400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күрделі функцияның туындысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты жоспарлау барысында «Scaffold» – құзыреттілікке бағытталған оқу сабақтарын әзірлеуге арналған карточкалар жиынтығын қолдандым. Сабақ барысында жаңа технологиялар қолданылды. Өтілген тақырыпты қайталау мақсатында «Миға шабуыл» тапсырмасы және Quizizz платформасы арқылы тест орындалды. Жаңа сабақты меңгерту барысында «Кім жылдам?» , тақтамен жұмыс, Wordwall платформасын қолданып «Кездейсоқ дөңгелек» тапсырмалары орындалды. Сабақты бекіту барысында деңгейлеп оқыту технологиясы қолданылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда медициналық жоғары колледжі

(білім беру ұйымының атауы)


Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары 


Күрделі функцияның туындысы.

(сабақ тақырыбы)

     

Модуль /пән атауы ЖББ-5 МАТЕМАТИКА ____________

     

Дайындаған педагог: Акмурзаева Алмагуль Кожабергеновна

2026 жылғы "_9_" қаңтар

     

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ: І курс, 2025-2026, «Емдеу ісі» бөлімі 60 топ.

Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

2. Мақсаты, міндеттері:

10.3.1.14 күрделі функцияның туындысын табуды біледі және қолдана алады;

10.5.1.28 күрделі функцияның туындысын табады;

10.5.1.29 өзара кері функциялардың туындылары арасындағы байланысты түсінеді;

Тәрбиелік мақсаты:

Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы;

ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады.

3. Күтілетін нәтижелер:

  1. Күрделі функцияның туындысын табуда элементар ішкі және сыртқы функцияларды ажырата алады;

2. Күрделі функцияның туындыларын таба біледі.

4. Қажетті ресурстар:

  1. Электрондық оқулық 10-11 сынып. Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2011.

  2. Мультимедиялық проектор.

  3. Дидактикалық материал.

  4. https://learningapps.org/447363


5. Сабақтың барысы:

     

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


Икемділік құзыреттілік – командамен жұмыс



Shape1








Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-білім алушылармен амандасу;

- жоқ білім алушыларды белгілеу;

- сабақтың мақсатын хабарлау;

-бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың басы

















































15 минут

















Shape2

  1. Тапсырма. «Кім жылдам?»

h(x)=f(g(x)) күрделі функциясын құрайтын f және g элементар функцияларын формуламен жазыңыз:






6 минут




































Kaz math платформасын қолданып білім алушыларды 4 топқа бөлу. -2 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Тақтада дұрыс жауап көрсетіледі)-2 минут

Бағалау әдісі:

ІІІ. Миға шабуыл. «Функцияның туындысын тап» Білім алушылардың білімдерін өткен тақырып бойынша тексеру тапсырмасы. 8 минут

1) 2)

3) -13 4)

5) +14x 6)

7) 8)

Бағалау әдісі:

Бағалау: Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай

ІV. Тест тапсырмасын орындау. Куизизз платформасы. (8 мин)

Бағалау әдісі:



V. Жаңа сабақты меңгерту.

h(x) = f(g(x)) күрделі функцияның туындысын табу алгоритмі.

  1. g(x) ішкі функцияны анықтау;

  2. g(x) ішкі функцияның туындысын табу;

  3. f(x) сыртқы функцияны анықтау;

  4. f(x) сыртқы функцияның туындысые табу;

  5. Сыртқы функцияның туындысы мен ішкі функцияның туындысының көбейтіндісін табу.

















Бағалау әдісі:

Бағалау: Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай



  1. Тақтамен жұмыс. 15 минут

№16.1, 16.3, 16.4, 16.6 есептерді шығару.

Бағалау әдісі:

Бағалау: Әрбір дұрыс жауапқа 15 ұпай



  1. Wordwall платформасында «Случайное колесо» тапсырмасын орындау. 5 минут

Бағалау әдісі:









  1. Деңгейлік тапсырма. Білім алушыларға деңгейлі тапсырма беру арқылы жеңілден күрделіге қарай алға ілгерлетіп отыру арқылы білім алушылардың білім деңгейін анықтаймыз. (15 минут)



А деңгей тапсырмалары- 1 ұпайдан

б) f

В деңгей тапсырмалары-2 ұпайдан

f

С деңгей тапсырмалары – 3 ұпайдан

Бағалау әдісі:



PISA тапсырмасы немесе функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырма - 7 минут (15 ұпай)

Клиент 1700 км жол жүруі үшін 2 күнге автокөлік жалдап алғысы келеді. Мына кестеде 3 түрлі автокөліктің сипаттамалық қасиеті және жалға беру бағасы көрсетілген. Бұдан да басқа клиент барлық жолға жұмсалатын жанармайды өзі төлеуі тиіс.

Егер клиент ең арзан вариантты таңдаса қанша теңге төлеуі тиіс?

Автокөлік

Жанармай-дың түрі

Жанармайдың жұмсалуы(әр 100 км-ге литермен )

Жалға беру бағасы
(
1 тәулікке теңгемен)

1

Дизель

7

18500

2

Бензин

10

16000

3

Газ

14

16000

1 литер Дизельдік жанармайдың бағасы 95 теңге, 1 литер бензиннің бағасы 110 теңге. ал 1 литр газдың бағасы 70 теңге.



Соңы

5 минут

Сабақты бекіту

Рефлексия

Не білдік? Не үйрендік? Нені білгім келеді? деген сұрақтарға жауап алу.


Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.

Сабақ маған түсініксіз.

    1. Үйге тапсырма: А.Е.Әбілқасымова «Алгебра және анализ бастамалары» 10 сынып. V тарау. §16. № 16.7, 16.8, 16.9. 89-90 беттер




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.03.2026
11
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі