Күнтізбелік жоспар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күнтізбелік жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

«Арнайы пәндер» бірлестігінің

жетекшісі Б.Т.Кожанова_______________

Күні: 03.09.2025


Модуль /пән атауы : КМ 1.Ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қатысу.

Оқу орны :Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр Жоғары колледжі_


Оқу сабағының жоспары


Тақырып

Бетон және темірбетон элементтерінжобада қолдану. Металлконструкцияларының артықшылыұтары мен кемшіліктері

Педагог

Шылмырзаева Салтанат Ержанқызы

Күні

05.09.2025

Курс 2, топ

ТС-124

Оқыту нәтижелері (ТОЖ келісілген)

  1. Білу, түсіну: бетон және темірбетон элементтерінің түрлерін, қасиеттерін сипаттайды.

  2. Қолдану: жобада қай элементті тиімді қолдану жолдарын анықтайды.

  3. Талдау: бетон/темірбетон мен металл конструкцияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады.

  4. Жинақтау: берілген нысанға сәйкес ең тиімді конструкция түрін ұсынады.

  5. Бағалау: таңдалған шешімді негіздеп дәлелдейді.

*Бағалау критерийі (ТОЖ келісілген)

  • Бетон және темірбетон элементтерінің жобадағы рөлін дұрыс сипаттайды.

  • Металл конструкцияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін ажыратады.

  • Материалдарды салыстыру арқылы қорытынды жасайды.

  • Жобаға сәйкес дұрыс шешім қабылдайды және оны негіздейді.

*Зерттеу сұрағы

Қандай жағдайда жобада бетон немесе темірбетон элементтерін, ал қандай жағдайда металл конструкцияларын қолданған тиімді?

Қажетті ресурстар

Оқу-әдістемелік әдебиеттер: құрылыс материалдары, құрылыс конструкциялары. Стандарттар мен нормативтік құжаттар: МемСТ, ҚНжЕ талаптары. Материал үлгілері: кірпіш, бетон, ағаш, метал, шыны Көрнекі материалдар: плакат, слайд-плакат Электронды ресурстар: онлайн оқулықтар мен әдістемелік материалдар,құрылыс материалдары туралы бейнесабақтар, оқу порталдары.







Тақырып:

Бетон және темірбетон элементтерінжобада қолдану. Металлконструкцияларының артықшылыұтары мен кемшіліктері

Оқыту нәтижесі:

ОН 1.1 Құрылымдар мен материалдар таңдау кезінде ең оңтайлы шешімдерді таңдау

Бағалау критерийлері:

Бағалау критерийлері:

Материалдардың қасиеттерін дұрыс атайды;

Салыстыру кестесін толтырады;

Өз ойын дәлелді қорғайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау.

Пәні: Арнайы пәндер
Сабақтың тақырыбы матер: Құрылыс конструкциялары мен материалдарын таңдау принцптері

Ұзақтығы: 45 минут

Сабақтың мақсаты:

  1. Бетон және темірбетон элементтерін жобада пайдалану салаларын түсіндіру.

  2. Металл конструкцияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру.

  3. Құрылыс конструкцияларын таңдауда дұрыс шешім қабылдауға үйрету.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

  • Сәлемдесу, білімгерлерді түгендеу

  • Сабақтың тақырыбымен, мақсаты және күтілетін нәтижелермен таныстыру

  • Қызығушылық ояту: « Егер үй салар болсаңыз, бірінші қандай материал таңдар едіңіз?» деген сұрақ қою.

II. Жаңа сабақ (10 мин)

1. Кіріспе

Қазіргі замандағы құрылыс өндірісінде негізгі материалдардың ішінде бетон, темірбетон және металл конструкциялары ерекше орын алады. Әрбір материалдың өзіндік қасиеті, тиімді және тиімсіз жақтары бар. Жобада қолданылатын конструкция түрін дұрыс таңдау ғимараттың беріктігіне, ұзақ мерзімділігіне, экономикалық тиімділігіне және қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Shape1

2. Бетон және темірбетон элементтері

2.1 Бетон

Бетон – цемент, құм, қиыршықтас және судан тұратын жасанды тас тәріздес материал.

Негізгі қасиеттері:

  • Қысымға жақсы шыдайды, беріктігі жоғары.

  • Арзан әрі қолжетімді.

  • Әртүрлі пішін беруге ыңғайлы.

  • Жылу және дыбыс оқшаулағыш қасиеті бар.

Қолданылуы:

  • Іргетастар

  • Қабырғалар

  • Қабатаралық жабындар

  • Тротуар плиталары

2.2 Темірбетон



Темірбетон – бетонның созылуға төзімділігін арттыру үшін ішіне арматура енгізіліп жасалатын композициялық материал.

Артықшылығы:

  • Қысым мен созылуға бірдей төзімді.

  • Өте берік және ұзақ уақыт қызмет етеді.

  • Үлкен массаны көтере алады.

  • Өртке төзімділігі жоғары.

Қолданылуы:

  • Бағаналар мен арқалықтар

  • Құрылыс плиталары

  • Көпірлер

  • Стадиондар, өнеркәсіп ғимараттары

Shape2

3. Металл конструкциялары

3.1 Артықшылықтары

  • Жоғары беріктік – салмағы жеңіл бола тұра, үлкен жүктемелерді көтере алады.

  • Жылдам монтаж – зауытта дайындалып, құрылыс алаңында тез құрастырылады.

  • Үлкен аралықтарды жабу мүмкіндігі – спорт сарайлары, ангарлар, көпірлер салуға ыңғайлы.

  • Қайта қолдануға жарамды – бөлшектеп қайта құрастыруға болады.

3.2 Кемшіліктері

  • Коррозияға бейімділігі – ылғал мен ауа әсерінен тез тот басады, сондықтан қосымша қорғаныс шаралары қажет.

  • Өртке төзімсіздігі – жоғары температурада беріктігін тез жоғалтады.

  • Қымбаттылығы – бетонға қарағанда бағасы жоғары.

  • Жылу өткізгіштігі жоғары – ғимарат ішінде қосымша жылу оқшаулау шараларын қажет етеді






III. Практикалық бөлім (20 мин)



IV. Топтық жұмыс (7 мин)

Әр топ өз жағдайына:

Қандай конструкцияны таңдайтынын

Қандай материал қолданатынын

Таңдаудың себебін жазады

Әр топ өз шешімін қорғайды

V. Қорытынды (3 мин)

- Әр топтың шешімін талқылау, толықтыру

- Тақырып бойыншв қысқаша қайталау сұрақтары:

1. Құрылыс материалдарын таңдауда қандай негізгі факторларды ескеру керек?

2. Ағаш қандай жағдайларда тиімді?

3. Монолитті бетонның артықшылығы неде?

- Рефлексия: «Мен бүгін білдім...», «Маған қызық болғаны...», «Білгім келеді...»

Бағалау критерийлері:

Құрылыс материалдарының түрлерін дұрыс жіктей алды;

• Материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсете алды;

• Белгілі бір жағдайға сәйкес тиімді материал таңдады;

• Өз ой-пікірін негіздеп, мысалдармен дәлелдеді


Қажетті ресурстар:

Оқу-әдістемелік әдебиеттер: құрылыс материалдары, құрылыс конструкциялары. Стандарттар мен нормативтік құжаттар: МемСТ, ҚНжЕ талаптары.

Материал үлгілері: кірпіш, бетон, ағаш, метал, шыны

Көрнекі материалдар: плакат, слайд-плакат Электронды ресурстар: онлайн оқулықтар мен әдістемелік материалдар,құрылыс материалдары туралы бейнесабақтар, оқу порталдары.


Үй тапсырмасы:

1. «Менің болашақ үйім үшін қандай материал таңдар едім?» тақырыбында 7–10 сөйлемдік эссе жазу.

2. Құрылыс материалдарының 2 түрін (мысалы: кірпіш пен газоблок) таңдап, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы кесте жасау.











































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.00.2025
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі