|
Сабақ
кезеңдері
|
Мұғалімнің іс -
әрекеттері
|
Оқушылардың іс -
әрекеттері
|
|
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Тренинг
2
мин
|
-
Сәлеметсіздер ме, достар!
Сабағымызды ерекше түрдегі тілек-амандасудан бастауды ұсынамын.
Ісіміз сәтті болсын!
-
Тілек қысқа да
нұсқа болуы керек және аз сөзбен.
|
Амандасады,
шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек
айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!»,
«Баршаңызға мейірімділік
тілеймін!»т.с.с.
|
|
ІІ. Үй
тапсырмасын
сұрау
8
мин
|
Карточкамен
жұмыс
Информатикалық
жаттығу
(көп нүктенің орнына тиісті
сөздерді қою)
-
Шартты алгоритмдерді үш
тәсіл - ________________және_________арқылы программалауға
болады.
-
Ауысу операторы былай
жазылады: ______________
-
Шартты оператор
программалау тілінде былай жазылады:
______________
-
______________операторлық
жақшалары, бірнеше операторды бір операторлық блокқа
біріктіреді.
-
______________сөзінің
алдына нүктелі үтір қоюға болмайды.
-
Толық шартты оператор
______шартынан және екі тармақталған: оң - ____және теріс -
_______тұрады.
(ауысу операторы,
шартты оператор, GOTO <таңба>, таңдау операторы,
IF <шарт>
Then <1-оператор> Else <2-оператор>,
Else , BEGIN…END, IF, THEN,
ELSE)
|
Карточкамен жұмыс
атқарады.
-
Шартты алгоритмдерді үш
тәсіл – ауысу операторы, шартты
оператор және
таңдау операторы
арқылы программалауға
болады.
-
Ауысу операторы былай
жазылады: GOTO
<таңба>.
-
Шартты оператор
программалау тілінде былай жазылады: IF
<шарт>
Then <1-оператор> Else
<2-оператор>.
-
BEGIN…END
операторлық жақшалары, бірнеше операторды бір
операторлық блокқа біріктіреді.
-
Else
сөзінің алдына нүктелі үтір қоюға
болмайды.
-
Толық шартты
оператор IF
шартынан және екі тармақталған: оң
- THEN
және теріс – ELSE тұрады.
|
|
ІІІ. Жаңа тақырыпты
түсіндіру
10
мин
|
Кейбір тармақталған
құрылымдарда бір логикалық өрнек арқылы шарт қоюға мүмкіндік
болмайды.
Мысалы, шарт:
10
< a
< 100
(1)
қатар орындалатын, екі шарттан
тұрады:
a
>10
және a
<
100.
Осы жағдайда шарттар «және» жалғаулығымен
байланысады. Осындай шарттар күрделі деп
аталады.
Күрделі шарттарды программалау
тілінде жазу үшін, мына логикалық амалдар
қолданылады:
and - логикалық
«және»;
or - логикалық
«немесе».
Логикалық шарттар салыстыру амалдарынан
басымдырақ болғандықтан, қарапайым
шарттар міндетті түрде жақшаға
алынады.
Сонда (1) мынадай түрге ие
болады:
If(а>10) AND (а<100)
Мысалы:
а, b, с бұрыштары бар үшбұрыш
берілген. Үшбұрыштың түрін былай тексеруге
болады:
if (а>90) or (b>90) or
(с>90) then writeln('Yin-
бұрыш - доғал');
if (а<90) and (b<90) and
(с<90) then writeln('Ym-
бұрыш - сүйір');
Түйін
-
Күрделі шарттарды программалау тілінде жазу үшін,
мынадай логикалық амалдар қолданылады:
and
- логикалық
«және»; or - логикалық
«немесе».
-
Күрделі шарттағы қарапайым шарттар міндетті түрде
жақшаға алынады.
-
Таңдауды ұйымдастыру үшін Case операторы
қолданылады.
|
Жаңа тақырыпты өз
беттерімен оқулықтан оқып меңгереді, негізгі анықтамаларды
дәптерлеріне жазып алады.
|
|
V. Сергіту
сәті
2
мин
|
Көзге арналған тапсырмаларды
орындау
|
Қимылдарды
орындау
|
|
VI. Практикалық
жұмыс
-
мин
|
ДК-де Free Pascal
бағдарламасында берілген есептің бағдарламасын енгізіп, нәтижесін
шығару.
Тапсырма: Бөлменің температурасы 50
градустан жоғары болса, “ыстық” сөзін, 25 градустан жоғары болса,
“қалыпты” сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық” сөзін экранға
шығару керек.
|
Free Pascal бағдарламасында
берілген есептің бағдарламасын енгізіп, нәтижесін
шығарады.
program h;
var t:real;
begin
read(t);
if t>=50 then write(' ыстык ')
else
if t>=25 then write(' калыпты ') else
write('суык ');
writeln('t=',t);
end.
|
|
VII.
Бекіту
7
мин
|
Оқулықпен жұмыс, 70 бет
бақылау сұрақтарына жауап береді, тапсырмаларды
орындайды.
|
Бақылау сурақтары мен
тапсырмалар
-
Күрделі шартқа мысал
келтіріңдер.
-
Күрделі шарттарда қандай логикалық амалдар
пайдаланылады?
-
1 < а
≤ 50 күрделі шартын программалау тілінде
жазыңдар.
-
CASE таңдау операторында параметр
рөлінде болатын
айнымалының қандай типі бар?
-
Таңдау операторы қалай жұмыс істейді?
-
Қай
жағдайларда таңдау операторын пайдалануға
болады?
-
«а 0-ге тең емес» шартты өрнегін
программалау тілінде қалай жазуға
болады?
|
|
VIIІ.
Рефлексия
2
мин
|
«Sms»
әдісі.
Оқушыларға сабақтың қалай
өткені туралы, ол қалай жемісті жұмыс істегені туралы мұғалімге
хабарлама жазып, тақтада ілініп тұрған ұялы телефонға
жабыстырады.
|
Сабақтың қалай өткені
туралыөз ойларын жазады.
|
|
IX.
Бағалау
2
мин
|
Оқушыларды
сабақта орындаған жұмыстарына қарай
бағалаймын.
|
Күнделіктеріне баға
қойдырады.
|
|
Х.Үй
жұмысы
2
мин
|
§12
оқу
|
Күнделіктеріне үй
тапсырмасын жазып алады.
|