеде ешкім көрінбейді. Бұл үйде үш аю тұратын. Ең үлкені, әкесі – Михаил Иваныч, одан кейінгісі, шешесі – Настасья Петровна және олардың баласы – кішкене қонжық. Үшеуі бұл кезде орман аралап, серуендеп кеткен.
Бөлме ортасында үлкен ағаш үстел мен үш орындық тұр. Үстел үстіне ас құйылған үш ыдыс қойылған. Олардың біріншісі – үлкен табақ, екіншісі – орташа табақ, үшінші – кішкене көк табақ. Әр ыдыстың қасында қасықтары жатыр. Қыз ең үлкен қасықты алып, үлкен ыдыс тағы тағамның дәмін татады. Астың дәмі ұнамайды. Содан кейін орташа қасық пен екіншісін, кішкене қасықпен үшіншісін көреді. Бәрінен де оған көк табақтағы ас ұнады.
Қыздың қарны аш еді. Енді ол отырып тамақтану үшін өзіне орындық таңдайды. Ең үлкен орындық – Михаил Иванычтікі, одан кішірегі – Настасья Петровнанікі, ал үшіншісі – қонжықтікі. Кішкентай қыз ең үлкен орындыққа шығып, одан құлап түседі. Ортаншысына мініп еді, ыңғайсыз көрінеді. Көңілінен шыққан тек үшінші орындық болады.Қыз қонжықтың орындығына отырып, көк табақтағы тамақты ішіп алады. Қарны тойған ол кішкентай орындықты ары-бері шайқап ойнайды.Ақырында оны сындырып, өзі жерге құлайды. Қолымен қонжықтың қасығын қағып
жібереді. Қасық ұшып барып, бұрышта тұрған сандықтың астына кіріп жоқ болады.
Қыз орнынан тұрып, келесі бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Ең
үлкені – Михаил Иванычтікі, ортаншысы – Настасья Петровнанікі, ал үшіншісі
қонжықтікі. Қыз ең үлкен төсекке шығады. Бұл оған тым үлкендік жасайды. Одан
түсіп, ортаншысына жатады. Ол биік көрінеді. Ыңғайлы болғаны – үшінші төсек.
Қатты шаршаған қыз осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады.
Бұл кезде орманды аралап шаршаған әрі қарындары ашқан аюлар үйлеріне
оралған еді. Ішке кірген олар алдымен тамақтанбақшы болады.
Ең үлкен аю өз табағына қарап, жуан дауысымен:– Менің ыдысыма тиіскен кім?!
– деп ақырады.
Настасья Петровна да ыдысына қарап: – Менің табағымды орнынан қозғалтқан
кім?! – дейді ашуланып.
Кішкене қонжық жіңішке дауысымен: – Менің тамағымды мүлдемішіп қойыпты,
– дейді көк табақты қолына алып.
Үлкен аю енді үлкен қасығын ұстап: – Менің қасығыма тиіскен кім?! – деп
ақырады жуан дауысымен.
– Менің қасығымды орнынан қозғалтқан кім? – дейді Настасья Петровна.
Қонжық жіңішке дауысымен: – Ал менің қасығым жоқ, – дейді жан-жағына қарап.
Михаил Иваныч: – Кім менің орындығымды қозғалтқан? – дейді зор дауысымен.
Настасья Петровна болса: – Ал менің орындығыма отырған кім? – дейді.
Оның дауысы үлкен аюға қарағанда жайырақ шығады.
– Менің орындығымды біреу тіпті сындырып тастапты, – дейді қонжық жыламсырап.
Аюлар ішкі бөлмеге кіреді.
– Менің төсегіме жатқан кім?! – дейді Михаил Иваныч ақырып.
– Ал менің төсегіме шыққан кім? – дейді Настасья Петровна басын шайқап.
– Ой, менің төсегімде біреу жатыр, – дейді қонжық таң қалып.
Аюлар қонжықтың төсегіне жақындайды. Маужырап ұйықтап жатқан кішкентай қызды көреді де, үшеуі жамырап:
– Қара мұны!
– Ұстаңдар! Ұстаңдар!
– Ұста оны! – деп айғайға басады.
У- шудан оянып кеткен қыз жанында тұрған үш аюды көреді. Қатты қорыққан ол ашық тұрған терезеден жерге секіріп түседі. Алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Қызды ұстай алмаған Михаил Иваныч, Настасья Петровна мен қонжық үшеуі артта қалады.
ҮЙШІК
Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
– Сүп-сүйкімді,
кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? –
деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан
бос үйшікке кіріп, осында тұрып
жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің
маңына секіріп бақа келеді.
–
Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте
кім бар?
– Мен тықырлауық тышқанмын!
Ал сен кімсің?
– Мен бақылдауық
бақамын. – Кел, бірге тұрайық.
Бақа
«бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп
кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге
тұрады.
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян
жетеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай
бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
–
Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен
бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
–
Мен қорқақ қоянмын!
– Кел, бірге
тұрайық.
Қоян да үйшікке кіреді.
Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді.
Ақырын басып жақын келіп, терезесін
қағады да:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай
бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
–
Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен
бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ
қоянмын! Ал сен кімсің?
– Мен қу
түлкімін!
– Кел, бірге тұрайық.
Үйшіктен
түлкіге де орын табылды. Достар енді
төртеу болды.
Үйшікке тілі
салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап
қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған
дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай
бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
–
Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен
бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ
қоянмын!
– Мен қу түлкімін! Ал сен
кімсің? – Мен сұр қасқырмын!
– Кел,
бірге тұрайық.
Қасқыр қысыла-қымтырыла
ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай
үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы
қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір
сүреді.
Бір күні жидек теріп
жүрген аю үйшік тұрғындарының салған
әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар
дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай
бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.
–
Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен
бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ
қоянмын!
– Мен қу түлкімін!
– Ал
мен болсам, сұр қасқырмын!
Ал сен
кімсің?
– Мен қорбаңбай аюмын!
–
Кел, бірге тұрайық.
Аю ары-бері
тырбыңдап үйшікке кірмекші болады.
Бірақ оның басы енгенімен, денесі
сыймайды. Амалы таусылған аю:
– Ендеше
мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, –
дейді.
– Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай
үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың
ғой, – деп шырылдайды іштегілер. –
Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю
олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары
амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап
үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен,
ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады.
Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа,
қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр –
барлығы аман-есен үйшіктен шығып
үлгереді.
Аюға олар ренжімейді. Қайта
барлығы бірігіп, бөренелерді тасып,
тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік
тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша,
достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік
соғып алыпты.
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының жоқтығы оған бек қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра алмайды. Әрдайым түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір күні қасқыр барып оның ініне кіреді. Егерде түлкі інінің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтіріп тастар еді.
Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда қоян сұрайды:
- «Мені өлтірме, саған құйрығымды берейін», деп уәде қылады.
Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастапты.
Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.
ҚОЯННЫҢ ҮЙШІГІ
(орыс халық ертегісі)
Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйі ағаштан болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине бірден еріп кетті.
Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді. -Қоян, қоян! Мені кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
-Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
-Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім...
-Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз.
Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
-Аф, аф, аф! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
-Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой ! Барлығыңды быт-шыт қыламын!-деді түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрады. «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағыда жылай бастайды. Алдынан аю шығады.
- Қоян-ау, не болды. Сонша неге жылайсың?
- Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
- Жылама! Мен оны қуып шығамын.
- Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттерде қуып шыға алмады.
- Көресің, қуып шығамын.
- Аю үйшіктің алдына келіп:
- Түлкі, шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.
- Түлкі болса пеш үстінен:
- Шықпаймын! Шықсам саған жаман болады! Быт-шытыңды шығарамын! – деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағыда жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
- Қоян, қоян! Неге жылап отырсың?- деп сұрады.
- Жыламай қайтейін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
- Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
- Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сенде қуа алмайсың!
- Жүр, көрерсің! Қуамын!
- Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
- Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: Киініп жатырмын», - дейді.
-Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! - деп әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» - дейді.
Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді.
Аман – сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.
ҚАСҚЫР МЕН ЖЕТІ ЛАҚ
Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
- Шырақтарым-лақтарым,
Ешкімге есік ашпаңдар!
Орманда қасқыр жүр.
Мен келгенде:
«Шырақтарым-лақтарым,
Аналарың келді,
Сендерге сүт әкелді!
Қорықпаңдар, лақтарым,
Маған есік ашыңдар!», - деп әндетемін.
Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды.
Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен қасқыр келіп:
- Шырақтарым-лақтарым,
Аналарың келді,
Сендерге сүт әкелді!
Қорықпаңдар, лақтарым,
Маған есік ашыңдар!, - ән айтып еді, лақтар тағы алданбады.
Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Қасқыр тағы ешінің үйіне келеді де:
- Шырақтарым-лақтарым,
Аналарың келді,
Сендерге сүт әкелді!
Қорықпаңдар, лақтарым,
Маған есік ашыңдар!, - әнін бастайды.Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады –
лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды.
Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып:
- Шырақтарым-лақтарым,
Аналарың келді,
Сендерге сүт әкелді!
Қорықпаңдар, лақтарым,
Маған есік ашыңдар! - депәнге басты.
Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті.
Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады.
Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады.Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.
АЛТЫН АЙДАРЛЫ ӘТЕШ
Ертеде мысық, барылдауық торғай және бір алтын айдарлы әтеш дос болыпты. Олар орманда, бір үйде тұрыпты. Мысық пен барылдауық торғай орманға отынға барады, әтешті үйде қалдырады. Кетіп бара жатып айтып кетеді:
—Біз алысқа кетеміз, сен үйде қаласың. Бірақ үйден шықпа, түлкі келетін болса, терезеге жақындама.
Әтештің үйде жалғыз екенін естіген түлкі келіп, терезенің түбіне отырып әнін бастайды:
—Алтын айдарлы әтешім,
Майлы басты әтешім,
Жібек сақалды әтешім,
Терезеге қарашы,
Менен бұршақ алшы.
Әтеш басын шығарып қарады, сол кезде түлкі әтешті мықтап ұстап алып, өзінің ініне қашты.Әтеш бар дауысын салып айқалады:
— Қара орманға,
Ағынды өзенге,
Биік тауларға,
Түлкі алып барады,
Құтқарыңдар мені!
Мысық пен барылдауық торғай естіп қалып, түлкіні қуып жетеді де әтешті алып қояды.
Келесі жолы мысық пен барылдауық торғай орманға отынға барады. Әтешке тағы айтады:
— Біз осы жолы алысырақ кетеміз, сенің дауысыңды естімейміз. Сен терезеге қарама.
Олар отынға орманға кетті, ал түлкі тағы келіп өзінің әнән айтты:
— Алтын айдарлы әтешім,
Майлы басты әтешім,
Жібек сақалды әтешім,
Терезеге қарашы,
Менен бұршақ алшы.
Әтеш дыбысын шығармай отыр. Ал түлкі тағы әнін бастады:
— Балалар жүгіреді,
Бидай шашылады,
Тауықтар шұқиды,
Әтешке бермейді...
Әтеш шыдамай басын шығарып:
— Ко-ко-ко! Қалай бермейді?
Түлкі тағы да әтешті ұстап алып, сол кезде түлкі әтешті мықтап ұстап алып, өзінің ініне қашты.Әтеш бар дауысын салып айқалады:
— Қара орманға,
Ағынды өзенге,
Биік тауларға,
Түлкі алып барады,
Құтқарыңдар мені!
Мысық пен барылдауық торғай естіп қалып, түлкінің соңынан түседі. Мысық жүгіріп барады, барылдауық торғай ұшып барады... Қуып жетіп— әтешті тартып алады.
Біраз уақыт өткен соң, мысық пен барылдауық торғай отынға орманға жиналады. Кетерде әтешке тағы қатал түрде тапсырады:
— Түлкі келсе оны тыңдама, терезеден қарама, біз ары қарай алыс кетеміз, сені естімейміз.
Сонымен мысық пен барылдауық торғай орманға кетеді. Сол кезде түлкіде келіп, әнін бастйды:
—Алтын айдарлы әтешім,
Майлы басты әтешім,
Жібек сақалды әтешім,
Терезеге қарашы,
Менен бұршақ алшы.
Әтеш дыбысын шығармай отыр. Ал түлкі тағы әнін бастады:
— Балалар жүгіреді,
Бидай шашылады,
Тауықтар шұқиды,
Әтешке бермейді...
Әтеш дыбысын шығармай отыр. Ал түлкі тағы әнін бастады:
— Адамдар жігірді,
Жаңғақтар шашылды,
Тауықтар шұқиды,
Әтешке бермейді...
Әтеш шыдамай басын шығарып:
— Ко-ко-ко! Қалай бермейді?
Түлкі тағы да әтешті ұстап алып, сол кезде түлкі әтешті мықтап ұстап алып, өзінің ініне қашты, қара орманға, ағынды өзенге, биік тауларға...Қалай әтеш айқаласады, көмекке шақырсады — мысық пен барылдауық торғай оны естімеді.
Үйге қайтып келгенде — әтеш үйде жоқ екен. Мысық пен барылдауық торғай түлкінің ізімен жүгіре жөнелді. Түлкінің ініне жүгіріп келді. Мысық өзінің аспабын күйіне келтіріп, әндете бастады:
—Трень, брень, гуслиі,
Алтын ішектері...
Түлкі бикеш бар ма,
Өзінің жылы үйінде ме!
Түлкі тыңдап-тыңдап, ойлады:
— Көрейін, кім ол сонша жақсы ойнап, тәтті ән айтып отыр.
Түлкі інінен шығып еді. Сол кезде мысық пен барылдауық торғай оны ұстап алды — ұрып-соқты. Түлкі зорға құтылып кетеді.
Әтешті себетке отырғызып, түлкіден қорғап, әтешін алып қайтады.
Содан бері бәрі тату, бақытты ғұмыр кешеді.
СУРЕТТЕР
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Тіл ашар», Алматы - «Жалын», 1989 ж.
2. ҚирабаевС., МырзалиевҚ.«Қазақ әдебиеті» Алматы -«Мектеп»,2001 ж.
3. «Алақай»хрестоматиясы - Көркем сөз әлемі, Алматы - «Аруна» баспасы.
4.«Мен және бәрі, бәрі, бәрі» хрестоматиясы,Алматы - «Аруна», 2006 ж.
5. Әмірова Ә.«Дәстүрлі тәрбие», Алматы - «Арда», 2006 ж.
6. Қожахметова Х. «Мәнерлеп оқу», Алматы - «Мектеп», 1982 ж.
7. ҒабдуллинМ.«Қазақ халықының ауыз әдебиеті», Алматы: 1964 ж.
8.Нүсіпбекова М.И., Сейілгазинова С.А. «Қарлығаш» хрестоматиясы,
Астана – «Арман-ПВ», 2007 ж.
9. «Халық ауыз әдебиеті», Алматы: 1974 ж.
10. «Отбасы және балабақша» журналдары.
11. Ғаламтор.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген