400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күнтізбелік жоспар (Көркем әдебиет) II - кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәрбиешілерге керек құжат
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Көркем әдебиет

№


Өтпелі тақырып


Апталық тақырыптар


Мақсаты


Мерзімі

Сағат саны

1


«Балабақша»


І апта

«Менің балабақшам»

(Жаттау)

Оқылған өлеңді көңіл қойып тыңдауға, мазмұны бойынша қойылатын сұрақтарға дұрыс, толық жауап бере білуге үйрету. Дауыс екпінін сақтап нақышына келтіре, айтуға жаттықтыру.Үлкендердің нұсқауын тыңдауға, соған сәйкес әрекет етуге тәрбиелеу.


І

ІІІ апта

«Ойыншықтар мен ойындар»

(Жаттау)

Шығарманы оқып беру арқылы мазмұнын айтып беруге үйрету. Бейнелі сөздерді есте сақтай білуге үйрету. Барлық дыбыстарды анық асықпай айтуға баулу. Ойыншықтармен бөлісіп ойнауға тәрбиелеу.


І

2


«Менің отбасым»



І апта

«Менің отбасым, ата-аналар еңбегі»

(Әңгіме)


Отбасы туралы түсінік беру, ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, Тыңдай білу, әңгімелей білу іскерліктерін, дағдыларын дамыту. Еңбекке қызығушылықтарын қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге тәрбиелеу.


І

ІІІ апта

«Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік шаралары»

(Сурет бойынша әңме )

Қауіпсіздік шаралары туралы балаларға түсінік беру. Балаларға жол және көше тәртібі жөнінде білім бере отырып байланыстыра сөйлеуге үйрету. Тілдік қызметін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Көшеде жүру тәртібін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.


І


3


«Дені саудың жаны сау»


І апта

«Спортландияға саяхат»

(Жаттау)

Тақпақты оқығанда мұқият тыңдап, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын жетілдіру

Спортқа деген қызығушылықтарын ояту.


І


ІІІ апта

«Ертегілер әлемі»

(Сурет бойынша әңгіме)

Әжемнің ертегісі деген тақырыпта суреттер көрсетіп, ертегілерді еске түсіру.

Таныс ертегілерді қайталап айту кезінде сюжетін дұрыс сақтауға, кейіпкерлердің мінез – құлқын дұрыс жеткізуге дұрыс дағдыландыру.

Әдеби шығармаларға қызығушылығын арттыру.


І

4


«Менің Қазақстаным»

І апта

«Отан: Тарихқа саяхат»

(Жаттау)

Қазақстанның Ел ордасы Астана туралы түсініктерін кеңейту.Тақпақты тыңдап, мазмұнын түсінуге үйрету.

Отанын, Туған елін, жерін, өз қаласын сүюге тәрбиелеу.


І

ІІІ апта

«Тәуелсіз Қазақстан(ҚР Тұңғыш президенті, мемлекеттік рәміздер)»

(Мәнерлеп оқу)

Қазақстан Республикасы Елбасы мен рәміздері туралы түсінік беру.Елбасына және рәміздерге деген құрметпен қарауға тәрбиелеу. Зейін қойып тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Патриоттық сезімдерін ояту.


І

5


«Табиғат әлемі»

І апта

«Аңдардың қыстауы»

(Ертегі оқу)

Ертегі мазмұнын оқу арқылы түсінуге көмектесу. Диалог сөздерді мәнеріне келтіре айту дағдысын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз қылықтарын анықтау арқылы бала бойына,адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерінің арта түсуіне көмектесу.


І

ІІІ апта

«Үй жануарлары»

(Жаттау)

Әр түрлі санамақтар айту арқылы балалардың тілін жетілдіру. Санамақ айту арқылы санауға үйрету. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Үйренген сөздерді қайталап тиянақтау. Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ояту.


І

6


«Бізді қоршаған әлем»

І апта

«Әдептілік әліппесі»

(Әңгіме оқу)


Туысқан ұлттардың әңгімесін оқып беру. Бауырмалдыққа, қайырымдылыққа, тәрбиелеу. Әңгімені тыңдау қабілетін арттыру, әңгімеден ертегіні айыра білуге дағдыландыру.


І

ІІІ апта

«Жолда жүру ережесі»

(Жаттау)

Балаларға жол және көше тәртібі жөнінде білім бере отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.Бағдаршам және оның қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру. Таным қызметін дамыта отырып, қоршаған ортаны тани білуге баулу. Жолда жүру тәртібін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.


І

7


«Салт дәстүрлер мен фольклор»

І апта

«Салт пен дәстүр»

(Жаттау)


Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрлері туралы мағлұмат беру. Бесік жырын тыңдап, мәнеріне келтіре жатқа айта білуге үйрету. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.


І

ІІІ апта

«Анаға құрмет»

(Жаттау)

Аналар туралы түсініктерін кеңейту. Өлең сөздерін естеріне сақтап, мәнеріне келтіре, жатқа айта білуге үйрету. Анаға деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.


І

8


«Біз еңбекқор баламыз»

І апта

«Ғарыш»

(Мәнерлеп оқу)


Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру. Балаларды тақпақты жатқа айтып беруге үйрету. Шығарма мазмұнын дұрыс түсініп, тыңдай білу қабілеттерін жетілдіру. Адамгершілікке тәрбиелеу.


І

ІІІ апта

«Табиғатты аялайық»

(Жаттау)


Балалардың қазір қабылдаған және бұрын көргендері жайлы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруін қалыптастыру. Өлең сөздерін естеріне сақтап, мәнерлі айта білуге үйрету. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.


І

9




«Әрқашан күн сөнбесін»


І апта

«Ақпарат көздері»

(Көркем шығармамен таныстыру)

Көркем шығармамен таныстыру. Өлеңді эстетикалық тұрғыда қабылдауға үйрету. Таныс өлеңді қайталап айтып беруде, кейіпкерлерге, олардың іс-әрекеттеріне өзінің эмоциялық қатынасын көрсетуге үйрету. Көркем шығармаға деген сүйіспеншілін арттыру.


І

ІІІ апта

«Бау-бақша»

(Сурет бойынша әңгіме)

Талдау, дәлелдеу, салыстыру әрекеттері арқылы бау-бақша туралы білім беру. Әңгіме барысында байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Мәнеріне келтіре әңгімелеп беруге үйрету. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.


І

Жалпы сағат саны:

18



  1. «Балабақша» С.Мауленов (Көркем әдебиет 3-4жас хрестоматия) Жаттау

  2. «Қуыршақ» Н. Әлімқұлов (Көркем әдебиет 3-4жас хрестоматия) Жаттау

  3. «Әке мен бала» (әңгіме) Ы. Алтынсарин (Әдістемелік құрал 3+)

  4. «Көше тәртібі» (сурет бойынша әңгіме)

  5. «Шынығу» (Жаттау) Ә. Табылдиев

  6. «Әжемнің ертегісін тыңдайық» (Сурет бойынша әңгіме)

  7. «Астана» Т. Молдағалиев (Көркем әдебиет 3-4жас хрестоматия) Жаттау

  8. «ҚР рәміздері» (Мәнерлеп оқу)

  9. «Екі қызғаншақ қонжық» (Венгер халық ертегісі) (Мәнерлеп оқу)

  10. «Санамақ» (Жаттау) Мақпал

  11. «Қайырымды бала» К. Чилашвили (Әңгіме оқу)

  12. «Бағдаршам» Ә. Табылдиев (Жаттау)

  13. «Бесік жыры» (Жаттау)

  14. «Анашым» М. Хакімжанова (Жаттау)

  15. «Ғарыш кемесі» (А. Сопыбеков) (Мәнерлеп оқу)

  16. «Бәйшешек» Н. Әлімқұлов (Жаттау)

  17. «Телефон» Е. Өтетілеуов (Көркем шығармамен таныстыру)

  18. «Алма ағашы» Л. Толстой (Сурет бойынша әңгіме)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі