жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Күрделі функция
Сабақтың тақырыбы: Күрделі функцияның туындысы, есептеу ережесі
Сабақтың мақсаты:
Күрделі функцияның туындысы,оны есептеудің ережесін үйретуде қойылатын талаптар мен мақсатты түсіндіру
Білімділік:
а)Іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру және дамыту
ә)Білім бойынша біліктіліктерін арттыру
б)Тапсырмалар беру арқылы білімдегі жетістіктерін талқылау
Тәрбиелік:
а)Ұжыммен жұмыс істеуге,өз пікірлерін дәлелдеп нақты жауап беруге тәрбиелеу
ә)Өзгенің пікіріне құрметпен қарауға,тыңдауға тәрбиелеу
б)Жұмысқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Дамытушылық:
а)Логикалық ойлауын,өзінің көзқарасын дәлелдеу қабілетін дамыту
ә)Білімдерін өз бетінше дамытуға,сауатты жауап беруге икемділігін дамыту
б)Проблемалы жағдайларда зеректік және шапшаңдық пен әртүрлі тәсілдерден пайдалану дағдысын дамыту
Мотивациялық :
а)Білім алушыларды білім саласындағы жаңалықтарға қызықтыру
ә) Білім алушыларды таңдаған мамандықтарына қызықтыру
б) Білім алушыларды математикаға байланысты жаңалықтарды ғаламтордан тауып, оқып-үйренуге қызықтыру
Сабақтың типі: білімді,іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ (тәжірибелік)
Оқыту әдісі: интерактивті оқыту технологиясы
Әдістемелік қамтамасыз етілуі: басылым материалдары,слайдтар,кеспелер, үлестірмелер
ОТҚ: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:
1.Физика (дененің жылдамдығы,удеу)
2.Биология(өсімдіктің өсу мүшелері)
3.Тарих (туындының тарихы)
Қолданылатын әдебиеттер:
« А.Е.Әбілқасымова « Алгебра және анализ бастамалары» ,А.Н.Колмогоров « Алгебра және анализ бастамалары»,Р.Ж.Ишмухамедов «Инновциялық технологиялар»,
«Жаңа педагогикалық технологиялар» пәнінің теориялық сабағына әдістемелік нұсқау
Сабақтың құрылымы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі: (2-3 минут)
1. Оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.
2. Сабақтың мақсатын және жұмыс жоспарын хабарлау
Жоспар:
1.Мақсаты:Білім алушылар тек қана элементар функциялардың туындысын табумен шектелмей, күрделі болған функциялардың да туындысын табу ережелерімен танысып,игеріп, мысалдар орындай алу дағдыларын жетілду.
2.Өткенге шолу,яғни үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақты баяндау
4.Жаңа сабақты бекіту
5.Сергіту кезеңі
6.Қорытындылау
7.Бағалау
8.Үйге тапсырма беру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Өткенге шолу (10-15 минут) (Слайд №2)
Кубизм технологиясы арқылы білім алушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.Интерактивті тақтада таңдаған ұяшықтарына байланысты мысалдар орындау.Әр топ екі ұяшық таңдайды және топтан бір білім алушы шығып тақтада орындап ,түсіндіріп береді. (туынды,оны есептеу ережелері және ережелеріне байланысты мысалдар)
ІІІ. Жаңа сабақ (20-25 минут) (Слайд №9)
Жаңа тақырыпты, оның мақсатын хабарлау және жоспарымен таныстыру
Жоспар:
1.Күрделі функция ұғымы
2.Күрделі функцияның туындысы және табу ережесі
3.Күрделі функцияның туындысын табуға мысалдар орындау
.Тақырып:Күрделі функцияның туындысы,есептеу ережесі
Тақырыпты игере отырып, күрделі функция ұғымымен, туындыны табу формуласын еске ала отырып, күрделі функцияны құрастыруға және оның туындысын табуға есептер шығаруды үйрету
Анықтама.y=f(u) функциясы берілсін. Анықталу облысы u € U, ал функция мәндерінің жиыны Y болсын. Айнымалы u өз кезегінде айнымалы х-ке тәуелді функция болса, яғни u = g(x), x € X, онда y = f(g(x)) функциясы х-аргументі бойынша Х жиынында анықталған күрделі функция болады.
Демек, күрделі функцияның жалпы түрі: y = f(g(x)).
Егер y=f(u) функциясының u нүктесінде, ал u = g(x) функциясының х нүктесінде туындылары бар болса, онда күрделі функцияның х аргументі бойынша туындысы бар болып және ол туынды келесі
y’=f’(g(x)) * g’(x)
формуласымен анықталады.
