Материалдар / "Күш білімде" атты 2 сыныптар арасындағы сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Күш білімде" атты 2 сыныптар арасындағы сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды шапшаңдыққа, білімге тәрбиелеуге үлесін қосатын сыныптан тыс шара.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2021
1174
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі











«КҮШ БІЛІМДЕ»

атты 2-сыныптар арасындағы білімділер, тапқырлар, алғырлар сайысы





















2020-2021 оқу жылы



Кү ні: 02.02.2021 ж

Саба қ ты ң түрі: Сыныптан тыс жұмыс

Та қ ырыбы: Күш білімде (білімділер, тапқырлар, алғырлар сайысы)

Ма қ саты: оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйретуге, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

Ресурстар: интербелсенді тақта

Барысы:

Сәлем, достар, аман ба?

Мына бейбіт заманда.

Қуантамын бәріңді,

Білімдіден қалам ба?

Құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгін сіздер белсенді оқушылар арасында өтетін «Күш білімде» атты сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайысымызды бастамас бұрын білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызды ортаға шақырайық. 9 сайыскер,яғни 3 топ қатысады. (Қатысушылар ортаға шығады)

Сайыс 5 бөлімнен тұ рады.

I бөлім «Жүйріктер»

II бөлім «Кім шапшаң?»

III бөлім «Әріптер сыр шертеді»

IV бөлім «Тамаша үштік»

V бөлім «Жеңімпаз»

Әр бөлімнен кейін әр топқа 5-10 аралығында балл беріліп отырады.

Ендеше, сайысымызды бастайық.

Сайыскерлерге сәттілік тілейік.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, біліммен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім озады бұл сайыста?! – деп I «Жүйріктер» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде әр топ мүшелеріне 1 сұрақтан қойылады. Әр 1 дұрыс жауап 10 ұпайды білдіреді.


1.1дм-де қанша см бар?

2.Омоним дегеніміз не?

3.Еліміздің рәміздерін ата?

4. «Мен қызық кітап оқыдым» сөйлеміндегі бастауышты тап.

5.Үй жануарларын ата.

6.Еліміздің астанасы қай қала?

7.Тәуелсіз күні қай күн?

8.Ауаның қасиеттері?

9.8 наурыз-қандай мереке?



Шапшаңдығын байқайық,

Кімнің ойы мықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шығар екен?! – деп II бөлім «Кім шапшаң ?» бастаймыз. Бас сөзінің кез келген бір әрпін өзгертіп, жаңа сөз жасу. 2 минут уақыт беріледі. Әр бір сөз 10 ұпайды білдіреді.Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – деп III «Әріптер сыр шертеді» бөлімін бастаймыз.

Тақтадағы жасырынған әріптердің кез - келген біреуін таңдап, сол әріптен басталатын сыныптағы кез-келген заттың атауын айту. Әр бір сөз 10 ұпаймен бағаланады.


Қиындықтан сірә да қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз – деп IV бөлім «Тамаша үштік» бастаймыз. Тақтада 1-ден 3-ке дейін сандардың біреуін таңдайды. Сол санның астында әр пәндер жазылып тұрады. (қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану ) Пән бойынша 5 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.


Қ аза қ тілі:

1.Жуан дауысты дыбыстарды ата.

2.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

3. «Шаңғышы» сөзінің түбірі мен қосымшасын ажырат

4.Антоним сөзді тап:

Ашу – дұшпан, ақыл – дос,

Ақылыңа ақыл қос.

5.Әдемі сөзінің синонимі

6. Қазақ халқынын аты аңызға айналған перзенті, Ұлы Отан соғысының Батыры әрі атақты жазушысы?


Ә дебиеттік оқу:

1.Кел, балалар, оқылық өлеңінің бір шумағын жатқа айтып бер.

2.Кітап туралы мақал-мәтел айт.

3.Байлық әңгімесінің авторы?

4.Қомағайлық сөзінің мағынасы?

5.Төрт түліктерді ата.

6.Мектептегі тәлім-тәрбие беретін негізгі тұлға?


Математика:

    1. сағатта неше минут бар?

2.Шаршы деп қандай фигураны атаймыз?

3.2 тәулікте неше сағат бар?

4.40+37= қосындының мәнін тап.

5.1 сағ. 20 минутта неше минут бар?

6.Бір сыныпта бірге оқитын немесе бұрын бірге оқыған оқушылар?


Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау – деп V «Жеңімпаз» бөлімін бастаймыз.

Мұқағали Мақатаевтың 70 жылдығына орай берілген құрастырмалы ойын.

Сайыс жеңімпазын анықтау. Қазыларға сөз беру.

Осымен бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті. Қатысып көңіл бөлгендеріңіз үшін көп-көп рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!