М.Арын
атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі
Сыныптан
тыс шара
Күш
білімде
Класс:
2 «Ә»
Жетекші:
Н.Б.Нурумбет
2020-2021
оқу жылы
Сабақтың
түрі:
Сыныптан тыс жұмыс
Сыныбы:
2
«Ә»
Тақырыбы:
Күш білімде
Мақсаты:
оқушылардың білім, білік дағдыларын
байқау, өздерін еркін ұстай білуге
үйретуге, шапшаң ойлау қабілеттерін
дамыту.
Ресурстар:
интербелсенді тақта
Барысы:
Сәлем,
достар, аман ба?
Мына
бейбіт заманда.
Қуантамын
бәріңді,
Білімдіден
қалам ба?
Құрметті
оқушылар, ұстаздар. Бүгін сіздер белсенді
оқушылар арасында өтетін «Күш білімде»
атты сайыстың куәгері болғалы отырсыздар.
Сайысымызды бастамас бұрын білім
сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызды
ортаға шақырайық. 10 сайыскер қатысады.
(Қатысушылар ортаға шығады)
Сайыс
5 бөлімнен тұрады.
I
бөлім «Жүйріктер»
II
бөлім «Кім шапшаң?»
III
бөлім «Әріптер сыр шертеді»
IV
бөлім «Тамаша төрттік»
V
бөлім «Жеңімпаз»
Әр
бөлімнен соң ұпайы ең төмен 2 оқушы
ойыннан шығып отырады.
Ендеше,
сайысымызды бастайық.
Сайыскерлерге
сәттілік тілейік.
Шақырамыз,
келіңдер жарысуға,
Күш,
өнер, біліммен алысуға.
Бар
өнерді салайық ортамызға,
Қанеки,
кім озады бұл сайыста?!
– деп I
«Жүйріктер» бөлімін
бастаймыз. Бұл бөлімде сұрақтар қойылады.
Сұраққа қол көтеріп жауап беру керек.
Қол кетеріп жауап бермесе жауап
қабылданбайды. Әр бір дұрыс жауап 10
ұпайды білдіреді.
1.1дм-де
қанша см бар?
2.Омоним
дегеніміз не?
3.Еліміздің
рәміздерін ата?
4.
«Мен
қызық кітап оқыдым»
сөйлеміндегі зат есім?
5.Дауыссыз
дыбыс нешеге бөлінеді?
6.Еліміздің
астанасы қай қала?
7.Тәуелсіз
күні қай күн?
8.Ауаның
қасиеттері?
9.8
наурыз-қандай мереке?
10.Жануарлар
тобын ата ?
(Қазылар
алқасы ұпай санын есептейді. Ұпайы ең
төмен 2 оқушы ойыннан шығады.)
Шапшаңдығын
байқайық,
Кімнің
ойы мықты екен?!
Кімнің
күші аздау боп,
Кім
озып алға шығар екен?!
– деп II
бөлім «Кім шапшаң?» бастаймыз.
Бас
сөзінің кез келген бір әрпін өзгертіп,
жаңа сөз жасу. 2 минут уақыт беріледі.
Әр бір сөз 10 ұпайды білдіреді.
(Қазылар
алқасы ұпай санын есептейді. Ұпайы ең
төмен 2 оқушы ойыннан шығады.)
Білім
деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың,
Қиындықтан
өткізер
– деп III
«Әріптер сыр шертеді» бөлімін
бастаймыз.
Жасырынған
әріптердің кез - келген біреуін таңдап,
сол әріптен басталатын сыныптағы
кез-келген заттың атауын айту. Әр бір
сөз 10 ұпаймен бағаланады.
(Қазылар
алқасы ұпай санын есептейді. Ұпайы ең
төмен 2 оқушы ойыннан шығады.)
Қиындықтан
сірә да қашпаймыз,
Алғырлық
пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға
самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз,
жеңістерге бастаймыз – деп IV
бөлім «Тамаша төрттікті» бастаймыз.
Тақтада 1-ден 4-ке дейін сандардың біреуін
таңдайды. Сол санның астында әр пәндер
жазылып тұрады. (қазақ тілі, әдебиеттік
оқу, математика, дүниетану ) Пән бойынша
5 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 10
ұпаймен бағаланады.
Қазақ
тілі:
1.Жуан
дауысты дыбыстарды ата.
2.Жіңішке
дауысты дыбыстарды ата.
3.
«Шаңғышы»
сөзінің түбірі мен қосымшасын ажырат
4.Антоним
сөзді тап:
Ашу
– дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа
ақыл қос.
5.Әдемі
сөзінің синонимі
Әдебиеттік
оқу:
1.Кел,
балалар, оқылық өлеңінің бір шумағын
жатқа айтып бер.
2.Кітап
туралы мақал-мәтел айт.
3.Байлық
әңгімесінің авторы?
4.Қомағайлық
сөзінің мағынасы?
5.Төрт
түліктерді ата.
Математика:
сағатта
неше минут бар?
2.Шаршы
деп қандай фигураны атаймыз?
3.2
тәулікте неше сағат бар?
4.40+37=
қосындының мәнін тап.
5.1
сағ. 20 минутта неше минут бар?
Дүниетану:
1.Көлік
түрлерін ата?
2.
Қазақ халқынын аты аңызға айналған
перзенті, Ұлы Отан соғысының Батыры әрі
атақты жазушысы?
3.Отаншыл
сөзінің мағынасы?
4.Мектептегі
тәлім-тәрбие беретін негізгі тұлға?
5.Бір
сыныпта бірге оқитын немесе бұрын бірге
оқыған оқушылар?
(Қазылар
алқасы ұпай санын есептейді. Ұпайы ең
төмен 2 оқушы ойыннан шығады.)
Жарыс
заңы ежелден,
Жеңімпазды
анықтау.
Жеңімпаз
болу шарты сол,
Еңбектену,
жалықпау – деп V
«Жеңімпаз»
бөлімін бастаймыз.
Абай
Құнанбевтың 175 жылдығына орай берілген
құрастырмалы ойын.
Сайыс
жеңімпазын анықтау. Қазыларға сөз беру.
Осымен
бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті. Қатысып
көңіл бөлгендеріңіз үшін көп-көп рахмет!