Мысалы:(Слайд №10)
у=(6х −13)5 функцияның туындысын табу, мұнда f(u)=𝑢5, ал u(x)=6x−13, онда 𝑓1 (𝑢) = 5𝑢4, 𝑢1 (𝑥)=6, сонда 𝑦1=5𝑢4∗𝑢1=5(6𝑥−13)4∗6 = 30 (6𝑥−13)4
Тарихқа назар аударайық (3-5 минут) (Слайд №11)
Қазір қолданылып жүрген
туынды символын Лейбниц көрсеткен.
Лейбницте негізгі ұғым туынды емес,
дифференциал болды.Туынды үшін y’ және f’(x) белгілеулерін Лагранж енгізген.
Үдеу – уақыт бойынша жылдамдықтың туындысы, дененің жылу сыйымдылығы – температура бойынша жылу көлемінің туындысы, рабиоактивті ыдырау жылдамдығы – уақыт бойынша рабиоактивті зат массасының туындысы болып табылады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту (15-20 минут) (Слайд №12)
Жаңа сабақты бекіту үшін бумеранг технологиясынан пайдаланамыз.Бұл арқылы білім алушылардың білімдері толықтырылады.Әр топқа күрделі функцияны табуға мысал беріледі,әр топ өзіне берілген тапсырманы орындап болғаннан кейін топтан бір білім алушы интерактивті тақтада орындап,отырғандарға түсіндіріп береді.Егер қате болса басқа топтан бір білім алушы шығып қатені түсіндіріп,дұрыс жауабын жазады. Нәтижеде білім алушылар ұжыммен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдауға,өз көзқарасын айтуға үйренеді.
«Зейіні өте жақсы»
1-топ 3-топ
1)
y=
3)
y=
2-топ 4-топ
2)
y=
4)
y=
1-топ мысалының жауаптары(Слайд №13)
У1=((х6+6)2)1 =12х5(х6+6)
2-топ мысалының жауаптары (Слайд №13)
У1=((2х3-5)6)1= 36х2(2х3-5)
3-топ мысалының жауаптары (Слайд №14)
3.У1 = ((2х −7)8) = 16 (2х−7)7
4-топ мысалының жауаптары(Слайд №14)
4.У1 = ((9х+5)5)1 =45(9𝑥+5)4
Сергіту кезеңі. (10-15 минут)
Кім шапшаң? «Көз көреді,ал ақыл-ой алысты көре біледі» дегендей білім алушылардың ой-өрістерінің дамығанын,шапшаңдығын,логикалық ойлау қабілеттерін,сауатты жауап беру икемділігін тексеру үшін әр топқа 5 сұрақтан беріледі.Жауапты тез,дұрыс айту керек,егер қате болса басқа топтардың жауабы тыңдалады.1 сұраққа 1 ұпай қойылады,соңында жинаған ұпайлар саны анықталып,топтардың бағалары айтылады.
1-топ (2-3 минут) (Слайд №15)
1. Столдың төрт бұрышы бар,егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады?(5)
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?(4)
3. Мектепке келе жатқан бес балаға қарсы төрт бала жолықты.Мектепке барлығы неше бала барды?(5)
4. Алты жетіден 100 санын қалай жазуға болады? ((777-77):7=100)
5. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады,ал кері қарай 80 минут ұшады.Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?(екеуі тең)
2-топ (2-3 минут) (Слайд №16)
1. Қандай сан латын тілінен аударылғанда ешқандай мағынасын білдіреді? (0)
2. Қызыл орамал теңіз түбінде 5 минут тұрса не болады? (су болады)
3. Су астында қандай тас жоқ? (құрғақ)
4. Қандай сағат уақытты тәулігіне тек қана екі рет дұрыс көрсетеді?(тоқтап қалған сағат)
5. Бағытталған кесінді деп неге айтылады? (вектор)
3-топ (2-3 минут) (Слайд №17)
1. Тангенске кері функция? (арктангенс)
2. Санауда қандай сандарды пайдаланамыз? (натурал)
3. 12-сағатта қанша минут бар? (720)
4. 3 ондықты 3 ондыққа көбейткенде неше ондық болады? (90)
5. Дайындауға болады,бірақ жеуге болмайды.Ол не? (сабақ)
4-топ (2-3 минут) (Слайд №18)
1. Оңынан оқысаң да,солынан оқысаң да сол сан шығады.Ол қандай сан?(қырық)
2. Сөзде,өсімдікте және теңдеуде болады.Ол не? (түбір)
3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)
4. Бес үштен 37 санын қалай жазуға болады (33+3+3/3=37)
5. Жоқ өзінде бас та,қас та,мойында,
ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
VІ. Сабақты қорытындылау (5-минут) (Слайд №21)
Сабағымызды қорытындылай келе «Туынды ағашына» отырып,туынды тақырыбын ойымызға,басымызға тамырларын кеңінен жая отырып,ағаштың діңіндей «Күрделі функцияның туындысы,есептеу ережесі» тақырыпты мықты түсінуге талпынып,бұтақтарын жайқала жайған ағаштай,өзіміздің түсінгенімізді тәжірибеде қолданып,деңгейден-деңгейге көтеріліп,ағаштың піскен тәтті жемісіндей өз жетістігімізді көре аламыз
VІІ. Оқушыларды бағалау (3-5 минут) (Слайд №19)
Құрметті білім алушылар!
