400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Күш атасы Қажымұқан

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика ұстаздарына көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ:Қазақ тілі

Мектеп: «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы

Күш атасы Қажымұқан

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сейдалиева Жазира

Сынып: 6 «В»

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме құрастырып жазу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жанрлық ерекшелігіне сай мінездеме құрастырады.

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады:

Жанрлық ерекшелігіне сай құрылымын сақтай отырып, қосымша ақпаратты тауып мінездемені түрлендіріп жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Ақпаратты пайдалана отырып, стильдік ерекшелігіне сай мінездеме құрастырып, ойларын тұжырымдайды

Бағалау критерийі

  • Жанрлық ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазу.

  • Қосымша ақпаратты тауып мінездемені түрлендіріп жазу.

  • Ақпаратты пайдалана отырып, ойларын тұжырымдау.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Жанрлық ерекшелігіне сай ақпараттарды анықтайды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар әзірлейді.

Ақпараттарды саралай отырып, ойларын тұжырымдап жеткізеді.

Ақпараттарды пайдалана отырып мінездеме жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер, тіркестер:

Күш атасы, жасынан-ақ, ерен күш, әр мезет, балуан, күрес, күрес мектебі, үлкен күрес, бас бәйге, алтын медаль, қажы, қазақ батыры, жарыстар, күші асқан, спорт өнері, т.б.

Сыныптағы диалог құруға / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Кең тарап кеткен, себебі жоқ емес, сәби дүниеге келеді, таңқалдырып жүреді, кеңес береді, белдеседі, құп алады, жеңеді, жығады, жерін басады, атақ береді, жасы қартаң тарту, атын беру, медаль алған екен, ескерткіш орнатылған, аты берілген, т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- «Қазақ балуаны» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?

- «Балуан» деген атау кімдерге беріледі?

- Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не айтар едің?

- Қажымұқанның үлкен күрес өнеріне келуіне кім себепші болды деп ойлайсың? Неге?

- Мұқанның Қажымұқан аталып кетуінің себебі неде деп ойлайсың?

- Күш атасы Қажымұқанның күрес ойындарында алатын орны жайында не айтар едің?

Не себепті …. деп ойлайсыз?



Ишара:

Құндылықтар

«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығы негізінде қазақтың рухы мықты, дені сау, патриот ұрпағын тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, дене шынықтыру

Алдыңғы оқу

Тақырыпқа сәйкес алдыңғы сыныптардағы білімін еске түсіру

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут




















Психологиялық ахуал туғызу.

"Жүректен жүрекке" тренингі

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

«Таңдауыңды жаса» әдісі.

Үстел үстіне штангының, гірдің медальдің, киманоның, суреттері жатады. Соларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1 –топ Қажымұқан

2-топ Балуан

3-топ Спорт

4-топ Күрес


Үй тапсырмасын сұрау.

«Жұдырығыңды серме» әдісі бойынша оқушылар сұрақ әзірлеп келеді. Сол сұрақтарын қарсы топтан оқушы шығып жұдырықтасу арқылы сұрақтарын қояды.

Дескриптор:

  1. Сұрақ әзірлейді.

  2. Сұрақтарға жауап береді.

Қ.Б. «Смайликтер» әдісі арқылы мұғалімнің бағалауы.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме құрастырып жазу;

«Сәлемдесу» әдісі


Picture 2









Picture 7




































































































































Сабақтың ортасы

30-минут



Оқылым тапсырмасы

1-тапсырма

«Сканерлеп оқыту» әдісі.

Мәтінді түсініп оқы.

Қажымұқан Мұңайтпасов (1883-1948)

Қазақта «Күш атасы - Қажымұқан» деген сөз кең тарап кеткен. Оның себебі де жоқ емес. 1883 жылы Ақмола облысы Қараөткел ауданында Мұқан (Қажымұқан) атты сәби дүниеге келеді. Ол жасынан-ақ ерен күшімен әр мезет ауылдастарын таңқалдырып жүреді. Мұқан 18 жасында алғаш рет Омбы қаласында ашылған циркте орыс балуаны И.Злобинмен белдеседі. И.Злобин оған Петербургтегі күрес мектебінде оқуға кеңес береді. Бұл ақылды құп алған Мұқан осы мектепте екі жыл оқып, үлкен күрес өнеріне жолдама алады. Сөйтіп, Мұқан Германияның Кельн қаласында неміс балуаны Генрих Веберді жеңеді, Риге қаласында да бас бәйгеге ие болады. 1910 жылы Варшава қаласында өткен халықаралық жарыста кіші алтын медальді Америкада, Аргентинаның астанасы Буэнос Айрес қаласында еркін күрестен үлкен алтын медальді жеңіп алады.

1911 жылы Мұқан Стамбулда түріктің атақты балуаны Нұрлыны жығады, сол үшін «қажы» атағына ие болып, Қажымұқан атанады. Саратов қаласында ашылған ағайынды Нижатиндер циркінде қазақ батыры бірінші рет осы «Қажымұқан» деген атпен күреске шығады. Бұдан әрі балуан Тегеран мен Кабулда, Мекке мен Мединеде өткен жарыстарда жеңістерге жетті.

Қажымұқанмын қазақта күшім асқан,

Достарым алып балуан орыстардан.

«Черный Иван» атанып он екі жыл,

Жиырма төрт латыншаның жерін басқам, -

деп жырлаған екен балуанның өзі.

1927 жылы ҚазКСР орталық Комитетінің Президиумы Қ.Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» деген атақ берді. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасы қартаң тартып қалған балуан күш өнерін көрсетіп жүріп жинаған 100 мың сом ақшасына ұшақ жасатты да, оған Амангелді Имановтың атын беріп, майданға жібереді. Осы ұшқышпен қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев 120 рет жауынгерлік тапсырма орындайды.

Спорт өнері жолында Қажымұқан 148 алтын, күміс, қола медаль алған екен. Алып күш иесі Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қайтыс болды. Темірланда Құжымұқанға ескерткіш орнатылған. Астана, Шымкент қалаларында стадиондарға балуанның аты берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы көшелер бар.

(«Әлемдік және ұлттық спорт ойындары»)

«Құс тұмсығы» әдісі бойынша

Сұрақ әзірлейді. Сол сұрақтарын көрші топтарға жасырады.

Дескриптор:

  1. Мәтінді түсініп оқиды, сұрақтар әзірлейді.

  2. Әр топ сұрақтарын қағазға жазады.

Қ.Б. Алтын, күміс, қола медальдар беру арқылы мұғалімнің бағалауы.

2-тапсырма

Жазылым тапсырмасы

«Чемпион орындығы» әдісі

Мәтін негізінде және қосымша ақпарат тауып, Қажымұқанға мінездеме жаз.

Топтағы үздік мінездеме жазған оқушы чемпион орындығына отырып оқиды.

Дескриптор:

1. Оқылым мәтініндегі деректерді және қосымша ақпаратты пайдаланады.

2. Қажымұқанға мінездеме құрастырады.


Қ.Б: Ең үздік деп танылған мінездеме иесіне от шашу арқылы мұғалімнің бағалауы.

Сергіту сәті

Спортқа байланысты дене жаттығуын жасату. (Интербелсенді тақтада видео қосылып тұрады)


3-тапсырма

1-топ «Сандар сөйлейді» әдісі

Мәтін бойынша оқиғаларды кестеге орналастыр.

№

Сандар


1

1883 жыл


2

1910 жыл


3

1911 жыл


4

1927 жыл


5

1948 жыл


6

18 жас


7

100 мың сом


8

120 рет


9

148


10

12 тамыз



Дескриптор:

1. Мәтіндегі сандарға мән беріп оқиды.

2. Болған оқиғаларды анықтайды.

3. Оқиғаларды кестеге орналастырады.


2-топ

«Түртіп алу» әдісі

Мәтіннен етістіктерді тауып жазады.

Дескриптор:

  1. Мәтіннен етістіктерді табады.

  2. Етістікке сөйлем құрайды.


3-топ

«Дыбыстар сөйлейді» әдісі бойынша

Қажымұқанға мінездеме беру

Қ-қайратты

А-адал

Ж-жақсы

Ы-ынталы

М-момын

Ұ-ұнамды кейіпкер

Қ-қайсар

А-ашық мінез

Н-намысшыл

Дескриптор:

1.Қажымұқанның мінезін анықтайды

2.Деректерді пайдаланады

4-топ

«Венн диаграммасы» әдісі арқылы

Қазіргі чемпиондармен Қажымұқанды салыстыр

Қазіргі чемпиондар

Ортақ

Қажымұқан

Қазақ елінінің атынан шығады. «Еуразия Барысы» жеңімпаздары-Мұхит Тұрсынов,Айбек Нұғымаров

Қазақ елінің чемпиондары. Қазақ халқын әлемге мойындатады.Ұлттың рухы,алаштың арманы,нар халықтың намысы.


Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Күреске лақап атпен шыққан.


Дескриптор:

1.Қажымұқанды қазіргі чемпиондармен салыстырады.

2.ортақ шешімді айтады.

ҚБ: «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалау

Сабақтың аяқталуы

5 мин






Кері байлыныс «Анкета әдісі»



Әр оқушы өз сыныптасына немесе мұғалімге бүгінгі сабақта қандай әсер қалдырғаны жөнінде анкетаны толтырады.


        Үйге тапсырма:

«Қазіргі спорт жұлдыздары» тақырыбында эссе жаз.


Рефлексия.

«Чемпион баспалдағы»

  1. Бүгін не үйрендім?

  2. Сабақ бойынша нені түсінбедім.

келесі сабақта қандай мәселеге көңіл аудару керек.
















Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларғатапсырманы
күрделендірудіқалай
жоспарлайсыз?

Сабақ барысында сараланған тапсырмаларды жүзеге асыруда

«Сканерлеп оқыту» «Құс тұмсығы» «Чемпион орындығы» «Сандар сөйлейді» «Түртіп алу» «Венн диаграммасы» әдістерін тиімді пайдаланып, үнемі оқушылардың қызығушылықтарын арттырып отырамын.

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалауды сабақтың барысында жүргізіп отырдым.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, дене шынықтыру пәндерімен жүзеге асырылды.


Денсаулық және қауіпсіздік ережелері сақталады.

АКТ-мен байланыс ретінде интербелсенді тақта пайдаланады.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?







Бүгін оқушылар не білді?







Сыныптағы ахуал қандай болды?







Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?




Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақ жоспары бойынша оқу мақсатына қол жеткізуге қолданылған әдіс-тәсілдерім, соған сәйкес берілген тапсырмаларым, нәтижеге бағытталған іс-әрекеттің барлығы қамтылды.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталады.Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.


Қажымұқан Мұңайтпасов туралы біледі. Жанрлық ерекшелігіне сай ақпараттарды анықтайды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар әзірлейді.

Ақпараттарды саралай отырып, ойларын тұжырымдап жеткізеді. Ақпараттарды пайдалана отырып мінездеме жазады.


Сыныптағы ахуал өте жақсы болды. Оқушылар «Жүректен жүрекке » әдісін қолдана отырып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сабақты жақсы көңіл – күймен бастады.Оқушылардың барлығы ынтымақтаса жұмыс жасап, белсенді әрекет көрсете білді.


Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, қолданылған әдіс-тәсілдер оқу және сабақ мақсатына сәйкес болғандықтан, мен орындаған саралау шаралары тиімді болды деп ойлаймын.


Сабақ уақыты тиімді пайдаланылды.


Өз жоспарыма ешқандай өзгерістер енгізбедім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)

1.Сабақ барысында үй тапсырмасын тексеруде «Жұдырығыңды серме» әдісі бойынша оқушылар сұрақ әзірлеп келеді. Сол сұрақтарын қарсы топтан оқушы шығып жұдырықтасу арқылы сұрақтарын қоя отырып, қызығушылықтарын арттырды.

2.Сабақ ортасында «Чемпион орындығы» әдісі арқылы мінездеме құрастырып жазады.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1.Әрбір тапсырмадан кейін кейін қалыптастырушы бағалау сабақты жақсартып отырды.Өйткені смайликтер, медальдар, жұлдызшалар арқылы бағалауым оқушыларға ерекше шабыт сыйлап, келесі тапсырмаға ынталандырып отырғанын байқадым.

2.Оқушыларға дер кезінде көрсеткен ишара, мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту әрекеттерім сабақты жақсартып отырды.





«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Тексерілді Бекітемін

ДӘІЖО Мектеп директоры

_____Иманалиева М.А _____Карекеева А.Б






«Күш атасы Қажымұқан»

2019-2020 оқу жылының 4-14 ақпан аралығында

«Қазақ тілі –рухани асыл мұра» тақырыбында өткізіліп жатқан

«Руханият» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы

негізінде 6 «В» сыныбында өткізілетін ашық сабақтың жоспары










Пән мұғалімі: Сейдалиева Ж














2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
2141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі