«Күш
білімде, білім-кітапта»
танымдық-эстафеталық
сайысының жоспары
Жауапты
мұғалім: Рүстем Н.А.
Алматы,2020ж
Мақсаты:
спортқа
деген қызығушылығын арттыру, қимыл
қозғалыстарын жетілдіру, ептілік,
шапшаңдыққа баулу. Бір орта мақсатты
жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып,
спортпен бірге танымдылығын арттыру.
Кітапқа
деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын,
тілін дамыту, кітапты сүюге, ғибрат
сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты
құрметтеуге баулу.
Сайыстың
көрнекілігі: нақыл
сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
шарлар, доп, секіртпе,шелек,су
Барысы:
КІРІСПЕ
Құрметті
ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі 7- сынып
оқушылары арасында өткізгелі отырған
«Күш білімде, білім-кітапта» атты сайыс
сабағына қош келдіңіздер !
Халқымыз
өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі
таңда барлық адамзат алдында тұрған
басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Ал ұрпақ білімді
қайдан алады? Әрине, кітаптан.
Кітапхана-білімнің күн шуағы десек,
«Ізденсем, білсем» деген балаға
кітапхананың есігі әрқашан да ашық.
Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы, ұстаз
санаған. «Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір
шырағы» деген қанатты сөз қалдырған.
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып
көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы
адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші.
Кітап адам баласына бала кезінен бастап
өмірінің соңына дейін сырлас дос бола
алады.
Сайысымыздың
атынан белгілі болып тұрғандай қай
оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас
жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап
оқу арқылы кімнің білімі мен білігі
артық екені анықталмақ. Сонымен қатар
дене шынықтыру пәнімен байланыс жасай
отырып, спортпен қатар танымымызды
арттыру мақсатында танымдық-эстафеталық
сайысымызды бастайық!
Шынықсаң
шымыр боласың,
Сауығып
айдай толасың.
Спортты
серік ете біл,
Жақсы
азамат боласың.
Жеңімпаз
болу оңай ма,
Арман
болған талайға?
Болмасаң
да ұқсап бақ,
Жарысқа
түсіп қалайда-
дей келе танымдық-эстафетамызды ашық
деп жариялаймыз!
Сайысымыздың
қатысушыларын ортаға шақырсақ:
7
«а»
7
«ә»
7
«б»
7
«в»
7
«г»
7
«д»
Сайыс
5 кезеңнен тұрады.
1-кезең:
«Таныстыру»
(Топты
таныстыру, ұраны)
2-кезең.
«Мақал-сөздің мәйегі»
(Секіртпемен
секіріп мақал-мәтелдері жалғастырады)
3-кезең.
«Жылдам суретші» сайысы
(
секіріп келіп берілген сұрақтарға жауап
жазады)
4-кезең.
«Ептілік сайысы»
(Шелектегі
суды қасықпен тасу)
5-кезең.
« Көңілді тапқырлар»
(Доппен
бірге кедергілерден өтіп, әдебиеттегі
кейіпкерлерді орналастырады)
Әр
топтың өнерін Әділқазы алқасы бағалайтын
болады.Ендеше, әділқазы мүшелерімен
таныстырып өтсек... ( таныстырып өту).
Сайысымызды
бастамас бұрын денемізді қыздырып
алайық. Қатысушылар дене қыздыру
жаттығуларын жасайды.
Спорттық
сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайысымызды
бастаймыз!
Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»
І
кезең. «Таныстыру»
Әр
топ өзін таныстырады.
Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші
бөлім бойынша бағаларыңызды
беруіңізді
сұраймыз.
Сауық
кешке келейік,
Сөз
маржанын терейік.
Кім
көп білер екен деп
Мақал
айтып көрейік- деп
келесі екінші бөлімге көшеміз.
ІІ
кезең. «Мақал-сөздің
мәйегі»
Жауап
5 ұпаймен бағаланады.
1.
Оқусыз білім жоқ
Білімсіз................ (күнің жоқ)
2.
Тіліңмен жүгірме,
Біліммен................ (жүгір)
3.
Ғылым - теңіз,
Білім -.............. (қайық)
4.
Күш - білімде,
Білім - ......... (кітапта)
5.
Білекті бірді жығады,
Білімді ................ (мыңды жығады)
6.
Оқу-білім бұлағы
Білім ................ (өмір шырағы)
7.
Оқу - білім азығы,
Білім -................ (ырыс қазығы)
8.
Кітап- ғылым,
Тілсіз................ (мұғалім)
9.
Ақыл тозбайтын тон,
Білім................ (таусылмайтын кен)
10.
Білім арзан,
Білу............ (қымбат)
Әділқазылар
сайыстың екінші бөлімі бойынша
бағаларыңызды
беруіңізді
сұраймыз.
Спорт
көркі өмірдің, спорт досың серігің -
деп
Сайысымыздың
3 бөліміне көшейік
« Жылдам суретші» сайысы
ІІІ
кезең. (секіріп
келіп суреттерді бояу)
Топтар
міне отыр сынға түскелі
Сыналмақшы
ептілікпен күштері, олай болса
IV
кезең.
«Ептілік
сайысы»
Шарты:
Шелектегі суды қасықпен тасу
V-кезең.
«Көңілді тапқырлар»
(Доппен
бірге кедергілерден өтіп, әдебиеттегі
кейіпкерлерді орналастырады)
Жарыс
заңы ежелден -
Жеңімпазды
анықтау
Жеңімпаз
болу шарты сол -
Еңбектену,
жалықпау
Біреу
озса сайыста,
Біреу
артта қалады
Жеңілгендер
ренжімей
Тараса
бізге жарады - демекші сайысымыздың
шарттары бойынша қорытынды
шығарып
жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау
сөз әділқазыларға беріледі.
МАРАППАТТАУ!
Құрметті
қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп
рахмет. Келесі
кездескенше.
«Спорт»
әні орындалады.