1.«Мен бүгін сабақта ... біліп шықтым»
2.«Мен бүгін сабақта ... үйрендім»
3.«Мен бүгін сабақта ... таныстым»
4.«Мен бүгін сабақта ... қайталадым»
5.«Мен бүгін сабақта ... бекіттім» фразаларды толықтырып, өздеріңізге баға қойыңыздар
Әр топ өздерінің бағаларын берілген бағалау парағына сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды кім қай дәрежеде орындағанына қарай өздерін бағалайды.
Бағалау парағын оқытушы жинап алып, сол бағалар бойынша білім алушылардың бүгінгі тақырыпты қай дәрежеде меңгергенін,және өздерінің бүгінгі сабақтан алған білімдерін қандай бағаға лайық көргендігін бақылайды,талқылайды және өз пікірін бере отырып білім алушыларды бағалайды.
VІІІ. Үйге тапсырма беру (3-5 минут) (Слайд №20)
Негізгі: А.Е. Әбілқасымова және басқалар
«Алгебра және анализ бастамалары» А. «Мектеп» 2006 ж. 10-сынып.
103-бет, № 179-жаттығу
Математика пәнінен өткізілген ашық сабақ жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Күрделі функцияның туындысы.есептеу ережесі |
1 |
Сабақтың мақсаты және міндеттері |
Оқытушының мақсаты: 1.Білім алушыларға күрделі функция ережесі жайлы мәлімет беру 2.Күрделі функцияның туындысы.оны есептеудің ережесін үйретуде қойылатын талаптар мен білім мақсатын анық айқындап беру Білім алушының мақсаты: Үйрену,сабаққа белсенді қатысып,тапсырмаларды орындау,білім біліктіліктерін асыру,іскерлік пен дағдыларды дамыту |
2 |
Сабақтың мазмұны |
1.Білім алушыларға функция түрлері,күрделі функция ұғымы жайлы мәлімет беріп, күрделі функцияның туындысын есептеу ережелерімен таныстыру |
3 |
Сабақты жүзеге асыру технологиясы |
Метод:ми шабуылы,кубизм,бумеранг Форма: Көрнекіліктер:ОТҚ,кеспелер,үлестірмелер Әдіс:Түсіндіру,жаздыру,сұрау,көрсету Бақылау:ауызша,жазбаша,өз-өзін,топпен Бағалау:5-балды тізімде |
4 |
Күтілетін нәтижелер |
Оқытушы: Тақырыпты қысқы уақыт ішінде барлық білім алушылар игереді.Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып,оқуға деген қызығушылығы оянады.Сонымен бірге қысқы уақыттың ішінде көпшілік білім алушылар бағаланады Білім алушы: Жаңа білімді игереді,жеке және топ болып істеуді үйренеді,сөйлеу мәдениеті және есте сақтау қабілеті күшейеді,өз-өзін күзетуді үйренеді,көптеген мәліметтерге ие болады |
5 |
Келешектегі жоспарлар |
Оқытушы: Жаңа педагогик технологияларды қолданудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін іздеп,сабақта қолдау үшін өз үстінде жұмыс істеп,өзінің білім сапасын асырып,педагогикалық қабілетін дамыту Білім алушы: Ойлау қабілеттерін,белсенді ой-еңбегін дамыту үшін есептер шығаруды үйрену.Өз бетінше пікірін айтуға және пікірінің нақты,қонымды болуы үшін ауызша және жазбаша сөздік қорының баюына бағыт іздеу |
6 |
Пайдаланылған әдебиеттер |
А.Е.Әбілқасымова Алгебра және анализ бастамалары ,А.Н.Колмогоров Алгебра және анализ бастамалары,Р.Ж.Ишмухамедов Инновциялық технологиялар
|
Сабақтың уақытын жоспарлау
№ |
Сабақтың құрылымы |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
2-3 |
2 |
Сабақтың мақсатын және жұмыс жоспарын хабарлау |
2-3 |
3 |
Өткенге шолу(үй тапсырмасын сұрау) |
10-15 |
4 |
Жаңа тақырыпты баяндау |
20-25 |
5 |
Жаңа тақырыпты бекіту |
20-25 |
6 |
Сергіту кезеңі |
5-10 |
7 |
Сабақты қорытындылау және бағалау,үйге тапсырма беру |
5 |
8 |
Үйге тапсырма беру |
5 |
9 |
Барлығы |
90 |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген