Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күрделі сөз туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Күрделі сөз дегеніміз – екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөздер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика

Уақыты: 11.12.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың тақырыбы

Көбейту және бөлу 379х60, 22740:20

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу жолдарын қарастыру, меңгерту.
2.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есептеу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларды көбейту кестесі арқылы топқа бөлу

Көбейту кестесін айта отырып топқа бөлінеді

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.


Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Көбейту кестесін еске түсіру

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау. Дәптермен жұмыс.

1

379х60=379х(6х10)=2274х6х10=22740

22740:60=22740:(10х6)=22740:10:6=2274

2. Жазбаша орындау тәсілін түсіндіру

№3 тапсырма. Жазбаша орындау.

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

457х40=18280

18280:40=457

239х70=16730

16730:70=239

536х70=37520

37520:70=536

814х40=325600

325600:40=814

4 тапсырма. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

5

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

18287:4 0=457 (7)

18297:40=457 (17)

18290:40=457 (10)

18285:40=457 (5)

1 DrawObject2 DrawObject1 - күні – 59 км

2- күні - ? 8 км кем

3- күні – 50 км жол тазалады.

Жұмыс уақыты – 20 сағ

1 сағатта неше км жол тазалады?

Ш: (59-8+59+50):20= 160:20=8

Ж: 1 сағатта 8 км жол тазалаған.

6

a=90 м

b=? 3 есе кем

S-3/1-?

Ш: 90:3=30 S =90х30=2700:3=900

Ж: 900 м2 жер қардан тазартылған.


7

Ш: 640:(3+5)=80 80х3=240

Ж: 3 сағатта 240км жол жүрді.

8

450*3-х=982 х:(11 070-1070)=82 (1345+655):х=50

1350-х=982 х:10 000=82 2000:х=50

Х=1350-982 х=10 000х82 х=2000:50

Х=368 х=820 000 х=40

450*3-368=982 820 000:(11 070-1070)=82 (1345+655):40=50

982=982 82=82 50=50


Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.

Ой толғаныс

9

  1. АDrawObject3 В=ЕК=4см 2) ВО=ТС=3см О Т

АК=ВЕ=2см ВС=ОТ=2см

S-? S-? А В С

SDrawObject5 DrawObject4 =4см х 2см=8см2 S=3см х 2см=6см2

3) BC=DE=2см

BE=CD=2см К Е D

S-?

S=2см х 2см=4см2


Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?


Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген №7 және №8 тапсырмаларды орындау 129-бет


Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады

Кері байланыс

Қазақ тілі

Уақыты: 11.12.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың атауы

Күрделі сөз туралы түсінік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың мақсаты: 1. Күрделі сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру,
күрделі сөздердің бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратының ұғындыру.
2. Күрделі сөздерді туынды түбір, еркін сөз тіркесінен айыра білуге үйрету.
3. Сөйлем ішіндегі күрделі сөздерді таба білу, сөйлем құрастыруда күрделі сөздерді пайдалана білу біліктерін арттыру. Оқушылардың ғылым – білімге деген құштарлығын арттыру; А. Байтұрсынов туралы білетіндерін толықтыра түсу;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық сабақ, жаттығу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте интерактивті тақтада дайындалған слайдтар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау


- Балалар, бүгінгі қазақ тілі сабағына «Сөзстан» елі хат жіберіпті. Хат ішінде әр түріл, ойындар, тапсырмалар бар екен.
- «Сөзстан» елі сендердің білімдеріңді байқамақшы.
- Кезектестіре отырып сұрақтарға жауап беруіміз керек.
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Қандай?
3. Жаңа сөз қалай жасалады.
4. Сөз тіркесі дегеніміз не?

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу. Екі бағандағы сөздерді салыстыра отырып, оларға сұрақ қою. Күрделі сөз туралы түсінік беру.

Күрделі сөз дегеніміз – екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөздер.

2-жаттығу. Тақтада түсіндіріледі.

3-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Сұрақтарға жауап бер. Сөздерді қатыс-тырып сөйлем құра.

4-жаттығу. Күрделі сөздерді оқып, мағынасын түсіндір.

5-жаттығу. Тіркескен сөздерді оқы. Күрделі сөздерді теріп жаз, олардың қай сөз табынан жасалғанын айт.

7-жаттығу. Жағдаяттан шығу.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 6-жаттығуды үйде орындау, ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.





Әдебиеттік оқу

Уақыты: 11.12.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың атауы

Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік:*Оқушыларға мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;*Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;*Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық:*Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу;
*Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;*Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:*Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; *Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сурет бойынша әңгімелесу.

Мағынаны тану

1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
2. Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.
3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды.
Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.

Ой толғаныс

Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын.
«Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім».
- Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді?
- Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып жатқан педкеңесте.
- Дұрыс, айтасыңдар. Қожа қанша тәртіпсіздік істесе де, мұғалімдер оны кешіріп келген еді, иә. Осы жолғы кеңес ұзаққа созылды. Осы кезде Қожа өз мәселесінің шешілу қорытындысы, талқылану процесі жайлы өзінше ой қорытып отырды. Кеңес те аяқталды. «Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде қайда отыр еді?
- Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді.
...Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді?
- «Түбінде адам болатын бала»
- Өте дұрыс. Біз жаңа сабақтың мазмұнын бірлесе айта отырып, тақырыпты да анықтап алдық.
- Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма?
- Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.
Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.
Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)
Оқиғалар тізбегі
(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)
1. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын
2. Бақаның әлегі
3. Педсовет
4. Жолдама алған Жантас
5. Оқулық емес, қант аламын
“Иесіне қайтар” ойыны (Сергіту сәті)
Жауап берші, достым!
1.Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?
2.Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?
3.Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Әйтеуір саған айтар ақылым, - тыныш жүр, балам.
Бұл қай сәт?
1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”
2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын.
Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”

Үйге тапсырма

Мазмұнын айту


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.





11.12.2017ж. Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Арқанмен өрмелеу. Кермеге тартылу.

Мақсаты: Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Арқанмен өрмелеу. Кермеге тартылу. Дене шынықтырудың пайдасы мен маңыздылығын ұғу.Салауатты өмірге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтары: спорт алаңы.

Әдісі: түсіндіру,ойын, жаттығу.

Сабақтың мазмұны

Жүктеме

Әдістемелік нұсқаулар

1

Дайындық бөлімі-минут

10-15 мин



Сыныптысапқа тұрғызып,мәлімдеме қабылдап, сәлемдесу.Орнын- да н/е қозғалыста саптық жаттығулар жасау. Мысалы: (оңға,солға, айнала бұрылулар,бір саптан екі үш саптарға тұру,орында тұрып аяқ басу,т.б.) Орташа екпінмен спорт алаңынан 5-6 айналым жүгірту. 3-4 қатарға тұрып жалпы дамыту жаттығуларын жасату.


Денсаулығын, спорттық киімінің тазалығын тексеру.


Жалпы дене жаттығуларын бір орында орындау




-Аяқ алшақ, қол белде. Басты оңға, солға айналдыру.

3-4 рет

Көзді жұмбау.


- Қол иықта. Қолды артқа айналдыру.

4 рет



- Қол желкеде. Денені оңға 1-2, солға 3-4.

4 рет

Денені тік ұстау.


- Қол кеуде алдында 1-2 қолды бүгіп артқа, 3-4 оңға бұрылып сілтеу.

4 рет



- Қол белде. Белді оңға, солға айналдыру.

6 рет



- Аяқ бірге, қол алда, 1.оң аяқты сол қолдың ұшына, 2. сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу.

4 рет

Тізені бүкпеу.


-Қол белде. 1.отыру қол алда, 2.тұру қол белде.

4 рет



-Қол белде. 1.қолды көтеріп артқа шалқаю, 2. еңкейіп қолды еденге тигізу.

3 рет


2

Негізгі бөлім:-минут

20-25 мин.

Мұқият, зейін қойып тыңдау.


- Гимнастика сабақтарының ережелері




- Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары.

-Арқанмен өрмелеу.

-Кермеге тартылу




Арнайы дене жаттығуларын жасату:




- Қимылды ойын ойнату арқылы жаттықтыру.




Қорытынды бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты қорытындылау.Тыныс алу жаттығуларын жасату.

5 мин



Мадақтау.Бағалау.


Кемшілігімен,жетістікте-рін айта отырып бағалау.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
1103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12